Жастар тілі, коммуникация негіздері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Ақтөбе-2023
Жастар тілі: коммуникация модельдері
1 слайд
Ақтөбе-2023 Жастар тілі: коммуникация модельдері
2 слайд
Тіл – қазына
•Тіл – адам қарым-қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса
маңызды құралы, өмірдің ұлы қаруы. Ұлттың ғасырлар бойы
дамып, қалыпқа түскен әдеби тілді қоғамның ғылым-білім, ресми
іскери, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет пен өнер
салаларында орнымен қолдану, тілдік норманы бұзбай сауатты
жазу әрі дұрыс сөйлеу – ұлттың өркениеті мен мәдениетін
айғақтап тұратын өлшемдер.
•Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Адамзаттың
бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік
қарым-қатынасты іс жүзіне асыратын – тіл.
•Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау,
түсінісу, айту, пікірлесу, айтысу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты
құбылыс.
2 слайд
Тіл – қазына •Тіл – адам қарым-қатынасының, ойлаудың, мәдениеттің аса маңызды құралы, өмірдің ұлы қаруы. Ұлттың ғасырлар бойы дамып, қалыпқа түскен әдеби тілді қоғамның ғылым-білім, ресми іскери, бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет пен өнер салаларында орнымен қолдану, тілдік норманы бұзбай сауатты жазу әрі дұрыс сөйлеу – ұлттың өркениеті мен мәдениетін айғақтап тұратын өлшемдер. •Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы – сөйлей білу. Адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асыратын – тіл. •Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, айтысу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
3 слайд
М. Балақаев: «Тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдердің
ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл
жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік
тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық,
морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды
ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» дейді [1, 17].
Тілші-ғалым Р. Сыздықова : «Тіл мәдениеті дегеніміз –
сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс
құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру
(морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық),
сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау
(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру,
жетілдіру», – дейді [2, 24–25].
3 слайд
М. Балақаев: «Тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» дейді [1, 17]. Тілші-ғалым Р. Сыздықова : «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру», – дейді [2, 24–25].
4 слайд
Коммуникацияның модельдері
•Сөйлеу – тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізу. Тіл,
сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын
дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады,сөз ойлы да
мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете
алмайды. Коммуникация да сөз, сөйлеу арқылы
коммуниканттар көмегімен жүзеге асады.
•Қоғам мен қоғам мүшелерінің арасын байланыстыратын
қызметінің арқасында коммуникация коғамның дамуына
ерекше ықпал етеді. Ал ақпаратты беру үш түрде жүзеге асады:
ауызекі, жазбаша, бейвербал түрде. Бұл аталғандар
коммуникацияның модельдері болып табылады.
4 слайд
Коммуникацияның модельдері •Сөйлеу – тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізу. Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруде аса маңызды рөл атқарады,сөз ойлы да мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Коммуникация да сөз, сөйлеу арқылы коммуниканттар көмегімен жүзеге асады. •Қоғам мен қоғам мүшелерінің арасын байланыстыратын қызметінің арқасында коммуникация коғамның дамуына ерекше ықпал етеді. Ал ақпаратты беру үш түрде жүзеге асады: ауызекі, жазбаша, бейвербал түрде. Бұл аталғандар коммуникацияның модельдері болып табылады.
5 слайд
Ауызекі коммуникация
•Ақпаратты білдірудің бастапқы құралы – ауызекі
коммуникация. Көпшілік алдында сөйлеу, ресми бетпе-бет
немесе топтық пікірталастар және бейресми қауесет және
өсек – ауызекі коммуникацияның танымал белгілері [3, 204].
•Ауызекі коммуникацияның артықшылықтары –
жылдамдылық, кері байланыс және ортаға әсер етуі(әсерлілік
түрлі форматта көрінеді). Бұл арқылы біз айтылатын хабарды
қысқа уақытта сөзбен жеткізіп, жауабын бірден ала аламыз.
Ауызекі коммуникацияға түскен кезде сөздер мен сөз
тіркестері, сөйлемнің орфоэпиялық нормаға сәйкес
қолданылмауы қазіргі кездегі өткір ой, мәселе.
5 слайд
Ауызекі коммуникация •Ақпаратты білдірудің бастапқы құралы – ауызекі коммуникация. Көпшілік алдында сөйлеу, ресми бетпе-бет немесе топтық пікірталастар және бейресми қауесет және өсек – ауызекі коммуникацияның танымал белгілері [3, 204]. •Ауызекі коммуникацияның артықшылықтары – жылдамдылық, кері байланыс және ортаға әсер етуі(әсерлілік түрлі форматта көрінеді). Бұл арқылы біз айтылатын хабарды қысқа уақытта сөзбен жеткізіп, жауабын бірден ала аламыз. Ауызекі коммуникацияға түскен кезде сөздер мен сөз тіркестері, сөйлемнің орфоэпиялық нормаға сәйкес қолданылмауы қазіргі кездегі өткір ой, мәселе.
6 слайд
Жастардың сөйлеу тілінде «барлықтарың» деген сөз белең алып жүр.
Барлықтарыңа не болған? Барлықтарыңыз сабыр сақтап маған «лайк»
басыңыздар. «Барлық» деген сөз онсыз да жиынтық мәнді білдіреді және
нысан біреу емес, бірнеше екенін көрсетеді. Оған көптік жалғауды қосудың
керегі жоқ. Ықшамдық үшін бәрі формасын қолданған тиімді. Дұрысы:
Бәріңе не болған? Бәріңіз сабыр сақтап, маған «лайк» басыңыздар [4, 54].
Жастардың арасында қазақтың ұлттық тағамын бешбармақ, беш деп айту кең
қолданыста. Тағамның аты ретінде қолданылып жүргенмен де бұл
бұрмаланған атау. Ал біз бешбармақты не үшін жейміз? Қазақтың кәделі
ұлттық тағамы етті «бешбармақ» деп қарапайым сөзбен атау – өрескел қате.
Бұл жөнінде көп айтылды, көп жазылды. Соған қарамастан бұл қателік
түзетілмей келеді. «Бешбармак» (бешбармачить) атауының астарында
ұлттық тағамға құрметтен гөрі (бес саусақпен жеу, бес саусағын салып жеу)
деген сырт көздің сыны, жағымсыз мағына басым. Сондықтан сырттан
таңылған сөзді емес, халықтың өз атауын қолданған дұрыс.
Мейрамханалардың ас мәзірінде «қазақша ет» (мясо по-казахский) атауы да
қолданылады. Дұрысы: ет жеу, ет асу [4, 65].
6 слайд
Жастардың сөйлеу тілінде «барлықтарың» деген сөз белең алып жүр. Барлықтарыңа не болған? Барлықтарыңыз сабыр сақтап маған «лайк» басыңыздар. «Барлық» деген сөз онсыз да жиынтық мәнді білдіреді және нысан біреу емес, бірнеше екенін көрсетеді. Оған көптік жалғауды қосудың керегі жоқ. Ықшамдық үшін бәрі формасын қолданған тиімді. Дұрысы: Бәріңе не болған? Бәріңіз сабыр сақтап, маған «лайк» басыңыздар [4, 54]. Жастардың арасында қазақтың ұлттық тағамын бешбармақ, беш деп айту кең қолданыста. Тағамның аты ретінде қолданылып жүргенмен де бұл бұрмаланған атау. Ал біз бешбармақты не үшін жейміз? Қазақтың кәделі ұлттық тағамы етті «бешбармақ» деп қарапайым сөзбен атау – өрескел қате. Бұл жөнінде көп айтылды, көп жазылды. Соған қарамастан бұл қателік түзетілмей келеді. «Бешбармак» (бешбармачить) атауының астарында ұлттық тағамға құрметтен гөрі (бес саусақпен жеу, бес саусағын салып жеу) деген сырт көздің сыны, жағымсыз мағына басым. Сондықтан сырттан таңылған сөзді емес, халықтың өз атауын қолданған дұрыс. Мейрамханалардың ас мәзірінде «қазақша ет» (мясо по-казахский) атауы да қолданылады. Дұрысы: ет жеу, ет асу [4, 65].
7 слайд
Жазбаша коммуникация
•Коммуникацияның келесі моделі – жазбаша коммуникация. Жазбаша
коммуникацияға хат (хат түрлері), ұйымдық медия және жазбаша сөздер
немесе таңбаларды білдіретін кез келген басқа әдіс жатады [3, 204].
•Жазбаша қатынас тілдік тұлғалардың таңбалық қасиетімен байланыста
болады және олардың естілу қасиетінен гөрі, көзге көріну ерекшелігі
басым болады. Мұндай қарым-қатынас таңбалардың тұрақты жүйесі
арқылы іске асады [6, 14].
•Жазбаша қарым-қатынастың маңызы: тұрақты жазба жасайды,
түсініспеушіліктерді азайтады, кәсіби қарым-қатынасты құрады(құрайды),
қалааралық, еларалық байланыс үшін қолайлы, тарату өте оңай. Бірақ,
қазіргі кезде бір-бірімен хат алмасу барысында, әлеуметтік желіде пікір
қалдырғанда, тіпті, бұқаралық ақпарат құралдарында, ұйым медиаларда
жарияланылған жазбаша ақпараттың өзінде де өрескел қателер көп
кездеседі.
7 слайд
Жазбаша коммуникация •Коммуникацияның келесі моделі – жазбаша коммуникация. Жазбаша коммуникацияға хат (хат түрлері), ұйымдық медия және жазбаша сөздер немесе таңбаларды білдіретін кез келген басқа әдіс жатады [3, 204]. •Жазбаша қатынас тілдік тұлғалардың таңбалық қасиетімен байланыста болады және олардың естілу қасиетінен гөрі, көзге көріну ерекшелігі басым болады. Мұндай қарым-қатынас таңбалардың тұрақты жүйесі арқылы іске асады [6, 14]. •Жазбаша қарым-қатынастың маңызы: тұрақты жазба жасайды, түсініспеушіліктерді азайтады, кәсіби қарым-қатынасты құрады(құрайды), қалааралық, еларалық байланыс үшін қолайлы, тарату өте оңай. Бірақ, қазіргі кезде бір-бірімен хат алмасу барысында, әлеуметтік желіде пікір қалдырғанда, тіпті, бұқаралық ақпарат құралдарында, ұйым медиаларда жарияланылған жазбаша ақпараттың өзінде де өрескел қателер көп кездеседі.
8 слайд
•Тілдік нормадан ауытқу, сапасыз аударма салдарынан пайда
болған калька атаулар мен тіркестер, емле мен стильдік қателер
тек БАҚ тілінде ғана емес,ондай олқылықтар өзге салаларда да
бар. Ғылым, заң, ресми іс-қағаз тілінде де қате қолданыстар бар.
Мысалы: Маңызға ие (ие емес) тіркесін қарастырайық.
Еліміздегі денсаулықты сақтауды жаңғырту ерекше маңызға
ие. Ешқандай маңызға ие емес. Орыс тіліндегі «имеет занчение»,
«не имеет значения», тіркестерін тікелей аудара салудан туған
қате қолданыс. Бұл тіркестерді контекске сәйкес «маңызды»,
«өте маңызды», «маңызы зор», «мәні жоқ» сияқты сөздер мен
тіркестердің бірін пайдаланып, қалыптасқан қазақша үлгісі
бойынша жазған дұрыс. Мысалы: Еліміздің денсаулық сақтау
саласының жұмысын жаңғыртудың маңызы зор. Ешқандай
мәні жоқ [4, 234-235].
8 слайд
•Тілдік нормадан ауытқу, сапасыз аударма салдарынан пайда болған калька атаулар мен тіркестер, емле мен стильдік қателер тек БАҚ тілінде ғана емес,ондай олқылықтар өзге салаларда да бар. Ғылым, заң, ресми іс-қағаз тілінде де қате қолданыстар бар. Мысалы: Маңызға ие (ие емес) тіркесін қарастырайық. Еліміздегі денсаулықты сақтауды жаңғырту ерекше маңызға ие. Ешқандай маңызға ие емес. Орыс тіліндегі «имеет занчение», «не имеет значения», тіркестерін тікелей аудара салудан туған қате қолданыс. Бұл тіркестерді контекске сәйкес «маңызды», «өте маңызды», «маңызы зор», «мәні жоқ» сияқты сөздер мен тіркестердің бірін пайдаланып, қалыптасқан қазақша үлгісі бойынша жазған дұрыс. Мысалы: Еліміздің денсаулық сақтау саласының жұмысын жаңғыртудың маңызы зор. Ешқандай мәні жоқ [4, 234-235].
9 слайд
Бейвербал коммуникация
•Біз ақпаратты үнемі сөзбен жеткіземіз, сондай-ақ, сөзсіз хабар
да береміз. Кейде сөзсіз жеткен хабар біздің іскерлік
коммуникациямыздың бірден-бір мықты, маңызды бөлігі болуы
мүмкін. Әр дене қимылының мағынасы барын айта аламыз
және ешбір қимыл бостан-босқа жасалмайды. Біз өзіміздің хал-
жағдайымызды сөзсіз, дене қималдарымен көрсетеміз. Мысалы,
сенім ұялату үшін жымиямыз, кішіпейіл екенімізді көрсету
үшін қолымызды айқастырып ұстамаймыз және тағы басқа.
Белгілі бір ақпаратты видео түрінде және қағаз түрінде алып
қарастырайық. Сол ақпаратты қағаздан оқығанда, онда
айтылғандарды сол жерде болғандай немесе видеожазбадан
көргендей әсерде түсіне алмаймыз. Неге олай? Себебі онда
бейвербал коммуникация жоқ және сөздер мен сөз тіркестеріне
түсірілген екпін мүлде көрсетілмейді. Ал бұл екеуінің
ақпаратты түсінікті етуде маңызы зор.
9 слайд
Бейвербал коммуникация •Біз ақпаратты үнемі сөзбен жеткіземіз, сондай-ақ, сөзсіз хабар да береміз. Кейде сөзсіз жеткен хабар біздің іскерлік коммуникациямыздың бірден-бір мықты, маңызды бөлігі болуы мүмкін. Әр дене қимылының мағынасы барын айта аламыз және ешбір қимыл бостан-босқа жасалмайды. Біз өзіміздің хал- жағдайымызды сөзсіз, дене қималдарымен көрсетеміз. Мысалы, сенім ұялату үшін жымиямыз, кішіпейіл екенімізді көрсету үшін қолымызды айқастырып ұстамаймыз және тағы басқа. Белгілі бір ақпаратты видео түрінде және қағаз түрінде алып қарастырайық. Сол ақпаратты қағаздан оқығанда, онда айтылғандарды сол жерде болғандай немесе видеожазбадан көргендей әсерде түсіне алмаймыз. Неге олай? Себебі онда бейвербал коммуникация жоқ және сөздер мен сөз тіркестеріне түсірілген екпін мүлде көрсетілмейді. Ал бұл екеуінің ақпаратты түсінікті етуде маңызы зор.
10 слайд
Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ әдеби тілінің қоғамдық өмірдің әр саласында
жұмсалып, ауызша,жазбаша түрдегі де қызметі өрістей түскен сайын, сөз мәдениетіне
ден қою бұрынғыдан гөрі артып отыр. Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық
мүдде талаптарының бірі. Сонымен қатар, жастардың сөйлеу мәдениетін, әдебін
қалыптастыру үшін функциональды сауаттылық керек. Ана тілін жақсы біліп, өз
орнымен сөйлеу – әркімнің азаматтық борышы. Сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан
ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей түсінікті шығып, тыңдаушысын баурап алардай
әсерлі болса, ана тіліміздің,ұлт тілінің мәртебесі көтерілер еді.
10 слайд
Қорыта айтқанда, қазіргі қазақ әдеби тілінің қоғамдық өмірдің әр саласында жұмсалып, ауызша,жазбаша түрдегі де қызметі өрістей түскен сайын, сөз мәдениетіне ден қою бұрынғыдан гөрі артып отыр. Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Сонымен қатар, жастардың сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру үшін функциональды сауаттылық керек. Ана тілін жақсы біліп, өз орнымен сөйлеу – әркімнің азаматтық борышы. Сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей түсінікті шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тіліміздің,ұлт тілінің мәртебесі көтерілер еді.
11 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің мәселелері /М.Балақаев.
-Алматы: Қазақстан,1965, -186б.
2. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары /Р.Сыздық // Тілдік
норма және оның қалыптасуы. -Астана: Елорда, 2001.
3. Стивен П.Роббинс, Тимати А.Джадж. Ұйымдық мінез-құлық негіздері.
-Астана: Ұлттық аударма бюросы, 2019, -487б.
4. Құрманбайұлы Ш., Жақыпов Ж., Ермекова Т., Жұбаева О., Сүйерқұл
Б., Қожабек Н., Әлменбет А. Сөзтүзер (Қате қолданыстар сөздігі).
-Нұр-Сұлтан: «Форма плюс», 2021, -402б.
5. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. -Алматы: «Мектеп», 1984, -75б.
6. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. /Оқу құралы/,
-Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім
академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2000, -208б.
11 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің мәселелері /М.Балақаев. -Алматы: Қазақстан,1965, -186б. 2. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары /Р.Сыздық // Тілдік норма және оның қалыптасуы. -Астана: Елорда, 2001. 3. Стивен П.Роббинс, Тимати А.Джадж. Ұйымдық мінез-құлық негіздері. -Астана: Ұлттық аударма бюросы, 2019, -487б. 4. Құрманбайұлы Ш., Жақыпов Ж., Ермекова Т., Жұбаева О., Сүйерқұл Б., Қожабек Н., Әлменбет А. Сөзтүзер (Қате қолданыстар сөздігі). -Нұр-Сұлтан: «Форма плюс», 2021, -402б. 5. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. -Алматы: «Мектеп», 1984, -75б. 6. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. /Оқу құралы/, -Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2000, -208б.