Ақида пәнінің көрнекіліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
в) Тақлиди иман Тақлиди иман
дегеніміз - әке-шешеден, ұстаздан
немесе өмір сүріп жатқан
ортамыздағы адамдардан естіп,
олардан көріп, үйреніп, соларға
еліктей отырып келтірген иман.
г) Тахқиқи иман Тахқиқи иман
дегеніміз – дәлелдер арқылы
Аллаһтың бар және бір екендігіне
иман ету. Сондай-ақ, Аллаһтың жер
бетіне жіберген діні ислам дінін
барлық жағынан шынайы деп
қабылдай отырып иман ету.
а) Ижмали иман Ижмали иман
дегеніміз - бір ауыз сөзбен Хазіреті
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Аллаһ
тарапынан әкелген барлық нәрсесіне
сену деген сөз. Бұл иман етудің ең
қысқа жолы болып саналады. Ижмали
иман кәлима таухид және кәлима
шахадаттан тұрады.
б) Тафсили иман Тафсили иман
дегеніміз - иман етілетін, яғни сенуі,
илануы керек болған нәрселердің
әрқайсысына жеке-жеке сену деген
сөз. Тафсили иман иманның ең
ауқымдысы. Тафсили иманның үш
мәртебесі болады.
Иманның түрлері
1 слайд
в) Тақлиди иман Тақлиди иман дегеніміз - әке-шешеден, ұстаздан немесе өмір сүріп жатқан ортамыздағы адамдардан естіп, олардан көріп, үйреніп, соларға еліктей отырып келтірген иман. г) Тахқиқи иман Тахқиқи иман дегеніміз – дәлелдер арқылы Аллаһтың бар және бір екендігіне иман ету. Сондай-ақ, Аллаһтың жер бетіне жіберген діні ислам дінін барлық жағынан шынайы деп қабылдай отырып иман ету. а) Ижмали иман Ижмали иман дегеніміз - бір ауыз сөзбен Хазіреті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Аллаһ тарапынан әкелген барлық нәрсесіне сену деген сөз. Бұл иман етудің ең қысқа жолы болып саналады. Ижмали иман кәлима таухид және кәлима шахадаттан тұрады. б) Тафсили иман Тафсили иман дегеніміз - иман етілетін, яғни сенуі, илануы керек болған нәрселердің әрқайсысына жеке-жеке сену деген сөз. Тафсили иман иманның ең ауқымдысы. Тафсили иманның үш мәртебесі болады. Иманның түрлері
2 слайд
Ғайыпқа иман етудің маңыздылығы Ислам діні бойынша ең қуатты иман - ғайыпқа
сену. Яғни, көрмеген нәрсесіне сену деген сөз. Бұл да Аллаһқа және Оның елшісі
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.), оның әкелген хабарларына шын жүректен
күмәнданбастан сенумен жүзеге асады.
•Бұл дүниеге Аллаһқа, оның
елшілеріне, ақыреттегі өмірге
сенбейтін қаншама адам келіп
кетті. Міне осындай түсінік пен
сенімде болған адамдардың
ақыретте Аллаһтың бар және
бір екендігіне, ақырет өмірінің
хақ екендігіне көзі жетіп, Аллаһ
Тағаладан кешірім сұрап,
жалбарынатын сәті аятта
былайша бейнеленеді:
«Күнәһарлардың,
Раббыларының жанында
бастарын иіп: «Раббымыз!
Көрдік, естідік, енді бізді
(дүниеге) қайтар, салих амал
істейік». Рас нандық дегендерін
бір көрсең!»
•Аллаһ Тағала тақуа
құлдарын мадақтап,
олардың ерекшеліктерін
айтқан кезде олардың
ғайыпқа сенгендігін білдіреді
және Пайғамбарымызға
былай дейді: «шын мәнінде
сен, үгітке еріп, Рахманды
көрмейақ қорыққан
кісілерге ескерте аласың.
Аллаһтың жарылқайтынын
ең жақсы сауап (берілетінін)
айтып, қуанышты хабар
бер» (36.Ясин-11).
2 слайд
Ғайыпқа иман етудің маңыздылығы Ислам діні бойынша ең қуатты иман - ғайыпқа сену. Яғни, көрмеген нәрсесіне сену деген сөз. Бұл да Аллаһқа және Оның елшісі Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.), оның әкелген хабарларына шын жүректен күмәнданбастан сенумен жүзеге асады. •Бұл дүниеге Аллаһқа, оның елшілеріне, ақыреттегі өмірге сенбейтін қаншама адам келіп кетті. Міне осындай түсінік пен сенімде болған адамдардың ақыретте Аллаһтың бар және бір екендігіне, ақырет өмірінің хақ екендігіне көзі жетіп, Аллаһ Тағаладан кешірім сұрап, жалбарынатын сәті аятта былайша бейнеленеді: «Күнәһарлардың, Раббыларының жанында бастарын иіп: «Раббымыз! Көрдік, естідік, енді бізді (дүниеге) қайтар, салих амал істейік». Рас нандық дегендерін бір көрсең!» •Аллаһ Тағала тақуа құлдарын мадақтап, олардың ерекшеліктерін айтқан кезде олардың ғайыпқа сенгендігін білдіреді және Пайғамбарымызға былай дейді: «шын мәнінде сен, үгітке еріп, Рахманды көрмейақ қорыққан кісілерге ескерте аласың. Аллаһтың жарылқайтынын ең жақсы сауап (берілетінін) айтып, қуанышты хабар бер» (36.Ясин-11).
3 слайд
Құран Кәрімнің өзге иләһи
кітаптардан
айырмашылығы Жер
бетіне жіберілген
пайғамбарлардың соңғысы,
екі дүниенің шамшырағына
айналған Хазіреті
Мұхаммедке (с.а.у.) Аллаһ
Тағала соңғы иләһи кітап
Құранды түсірді. Сол
себепті де, Құранның
алдыңғы иләһи кітаптарға
қарағанда бірқатар
ерекшеліктері бар
1. Құран – Хазіреті
Пайғамбарымызға алдыңғы
иләһи кітап секілді бірден
толық бір кітап ретінде
түспеген. Керісінше 23 жыл
ішінде түрлі оқиғалар мен
сұрақтарға жауап ретінде
және қажеттіліктерге
байланысты аят-аят болып,
яки сүре ретінде түсті. Бұл
оның дер кезінде жатталуына
себеп болды. Ал өзге кітаптар
бірден кітап ретінде түскен
болатын.
3. Құран бізге дейін ешбір
өзгеріске түспей жеткен
қасиетті кітап және қияметке
дейін өзгеріске ұшырамайды.
Себебі, Аллаһ өзге иләһи
кітаптарға бермеген кепілдікті
Құранға берген: «Әлбетте,
Құранды біз түсірдік,
қорғаушысы да әрине бізбіз!»
4. Құран Хазіреті Мұхаммед
пайғамбардың (с.а.у.) ең үлкен
әрі мәңгілік мұғжизасы
(кереметі). Сөздері мен
мағынасы да өз алдына
теңдессіз мұғжиза (Бұл мәселе
жоғарыдағы арнайы
тақырыпта қозғалған
болатын).
2. Құран ең соңғы иләһи кітап.
Құраннан кейін қияметке дейін
басқа кітап түспейді. Алдыңғы
кітаптар тек өз заманы мен сол
ғасырдың қажеттілігіне жауап
берсе, Құранның үкімдері
қияметке дейін күшін жоймайды
5. Құранның және бір басты
ерекшелігі, ол әрбір заманның
талабына жауап бере отырып,
сонымен бірге ғылым дамыған
сайын жасара түсетіні. 14 ғасыр
бұрынғы Құран ақиқаттарын
адам баласы ешуақытта жоққа
шығара алмайды және бұл
шындық күні бүгінге дейін
дәлелденіп келеді.
3 слайд
Құран Кәрімнің өзге иләһи кітаптардан айырмашылығы Жер бетіне жіберілген пайғамбарлардың соңғысы, екі дүниенің шамшырағына айналған Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) Аллаһ Тағала соңғы иләһи кітап Құранды түсірді. Сол себепті де, Құранның алдыңғы иләһи кітаптарға қарағанда бірқатар ерекшеліктері бар 1. Құран – Хазіреті Пайғамбарымызға алдыңғы иләһи кітап секілді бірден толық бір кітап ретінде түспеген. Керісінше 23 жыл ішінде түрлі оқиғалар мен сұрақтарға жауап ретінде және қажеттіліктерге байланысты аят-аят болып, яки сүре ретінде түсті. Бұл оның дер кезінде жатталуына себеп болды. Ал өзге кітаптар бірден кітап ретінде түскен болатын. 3. Құран бізге дейін ешбір өзгеріске түспей жеткен қасиетті кітап және қияметке дейін өзгеріске ұшырамайды. Себебі, Аллаһ өзге иләһи кітаптарға бермеген кепілдікті Құранға берген: «Әлбетте, Құранды біз түсірдік, қорғаушысы да әрине бізбіз!» 4. Құран Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) ең үлкен әрі мәңгілік мұғжизасы (кереметі). Сөздері мен мағынасы да өз алдына теңдессіз мұғжиза (Бұл мәселе жоғарыдағы арнайы тақырыпта қозғалған болатын). 2. Құран ең соңғы иләһи кітап. Құраннан кейін қияметке дейін басқа кітап түспейді. Алдыңғы кітаптар тек өз заманы мен сол ғасырдың қажеттілігіне жауап берсе, Құранның үкімдері қияметке дейін күшін жоймайды 5. Құранның және бір басты ерекшелігі, ол әрбір заманның талабына жауап бере отырып, сонымен бірге ғылым дамыған сайын жасара түсетіні. 14 ғасыр бұрынғы Құран ақиқаттарын адам баласы ешуақытта жоққа шығара алмайды және бұл шындық күні бүгінге дейін дәлелденіп келеді.
4 слайд
Құран бізге ғылымның көптеген салаларынан хабар беруде146. Ал Құраннан бұрынғы иләһи кітаптарды ашып
қарасаңыз ешбір жерінде медицинамен, астрономиямен т.б. ғылым саласымен байланысты айтқан
жаңалықтарды яки кеңестерді табу мүмкін емес. Жаратушының соңғы хақ кітабы Құрандағы ақиқаттар
болса, рет-ретімен адамзат игілігі үшін толассыз ашыла бермек: «Құранның шын екендігі айқындалғанға
дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі
саған жеткілікті емес пе?»
• Құран Кәрім Аллаһ Тағаланың шексіз рақымдылығының асыл айғағындай
болған, Жаратқанның ең соңғы қасиетті кітабы – Құран Кәрім. Бүкіл
мұсылман жұртының жансарайының шуағы мен тіршіліктегі
темірқазығына айналған Қасиетті Құран Кәрім 610 жылы Жәбірейіл
періште арқылы бүкіл адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар Хазіреті
Мұхаммедке (с.а.у.) түсіріле бастады. Құранның алғашқы аяттары
Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) 610 жылы Рамазан айында Хира үңгірінде
Ұлы Жаратушыға мінәжат үшін барғанында нәзіл болғаны баршамызға
белгілі. Алғашқы түскен аят «Алақ» сүресінің бастапқы 5 аяты еді. Содан
бастап 23 жыл ішінде Құранның барлық аяттары рет-ретімен түсіп
бітті. Құран Кәрім соңғы иләһи кітап, әрі алдыңғы иләһи кітаптардың
барлығының бір Жаратушы тарапынан түсірілгендігін растайды:
«Аллаһтан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеруші (Мұхаммед
(с.а.у.)) Аллаһтан саған алдындағыны растаушы Құранды шындық
бойынша түсірді. Бұның алдында Таурат пен Інжілді түсірді» (3.Али
Имран, 2-3).
4 слайд
Құран бізге ғылымның көптеген салаларынан хабар беруде146. Ал Құраннан бұрынғы иләһи кітаптарды ашып қарасаңыз ешбір жерінде медицинамен, астрономиямен т.б. ғылым саласымен байланысты айтқан жаңалықтарды яки кеңестерді табу мүмкін емес. Жаратушының соңғы хақ кітабы Құрандағы ақиқаттар болса, рет-ретімен адамзат игілігі үшін толассыз ашыла бермек: «Құранның шын екендігі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріндегі белгілерімді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе?» • Құран Кәрім Аллаһ Тағаланың шексіз рақымдылығының асыл айғағындай болған, Жаратқанның ең соңғы қасиетті кітабы – Құран Кәрім. Бүкіл мұсылман жұртының жансарайының шуағы мен тіршіліктегі темірқазығына айналған Қасиетті Құран Кәрім 610 жылы Жәбірейіл періште арқылы бүкіл адамзатқа жіберілген соңғы пайғамбар Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) түсіріле бастады. Құранның алғашқы аяттары Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) 610 жылы Рамазан айында Хира үңгірінде Ұлы Жаратушыға мінәжат үшін барғанында нәзіл болғаны баршамызға белгілі. Алғашқы түскен аят «Алақ» сүресінің бастапқы 5 аяты еді. Содан бастап 23 жыл ішінде Құранның барлық аяттары рет-ретімен түсіп бітті. Құран Кәрім соңғы иләһи кітап, әрі алдыңғы иләһи кітаптардың барлығының бір Жаратушы тарапынан түсірілгендігін растайды: «Аллаһтан басқа ешбір Тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеруші (Мұхаммед (с.а.у.)) Аллаһтан саған алдындағыны растаушы Құранды шындық бойынша түсірді. Бұның алдында Таурат пен Інжілді түсірді» (3.Али Имран, 2-3).
5 слайд
Мумин Аллаһтың рақымынан үмітсіз, азабына бейқам болмауы керек. Яғни,
мұсылман адам қорқыныш пен үміт арасында өзін ұстауы тиіс57. Мумин кісі
ешуақытта: «Менің иманым бар, өмір бойы құлшылық еттім, енді жәннәтқа
барамын», - деп өзіне сенімді де, немесе, керісінше: «Мен өте көп күнә істедім, енді
Құдай мені кешірмейді, барар жерім тозақ», - деп Аллаһтың рақымынан үмітін үзбеуі
де қажет. Мұндай сезімге берілу мұсылман кісінің иманнан шығуына сеп болады.
Сондықтан мұсылман Аллаһ Тағаланың рақымына, кешірімділігіне сенгендей,
азабының қатты болатындығына сеніп, үнемі қорқыныш пен үміттің аясында
болғаны абзал. Мысалы, періштелерге пәленбай уақыт бойы дәріс берген,
тақуалығымен періште дәрежесіне жеткен Ібіліс, Хазіреті Адамға (а.с.) сәжде етпей,
өзінің дәрежесі мен амалына, біліміне сенген болатын. Өкінішке қарай, осы
тәкәппарлық әрекеті үшін Аллаһтың құзырынан қуылып, мәңгілік тозақта
жанатын болды. Бұл да ойлы кісіге үлкен сабақ боларлық оқиға. Құранда бұл жайында
төмендегідей тұжырымдар келтіріледі: «Егер Аллаһ адам баласын қылықтары
себепті қолға алатын болса, жер бетінде ешбір жәндік қалдырмас еді. Бірақ оларды
белгілі бір мерзімге дейін кешіктірді. Қашан олардың мезгілі жетсе, сонда Аллаһ
шынында да пенделерін көріп тұрады» (35.Фатыр-45). «Сондай-ақ Аллаһтың
мейірімінен күдер үзбеңдер. өйткені Аллаһтың рахметінен кәпірлер ғана үмітін
үзеді» (12.Юнус-87). «Әй, өздеріне зиян қылған құлдарым! Аллаһтың рахметінен күдер
үзбеңдер. Аллаһ күнәлардың бәрін жарылқайды. өйткені Ол тым жарылқаушы, өте
мейірімді деп айт» (39.Зумәр-53).
5 слайд
Мумин Аллаһтың рақымынан үмітсіз, азабына бейқам болмауы керек. Яғни, мұсылман адам қорқыныш пен үміт арасында өзін ұстауы тиіс57. Мумин кісі ешуақытта: «Менің иманым бар, өмір бойы құлшылық еттім, енді жәннәтқа барамын», - деп өзіне сенімді де, немесе, керісінше: «Мен өте көп күнә істедім, енді Құдай мені кешірмейді, барар жерім тозақ», - деп Аллаһтың рақымынан үмітін үзбеуі де қажет. Мұндай сезімге берілу мұсылман кісінің иманнан шығуына сеп болады. Сондықтан мұсылман Аллаһ Тағаланың рақымына, кешірімділігіне сенгендей, азабының қатты болатындығына сеніп, үнемі қорқыныш пен үміттің аясында болғаны абзал. Мысалы, періштелерге пәленбай уақыт бойы дәріс берген, тақуалығымен періште дәрежесіне жеткен Ібіліс, Хазіреті Адамға (а.с.) сәжде етпей, өзінің дәрежесі мен амалына, біліміне сенген болатын. Өкінішке қарай, осы тәкәппарлық әрекеті үшін Аллаһтың құзырынан қуылып, мәңгілік тозақта жанатын болды. Бұл да ойлы кісіге үлкен сабақ боларлық оқиға. Құранда бұл жайында төмендегідей тұжырымдар келтіріледі: «Егер Аллаһ адам баласын қылықтары себепті қолға алатын болса, жер бетінде ешбір жәндік қалдырмас еді. Бірақ оларды белгілі бір мерзімге дейін кешіктірді. Қашан олардың мезгілі жетсе, сонда Аллаһ шынында да пенделерін көріп тұрады» (35.Фатыр-45). «Сондай-ақ Аллаһтың мейірімінен күдер үзбеңдер. өйткені Аллаһтың рахметінен кәпірлер ғана үмітін үзеді» (12.Юнус-87). «Әй, өздеріне зиян қылған құлдарым! Аллаһтың рахметінен күдер үзбеңдер. Аллаһ күнәлардың бәрін жарылқайды. өйткені Ол тым жарылқаушы, өте мейірімді деп айт» (39.Зумәр-53).
6 слайд
Әһли сүннет бойынша, үлкен күнә істеген кісі мумин болып, тек істеген
күнәсі үшін күнәһар аталады. Ақыретте істеген сол күнәсі үшін жаза шегіп,
соңында жәннәтқа барады. Сондай-ақ істеген күнәсі үшін бұл дүниеде тәубе
етсе, Аллаһ кешіруі мүмкін, қаласа жазалауы мүмкін. Алайда,
оқырмандарымыз бұл жерде мынадай заңды сауал қоюы да мүмкін: «Үлкен
күнә істеген, өмірінде амал етпеген мұсылманды Аллаһ қалайша жәннәтқа
кіргізеді? Бұл әділдікке жатпас». Бұған былай жауап беруге болады:
«Біріншіден: біздің сеніміміз бойынша, амал иманның бір бөлігі емес.
Екіншіден: Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Аллаһ мумин ерлер мен
мумин әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мүлде қалатын
бақшалар және ғадын жәннәтында көркем орындар уәде етті. Ал Аллаһтың
разылығы өте зор табыс» (9.Тәубе-72). Яғни муминдерге жәннәтты уәде
еткен Аллаһ қалайша мумин құлын мәңгілік жәһәннәмда қалдырсын? Себебі,
мәңгілік жәһәннам күпірге барғандардың еншісінде. Үшіншіден:
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Жүрегінде титтей иманы болып, Лә
иләһә иллалаһ (Аллаһтан басқа тәңірі жоқ) деген адам жәһәннамнан
шығады»
6 слайд
Әһли сүннет бойынша, үлкен күнә істеген кісі мумин болып, тек істеген күнәсі үшін күнәһар аталады. Ақыретте істеген сол күнәсі үшін жаза шегіп, соңында жәннәтқа барады. Сондай-ақ істеген күнәсі үшін бұл дүниеде тәубе етсе, Аллаһ кешіруі мүмкін, қаласа жазалауы мүмкін. Алайда, оқырмандарымыз бұл жерде мынадай заңды сауал қоюы да мүмкін: «Үлкен күнә істеген, өмірінде амал етпеген мұсылманды Аллаһ қалайша жәннәтқа кіргізеді? Бұл әділдікке жатпас». Бұған былай жауап беруге болады: «Біріншіден: біздің сеніміміз бойынша, амал иманның бір бөлігі емес. Екіншіден: Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Аллаһ мумин ерлер мен мумин әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мүлде қалатын бақшалар және ғадын жәннәтында көркем орындар уәде етті. Ал Аллаһтың разылығы өте зор табыс» (9.Тәубе-72). Яғни муминдерге жәннәтты уәде еткен Аллаһ қалайша мумин құлын мәңгілік жәһәннәмда қалдырсын? Себебі, мәңгілік жәһәннам күпірге барғандардың еншісінде. Үшіншіден: Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Жүрегінде титтей иманы болып, Лә иләһә иллалаһ (Аллаһтан басқа тәңірі жоқ) деген адам жәһәннамнан шығады»
7 слайд
Пайғамбарлық және пайғамбарларға иман Иман
негіздерінің төртіншісі – Аллаһ Тағала тарапынан
жер бетіне жіберілген пайғамбарларға иман ету.
«Әй, иман келтіргендер!
Аллаһқа, оның
пайғамбарына және оған
Аллаһ жіберген кітапқа,
одан бұрынғыларға
жіберген кітаптарға да
иман келтіріңдер. Кімде
кім Аллаһты, оның
періштелерін,
кітаптарын,
пайғамбарларын және
қиямет күнін жоққа
шығарса, ол мүлде азған
адам» (4.Ниса-136).
«шәксіз сондай Аллаһқа,
пайғамбарларына қарсы
келгендер, олар Аллаһ пен
пайғамбарларының
арасын айыруды қалайды.
Олар: пайғамбарлардың
кейіне сенеміз де, кейіне
қарсы келеміз, дейді.
Сөйтіп олар екі ортадан
жол табуды қалайды.
Міне олар анық кәпірлер.
Кәпірлер үшін қорлаушы
қинау дайындадық»
(4.Ниса, 150-151).
«Расында сендер үшін,
Аллаһты да, ахирет күнін
де үміт еткендер және
Аллаһты көп еске алған
кісілер үшін Аллаһтың
Елшісінде көркем өнегелер
бар» (33.Ахзаб21.
«(Мұхаммед (с.а.у.)) Сенен
бұрын бір пайғамбар
жіберсек оған: «Күдіксіз
Менен басқа ешбір тәңір
жоқ. Онда Маған ғана
құлшылық етіңдер» деп
қана уахи етіп жібердік»
(21.Әнбия – 25).
7 слайд
Пайғамбарлық және пайғамбарларға иман Иман негіздерінің төртіншісі – Аллаһ Тағала тарапынан жер бетіне жіберілген пайғамбарларға иман ету. «Әй, иман келтіргендер! Аллаһқа, оның пайғамбарына және оған Аллаһ жіберген кітапқа, одан бұрынғыларға жіберген кітаптарға да иман келтіріңдер. Кімде кім Аллаһты, оның періштелерін, кітаптарын, пайғамбарларын және қиямет күнін жоққа шығарса, ол мүлде азған адам» (4.Ниса-136). «шәксіз сондай Аллаһқа, пайғамбарларына қарсы келгендер, олар Аллаһ пен пайғамбарларының арасын айыруды қалайды. Олар: пайғамбарлардың кейіне сенеміз де, кейіне қарсы келеміз, дейді. Сөйтіп олар екі ортадан жол табуды қалайды. Міне олар анық кәпірлер. Кәпірлер үшін қорлаушы қинау дайындадық» (4.Ниса, 150-151). «Расында сендер үшін, Аллаһты да, ахирет күнін де үміт еткендер және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар» (33.Ахзаб21. «(Мұхаммед (с.а.у.)) Сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек оған: «Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда Маған ғана құлшылық етіңдер» деп қана уахи етіп жібердік» (21.Әнбия – 25).
8 слайд
Пайғамбарлардың
сипаттары Жер бетіне
жіберілген пайғамбарлардың
өзге адамдардан
айырықшаланатын кейбір
ерекшеліктері бар.
1. Сидқ – шыншылдық,
туралық. Әрбір
пайғамбар – шыншылдық
пен туралықтан
айнымайтын ұлы
тұлғалар.
2. Аманат. Аманат – сенімді деген
ұғымды білдіреді. Демек
пайғамбарлардың екінші бір сипаты,
ерекшелігі өте сенімді тұлға болуы.
3. Исмәт (күнәсіз). Исмәт – күнә
істемеу әрі күнә атаулыдан пәк
деген ұғымды білдіреді. Олай болса
пайғамбарлар әсіресе пайғамбар
болғаннан кейін ешқандай күнә
істемеген.
4. Фәтәнат (зерек, алғыр, ақылды).
Фәтәнат – пайғамбарларға тән
ерекше ақылдық һәм зеректік
қабілет. Ал бұл ұғымға қарама-қарсы
мағынадағы (ілімсіз, парасатсыз,
ұмытшақ т.б.) бүкіл қасиеттер
пайғамбарлар үшін мүлдем жат
нәрсе.
5. Тәблиғ (жеткізу). Әрбір
пайғамбардың Аллаһтан алған діни
үкім мен тыйымдарын өз қауымына
кемшіліксіз жеткізу ісін «тәблиғ»
деп атаймыз. Тәблиғ -
пайғамбарлардың дінді жаю
жолындағы ең басты әрекеті болып
есептеледі.
8 слайд
Пайғамбарлардың сипаттары Жер бетіне жіберілген пайғамбарлардың өзге адамдардан айырықшаланатын кейбір ерекшеліктері бар. 1. Сидқ – шыншылдық, туралық. Әрбір пайғамбар – шыншылдық пен туралықтан айнымайтын ұлы тұлғалар. 2. Аманат. Аманат – сенімді деген ұғымды білдіреді. Демек пайғамбарлардың екінші бір сипаты, ерекшелігі өте сенімді тұлға болуы. 3. Исмәт (күнәсіз). Исмәт – күнә істемеу әрі күнә атаулыдан пәк деген ұғымды білдіреді. Олай болса пайғамбарлар әсіресе пайғамбар болғаннан кейін ешқандай күнә істемеген. 4. Фәтәнат (зерек, алғыр, ақылды). Фәтәнат – пайғамбарларға тән ерекше ақылдық һәм зеректік қабілет. Ал бұл ұғымға қарама-қарсы мағынадағы (ілімсіз, парасатсыз, ұмытшақ т.б.) бүкіл қасиеттер пайғамбарлар үшін мүлдем жат нәрсе. 5. Тәблиғ (жеткізу). Әрбір пайғамбардың Аллаһтан алған діни үкім мен тыйымдарын өз қауымына кемшіліксіз жеткізу ісін «тәблиғ» деп атаймыз. Тәблиғ - пайғамбарлардың дінді жаю жолындағы ең басты әрекеті болып есептеледі.
9 слайд
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) – Жаратушының соңғы елшісі
•Пайғамбар жіберу Аллаһтың әмірінде болса, оған иман ету –
пенденің міндеті. Аллаһ Тағала адамзатқа жүз мыңдаған
пайғамбар жіберіп, Өз заңдылықтарын үйретті. Сол жүз
мыңдаған пайғамбардың соңғысы Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.)
610 жылы бүкіл адамзат пен жын атаулыға жіберілді. Ал 632
жылы Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) дүниеден озған соң,
пайғамбарлық міндет ұғымы (яғни пайғамбар келу мәселесі)
біржола тоқтады. Ақырғы елші Хазіреті Мұхаммедтен
(с.а.у.) соң қияметке дейін пайғамбар келмейді. Егер де кімде-
кім: «Мен пайғамбармын, маған Жәбірейл уахи әкелді», десе
ол жан сөзсіз кәпір болады. Пайғамбарлардың барлығы да
Аллаһтың сүйікті құлдары бола тұра олардың кейбірінің
мәртебесі өзгелерден жоғары болатындығын жоғарыда
тілге тиек еткен болатынбыз. Сол секілді соңғы ақырзаман
пайғамбары Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) де өзіне тән
артықшылығы бар.
9 слайд
Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) – Жаратушының соңғы елшісі •Пайғамбар жіберу Аллаһтың әмірінде болса, оған иман ету – пенденің міндеті. Аллаһ Тағала адамзатқа жүз мыңдаған пайғамбар жіберіп, Өз заңдылықтарын үйретті. Сол жүз мыңдаған пайғамбардың соңғысы Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) 610 жылы бүкіл адамзат пен жын атаулыға жіберілді. Ал 632 жылы Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) дүниеден озған соң, пайғамбарлық міндет ұғымы (яғни пайғамбар келу мәселесі) біржола тоқтады. Ақырғы елші Хазіреті Мұхаммедтен (с.а.у.) соң қияметке дейін пайғамбар келмейді. Егер де кімде- кім: «Мен пайғамбармын, маған Жәбірейл уахи әкелді», десе ол жан сөзсіз кәпір болады. Пайғамбарлардың барлығы да Аллаһтың сүйікті құлдары бола тұра олардың кейбірінің мәртебесі өзгелерден жоғары болатындығын жоғарыда тілге тиек еткен болатынбыз. Сол секілді соңғы ақырзаман пайғамбары Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) де өзіне тән артықшылығы бар.
10 слайд
б) Хазіреті Пайғамбарымыздың келесі
бір жөні бөлек ерекшелігі Оның ең соңғы
пайғамбар екендігі. Одан кейін ешқандай
пайғамбар келмейтіндігі Құранда да
анық баян етілген: «Мұхаммед
сендерден ешбір кісінің әкесі емес. Бірақ
Аллаһтың елшісі және
пайғамбарлардың соңғысы. Аллаһ әр
нәрсені толық білуші» (33.Ахзаб-40).
в) Хазіреті Пайғамбарымыз соңғы
пайғамбар болғандықтан оның әкелген
діні Ислам да ең кәміл де, ең иләһи дін.
Исламның негізгі ерекшелігі – ол
алдыңғы иләһи діндердің жаңсақ,
бұрмаланған үкімдерін жойғандығында.
а) Алғашқы пайғамбарлар (Һуд - Ад
қауымына, Салих - Самуд қауымына,
Мұса пайғамбардың Исрайл ұлдарына
жіберілгені секілді) тек қана белгілі бір
тайпаға не қауымға жіберілген. Ал,
Хазіреті Пайғамбарымыз болса, күллі
адамзатқа және ақырзаманға дейін
келіп-кететін адамзат пен жын
атаулына барлығына бірдей жіберілді.
ә) Пайғамбарымыздың пайғамбарлығы
қияметке дейін жалғасқандықтан
әкелген Құраны да қияметке дейін өз
күшінде болады. Алдыңғы
пайғамбарларға парақтар және
қасиетті кітаптар түсірілгенімен, бәрі
дерлік Хазіреті Пайғамбарымызға дейін
түпнұсқа күйінде жетпеді.
Пайғамбарымыздың өзге
пайғамбарлардан
артықшылығын төмендегідей
ретпен атап кетуге болады:
10 слайд
б) Хазіреті Пайғамбарымыздың келесі бір жөні бөлек ерекшелігі Оның ең соңғы пайғамбар екендігі. Одан кейін ешқандай пайғамбар келмейтіндігі Құранда да анық баян етілген: «Мұхаммед сендерден ешбір кісінің әкесі емес. Бірақ Аллаһтың елшісі және пайғамбарлардың соңғысы. Аллаһ әр нәрсені толық білуші» (33.Ахзаб-40). в) Хазіреті Пайғамбарымыз соңғы пайғамбар болғандықтан оның әкелген діні Ислам да ең кәміл де, ең иләһи дін. Исламның негізгі ерекшелігі – ол алдыңғы иләһи діндердің жаңсақ, бұрмаланған үкімдерін жойғандығында. а) Алғашқы пайғамбарлар (Һуд - Ад қауымына, Салих - Самуд қауымына, Мұса пайғамбардың Исрайл ұлдарына жіберілгені секілді) тек қана белгілі бір тайпаға не қауымға жіберілген. Ал, Хазіреті Пайғамбарымыз болса, күллі адамзатқа және ақырзаманға дейін келіп-кететін адамзат пен жын атаулына барлығына бірдей жіберілді. ә) Пайғамбарымыздың пайғамбарлығы қияметке дейін жалғасқандықтан әкелген Құраны да қияметке дейін өз күшінде болады. Алдыңғы пайғамбарларға парақтар және қасиетті кітаптар түсірілгенімен, бәрі дерлік Хазіреті Пайғамбарымызға дейін түпнұсқа күйінде жетпеді. Пайғамбарымыздың өзге пайғамбарлардан артықшылығын төмендегідей ретпен атап кетуге болады: