Материалдар / Ғылыми жоба: "Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегін тұрмыста қолдану"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ғылыми жоба: "Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегін тұрмыста қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас білімпаздарға, ізденімпаздарға қажетті материал. Бұл жобада Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегін тұрмыста қолдану түрлерімен танысады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Желтоқсан 2020
620
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Жобаны ң тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық ою-өрнегін тұрмыста қолдану»

1 слайд

Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты: Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнерін үйреніп, болашақта осы үрдісті үзбей , ата –бабамы

2 слайд
Ғылыми жобамыздың негізгі мақсаты: Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнерін үйреніп, болашақта осы үрдісті үзбей , ата –бабамыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан дәстүрін дәріптеу. Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы халқымыздың рухани өрісі мен дүниетанымын арттыру. Ғылыми жобамыздың гипотезасы: Қазақтың ою-өрнектерінің халық өмірі мен мәдениетінде алатын орнын және қайта түлеп, бай мазмұнымен жаңа түр тауып рухани қазынасына айналғанын дәлелдеу. Ғылыми жобамыздың зерттеу кезеңдері : -Кітаптарды, журналдарды, тарихи әдебиеттерді, зерттеулерді оқып, қазақтың ою-өрнектері туралы материалдар жинау; -Материалдар жинағын құрастыру; -Ғылыми жобаны компьютерге теру, басып шығару. Ғылыми жобамыздың зерттеу әдісі: -Зерттеу жұмысында қазақ ою-өрнектерінің ежелгі нұсқалары мен атаулары туралы материалдар іздестіріп жинақтау; -Ата –аналарымызбен, әжелерімізбен сұхбат жүргізу; - Бақылау, әңгімелесу, талдау,қорыту. -Қазіргі кезде ою-өрнектер күнделікті өмірде қалай қолданылатынын көрсету Ғылыми жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: -Көне оюлар туралы материалдар жинақталды; -Ою-өрнектер бейнеленген қолөнер бұйымдарын топтау; - Қазақ тілі, әдебиет, көркем еңбек, сурет сабақтарында, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Кіріспе Ою-өрнек халықтық өнердің бір түрі. Оның шығу тарихы тереңде жатыр. Ал сюжеттік мазмұны мен атаулары әр дәуірдің ты

3 слайд
Кіріспе Ою-өрнек халықтық өнердің бір түрі. Оның шығу тарихы тереңде жатыр. Ал сюжеттік мазмұны мен атаулары әр дәуірдің тыныс- тіршілігіне, тұрмыс-салтына орай өзгеріп, жетіліп отырған. Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнері қайта түгеп, бай мазмұнымен жаңа түр тауып, материалдық және рухани қазынамызға айналып отыр. Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын ою-өрнектермен танысу.Асыл мұралар тарихын зерттеу арқылы ою-өрнек түрлерін, жасау жолдарын білу.Келешекте осы әртүрлі оюларды заманымызға лайықты жаңғырту.Ұлттық өнерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру. Жұмыстың мақсаты: Бүгінгі таңда халқымыздың ою-өрнек өнерін үйреніп, болашақта осы үрдісті үзбей, ата –бабамыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан дәстүрін дәріптеу. Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы халқымыздың рухани өрісі мен дүниетанымын арттыру. Халқымыздың бай өнеріне сүйіспеншілік сезімін тудыру. Мақсатымызға жету үшін мынандай міндеттер жүктеледі : -Қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы материал жинақтау; -Жинақталған мәліметтерді сұрыптау; -Қазіргі кезде ою-өрнектер күнделікті өмірде қалай қолданылатынын анықтау. Міндеттерді шешу әдістері: -Ұлттық өрнектердің түрлерін жинақтау; -Ою-өрнектер бейнеленген қолөнер бұйымдардын топтастыру. -Ата –аналарымызбен, әжелерімізбен сұхбат жүргізу -Өзіндік ой топшылау;  

Жұмыстың жаңашылдығы: Халқымыздың мәдени –тұрмыс дәрежесінің, дүниеге көзқарасының ойлау, ұғыну және шығармашылық қабілетінің

4 слайд
Жұмыстың жаңашылдығы: Халқымыздың мәдени –тұрмыс дәрежесінің, дүниеге көзқарасының ойлау, ұғыну және шығармашылық қабілетінің дамуы халық шеберлерінің шығармашылық ізденістерін шыңдай түсті.Жаңадан көркем- кәсіпшілік орындары ашылып, олардың заттары сәнді болу үшін ою-өрнекпен безендіріледі. Компьютер арқылы әрбір оқушы ой-өрісіне қарай оюдың жаңа түрлерін ойлап табуға болады. Жұмыстың практикалық маңызы: Орта буын оқушылары қазақ тілі, көркем еңбек, сурет, әдебиет, тәрбие сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

«Ою ойғанның ойы ұшқыр» Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің барлығы ою-өрнектермен байланысты болып келеді.Ою- өрнексіз орындалғ

5 слайд
«Ою ойғанның ойы ұшқыр» Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің барлығы ою-өрнектермен байланысты болып келеді.Ою- өрнексіз орындалған бұйымдарының айтарлықтай әдемі, көрнекті болмайтыны белгілі. Көркемдік – көңіл көтереді. Ұлттық қолөнер –халықтың ғасырлар бойы көркемдік тәжірибесінің қайнар көзі. Ұлттық киім, үй жиһаздарындағы әшекейленген әрбір ою терең ой, мағына беріп, өте нәзіктікпен жасалады. Ою-өрнек – адамның ойлау қабілетін дамытып, икемділігін,шеберлігін қалыптастырады. Бұған «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деген дана халқымыздың мақалы дәлел болады. Ою дегеніміз – бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген ұғымды білдіреді.Ал өрнек деп, әр түрлі ою, бедер бейнені күйдіріп, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауын айтады.Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтылады. Ою-өрнектің барлығына ортақ заң – симметрия яғни, ою-өрнек бөліктерінің бір –бірімен мөлшерлес келуі. Сондықтан да мұндағы басты мақсатым: бүгінгі күні ою-өрнектерді үйреніп, болашақта осы үрдісті жалғастырып, ғасырлар бойы сақталған ұлттық ою-өрнектерді дәріптеу.Олардың шығу және жасалу жолдарына түсінік беру арқылы ұлтымыздың бай өнеріне сүйіспеншілік тудыру. Ою-өрнек төртке бөлінеді. Хайуанаттық, геометриялық, ғарыштық, өсімдік бейнесіндегі.

Қазақ ою-өрнегінің тарихы Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов

6 слайд
Қазақ ою-өрнегінің тарихы Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал-әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән бір жүйеге келген. Ою-өрнек (латынша ornament – әсемдеу, сәндеу) – геометриялық және бейнелеу элементтері жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын, әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар (Қазақ энциклопедиясы, А., 1976, 8 т., 627-б). Күн көрісі төрт түлік мал болған көшпелі қазақтың мал жүнінен иіріп киіз үй жасауларын, киімдерін тоқығаны, ал сүйегінен, мүйізінен және терісін илеп, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарын дайындағаны, осы асыл бұйымдарға қиыннан қиыстырып, алуан түрлі шытырман ою-өрнектерді түсіріп отырғаны тарихтан мәлім. Осыдан туындаған қазақ әйелдерінің тоқу өнері де қаншама тарихи оқиғалар болуына қарамастан, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қала берді. Ою-өрнектерден сол кезеңнің кескін-келбеті елестейді, халықтың салты, әдет-ғұрпы, тіршілігі, дүниеге көзқарасы, тіпті көңіл-күй сезімі айқын көрініп тұрады. Сол үшін де туысқан түрікмен халқы «жайшы алдыма кілеміңді, білейін мен жүрегіңді» деп бекер айтпайды. Мысалы, қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрпы, салты бойынша бөтен жерге, алыс ауылға ұзатылған қыз баланың белгілі бір уақыттан кейін төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс болған. Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде алақандай ақ жарғаққа көгершін мен гүл бейнесі кестеленсе немесе «құсмұрын», «құстұмсық» ою-өрнекті түскиіз, басқұр, құстұмсық жүзік сияқты зат келсе, ата-анасы баласының барған жерінде басы бостандықта, құстай ерікті, жағдайы жақсы екенін ұғынатын болған. Сондай – ақ ою-өрнек элементтері арқылы халықтың арман-мүддесі, дүниетанымы берілетінін мынадан көруге болады. Пазырық қорғанынан табылған сақ дәуіріндегі кілем үлгісінде Ел, Байлық, Қорғаныс ұғымдары шартты түрде «Таңба», «Марал», «Салт атты сарбаз» бейнесі ретінде берілген. Мұндағы символды ұғымның мегзері – елді, ел мұрасын сақтау. Сондай-ақ, VII-VIII ғасырларда қалыптасқан «қорған өрнекті» кілем үлгісінде «қала», «өзен», «күмбез», «су», «қорған» бейнеленген. Бұл кілемдегі шартты түсініктің тұспалы «кіндіккесті мекеніңді айла- тәсіліңмен қорғай біл».

« Мүйіз» оюы-қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні «Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық ж

7 слайд
« Мүйіз» оюы-қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні «Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы: «қошқармүйіз», «арқармүйіз», «бүғымүйіз», «қырықмүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «төртқұлақ», «түйетабан», «сыңарөкше», «қосалқа», «қүсқанаты», «қаз- табан». Колөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бүйымдарға ұтымды пайдаланып келеді. Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы қай бұйымды алсақ та, сол заттың бетінде түрлі нүсқада бейнеленген «мүйіз» элементін байқаймыз. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны «мүйіз» тектес ою-өрнектер. Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, қүлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды. «Мүйіз» тектес ою-өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін түспалдаудан пайда болған. Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап пайдаланып келеді. Қошқармүйіз оюы неше түрі формалаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі. Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға болады. Мәселен, текеметтің ортасына “қошқармүйіз” шет-шетіне “тұмар”, “шаршы” немесе “су” оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген халықтың арман – тілегі, Омыртқа – мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады. Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің қолтығында қойдың құлағын долбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.

«Мүйіз» оюы-қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні «Мүйіз» «Қосмүйіз» «Тоғызтөбе» «Арқармүйіз» «Сыңармүйіз» «Қошқармүйіз

8 слайд
«Мүйіз» оюы-қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні «Мүйіз» «Қосмүйіз» «Тоғызтөбе» «Арқармүйіз» «Сыңармүйіз» «Қошқармүйіз» «Қырықмүйіз» «Сынықмүйіз»

«Үшқұлақ», «Үшжапырақ» «Төртқұлақ» «Түйемойын» «Өркеш» «Ботакөз» «Айыр» «Каңқа» «Қаpma» «Қабырға» «Омыртқа» «Қайна

9 слайд
«Үшқұлақ», «Үшжапырақ» «Төртқұлақ» «Түйемойын» «Өркеш» «Ботакөз» «Айыр» «Каңқа» «Қаpma» «Қабырға» «Омыртқа» «Қайнар»

10 слайд

10 слайд

Төсеніштер

11 слайд
Төсеніштер

11 слайд

Төсеніштер

Ою-өрнектер бейнеленген ұлттық киім-кешектер

12 слайд

Ою ой, өрнек сал

13 слайд
Ою ой, өрнек сал

13 слайд

Ою ой, өрнек сал

14 слайд

14 слайд

Оюмен ой айтқан елміз!

15 слайд
Оюмен ой айтқан елміз!

15 слайд

Оюмен ой айтқан елміз!

Қазақтың бар байлығы ою- өрнек

16 слайд
Қазақтың бар байлығы ою- өрнек

16 слайд

Қазақтың бар байлығы ою- өрнек

Оюмен өрнектелген ойдың жемісі

17 слайд
Оюмен өрнектелген ойдың жемісі

17 слайд

Оюмен өрнектелген ойдың жемісі

Зерттеу бөлімі Ою-өрнектер бейнеленген қолөнер бұйымдары Ағаштан жасалған бұйымдар Киіз үй Теріден және ағаштан жасалған бұйы

18 слайд
Зерттеу бөлімі Ою-өрнектер бейнеленген қолөнер бұйымдары Ағаштан жасалған бұйымдар Киіз үй Теріден және ағаштан жасалған бұйымдар «Қазақ ері», «Үйрек бас ер», «Құранды ер», тебінгі, үзеңгі ,темір желдіктің қасы, Құр айыл Зергерлік бұйымдар Білезік, сақина, жүзік, сырға, белдік, шолпы, алқа, тұмарша, тұмар, сәукеле. Жүннен жасалған бұйымдар Қиіз, текемет, сырмақ,түскиіз, шымши, аяққап, қалта.Кесеқап, басқұр, ақ басқұр.

Ұсыныстар Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасалынып, оқушыларға, студент жастарғ

19 слайд
Ұсыныстар     Мемлекеттік деңгейде мәдени мұра бағдарламасы бойынша қамқорлық жасалынып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына дайындалуға шағын журналдар шығарылса; Қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық; Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса; Шеберлер дайындайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді. Ұлттық нақыштағы киім-кешектер қарапайым өмірде қолданысқа енсе деймін.

Қорытынды Қазақ халқының ою-өрнектері туралы мәліметтерді жинақтап, салыстырып, өз зердеме салғанда мынандай қорытындыға келдім

20 слайд
Қорытынды Қазақ халқының ою-өрнектері туралы мәліметтерді жинақтап, салыстырып, өз зердеме салғанда мынандай қорытындыға келдім. Біріншіден, ғасырлар бойы сақталған ұлттық ою-өрнектер түрлерімен және атауларымен таныстым. Екіншіден, қазіргі тұрмыста бұрынғы ою-өрнек түрлері қаншалықты деңгейде бізге жеткенін байқадым. Үшіншіден, ою-өрнектердің қолданылуы туралы білдім. Қорыта келгенде, ұлттық ою-өрнектер қол өнеріміздің көрсететін, қазіргі заманымызға лайықтап, дамытып жаңартуға болатын өнер. Осы арқылы өз салт- дәстүрімізді жаңғырта аламыз деп ойлаймын. Жаңадан көркем- кәсіпшілік орындары ашылып, олардың заттары сәнді болу үшін ою-өрнекпен безендірілді. Компьютер арқылы да әр адамның ой-өрісіне қарай оюдың жаңа түрлерін ойлап табуға болады.