Материалдар / Есірткісіз болашақ!

Есірткісіз болашақ!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды есірткісіз болашаққа тәрбиелеу!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2020
256
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Қазіргі қоғамда күйзеліс – басты мәселелердің біріне айналды. Күйзеліске үлкендермен қатар жасөспірім балалар да ұшырап жатады.

1 слайд
Қазіргі қоғамда  күйзеліс – басты мәселелердің біріне айналды. Күйзеліске үлкендермен қатар жасөспірім балалар да ұшырап жатады. Оның себебі үлкендермен, отбасымен, мектептегі ортамен қарым-қатынастағы түсінбестік болып жатады. Кей жағдайда адамдар жалғыздықтан, жанашыр, жақын адамның болмауынан немесе олармен қарым-қатынастың үзілуінен де күйзеліске ұшырап жатады. Мұндай жағдайда өз-өзін ұстауға, өз еркін өзіне бағындыруға кез-келген жасөспірім дайын бола бермейді. Сондықтан олар көңілді көтерудің жолын, қайғыдан құтылудың жолын қарастыра бастайды. Сөйтіп, оның оңай жолы есірткі деп қате шешімге қеледі. Есірткіге уланғандағы   уақытша алдамшы  «рахат» сезімді қайғыдан құтылу жолы деп түсініп, соны қайталағысы кеп тұрады. Осыдан барып есірткіге тәуелділік пайда болады да, адам өзінің есірткінің құрбаны болғанын байқамай да қалады. Есірткінің түріне адам ағзасының ерекшелігіне қарай улану да түрліше болады. Жөтел пайда болып, мұздай тер шығып, жүрек қағысы жиілеп, өлімнен қорқу қаупі пайда болады. Есірткі қолдануды жалғастырған жағдайда бұл құбылыстар жойылып, эйфория пайда болады. Бұл аурудың бірінші кезеңінің басталғанын білдіреді.Адамда есірткіге психологиялық тәуелділік пайда болады. Эйфория күйіне келу үшін бұрынғы мөлшер аздық етеді, бірақ бұл кезеңде де ағза есірткісіз күн кеше алады, есірткі қабылдамау адамда жаман әсер қалдыра қоймайды.Бұл- ағзаның есірткіге жартылай үйреніскенін білдіреді. Есірткі ауруының екінші кезеңінде адамда оған физикалық тәуелділік пайда болады. Мұның белгісі,есірткі зат алмасу процесіне қатысып, оның бір бөлшегіне айналады. Есірткі қабылдамаған жағдайда адам ағзасында физиологиялық және физикалық ауытқушылықтар байқалады: қолы дірілдеп, басы, бұлшық еттері, буындары ауыра бастайды, тек есірткі дозасын қажет ететін беймаза күй кешеді. Егер бұл жағдайдан адам тек есірткі қабылдаған жағдайда ғана шыға алатын болса, физикалық тәуелділікке ұшырағанының белгісі. Бірте-бірте адам ағзасы есірткіні көп мөлшерде қабылдауға үйреніп кетеді. Адам ағзасының бұлай бейімделуі оның өміріне қауіп төндіреді. Есірткі құрығынан құтылу мүмкін болмай қалады. Сондықтан да нашақорлық –ең қауіпті әлеуметтік құбылыс болып табылады. Нашақорлықпен күрес- әлеуметтік және медициналық мәселе. Мамандығым биолог болғандықтан, есірткінің адам ағзасына қаншалықты зиян екендігін түсіндіргім келді. Жас дос! Бұл айтылғандардың бәрі сенің болашақ өмірің үшін берері мол деп ойлаймын. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, аурудың алдын алған ем іздегеннен жеңіл болатынын ұмытпа! Жас өміріңді керексіз дүниелермен уландырмауға тырыс! Еліміздің болашағы –дені сау жас ұрпақ екенін жадыңнан шығарма! Есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен, досым! # ҚЗОПД ЕҚҚІҚБ байқауына Серәлі Ақерке Әскербекқызы Алдаберген Бисенов атындағы № 38 орта мектебінің биология пәні мұғаліміЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ!

Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ