Материалдар / Ғылыми жоба: МАҒЖАН «ПЕДАГОГИКАСЫ» - КЕЛЕШЕККЕ БАҒДАР БЕРЕР ТЕМІРҚАЗЫҚ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба: МАҒЖАН «ПЕДАГОГИКАСЫ» - КЕЛЕШЕККЕ БАҒДАР БЕРЕР ТЕМІРҚАЗЫҚ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық еңбектерін және «Педагогика» оқулығын таныту, баға беру, насихаттау. Сонымен қатар, ақынның «Педагогика» оқулығын жан-жақты талдап, ашып көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2024
275
2 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті Орындаған:Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, «Қайнар» жалпы орта мектебі КММ МАҒЖАН «ПЕДАГОГИ

1 слайд
Бағыты: қазақ тілі мен әдебиеті Орындаған:Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, «Қайнар» жалпы орта мектебі КММ МАҒЖАН «ПЕДАГОГИКАСЫ» - КЕЛЕШЕККЕ БАҒДАР БЕРЕР ТЕМІРҚАЗЫҚ

Өзектілігі: Мағжан Жұмабаевтың көп адам біле бермейтін еңбектерінің бірі – «Педагогика» кітабы. Бұл еңбек қазақ тілінд

2 слайд
Өзектілігі: Мағжан Жұмабаевтың көп адам біле бермейтін еңбектерінің бірі – «Педагогика» кітабы. Бұл еңбек қазақ тілінде жазылған алғашқы педагогика оқулығы болатын. Біз өз зерттеу жұмысымызда осы еңбектің мәні мен маңызына айрықша тоқталып, мазмұнына тереңірек үңілеміз. Жаңалығы: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық еңбектерін және «Педагогика» оқулығын таныту, баға беру, насихаттау. Сонымен қатар, ақынның «Педагогика» оқулығын жан-жақты талдап, ашып көрсету. Гипотезасы: Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық ойларын жалпыға түсіндіру және тереңірек оқыту, талдау. К І Р І С П Е Мақсаты: Өз еліне білім нәрін себуші, ақын, аудармашы Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық еңбектеріне тереңірек талдау жасау. Міндеттері:  Мағжанның «Педагогика» оқулығына талдау жасау;  Мағжанның педагогикалық ойларын ортаға салып, педагогтік бейнесін ашу;  Мағжанның «Педагогикасында» айтылған ойларды саралау.

1920 жылдың маусым айынан басында Қызылжарда ашылған мұғалімдер даярлайтын 3 айлық «Қызыл мұғалімдер» курсына дире

3 слайд
1920 жылдың маусым айынан басында Қызылжарда ашылған мұғалімдер даярлайтын 3 айлық «Қызыл мұғалімдер» курсына директорлыққа жіберіледі. Бұл курста да Сәбит Мұқанов аз уақыт Мағжаннан дәріс алады. Мағжан мұнда да педагогикадан және қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ береді. І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.1. МАҒЖАН – ПЕДАГОГ Мағжанның қызу кірісуінің нәтижесінде Омбы қаласында қазақ мұғалімдерін даярлауға арналған педагогикалық курс ашылып 1918 жылдың қарашасынан 1919 жылдың наурызына дейін сонда жұмыс істейді. Мағжан осы курсты әрі басқарады, әрі курсанттарға қазақ тілі мен әдебиетінен және тарих пен педагогикадан сабақ береді. Бұл Мағжанның мұғалімдік қызметін алғаш бастауы еді. Осы курста кейін қазақтың көрнекті жазушысы болған Сәбит Мұқанов та Мағжаннан дәріс алған.

1920 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтар жоқтың қасы еді. Осы жағдайды ескерген Қазақстан үкіме

4 слайд
1920 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтар жоқтың қасы еді. Осы жағдайды ескерген Қазақстан үкіметінің Халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсынұлы мәжіліс шақырып, кеңес ашқан. Қаулы бойынша Мағжан Жұмабаевқа қазақ тарихын, әдебиет теориясын және педагогика оқулығын аударып жазу тапсырылған. Бұл қаулыны баспасөз бетінен оқыған Мағжан «Бостандық туы» газетінің сол 1921 жылғы №5 санында «Оқу құралдары һәм мектебіміз» деген тақырыпта мақала жариялайды. Бұл мақалада ол былай дейді: «Оқу құралдарының құралатын негізі – мектеп. Оқу құралдарының мінезі – мектеп мінезінің айнасы... Олай болса, біздің оқу құралдарымыздың да мінезі мектебіміздің мінезені байлаулы болуға тиісті...

1936 жылы Карелия лагерінен айдаудан келген Мағжан алдымен жазғы демалыс кеінде облыст

5 слайд
1936 жылы Карелия лагерінен айдаудан келген Мағжан алдымен жазғы демалыс кеінде облыстық мұғалімдер курсында орыс әдебиетінен сабақ береді. Осы курста Мағжанды тыңдаған Байқонов дейтін көп жыл Көкшетау облысы мектептерінде мұғалім болған кісі былай есіне алады: «Күн ыстық, қала іші қапырық. Курста көбіне орыс мұғалімдері болды. Ыстықта қалғып-шұлғып отырамыз. Ал Мағжан келіп орыс әдебиетінен лекция оқығанда, жұрттың бәрі сергіп қалады. Үстіндегі киімі жұпыны. Сөйтсек, бұл кісі дәл сол кезде айдаудан, лагерьден келген екен. Мағжанды білмейтін орыс жолдастар: «Бұл кісі кім? Қайдан келген?» - деп оның лекциясына таңырқап отырады. Өйткені ол Пушкиннің, Лермонтовтың, Некрасовтың, Брюсовтың, Блоктың поэмаларын, өлеңдерін әдемілеп жатқа айтады. Өлеңді оқу үлгісі қандай жатық. Нелер білімді орыс мұғалімдері бастарын шайқап, сабақтан таңырқап шығады. Қалғып-шұлғу қайда, оның сөзін қызыға тыңдайды. Мағжанның лекциясынан ешкім қалмайды».

Бұдан кейін Мағжан Қызылжардағы Пушкин атындағы №5 орыс орталау мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Мағж

6 слайд
Бұдан кейін Мағжан Қызылжардағы Пушкин атындағы №5 орыс орталау мектебінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. Мағжанның сол мектепте оқыған шәкірті Татьяна Нетесова Мағжанның сабағын қызығып тыңдайтыны туралы Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленинское знамя» газетінде таңырқап жазған. Бұл Мағжанның ең соңғы педагогтік қызметі еді. Өйткені оны 1936 жылдың аяғында әртүрлі себептермен, ең бастысы саяси сенімсіздікпен қызметтен шығарып жіберген. Амалы таусылған ақын Сәбит Мұқановтың шақыртуымен 1937 жылғы наурыз айында Алматыға барады. Бірақ ол кезде Алаштың зиялы азаматтарына қуғын-сүргін басталып кетеді де, сол жылғы желтоқсаның аяғында ол қайтадан тұтқындалып, 1938 жылғы наурызда «халық жауы» деген жалған айыппен атылып кетеді. Ол тек 1988 жылдың аяғында толық ақталып, өзі сүйген халқымен қауышты. Оның өлеңдері ғана емес, педагогикалық еңбектері де бүгіндері ағартушы-педагогтер пайдаланып жүрген асыл мұраға айналды.

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ПЕДАГОГИКА» ЕҢБЕГІНІҢ ТҮПНҰСҚАСЫ Педагогика [Текст] / Жумабаев М. ... – Оренбург : Государственное издатель

7 слайд
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ПЕДАГОГИКА» ЕҢБЕГІНІҢ ТҮПНҰСҚАСЫ Педагогика [Текст] / Жумабаев М. ... – Оренбург : Государственное издательство К.С.С.Р., 1922. - 93 с

1.2. МАҒЖАННЫҢ «ПЕДАГОГИКАСЫ» Мағжан Қазақстан үкіметінің ағарту комиссариатының тапсырмасын уақытында орындады. Ол өз

8 слайд
1.2. МАҒЖАННЫҢ «ПЕДАГОГИКАСЫ» Мағжан Қазақстан үкіметінің ағарту комиссариатының тапсырмасын уақытында орындады. Ол өзінің «Педагогика» атты оқулық-кітабын 1922 жылы Орынборда, 1923 жылы Ташкентте бастырып шығарды. Осы еңбегінің алғы сөзінде автор: «Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер курсында оқыған дәрістерден түзілген еді. Шамам келгенше қазақ жанынан қабыстыруға тырыстым», - деп жазады Ол Ресей және Еуропаның әйгілі педагогтері мен психологтарының еңбектерін зерттеп, «қазақ жанына қабыстырған», яғни, қазақ менталитетіне сәйкестендірген. Сондықтан, оның бұл кітабы барлық қазақ оқырмандарына әрі түсінікті, әрі пайдалы.

Мағжан тек қана педагог емес, адамның көңіл-күйін, ішкі жан сезімін терең түсінетін психолог. Ол «Педагогика» оқ

9 слайд
Мағжан тек қана педагог емес, адамның көңіл-күйін, ішкі жан сезімін терең түсінетін психолог. Ол «Педагогика» оқулығының бір үлкен бөлімін тектен тек «Психология» деп атамаған. Мағжанның үлкен психолог, сыршыл екендігін осы бөлімнен аңғаруға болады. Қазақтың белгілі психолог ғалымы, профессор Құбұлғұл Жарықбаевтың пайымдауынша, Мағжан орыс педагогикасының білгірі К.Д.Ушинскийше педагогиканы жан сырының заңдылықтарын зерттейтін психологиямен астарластыра байланыстырған тұңғыш қазақ ойшылы. Ол педагогиканы психологиясыз, яғни шәкірттердің жан-жүйесі (зейін, ес, қиял, ойлау, сөйлеу және т.б.) ерекшеліктерін ескермейінше оқу-тәрбие процесінің теориялық қисындарын баяндайтын педагогиканың дәрменсіз болатындығын ерекше ескертеді».

«Педагогика» кітабында Мағжанның үлкен сезіммен жазған бөлімі – «Тіл туралы» деп аталған. «Тіл – ұлт үшін

10 слайд
«Педагогика» кітабында Мағжанның үлкен сезіммен жазған бөлімі – «Тіл туралы» деп аталған. «Тіл – ұлт үшін қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлы болуы үшін бірінші шарт – тілі болуы, ұлттық тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Қазақ тілінде қазақтың сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихи сары далада үдере көшкен тұрмысы асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі бәрі көрініп тұр. Күндерде бір күн түрік балаларының тілі біріксе, ол біріккен тілдің негізі қазақ тілі болса, сөз жоқ, түрік тілінің келешек тарихында қазақ ұлты қадырлы орын алмақшы. Келешектің осылай болуына біздің иманымыз берік», - деп жазады Мағжан.

ҚОРЫТЫНДЫ Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын, ардақты азамат, білімді педагог Мағжан Жұмабаев өзінің қыс

11 слайд
ҚОРЫТЫНДЫ Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын, ардақты азамат, білімді педагог Мағжан Жұмабаев өзінің қысқа да қысталаң өмірін туған халқының қараңғылықтан, надандықтан арылып, алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылуы жолындағы күреске бағыштады. Ол өзінің шығармаларында оқу-білімді, өнерді насихаттады. Өзі де әрдайым ізденіп, оқып сол кездегі ең білімді адамдардың қатарында болды. Және өз білімімен кейінгі толқын жастармен бөлісті. Ол ақындығымен қатар ағарту, педагогика саласында қызмет жасады, ғылыми еңбектер жазды. Оның бұл еңбектері осы күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Олар қазіргі ұстаздар мен ағарту саласында істеп жүрген барлық қызметкерлерге өз пайдасын тигізуде. Оның шығармалары жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қазақ қауымына әлі талай еңбек етері сөзсіз.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

12 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

12 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!