Материалдар / Батырлар жыры туралы түсінік. Батырлыр жырының мазмұны мен тақырыбы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Батырлар жыры туралы түсінік. Батырлыр жырының мазмұны мен тақырыбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Батырлар жыры туралы түсінік,Батырлыр жырының мазмұны мен тақырыбы. Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау,елінің,халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.Батырлар елін сүйген,ата мекенін,намысын қорғау,елдігін сақтау үшін ата жауына қарсы жан қияр ерлікке барған,көзсіз батырлық,ерлік көрсеткен.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2022
345
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Slides.kz

1 слайд
Slides.kz

 Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық

2 слайд
 Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады. Батырлар жыры Slides.kz

 Slides.kzБатырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлард

3 слайд
 Slides.kzБатырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты.

  «Алпамыс батыр» қазақ елінде ерте заманнан келе жатқан халықтың сүйіп, құмарлана тыңдайтын, әртүрлі вариант, версиялары к

4 слайд
  «Алпамыс батыр» қазақ елінде ерте заманнан келе жатқан халықтың сүйіп, құмарлана тыңдайтын, әртүрлі вариант, версиялары көп эпостың бірі.  Қазақ халқына көп тараған басқа эпостардан «Алпамыстың» бір ерекшелігі, бұл тек қазақта ғана емес, түрік тілдес елдердің көпшілігінде-ақ бар. Қарақалпақ, өзбек, башқұр, алтай елі, тағы басқа. Қарақалпақ, өзбек елдеріндегі «Алпамыстың» оларда да бірнеше вариант, версиясы табылып отыр. Зерттеушілердің айтуы бойынша, бұл елдерде де «Алпамыс» эпосы көп замандардан бері сақталып келген. Slides.kzАлпамыс батыр жыры

  1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;  2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;  3) батырға тән балалық шақ; 

5 слайд
  1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;  2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;  3) батырға тән балалық шақ;  4) алғашқы ерлік;  5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);  6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы бәсеке);  7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы. Slides.kzБатырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық құдалық):

  1) жаудың шабуылы туралы хабар;  2) жорыққа аттану;  3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға тү

6 слайд
  1) жаудың шабуылы туралы хабар;  2) жорыққа аттану;  3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға түседі);  4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;  5) жеңіспен елге оралу. Slides.kzБатырларға тән ерліктер:

 Slides.kzҚазақтың Батырлық жырларына негіз болған екі түрлі эпикалық (қаһармандық) дәуір бар: жеке рулар (тайпалар) дәуірі

7 слайд
 Slides.kzҚазақтың Батырлық жырларына негіз болған екі түрлі эпикалық (қаһармандық) дәуір бар: жеке рулар (тайпалар) дәуірі   ноғайлы дәуірі

  20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап қазақ батырлық жырларын жаңа қырынан зерттеуге Қоңыратбаев, Бердібаев, Т. Сыдықов, С. Садырб

8 слайд
  20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап қазақ батырлық жырларын жаңа қырынан зерттеуге Қоңыратбаев, Бердібаев, Т. Сыдықов, С. Садырбаев, Қ. Сыдиықов, С. Қасқабасов, О. Нұрмағамбетов, Ш. Ыбыраев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Олардың еңбектерінде Батырлық жырлардың жанрлық ерекшеліктері, варианттары, құрылымы, поэтикасы, тұтастануы, типологиясы, генезисі жан- жақты қарастырылды. Батырлық жырлардың әдебиетке, ұлттық кәсіби өнер жанрларының қалыптасуына әсері ерекше болды. Мәселен, батырлық эпостар сюжетінің негізінде Ж. Жабаев “Сұраншы”, “Өтеген” жырларын шығарған. Драматургия саласында “Қарақыпшақ Қобыланды” (Әуезов), “Арқалық батыр” (Ж. Шанин), т.б. пьесалар жазылып, “Ер Тарғын” (Е. Брусиловский), “Алпамыс батыр” (Е. Рахмадиев) опералары қосылды, “Батыр Баян” кинофильмі түсірілді. Slides.kzЗерттелуі