Материалдар / Жасөспірімдік кезеңдегі девианттық мінез-құлық

Жасөспірімдік кезеңдегі девианттық мінез-құлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасөспірімдік кезеңдегі девианттық мінез-құлықтың алдын алу мақсатында презентация
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2018
721
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі

1 слайд

1 слайд

Девиация сөзі латын тілінен «ауытқу» деп аударылады. Девиантты мінез-құлық ол бәрі қабылдаған әлеуметтік мөлшерлерден

2 слайд
Девиация сөзі латын тілінен «ауытқу» деп аударылады. Девиантты мінез-құлық ол бәрі қабылдаған әлеуметтік мөлшерлерден ауытқуды білдіреді. Барлық өзгеше болып көрінетін құбылыстар жағымды және жағымсыз болуы мүмкін - жастардың бандалары, дүниеден безгендер, дуана, сопы, тақуа, дәруіш, әулие, жезөкшелік, қайыршылар мен тонаушылар, данышпан мен қаңғыбас, қанішер мен жауыздар т.б. жүріс- тұрысы қалыпты мінез-құлықтан өзгешелігі айқын білінеді. Демек, бұлар ауытқыған мінез-құлық адамдарына жатқызылады. Жағымды ауытқыған мінез-құлық саяси бслсенділік, кәсіпкерлік іскерлік, әлеуметтік шығармашылық түрінде көрініс табады. Бұлар қоғамның, адамзаттың ілгері дамуын қамтамасыз ете алады. Жағымсыз ауытқыған мінез-құлық адамның өзіне және қоғамға зиянды, тіпті қауіпті. Ол жеке бастың пайдасын зорлықпен шешу, біреулерді корлау, маскүнемдік, нашақорлық, азғындық дерттеріне шалдығу түрінде әлеуметтік тәртіпті бұзады, жақындары мен бүкіл қоғамға көптеген зардаптар әкеледі .

Девиантты мінез-құлық туралы жалпы түсінік Бұзушы деп кімді санайды және нені мөлшерден ауытқу деп атайды, бұл ел

3 слайд
Девиантты мінез-құлық туралы жалпы түсінік Бұзушы деп кімді санайды және нені мөлшерден ауытқу деп атайды, бұл елеулі шамада сондай анықтауды беруге жеткілікті билікті иеленетін субъектіге байланысты. Батыстың демократиялық құндылықтарын, адам құқығын корғау деген көзқарастар посткеңестік мемлекеттерге тарап, енді бұрынғы құкық бұзушылыққа немесе қылмысқа жататын қылықтарды басқаша бағалауы орнығып келеді. Еркектердің үйленуі, жезөкшелікке рұксат берілуі, маскүнемдік пен нашақорлықты ауру ретінде қарастыруы заң тұрғысынан басқаша сипатталады. Ауытқыған мінез-құлық әр түрлі нысанда көрінетін болады: а) қылықта (адамды бетінен ұру); ә) қызмет жасауда (тұрақты бопсалаумен немесе жезөкшелікпен айналысу); б) тұрмыс қалпында (ұйымдасқан қылмыс тобының, тонаушылардың басшыларының қылмыстық өмір сүру қалпы). Ауытқыған мінез-құлықтың кез келген түрінің құрамында жасампаздық және қиратушылық бөліктері болады. Бірақ біреуінің бағыты басым болады. Жағымсыз девианттық мінез-құлық айыпталады, жағымды ауытқуларды мақүлдайды. Біріншісіне революционерлер, лаңкесшілер, сатқындар, атеистер, сектанттар, қылмыскерлер, қаңғыбастар т.б. жатады. Ал екіншісіне ұлттық каһармандар, атақты өнер қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар, спортшылар, саяси жетекшілер, еңбек озаттары т.б жатады. Бұндай топтардың әрқайсысына халықтың 10-15%-дан келеді, ал 70%-ы әлеуметтік мөлшерлерді барынша ұстанатындар.

Жасөсіпірімдік кезеңде девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері Жасөспірім кезінде жаман ортада ермек үшін арақ

4 слайд
Жасөсіпірімдік кезеңде девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері Жасөспірім кезінде жаман ортада ермек үшін арақ немесе есірткінің дәмін татып тәуелді болған жас организм он жылға жетпей бұзылғаны тұтынушы адамның сыртқы әлпетінен айқын көрінетін болады. Ал ең негізгісі - нашақорлық дертіне шалдыққан адамның нерв жүйесі мен психикасы қирайтын болады. Ол отбасынан айырылады, жаңасын құра алмайды, бедеулікке ұрынады, бала туылса физикалық және психологиялық кемтарлыққа, ауруға шалдығады. Нәтижесінде жұмыс істеу қабілетінен айырылады, жақындарын қайғыға ұшыратады. Адамдық кейіптен айырылған оны мазалайтын бір ғана ой қалады - қалай есірткі сатып алатын қаржы табу. Ал бұның салдарынан нашақор ұрлыққа, тонауға, адам өлтіруге дейін баратын болады. Сондықтан есірткіні таратушылар ең қауіпті қылмыскерлерге жатқызылып, кейбір елдерде оларға ату жазасы қолданылады.

Жасөсіпірімдік кезеңдегі девиантты мінез-құлықтың түрлері Делинквенттік латьін тілінен аударғанда «қылық ж

5 слайд
Жасөсіпірімдік кезеңдегі девиантты мінез-құлықтың түрлері Делинквенттік латьін тілінен аударғанда «қылық жасаушы» дегенді білдіреді. Бұл термин полиция есебіне қойылған, құқыққа қарсы әрекет жасаушы, қиын тәрбиеленетін жасөспірімдерге қолданылады. Делинквентгік мінез-құлық термині қылмыстық жазаға тартылмайтын, бірақ болмашы құқық бүзушылық болып табылатын құқыққа қарсы істер жиынтығын білдіреді. Егер мінез-құлық қоғамдық пікірмен мақұлданбаса девиантты, ал заңмен мақұлданбаған мінез-қүлық делинквенттік деп аталады. Сонымен тұрғындар арасында делинквенттік мінез-құлыққа икемді топты жастар, әсіресе девиантты және қылмыстық ортада өсіп және әлеуметтенуді өтіп жатқандары құрайды. Бұл ортаны немесе отбасын әдетінше тұрмысы нашар деп атайды. БҰҰ көрсеткендей, жастардың 30%-ы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысады. Көбінесе делинквенттік мінез-құлыққа деген бейімділік бас бостандығынан айыру орындарында жиі болатын ішкіш, мәдениеті төмен және тұрақты еңбекпен күн көріс жасауға әдеттенбеген ата-аналардың ықпалымен қалыптасады. Құқыққа қарсы әрекет жасаушы жасөспірімдердің басым көпшілігін анасы жалғыз тәрбиелеген, 70%-ға жуығының мінезінде ауытқулар байқалады, 66%-ның мінезі «ауыр».

Девиантты мінез-құлықты балалардың психологиялық ерекшеліктері Жалпы 1970-2000 жылдары 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерд

6 слайд
Девиантты мінез-құлықты балалардың психологиялық ерекшеліктері Жалпы 1970-2000 жылдары 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жасайтын қауіпті қылмыстары қазіргі уақытта жылдан-жылға артып келеді. Сол сияқты қыздар арасында ауытқыған мінез-кұлыкты жасаушылар көбейді. Қазақстанда нарық жағдайы кезінде экономикалық тоқыраудың және батыстың көпшілікке арналған мәдениетінің теріс ықпалымен мінез-құлық ауытқулары кең тарады. Оларға сабақ үлгерімінің нашарлауы, сабақтан қашу, темекі тарту, басқа оқушыларға әлімжеттік көрсету, бопсалау және қамауда отырғандарға қаржы жинау, ұрлықпен айналысу, топтық төбелес ұйымдастыру, мұғалімдерді балағаттау, үйлерінен қашып қаңғыбасқа айналуы сияқты құбылыстардың көбеюі жатады. Әсіресе қауіпті құбылысқа ішімдікке әуестену, есірткіні тұтыну және сату, қарақшылықпен, құмар ойындармен, жезөкшелікпен айналысу, топтасып қырғындар ұйымдастыру, қару қолдану, тіпті кұқық қорғаушыларға бағынбай оларға қарсы қылмыстык әрекеттерге баруы - батыстың теле және кино өнімдерімен танысудың тікелей ықпалы болып табылады. Сонымен бірге бұл отбасының, мектептің, қоғамның қиындыктарын және демократиялық құндылықтардың еркін таралуы мен оны жасөспірімдердің қабылдауы арасындағы қайшылықтың салдарын бейнелейді.

Қорытынды Сонымен қорыта айқанда, девиантты мінез-құлық

7 слайд
Қорытынды Сонымен қорыта айқанда, девиантты мінез-құлық - ауытқыған мінез-құлық, ол адамдардың немесе олардың топтарының әлеуметтік әрекеттерінің, қылықтарының көпшілік таныған мөлшерден ауытқуы. Бұл нәтижесінде қоғамдық ережелерді бұзуға әкеледі және қоғамның немесе әлеуметтік топтың тарапынан шара қолдануды қажет етеді. Кең мағынада девиантты мінез-құлық өзіне әлеуметтік мөлшерден кез келген ауытқуды енгізеді. Олар жағымды да (ерлік, асқан еңбекқорлық, өзін-өзі құрбан ету, үздік жетістіктер) , жағымсыз да (қылмыс, қоғамдық тәртіпті , құлықтық мөлшерлерді әдет-ғұрыпты, дәстүрді бұзу) болуы мүмкін. Тар мағынада мөлшерден тек қана теріс ауытқуларын айтады. Осындай девиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірдің шырқын бұзуға, аномияға әкеледі. Сонымен ауытқыған мінез-құлықтың кең өріс алуына жол бермеу мақсатында басқару саласында келесі жағдайлардың шешілуін қамтамасыз ету қажет: 1)табысқа жетудің және әлеуметтік саты бойынша жоғарылаудың заңды амалдарына жолды кең ашу; 2) заң алдында әлеуметтік теңдікті сақтау; 3) заңнаманы түрақты жетілдіру, оны жаңа әлеуметтік ақиқатқа сәйкестендіруді орындау; 4) қылмыс пен жазалаудың бірдейлігін орындауға ұмтылу.

Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ