Ашық сабақ презентация "Ақиқат"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі
Ақиқат
Өзін-өзі тану мұғалімі
Карабалина А.Б
1 слайд
Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі Ақиқат Өзін-өзі тану мұғалімі Карабалина А.Б
2 слайд
ЖОСПАР:
1. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар;
2. Барлық болмыстың бастапқы болмысы туралы
білім;
3. Шындықтың мәні туралы;
4. Абсолюттік және салыстырмалы Ақиқат;
5. Нағыз шындық – ол Ар-ұждан.
2 слайд
ЖОСПАР: 1. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар; 2. Барлық болмыстың бастапқы болмысы туралы білім; 3. Шындықтың мәні туралы; 4. Абсолюттік және салыстырмалы Ақиқат; 5. Нағыз шындық – ол Ар-ұждан.
3 слайд
Аксиология (грекше ἀξία – құндылық және λόγος – ілім) – «құндылық» категориясын зерттейтін
философия саласы. Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлерді құндылықтар деп
аталынады.
Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді:
табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік.
Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни
ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі,
күш-жігердің қайраттылығы).
Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы
барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік,
ақкөңілділік, сабарлылық және т.б.)
Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен
шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.
Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің
негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған
құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами
қасиеттер болып табылады.
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады.
Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады .
3 слайд
Аксиология (грекше ἀξία – құндылық және λόγος – ілім) – «құндылық» категориясын зерттейтін философия саласы. Адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер, жай-күйлерді құндылықтар деп аталынады. Т.И. Петракова ұсынған құндылықтар жүйесінің жіктемесі оларды үш түрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүре пайда болған және абсолюттік. Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдың айқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімнің тазалығы, естің сенімділігі, күш-жігердің қайраттылығы). Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабарлылық және т.б.) Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар. Абсолюттік (мәңгілік) жалпыадамзаттық құндылықтар тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар табиғи және жүре пайда болған құндылықтарды да қамтиды. Өйткені жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан алғанда олар адами қасиеттер болып табылады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару ізгілікке жол ашады. Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады .
4 слайд
Ақиқатсүйіспен
шілік Дұрыс әрекетІшкі тыныштықҚиянат жасамау
4 слайд
Ақиқатсүйіспен шілік Дұрыс әрекетІшкі тыныштықҚиянат жасамау
5 слайд
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына
тумысынан берілген сый және олар адамның рухани
дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның
адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани
деңгейін білдіреді.
Оқыту үдерісіне мәңгілік жалпыадамзаттық
құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін
ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал
етеді.
Мәңгілік құндылықтар – білім негізі және оның өзегі
болып табылады.
5 слайд
Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумысынан берілген сый және олар адамның рухани дамуының барлық кезеңіне нәр болады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін білдіреді. Оқыту үдерісіне мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу тұлғаның адами ізгілік қасиеттерін ашуға, сонымен қатар адамның рухани дамуына ықпал етеді. Мәңгілік құндылықтар – білім негізі және оның өзегі болып табылады.
6 слайд
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай
аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс :
Қиянат жасамау – рухани деңгей.
Ақиқат – интеллектуалды деңгей (ажырату, интуиция).
Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл-ой, сөз).
Тыныштық – эмоциялық деңгей (сезім).
Дұрыс әрекет – физикалық деңгей.
Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау адамның
ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және діни, мәдени тиістілігіне байланыссыз және
уақытпен шектелмейді.
Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адам
руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады.
Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау
сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы
құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен
таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады .
6 слайд
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс : Қиянат жасамау – рухани деңгей. Ақиқат – интеллектуалды деңгей (ажырату, интуиция). Сүйіспеншілік – адамгершілік деңгей (ментальді, ақыл-ой, сөз). Тыныштық – эмоциялық деңгей (сезім). Дұрыс әрекет – физикалық деңгей. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік және Қиянат жасамау адамның ұлтына, нәсіліне, тұратын ортасына және діни, мәдени тиістілігіне байланыссыз және уақытпен шектелмейді. Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп, адам руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды. Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады .
7 слайд
Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне
мынадай сұрақтар қоюға итермелейді:
•
Мен кіммін?
•
Менің өмірдегі мақсатым не?
•
Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре
аламын?
•
Өзімнің ішкі “Менімді” қалай тани аламын?
7 слайд
Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынадай сұрақтар қоюға итермелейді: • Мен кіммін? • Менің өмірдегі мақсатым не? • Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын? • Өзімнің ішкі “Менімді” қалай тани аламын?
8 слайд
"Көпшілік адам ақиқат деп санайтын дүние,ақиқатқа
айналады".
Пауло Коэльо
"Ақиқат-адамға соқырды ертіп жүрген жетекші секілді қажет"
М.Горький
"Шындыққа өлім жоқ".
Ш.Мұртаза
"Ақиқаттың ең сенімді белгісі қарапайымдылық пен ашықтық.
Жалғандық әр қашан қиын, түсініксіз және көп сөзді болады".
Л. Н. Толстой
8 слайд
"Көпшілік адам ақиқат деп санайтын дүние,ақиқатқа айналады". Пауло Коэльо "Ақиқат-адамға соқырды ертіп жүрген жетекші секілді қажет" М.Горький "Шындыққа өлім жоқ". Ш.Мұртаза "Ақиқаттың ең сенімді белгісі қарапайымдылық пен ашықтық. Жалғандық әр қашан қиын, түсініксіз және көп сөзді болады". Л. Н. Толстой
9 слайд
Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар :
Біріншісі – біздің физикалық тәнімізді саналы түрде сезінуіміз.
Екіншісі – басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс.
Көптеген адамдар жалған бетперде арқылы өзінің білікті, көңіл қойып,
сыйлауға тұрарлық адам екендігіне басқаларды да, өздерін де сендіруге
тырысады
Үшіншісі – сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз Болмыс
Бұлардың екеуі де – нағыз және мәңгілік болып табылатын ішкі рухани
нұрдың төңірегінде құрылған болмыс .
Біз қазір және әрқашанда сәулелі нұр болып табыламыз. Өзін-өзі жүзеге
асыру (өмірден орнын табу) дегеніміз – осы сәуленің нұрына қосылу.
Жүректі айналып өткен барлық іс-әрекет шын мәнінде біздің шынайы
Болмысымызды қабылдауға және көрсете білуге әсер ететін және кедергі
жасайтын соқырлыққа жатады.
9 слайд
Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар : Біріншісі – біздің физикалық тәнімізді саналы түрде сезінуіміз. Екіншісі – басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс. Көптеген адамдар жалған бетперде арқылы өзінің білікті, көңіл қойып, сыйлауға тұрарлық адам екендігіне басқаларды да, өздерін де сендіруге тырысады Үшіншісі – сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз Болмыс Бұлардың екеуі де – нағыз және мәңгілік болып табылатын ішкі рухани нұрдың төңірегінде құрылған болмыс . Біз қазір және әрқашанда сәулелі нұр болып табыламыз. Өзін-өзі жүзеге асыру (өмірден орнын табу) дегеніміз – осы сәуленің нұрына қосылу. Жүректі айналып өткен барлық іс-әрекет шын мәнінде біздің шынайы Болмысымызды қабылдауға және көрсете білуге әсер ететін және кедергі жасайтын соқырлыққа жатады.
10 слайд
Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты – баланың шынайы болмысын
іздеуіне және бұл ізденіс – өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуіне көмектесу,
өйткені – Ақиқат адам шынайы болмысы.
Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты
ағынына жол ашады.
Ақиқат –өмір энергиясының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық
болмыстың бастапқы табиғаты туралы ғылым. Ол тығыздала отырып, материалдық
әлем ретінде көрініс береді.
Эйнштейн бұл үдерісті өзінің ғажап E=mc2 өрнегінде көрсетті, онда материя –
тығыздалған энергия екенін анықтады.
Ақиқат – көпқырлылықтың біртұтастығын түсіну, өзін бәріне қатысы бар және
бәріне де жауапкер бөлінбейтін бірліктің бөлшегі ретінде қабылдау .
10 слайд
Ақиқатты жарыққа шығаруға оқытудың мақсаты – баланың шынайы болмысын іздеуіне және бұл ізденіс – өмірдің басты мақсаты екенін жете түсінуіне көмектесу, өйткені – Ақиқат адам шынайы болмысы. Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуатты ағынына жол ашады. Ақиқат –өмір энергиясының өн бойынан өтетін парасатты мәңгілік барлық болмыстың бастапқы табиғаты туралы ғылым. Ол тығыздала отырып, материалдық әлем ретінде көрініс береді. Эйнштейн бұл үдерісті өзінің ғажап E=mc2 өрнегінде көрсетті, онда материя – тығыздалған энергия екенін анықтады. Ақиқат – көпқырлылықтың біртұтастығын түсіну, өзін бәріне қатысы бар және бәріне де жауапкер бөлінбейтін бірліктің бөлшегі ретінде қабылдау .
11 слайд
Адамның табиғаттан шындықты айтуға ұмтылу тумысынан
берілген. Адам шындықты айтқан кезде оның сөздерінде күш пайда
болады.Ал өтірік айтқанда,дәлелдерді бұрмалаған кезде оның
сөздері күшін жоалтады.Егер сөз ауыр болып, басқа адамның
жүрегін жаралайтын болса, үндемеген дұрыс.Әр уақытта шындықты
айту және ар-ожданыңмен әрекет ету-осы екеуі әр адам өзінің
бойында дамытатын рухани адамгершілік қасиеттердің ең бастысы. Шындықтың мәні туралы.
11 слайд
Адамның табиғаттан шындықты айтуға ұмтылу тумысынан берілген. Адам шындықты айтқан кезде оның сөздерінде күш пайда болады.Ал өтірік айтқанда,дәлелдерді бұрмалаған кезде оның сөздері күшін жоалтады.Егер сөз ауыр болып, басқа адамның жүрегін жаралайтын болса, үндемеген дұрыс.Әр уақытта шындықты айту және ар-ожданыңмен әрекет ету-осы екеуі әр адам өзінің бойында дамытатын рухани адамгершілік қасиеттердің ең бастысы. Шындықтың мәні туралы.
12 слайд
Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске
шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік
ақиқат диалектик байланыста.
Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат
салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (абсолютті және салыстырмалы ақиқат)
негізінде құралады.
Барлығының қайнар көзі болып табылатын тек бір ғана
абсолюттік ақиқат бар.
Сен оны тапқан кезде ғана, сенің әрекеттерің онымен
үйлесім табады .
12 слайд
Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады. Барлығының қайнар көзі болып табылатын тек бір ғана абсолюттік ақиқат бар. Сен оны тапқан кезде ғана, сенің әрекеттерің онымен үйлесім табады .
13 слайд
Салыстырмалы ақиқат Абсолюттік ақиқат
Жеке;
Өзгермелі;
Сезім деңгейінде табылады
(логика);
Алуан түрлі.
Әмбебап;
Өзгермейтін;
Сезімнен жоғары (уақыт пен
кеңістіктен тыс);
Біртұтастықты білдіреді.
13 слайд
Салыстырмалы ақиқат Абсолюттік ақиқат Жеке; Өзгермелі; Сезім деңгейінде табылады (логика); Алуан түрлі. Әмбебап; Өзгермейтін; Сезімнен жоғары (уақыт пен кеңістіктен тыс); Біртұтастықты білдіреді.
14 слайд
- Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін
Ақиқат – біреу. Ол өзгермейді. Оның бірнеше пішіні болғанымен, ол – жалғыз.
-Біз Ақиқатты пендешілік өмірге қолданамыз да, сөйтіп сыртқы әлеммен теңдестіреміз.
Пендешілік немесе материалдық әлемдегі Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нәрсені немесе
ойды шынайы жеткізу. Материалдық тұрғыда, Ақиқатқа жүгіну – айтқан, істеген, көрген
немесе естіген нәрсені дәл жеткізу деп саналады.
- Бірақ нағыз шындық – ол Ар-ұждан.
Мысалы Бір үйге ұры түседі. Полиция екінші күні ол адамды ұстап алады, әрине ол
мойындамайды.Алайда оның Ар-ұжданы үнемі оның есіңе салып тұрады.
Сөз Ар-ұжданды басшылыққа алса, ол Ақиқатқа айналады.
Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін. Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің
жолына түсуге болмайды.
Өтірік айтып, сіз қиындықтан құтылуыңыз мүмкін,бірақ мезгілі келген кезде сіз ауыр
сынаққа кезігесіз.
14 слайд
- Ақиқат кеңістік және уақытпен шектелмейді. Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін Ақиқат – біреу. Ол өзгермейді. Оның бірнеше пішіні болғанымен, ол – жалғыз. -Біз Ақиқатты пендешілік өмірге қолданамыз да, сөйтіп сыртқы әлеммен теңдестіреміз. Пендешілік немесе материалдық әлемдегі Ақиқаттың мәні – іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу. Материалдық тұрғыда, Ақиқатқа жүгіну – айтқан, істеген, көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу деп саналады. - Бірақ нағыз шындық – ол Ар-ұждан. Мысалы Бір үйге ұры түседі. Полиция екінші күні ол адамды ұстап алады, әрине ол мойындамайды.Алайда оның Ар-ұжданы үнемі оның есіңе салып тұрады. Сөз Ар-ұжданды басшылыққа алса, ол Ақиқатқа айналады. Ақиқат үшін қиындықтарға жолығуың мүмкін. Бірақ қиындықтан қашып, өтіріктің жолына түсуге болмайды. Өтірік айтып, сіз қиындықтан құтылуыңыз мүмкін,бірақ мезгілі келген кезде сіз ауыр сынаққа кезігесіз.
15 слайд
Ар-ождан – адамның өзін және болмысын сезіп-білуі. Ол – рухтың қалау,
сезу, ұғу әрі үнемі шексіздікке ұмтылу секілді алға сүйрейтін қасиеттердің
бірі.
Рухтың ерік-жігер, сезім, сана мен жүрек сияқты сезіп-білу
құралдары ар-ожданның да маңызды негіздері болып табылады
Жалпыға тән ар-ождан қателеспейтін әрі адастырмайтын төреші
секілді. Оның берген үкіміне бәрі риза болып, әміріне мойынсұнуы тиіс.
Дау тудырған мәселелерде соңғы сөзді ар-ождан айтады
Ар-ождан алдындағы адалдық - өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе
байланысты.
Әбу Нәсір әл-Фараби
15 слайд
Ар-ождан – адамның өзін және болмысын сезіп-білуі. Ол – рухтың қалау, сезу, ұғу әрі үнемі шексіздікке ұмтылу секілді алға сүйрейтін қасиеттердің бірі. Рухтың ерік-жігер, сезім, сана мен жүрек сияқты сезіп-білу құралдары ар-ожданның да маңызды негіздері болып табылады Жалпыға тән ар-ождан қателеспейтін әрі адастырмайтын төреші секілді. Оның берген үкіміне бәрі риза болып, әміріне мойынсұнуы тиіс. Дау тудырған мәселелерде соңғы сөзді ар-ождан айтады Ар-ождан алдындағы адалдық - өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты. Әбу Нәсір әл-Фараби