Ғылыми жоба «Абай өмір сүрген кезендегі салт-дәстүр ерекшеліктері»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ
ТАҚЫРЫБЫ: АБАЙ ӨМІР
СҮРГЕН КЕЗЕҢДЕГІ САЛТ-
ДӘСТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ОРЫНДАҒАН: № 68 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ
БЕРЕТІН МЕТЕБІНІҢ 2 «Д» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
ЕРМАХАН ЖАНЕЛ
ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: БАСТАУЫШ СЫНЫП
МҰҒАЛІМІ СМАНОВА БИБИНИСА ЭРГАШЕВНА
1 слайд
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: АБАЙ ӨМІР СҮРГЕН КЕЗЕҢДЕГІ САЛТ- ДӘСТҮР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ОРЫНДАҒАН: № 68 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕТЕБІНІҢ 2 «Д» СЫНЫП ОҚУШЫСЫ ЕРМАХАН ЖАНЕЛ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ СМАНОВА БИБИНИСА ЭРГАШЕВНА
2 слайд
ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ:
АБАЙ ӨМІР СҮРГЕН КЕЗЕҢДЕГІ САЛТ-
ДӘСТҮР МӘДЕНИЕТІНІҢ НӘРІМЕН
АДАМГЕРШІЛІК АСЫЛ ҚАСИТТЕР
ҮЛГІСІН САНАҒА СІҢІРУІНЕ ЖАҒДАЙ
ЖАСАУ ЖӘНЕ ҮЙРЕНУ.
ЗЕРТТЕУ МІНДЕТТЕРІ:
1. АБАЙ МҰРАСЫНДАҒЫ САЛТ-
ДӘСТҮРЛЕРДЕГІ ӨСИЕТ ҮЛГІ ҒИБРАТ
БЕРУ ЖОЛДАРЫН АНЫҚТАУ.
2. САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР МЕН ӘДЕТ-
ҒҰРЫПТАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІН
ТҮСІНУ.
2 слайд
ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ: АБАЙ ӨМІР СҮРГЕН КЕЗЕҢДЕГІ САЛТ- ДӘСТҮР МӘДЕНИЕТІНІҢ НӘРІМЕН АДАМГЕРШІЛІК АСЫЛ ҚАСИТТЕР ҮЛГІСІН САНАҒА СІҢІРУІНЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ЖӘНЕ ҮЙРЕНУ. ЗЕРТТЕУ МІНДЕТТЕРІ: 1. АБАЙ МҰРАСЫНДАҒЫ САЛТ- ДӘСТҮРЛЕРДЕГІ ӨСИЕТ ҮЛГІ ҒИБРАТ БЕРУ ЖОЛДАРЫН АНЫҚТАУ. 2. САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР МЕН ӘДЕТ- ҒҰРЫПТАРДЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІН ТҮСІНУ.
3 слайд
ҚАЗАҚ-САЛТ
ДӘСТҮРЛЕРІН
ІҢ
ТӘРБИЕЛІК
МӘНІ
Салт-дәстүр — әр ұлттың,
халықтың діні мен сеніміне,
тұрмыс-тіршілігіне сәйкес
ғасырлар бойы жинақталып,
өмірдің өзі туғызған
ғұрыптардың
жиынтығы.Салт-дәстүр ұлт
үшін өмір, қоғам заңы болып
негізделіп, сана, тағылым,
тәрбие, тіршілік ережесі
ретінде ел зердесіне рухани
байлық — өнеге тәжірибесін
құраған.
Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу
елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Алайда қазақ
елінде ертеден қолданылып келе жатқан салт-дәстүрлер ұмыт болып
бара жатыр. Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның
мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.
3 слайд
ҚАЗАҚ-САЛТ ДӘСТҮРЛЕРІН ІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Алайда қазақ елінде ертеден қолданылып келе жатқан салт-дәстүрлер ұмыт болып бара жатыр. Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы.
4 слайд
«АБАЙ ЖОЛЫНДА» КЕҢ
ҚАМТЫЛҒАН ӘДЕТ-
ҒҰРЫПТАР.
Өлім жөнелтуге байланысты қазаны естірту, жоқтау,
дауыс салу, қаралы ту тігу, қаралы атты күзеу,
көшкенде қаралы аттың ер тоқымына қайтыс болған
кісінің киімін жауып қойып оны бос жетекке алу, ас
беруде қаралы атпен көрісу, қаралы туды жығу сынды
ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптардың
жиынтығы суреттелген.
«Абай жолындағы» Бөжей өлімінде кеңінен
бейнеленген. Тоқтала кетсек: Байдалы сүйекті
орналастырып болысымен, сол өлік үстіне тіккен ақ
үйдің оң жақ белдеуіне өз қолымен әкеп қара тікті.
4 слайд
«АБАЙ ЖОЛЫНДА» КЕҢ ҚАМТЫЛҒАН ӘДЕТ- ҒҰРЫПТАР. Өлім жөнелтуге байланысты қазаны естірту, жоқтау, дауыс салу, қаралы ту тігу, қаралы атты күзеу, көшкенде қаралы аттың ер тоқымына қайтыс болған кісінің киімін жауып қойып оны бос жетекке алу, ас беруде қаралы атпен көрісу, қаралы туды жығу сынды ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптардың жиынтығы суреттелген. «Абай жолындағы» Бөжей өлімінде кеңінен бейнеленген. Тоқтала кетсек: Байдалы сүйекті орналастырып болысымен, сол өлік үстіне тіккен ақ үйдің оң жақ белдеуіне өз қолымен әкеп қара тікті.
5 слайд
Қара жығу (салт). Кісі қайтыс болған күні
тігілген қараны жығу салты. Ол шара марқұмның
жылы беріліп, ас өткен соң жасалады. Яғни қара
туды алып сындырады да, отқа жағып жібереді.
Соңғы жоқтау айтылады. Бұл – қаралы жыл өтті,
азалы күндер аяқталды деген сөз.Қара тігу (салт). Кісі
өлген үйдің үстіне ту
тігіледі. Соған қарап ол
үйдің қаралы үй екенін
түсінуге болады. Қара
тігілген үйді көргендер ол
үйге соғып, дұға жасап
өтетін болған.
5 слайд
Қара жығу (салт). Кісі қайтыс болған күні тігілген қараны жығу салты. Ол шара марқұмның жылы беріліп, ас өткен соң жасалады. Яғни қара туды алып сындырады да, отқа жағып жібереді. Соңғы жоқтау айтылады. Бұл – қаралы жыл өтті, азалы күндер аяқталды деген сөз.Қара тігу (салт). Кісі өлген үйдің үстіне ту тігіледі. Соған қарап ол үйдің қаралы үй екенін түсінуге болады. Қара тігілген үйді көргендер ол үйге соғып, дұға жасап өтетін болған.
6 слайд
Шымылдықтың тұтылуы,
көрімдік сұрау, шашу шашу –
үйленуге байланысты
жасалатын ғұрыптар.
Мысалы:
- Ал, шешелер , көрімдік !
- Көрімдік кәні!
- Болмаса, балаларыңды
көрсетпейміз, беті ұялады!-деп,
алғашқы келген келіншектер,
күлген бойларында,
шымылдықтың шетін ұстады.
- Алыңдар! Көрімдік сендердікі!
Бірақ бізге баламыздың жүзін
көрсетіңдер, алыңдар!-деп, үлкен
бәйбіше қолына шашуын алды.
Сол сәтте атлас шымылдық
шалқия ашылды. Күйеулер бұл
кезде төмен иіліп, тәжім қып тұр
екен. Үлкен бәйбіше:
- Өмір жасың ұзақ болсын!
Алдыңнан жарылғасын, қарағым!-
деп шашуын шашты
6 слайд
Шымылдықтың тұтылуы, көрімдік сұрау, шашу шашу – үйленуге байланысты жасалатын ғұрыптар. Мысалы: - Ал, шешелер , көрімдік ! - Көрімдік кәні! - Болмаса, балаларыңды көрсетпейміз, беті ұялады!-деп, алғашқы келген келіншектер, күлген бойларында, шымылдықтың шетін ұстады. - Алыңдар! Көрімдік сендердікі! Бірақ бізге баламыздың жүзін көрсетіңдер, алыңдар!-деп, үлкен бәйбіше қолына шашуын алды. Сол сәтте атлас шымылдық шалқия ашылды. Күйеулер бұл кезде төмен иіліп, тәжім қып тұр екен. Үлкен бәйбіше: - Өмір жасың ұзақ болсын! Алдыңнан жарылғасын, қарағым!- деп шашуын шашты
7 слайд
Тоғжан үйінің үлкендері жүріп кеткен соң, құрбылары
жиылып, бастаңғы істеп жатыр.
Бастаңғы (салт) – қазақ жастарының дәстүрлі
сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап
кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге
жиналып, бастаңғы жасайды.
7 слайд
Тоғжан үйінің үлкендері жүріп кеткен соң, құрбылары жиылып, бастаңғы істеп жатыр. Бастаңғы (салт) – қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, бастаңғы жасайды.
8 слайд
Ақылбайды Ұлжан өз бауырына
салып , өз баласы қылып алды.
Бауырына салу (ғұрып) –
баласы жоқ адамдар біреудің
баласын асырап алуы яғни
бауырына салуы. Мұның да жөн-
жоралары бар.
Мысалы жаңа туған баланы
асыраушы анасы шаранасынан
етегіне салып алады. Қазақтың
ежелгі заңы бойынша асыраушы
адам жаңа туған балаға атын
қойып, оң қолына асық жілік
ұстатады. Асық жілік ұстаған бала
сол үйдің баласы деп есептеледі.
Кейде ата, әже өзінің бірінші
немересін бауырына салып алады.
Бірақ ол асырап алғанға
жатпайды.
8 слайд
Ақылбайды Ұлжан өз бауырына салып , өз баласы қылып алды. Бауырына салу (ғұрып) – баласы жоқ адамдар біреудің баласын асырап алуы яғни бауырына салуы. Мұның да жөн- жоралары бар. Мысалы жаңа туған баланы асыраушы анасы шаранасынан етегіне салып алады. Қазақтың ежелгі заңы бойынша асыраушы адам жаңа туған балаға атын қойып, оң қолына асық жілік ұстатады. Асық жілік ұстаған бала сол үйдің баласы деп есептеледі. Кейде ата, әже өзінің бірінші немересін бауырына салып алады. Бірақ ол асырап алғанға жатпайды.
9 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ:
Салт-дәстүр атадан қалған мұра. Елімді, өз
туған өлкемді, салт-дәстүрімді шын жүрегіммен
сүйемін және әлемге танытқым келеді. Себебі
қазағымның асыл қасиеттері жүрегіме қуат,
көңіліме мақтаныш береді.
Менің бұл ғылыми жобадағы басты мақсатым
отанымызда қолданыстан шығып қалған салт
дәстүрлермен жақынырақ танысу, жоғалып
бара жатқан салт дәстүрлерді қайта жаңа
қолданысқа енгізуді қалаймын.Әр мектепте
ертедегі қазақтар қолданып келген
дәстүрлерді үйрететін пән ашылса деймін.
сонда келешекте тәрбиеге бай, салт-дәстүрлер
мәдениетінің нәрімен, адамгершілік, асыл
қасиеттер үлгісін санаға сіңіруіне жағдай
жасалар еді.
9 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ: Салт-дәстүр атадан қалған мұра. Елімді, өз туған өлкемді, салт-дәстүрімді шын жүрегіммен сүйемін және әлемге танытқым келеді. Себебі қазағымның асыл қасиеттері жүрегіме қуат, көңіліме мақтаныш береді. Менің бұл ғылыми жобадағы басты мақсатым отанымызда қолданыстан шығып қалған салт дәстүрлермен жақынырақ танысу, жоғалып бара жатқан салт дәстүрлерді қайта жаңа қолданысқа енгізуді қалаймын.Әр мектепте ертедегі қазақтар қолданып келген дәстүрлерді үйрететін пән ашылса деймін. сонда келешекте тәрбиеге бай, салт-дәстүрлер мәдениетінің нәрімен, адамгершілік, асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіруіне жағдай жасалар еді.