Ғылыми жоба
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Жаңа полимерлі композициялық
материалдар
Секция: Химия
Орындаған:
9 «А» сынып оқушысы
Асхатұлы Мақсат
Ғылыми жетекшілері:
ҚазҰУ-дің ОЗ, ТҚ және полимерлер
химиясы мен химиялық технология
кафедрасының доценті
х.ғ.к. Рахметуллаева Р.Қ.
Химия пәні мұғалімі : Рсалиева Н.А.
1 слайд
Жаңа полимерлі композициялық материалдар Секция: Химия Орындаған: 9 «А» сынып оқушысы Асхатұлы Мақсат Ғылыми жетекшілері: ҚазҰУ-дің ОЗ, ТҚ және полимерлер химиясы мен химиялық технология кафедрасының доценті х.ғ.к. Рахметуллаева Р.Қ. Химия пәні мұғалімі : Рсалиева Н.А.
2 слайд
Мәселенің өзектілігі.
Соңғы кезде зерттеушілерде гидрофильді полимер
негізіндегі дәрілік заты бар суда ісінетін комплекстер және
бұл комплекстердің медицинада қолдана алатын үлдірлі
композитті материалды түзе алу мүмкіндігі үлкен
қызығушылықты тудырып жүр. Полимерлі үлдірлердің
құрамынан дәрілік заттың қадағаланып шығуының
мүмкіндігінің нәтижесінде және токсикалық қасиетінің
томендетуіне байланысты оларды дәрілік затты
перспективті тасмалдаушысы, орау материалы ретінде
қазірдің өозінде қолданылып келе жатыр. Дәрінің
иммобилизациясы, оның суда еритін полимерлермен,
интерполимерлі қосылыстармен, наногельдермен,
гидрогельдермен комплекс түзу нәтижесінде жүзеге асады.
2 слайд
Мәселенің өзектілігі. Соңғы кезде зерттеушілерде гидрофильді полимер негізіндегі дәрілік заты бар суда ісінетін комплекстер және бұл комплекстердің медицинада қолдана алатын үлдірлі композитті материалды түзе алу мүмкіндігі үлкен қызығушылықты тудырып жүр. Полимерлі үлдірлердің құрамынан дәрілік заттың қадағаланып шығуының мүмкіндігінің нәтижесінде және токсикалық қасиетінің томендетуіне байланысты оларды дәрілік затты перспективті тасмалдаушысы, орау материалы ретінде қазірдің өозінде қолданылып келе жатыр. Дәрінің иммобилизациясы, оның суда еритін полимерлермен, интерполимерлі қосылыстармен, наногельдермен, гидрогельдермен комплекс түзу нәтижесінде жүзеге асады.
3 слайд
Жұмыстың мақсаты: этиленгликольдің винил эфирі
мен N-изопропилакриламид сополимерлері (СПЛ) және
полиакрил қышқылы (ПАҚ) негізіндегі жаңа дәрілік заттарды
тасмалдағыш полимерлі үлдірлерді алу болып табылады.
Осы мақсатпен ұсынылған жобада жан-жақты зерттелген
ЭГВЭ-НИПААМ сополимері мен ПАҚ композициясы
негізіндегі үлдірлер, СПЛ мен ПАҚ-ның сулы ерітінділерін
полимерлі бетке құю арқылы алынды. Үлдірлер ауада және
вакумды шкафта бірнеше тәулік бойы кептірілді. Әдеби
шолуда көрсетілгендей ПАҚ-СПЛ жүйесі критикалық рН
мәндерімен сипатталатындықтан, интерполимерлі комплекстің
түзілуі байқалады, яғни ПАҚ мен СПЛ-дің сулы ерітінділерін
араластырған жағдайда мөлдірлігі төмендейді. Мұны жою
мақсатында интерполимерлі комплекстің ерітіндісіне аз
мөлшерде NaOH ерітіндісі қосылады. ПАҚ мен СПЛ
негізіндегі адгезивті және беріктілігінің оптималды қасиеттері
бар үлдірлерді алу мақсатында қоспадағы СПЛ-дің құрамы
үлкен ширекте ауыстырылып отырылды.
3 слайд
Жұмыстың мақсаты: этиленгликольдің винил эфирі мен N-изопропилакриламид сополимерлері (СПЛ) және полиакрил қышқылы (ПАҚ) негізіндегі жаңа дәрілік заттарды тасмалдағыш полимерлі үлдірлерді алу болып табылады. Осы мақсатпен ұсынылған жобада жан-жақты зерттелген ЭГВЭ-НИПААМ сополимері мен ПАҚ композициясы негізіндегі үлдірлер, СПЛ мен ПАҚ-ның сулы ерітінділерін полимерлі бетке құю арқылы алынды. Үлдірлер ауада және вакумды шкафта бірнеше тәулік бойы кептірілді. Әдеби шолуда көрсетілгендей ПАҚ-СПЛ жүйесі критикалық рН мәндерімен сипатталатындықтан, интерполимерлі комплекстің түзілуі байқалады, яғни ПАҚ мен СПЛ-дің сулы ерітінділерін араластырған жағдайда мөлдірлігі төмендейді. Мұны жою мақсатында интерполимерлі комплекстің ерітіндісіне аз мөлшерде NaOH ерітіндісі қосылады. ПАҚ мен СПЛ негізіндегі адгезивті және беріктілігінің оптималды қасиеттері бар үлдірлерді алу мақсатында қоспадағы СПЛ-дің құрамы үлкен ширекте ауыстырылып отырылды.
4 слайд
Жұмыста ЭГВЭ-НИПААМ сополимерлері мен ПАҚ
сулы ерітінділерінің 1:1 қатынасы алынып, ортаның рН-ын
өзгерткенде ортаның оптикалық тығыздығының күрт
артатындығы анықталды. Бұл әр қоспаға сәйкес критикалық
рН мәнінің бар екеніне дәлел бола алады және сополимер
құрамындағы ЭГВЭ мөлшерін арттырған сайын оның
төменгі аймаққа ауысатыны анықталды.Бұны комплекс
түзуге қатысатын гидрофобты әрекеттесулердің әлсіреуі мен
сутектік байланыстың нығаюымен түсіндіруге болады
(6-сурет).
4 слайд
Жұмыста ЭГВЭ-НИПААМ сополимерлері мен ПАҚ сулы ерітінділерінің 1:1 қатынасы алынып, ортаның рН-ын өзгерткенде ортаның оптикалық тығыздығының күрт артатындығы анықталды. Бұл әр қоспаға сәйкес критикалық рН мәнінің бар екеніне дәлел бола алады және сополимер құрамындағы ЭГВЭ мөлшерін арттырған сайын оның төменгі аймаққа ауысатыны анықталды.Бұны комплекс түзуге қатысатын гидрофобты әрекеттесулердің әлсіреуі мен сутектік байланыстың нығаюымен түсіндіруге болады (6-сурет).
5 слайд
Бұны комплекс түзуге қатысатын гидрофобты
әрекеттесулердің әлсіреуі мен сутектік байланыстың
нығайуымен түсіндіруге болады. ПАҚ-СПЛ композициясы
негізіндегі тігілген үлдірлер термоөңделу жолымен алынды.
Термиялық өңделу «СНОЛ» (Ресей) термостатында өткіздік
және оның уақыты 4-16 сағат аралығыында, ал температура
шамасы 90-110С аралығында алынды. Термо тігілудің
⁰
температурасы мен уақытын жоғарылатқан сайын
үлдірлердің тепе-теңдікті ісіну дәрежесінің төмендейтіні
байқалды.
5 слайд
Бұны комплекс түзуге қатысатын гидрофобты әрекеттесулердің әлсіреуі мен сутектік байланыстың нығайуымен түсіндіруге болады. ПАҚ-СПЛ композициясы негізіндегі тігілген үлдірлер термоөңделу жолымен алынды. Термиялық өңделу «СНОЛ» (Ресей) термостатында өткіздік және оның уақыты 4-16 сағат аралығыында, ал температура шамасы 90-110С аралығында алынды. Термо тігілудің ⁰ температурасы мен уақытын жоғарылатқан сайын үлдірлердің тепе-теңдікті ісіну дәрежесінің төмендейтіні байқалды.
6 слайд
Жұмыста медецина саласында қолдану мақсатында
алынған үлдірлердің ортаның әр түрлі рН-нда еру қасиетін
зерттедік. Суреттен көрсетілгендей ортаның рН жоғарылаған
сайын алынған үлдірлердің ерігіштігі артатыны және
сополимер құрамындағы ЭГВЭ мөлшері артқан сайын еру
қабілетінің біршамаға кемитіні көрсетілген (7-сурет).
Бұл үлдірлердің құрамындағы полиакрил қышқылына рН
мәні артқан сайын қолайлы жағдай орнап, яғни ПАҚ-ның
макромолекуласының конформациясы жайылып, үлдірдің
негіздік ортада жақсы ісінуіне әкеліп соғады.
6 слайд
Жұмыста медецина саласында қолдану мақсатында алынған үлдірлердің ортаның әр түрлі рН-нда еру қасиетін зерттедік. Суреттен көрсетілгендей ортаның рН жоғарылаған сайын алынған үлдірлердің ерігіштігі артатыны және сополимер құрамындағы ЭГВЭ мөлшері артқан сайын еру қабілетінің біршамаға кемитіні көрсетілген (7-сурет). Бұл үлдірлердің құрамындағы полиакрил қышқылына рН мәні артқан сайын қолайлы жағдай орнап, яғни ПАҚ-ның макромолекуласының конформациясы жайылып, үлдірдің негіздік ортада жақсы ісінуіне әкеліп соғады.
7 слайд
Сонымен қатар алынған үлдірлердің ортаның әр түрлі рН
мәндерінде уақыттың өтуіне байланысты ісіну дәрежесі
зерттелген. Алынған үлдірлердің бастапқы бір сағат ішінде
үлкен жылдамдықпен біршамаға ісініп, содан кейін α
тұрақтанатыны байқалған. Суретте көрсетілгендей ортаның
рН мәні 9-ға жеткенде үлдірдің лезде еріп кететіні, рН 7
шамасынан артқан жағдайда үлдірлеріміздің аз уақытта
ісінетіні, ал рН мәні 4-тен төмен болған жағдайда α мәнінің
аз ғана өзгеріске ұшырайтыны байқалды, бұл алынған
мәліметтер оларды медецинада дәрілік заттарды
тасмалдағыш депо ретінде қолдану мақсатында өте мағызды
екеніне дәлел бола алады.
7 слайд
Сонымен қатар алынған үлдірлердің ортаның әр түрлі рН мәндерінде уақыттың өтуіне байланысты ісіну дәрежесі зерттелген. Алынған үлдірлердің бастапқы бір сағат ішінде үлкен жылдамдықпен біршамаға ісініп, содан кейін α тұрақтанатыны байқалған. Суретте көрсетілгендей ортаның рН мәні 9-ға жеткенде үлдірдің лезде еріп кететіні, рН 7 шамасынан артқан жағдайда үлдірлеріміздің аз уақытта ісінетіні, ал рН мәні 4-тен төмен болған жағдайда α мәнінің аз ғана өзгеріске ұшырайтыны байқалды, бұл алынған мәліметтер оларды медецинада дәрілік заттарды тасмалдағыш депо ретінде қолдану мақсатында өте мағызды екеніне дәлел бола алады.
8 слайд
Жұмыста термиялық өңдеу температурасы әр түрлі
болған жағдайдағы үлдірдің ісіну кинетикасы зерттелді.
110С температурада өңделген үлдірлердің ісіну
⁰
дәрежесінің біршама жоғары екены көрсетілді.
8 слайд
Жұмыста термиялық өңдеу температурасы әр түрлі болған жағдайдағы үлдірдің ісіну кинетикасы зерттелді. 110С температурада өңделген үлдірлердің ісіну ⁰ дәрежесінің біршама жоғары екены көрсетілді.
9 слайд
Үлдірлердің көзбен бақылаған кезде алынған
материалдардың мөлдір болып келетіні және бұл
қоспадағы полимердің бір біріне үйлесімділігін айтады.
Полимерлік үлдірлердің морфологиясын зерттеу үшін
оларды электрондық микроскопқа жалғанған фотоаппарат
арқылы суреткет түсірілді. Алынған нәтижелер бойынша,
үлдірлердің беткі қабаты тегіс, әрі көбіксіз болып келетіні
анықталды. Бұл үлдір компоненттерінің өз ара
сыйымдылығы, үйлесімділігі жайында айтады.
9 слайд
Үлдірлердің көзбен бақылаған кезде алынған материалдардың мөлдір болып келетіні және бұл қоспадағы полимердің бір біріне үйлесімділігін айтады. Полимерлік үлдірлердің морфологиясын зерттеу үшін оларды электрондық микроскопқа жалғанған фотоаппарат арқылы суреткет түсірілді. Алынған нәтижелер бойынша, үлдірлердің беткі қабаты тегіс, әрі көбіксіз болып келетіні анықталды. Бұл үлдір компоненттерінің өз ара сыйымдылығы, үйлесімділігі жайында айтады.
10 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Жұмыста этиленгликольдің винил эфирі (ЭГВЭ) мен N-
изопропилакриламид (НИПААМ) негізіндегі
сополимерлердің полиакрил қышқылымен (ПАҚ) комплекс
түзуінің дағдарыстық рН мәні (рНдағ.) анықталған және де
сополимер құрамында ЭГВЭ буындары артқан сайын
рНдағ. мәнінің қышқылдық ортаға қарай ығысатыны
байқалған. рНдағ. мәнінің өзгеруі поликомплекстегі
гидрофобты әрекеттесудің нашарлауымен түсіндіріледі.
10 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ 1. Жұмыста этиленгликольдің винил эфирі (ЭГВЭ) мен N- изопропилакриламид (НИПААМ) негізіндегі сополимерлердің полиакрил қышқылымен (ПАҚ) комплекс түзуінің дағдарыстық рН мәні (рНдағ.) анықталған және де сополимер құрамында ЭГВЭ буындары артқан сайын рНдағ. мәнінің қышқылдық ортаға қарай ығысатыны байқалған. рНдағ. мәнінің өзгеруі поликомплекстегі гидрофобты әрекеттесудің нашарлауымен түсіндіріледі.
11 слайд
2. Алғаш рет ЭГВЭ-НИПААМ сополимері мен ПАҚ
негізінде жаңа үлдірлер алынды. Ортаның рН мәні өскен
сайын алынған композициялық материалдардың ісіну
дәрежесі мен еру қабілетінің артатыны анықталды.
Полимерлі үлділердің морфологиясын зерттеуде алынған
нәтижелер бойынша, үлдірлердің беткі қабаты тегіс, әрі
көбіксіз болып келетіні анықталды.
11 слайд
2. Алғаш рет ЭГВЭ-НИПААМ сополимері мен ПАҚ негізінде жаңа үлдірлер алынды. Ортаның рН мәні өскен сайын алынған композициялық материалдардың ісіну дәрежесі мен еру қабілетінің артатыны анықталды. Полимерлі үлділердің морфологиясын зерттеуде алынған нәтижелер бойынша, үлдірлердің беткі қабаты тегіс, әрі көбіксіз болып келетіні анықталды.