Итмұрын 2- сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Орындаған: Қожаберген жырау атындағы
№6 орта мектептің 2“А” сынып оқушысы
Әлмен Арғын
Итмұрын-емдік өсімдік
Шиповник-лекарственное
растение
A wildrose is a medicinal plant
1 слайд
Орындаған: Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 2“А” сынып оқушысы Әлмен Арғын Итмұрын-емдік өсімдік Шиповник-лекарственное растение A wildrose is a medicinal plant
2 слайд
Зерттеу мақсаты: Итмұрын туралы мәліметтер
жинақтап, зерттеу жүргіздім.
Болжам: Бұл жұмыс кезінде мен іздену, зерттеу,
бақылау, тұжырымдау әдістерімен жұмыс жүргіздім.
Зерттеу бөлімі 3 бөлімнен тұрады.
Кіріспе және негізгі бөлімде итмұрын өсімдігі туралы, итмұрын
тұқымдастары сипаттамасы және де итмұрынның пайдалы,
емдік қасиеттеріне тоқталып мәлімет
беру. Қорытынды бөлімде жеткен жетістігім мен
ұсыныс-пікірлер қамтылды.
Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі
материалдарын пайдалану, жинақтау, саралау әдістері басшылыққа
алынды.
2 слайд
Зерттеу мақсаты: Итмұрын туралы мәліметтер жинақтап, зерттеу жүргіздім. Болжам: Бұл жұмыс кезінде мен іздену, зерттеу, бақылау, тұжырымдау әдістерімен жұмыс жүргіздім. Зерттеу бөлімі 3 бөлімнен тұрады. Кіріспе және негізгі бөлімде итмұрын өсімдігі туралы, итмұрын тұқымдастары сипаттамасы және де итмұрынның пайдалы, емдік қасиеттеріне тоқталып мәлімет беру. Қорытынды бөлімде жеткен жетістігім мен ұсыныс-пікірлер қамтылды. Зерттеу әдістемесі: Жұмысты баяндау, интернет желісі материалдарын пайдалану, жинақтау, саралау әдістері басшылыққа алынды.
3 слайд
Зерттеу жаңалығы: Итмұрынның раушангүлділер
тұқымдасына жататыны және оның адам
денсаулығына пайдасы, сонымен қатар емдік
қасиеттерін білдім.
Зерттеу нәтижесі: Итмұрынның емдік қасиеттері
анықталды.
3 слайд
Зерттеу жаңалығы: Итмұрынның раушангүлділер тұқымдасына жататыны және оның адам денсаулығына пайдасы, сонымен қатар емдік қасиеттерін білдім. Зерттеу нәтижесі: Итмұрынның емдік қасиеттері анықталды.
4 слайд
Ақын атамыз жырлағандай, өсімдік те табиғаттың бір бөлігі.
Адамға қажет дәрі - дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан
алынады. Қазіргі таңда жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық
түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік, ол - өмір, ол - жердегі барлық
тірі ағзаларға өмір беріп тұрады. Итмұрын – раушан гүлдер
тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық
өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең
әдемісі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай,
Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым
тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде
бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да,
ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сұр-
қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтары ұсақ тікенекті.
Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың
жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте
2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал
астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан
4 слайд
Ақын атамыз жырлағандай, өсімдік те табиғаттың бір бөлігі. Адамға қажет дәрі - дәрмек, киім – кешек, тамақ түрі табиғаттан алынады. Қазіргі таңда жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңға жуық түрі бар екен. Өсімдік, ол – тіршілік, ол - өмір, ол - жердегі барлық тірі ағзаларға өмір беріп тұрады. Итмұрын – раушан гүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер туысы. Қазақстанда кездесетін 25 түрдің ішіндегі ең әдемісі. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сұр- қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтары ұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан
5 слайд
Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы
жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті.
Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен
аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-
ге дейін), үзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып
бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара,
үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып
жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп
шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің
күлтелері жабылады.Итмұрын шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс
береді. Раушан туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық
болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс,
құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал
тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген
сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз
суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл
түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары
барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән.
5 слайд
Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5-тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см- ге дейін), үзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері жабылады.Итмұрын шілдеде гүлдейді, тамызда жеміс береді. Раушан туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән.
6 слайд
Итмұрынның емдік қасиеттері
Итмұрынның 13 түрі дәрі жасау кәсіпорындарында
қолданылады. Бізде кең тараған төрт түрі бар. Қоңыр қаралтқым,
сопақша қызғылт, тікенді, қара домалақ болып келеді. Осылардың
барлығын дәріге қолдануға болады. Бұлар сапасы, дәрілік қуаты
жағынан өзара ерекшеліктерге ие. Мәселен, қоңырлары мен
қарасы басқа екеуіне қарағанда дәрумендер жағынан 4-5 есеге
дейін артық болады. Қызылы мен тікенділерінде 300 бірліктен сәл
жоғары болса, қалған екеуінде 1200-1500 бірлік дәрумендер
бар. Сондықтан да дәріханалар итмұрын тұнбаларын жасап, түрлі
тері сырқаттарына майлар әзірлейді. Оның құрамында қант 18, С
дәрумені 6 пайызға дейін болса, бұл 40-50 есе қарақаттан, 100 есе
лимоннан артық деген сөз.
6 слайд
Итмұрынның емдік қасиеттері Итмұрынның 13 түрі дәрі жасау кәсіпорындарында қолданылады. Бізде кең тараған төрт түрі бар. Қоңыр қаралтқым, сопақша қызғылт, тікенді, қара домалақ болып келеді. Осылардың барлығын дәріге қолдануға болады. Бұлар сапасы, дәрілік қуаты жағынан өзара ерекшеліктерге ие. Мәселен, қоңырлары мен қарасы басқа екеуіне қарағанда дәрумендер жағынан 4-5 есеге дейін артық болады. Қызылы мен тікенділерінде 300 бірліктен сәл жоғары болса, қалған екеуінде 1200-1500 бірлік дәрумендер бар. Сондықтан да дәріханалар итмұрын тұнбаларын жасап, түрлі тері сырқаттарына майлар әзірлейді. Оның құрамында қант 18, С дәрумені 6 пайызға дейін болса, бұл 40-50 есе қарақаттан, 100 есе лимоннан артық деген сөз.
7 слайд
Адам осының 5-8 данасын ғана күнделікті аспен бойына
сіңірсе, қажетті дәруменді бойына сіңірді деп есептелінеді.
Қан аздыққа 2 ас қасық ұнтақталған дәннен 500 г суға 10
минут ақырын қайнатып, бұқтырып, астан бұрын 150 грамнан
қабылдайды. Күніне үш рет. Зәрді ұстай алмайтын жағдайда 4
ас қасық ұнтақталған дәнді 1 литр суға 30 минут ақырын
қайнатып, қайнап бола берген кезде 2 ас қасық гүл ұнтағынан
салып, тағы да аз қайнатады. Бұқтырып қойып, таңертең-кеш
астан бұрын стақанмен ішеді. 15-20 күн бір емделу барысы.
7 слайд
Адам осының 5-8 данасын ғана күнделікті аспен бойына сіңірсе, қажетті дәруменді бойына сіңірді деп есептелінеді. Қан аздыққа 2 ас қасық ұнтақталған дәннен 500 г суға 10 минут ақырын қайнатып, бұқтырып, астан бұрын 150 грамнан қабылдайды. Күніне үш рет. Зәрді ұстай алмайтын жағдайда 4 ас қасық ұнтақталған дәнді 1 литр суға 30 минут ақырын қайнатып, қайнап бола берген кезде 2 ас қасық гүл ұнтағынан салып, тағы да аз қайнатады. Бұқтырып қойып, таңертең-кеш астан бұрын стақанмен ішеді. 15-20 күн бір емделу барысы.
8 слайд
Итмұрынның пайдалы қасиеттері.
Итмұрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге
бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер
медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын
емдеуге қолданылады.
8 слайд
Итмұрынның пайдалы қасиеттері. Итмұрынның ерекшелігі — бағалы витаминдерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады.
9 слайд
Итмұрыннан
тұнба
жасау
жолдары
9 слайд
Итмұрыннан тұнба жасау жолдары
10 слайд
Біз отбасымызбен
тұмауратқан кезде
қолданамыз
10 слайд
Біз отбасымызбен тұмауратқан кезде қолданамыз
11 слайд
Қорытынды:
Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы
кеңінен қолданылады. Итмұрынның 60-тан астам түрі болса,
соның 13 түрі дәрі жасау кәсіпорындарында
қолданылады. Адам күн сайын 2 г ұнтақталған итмұрынды жеп
отырса, сергектік сыйлап, көңіл -күйін көтереді
11 слайд
Қорытынды: Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның 60-тан астам түрі болса, соның 13 түрі дәрі жасау кәсіпорындарында қолданылады. Адам күн сайын 2 г ұнтақталған итмұрынды жеп отырса, сергектік сыйлап, көңіл -күйін көтереді
12 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ энциклопедиясы 2 том
2. «Жас ғалым» журналы. №4 сәуір 2011 ж.
3. Халықтық медицина. Өсімдіктер әлемі
4. Биология оқулығы. «Атамұра » 2007 ж.
12 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақ энциклопедиясы 2 том 2. «Жас ғалым» журналы. №4 сәуір 2011 ж. 3. Халықтық медицина. Өсімдіктер әлемі 4. Биология оқулығы. «Атамұра » 2007 ж.
13 слайд
Назарларыңыз
ға рахмет!
13 слайд
Назарларыңыз ға рахмет!