Кембридж бағдалама тәсілдерінің химия пәнінен білім сапасын көтерудің тиімді тәсілдері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Наурызбайұлы Ораз
“Ғ.Махамбетов атындағы
ОЖББМ” КММ
Химия пәні мұғалімі
1 слайд
Наурызбайұлы Ораз “Ғ.Махамбетов атындағы ОЖББМ” КММ Химия пәні мұғалімі
2 слайд
Тақырыбы:
Кембридж бағдарламасы
тәсілдерінің химия пәні
бойынша білім сапасын
көтерудің маңызы.
БАЯНДАМА
2016-2017 оқу жылы
2 слайд
Тақырыбы: Кембридж бағдарламасы тәсілдерінің химия пәні бойынша білім сапасын көтерудің маңызы. БАЯНДАМА 2016-2017 оқу жылы
3 слайд
Мазмұны
1.Мұғалім туралы мәлімет;
2.Кембридждік білім беру
технологиясы;
3.Өз іс-тәжірибемнен;
3 слайд
Мазмұны 1.Мұғалім туралы мәлімет; 2.Кембридждік білім беру технологиясы; 3.Өз іс-тәжірибемнен;
4 слайд
МҰҒАЛІМ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
Аты-жөні: Наурызбайұлы Ораз;
Туған күні: 08.01.1985;
Білімі: Жоғары;
Диплом бойынша мамандығы:
Химия және биология;
Атқаратын қызметі:
Химия пәні мұғалімі;
Еңбек өтілі: 10 жыл;
Санаты: Жоғары;
Деңгейлік курстан өтуі;
2012 қыркүйек-қараша;
Қысқа мерзімді курстан өтуі:
2013 қараша
4 слайд
МҰҒАЛІМ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ Аты-жөні: Наурызбайұлы Ораз; Туған күні: 08.01.1985; Білімі: Жоғары; Диплом бойынша мамандығы: Химия және биология; Атқаратын қызметі: Химия пәні мұғалімі; Еңбек өтілі: 10 жыл; Санаты: Жоғары; Деңгейлік курстан өтуі; 2012 қыркүйек-қараша; Қысқа мерзімді курстан өтуі: 2013 қараша
5 слайд
Кембридждік білім
беру технологиясы
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім,
ар, мінез деген қасиеттермен озады.»
Абай Құнанбайұлы
Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың
ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған
білімдері мен жаңа сыныптағы дерек
көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және
құрбыларынан алған білімдерімен өзара
әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген
тұжырымға негізделген. Құзырлы оқытудың
маңызды факторы-оқушының тақырып мәнін
өз бетімен меңгеруін мұғалімнің түсінуі мен
бағалай алуы.
Сондықтан да Шульман «Үш көмекші» деп
атаған қасиеттер мұғалімде болған жағдайда
ғана оқыту тиімді де сәтті болып саналады
дейді.
Үш көмекші құрал: БАС, ҚОЛ, ЖҮРЕК. Дәстүрлі
негізде берілген білімнің емтихан кезінде
тиімділігін баса айта отырып, оның жаттанды түрде
қалып қоятынын атап өту керек.
5 слайд
Кембридждік білім беру технологиясы «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады.» Абай Құнанбайұлы Сындарлы оқыту теориясы оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа сыныптағы дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және құрбыларынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Құзырлы оқытудың маңызды факторы-оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін мұғалімнің түсінуі мен бағалай алуы. Сондықтан да Шульман «Үш көмекші» деп атаған қасиеттер мұғалімде болған жағдайда ғана оқыту тиімді де сәтті болып саналады дейді. Үш көмекші құрал: БАС, ҚОЛ, ЖҮРЕК. Дәстүрлі негізде берілген білімнің емтихан кезінде тиімділігін баса айта отырып, оның жаттанды түрде қалып қоятынын атап өту керек.
6 слайд
Бағдарламаның оқушыға қаншалықты тиімді
боларын, оның білім мен тәрбие берудегі үлесінің зор
екенін білдім. Бұл жерде «Шығыс Аристотелі» атанған
Әл Фараби бабамызбен үндесері хақ. Оқыта отырып
тәрбиелеуді қатар алып жүрудің қыр-сырын
ағылшындар терең меңгеріпті.
Зерттеуші - психолог Шульманның «Мұғалімнің үш
көмекшісі» деп атаған қасиеттері айтылады.
БАС - тұғырлы теориялық білімге негізделген және
оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын
талап етеді.
ҚОЛ - жұмыс жүргізу, түзету мен оқытуды бағалау
сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің
техникалық, тәжірибелік дағдыларымен тәсілдерін
білуді талап етеді.
ЖҮРЕК - ұстаз мамандығының этикалық және
моральдық құндылықтарын ұстанады, шыншыл,
батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық мейірім және
құрмет көрсете білетін әділ адамдар.
Бұл жердегі үлкен құнды пікір-әрбір мұғалім теория
мен тәжірибені ұштастыра отырып, шын ынта
ықыласымен оқушыларға мейірімділік, жанашырлық
көрсете білу. Кеңес заманындағы «2» алған баланы
жазалаудан арылу, оқушыға ой еркіндігін, сөз
бостандығын беру. Елбасымыздың бүгінгі таңдағы
сындарлы саясатының бірі-заман ағысына қарсы
жүзер, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу.
6 слайд
Бағдарламаның оқушыға қаншалықты тиімді боларын, оның білім мен тәрбие берудегі үлесінің зор екенін білдім. Бұл жерде «Шығыс Аристотелі» атанған Әл Фараби бабамызбен үндесері хақ. Оқыта отырып тәрбиелеуді қатар алып жүрудің қыр-сырын ағылшындар терең меңгеріпті. Зерттеуші - психолог Шульманның «Мұғалімнің үш көмекшісі» деп атаған қасиеттері айтылады. БАС - тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді. ҚОЛ - жұмыс жүргізу, түзету мен оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдыларымен тәсілдерін білуді талап етеді. ЖҮРЕК - ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады, шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Бұл жердегі үлкен құнды пікір-әрбір мұғалім теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, шын ынта ықыласымен оқушыларға мейірімділік, жанашырлық көрсете білу. Кеңес заманындағы «2» алған баланы жазалаудан арылу, оқушыға ой еркіндігін, сөз бостандығын беру. Елбасымыздың бүгінгі таңдағы сындарлы саясатының бірі-заман ағысына қарсы жүзер, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу.
7 слайд
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білімді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім
берудің мақсаты-терең білім, кәсіби дағдылар негізінде
еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі
дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік
тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру» делінген. Ал, бүгінгі ұстаздар
алдындағы үлкен міндет-заман ағымына сай білім
беруді дамыту, білім сапасын жоғары деңгейге көтеру.
Осы орайда, жаңа форматта оқыту мен оқудың
Кембридждік әдіс-тәсілін қазақстандық мұғалімдерге
меңгертуді қолға алғаны белгілі. Ағылшындардың бұл
бағдарламасының біздің халықтың менталитетіне
келісе бермейтін тұстары да кездеседі, дейтұрғанмен,
бұрынғы дәстүрлі жаттанды оқытудан алшақтап,
оқушыға іздендіре отырып білімді игерту ең тиімді
әдіс деп білемін.
Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді
терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін
сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді
пайдалана білуін қамтамасыз ету.
7 слайд
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты-терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Ал, бүгінгі ұстаздар алдындағы үлкен міндет-заман ағымына сай білім беруді дамыту, білім сапасын жоғары деңгейге көтеру. Осы орайда, жаңа форматта оқыту мен оқудың Кембридждік әдіс-тәсілін қазақстандық мұғалімдерге меңгертуді қолға алғаны белгілі. Ағылшындардың бұл бағдарламасының біздің халықтың менталитетіне келісе бермейтін тұстары да кездеседі, дейтұрғанмен, бұрынғы дәстүрлі жаттанды оқытудан алшақтап, оқушыға іздендіре отырып білімді игерту ең тиімді әдіс деп білемін. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
8 слайд
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе
– жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты
адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат
дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі
- үлкен көрегендіктің белгісі. Бүгінгі
таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді,
жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді.
Әр мұғалім өз іс - тәжірибесінде көптеген
қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол
заман көшіне ілесу үшін өз білімін
жетілдіріп отыруы қажет. Білім берудегі
Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып,
таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-
тәсілдері – 7 модульді практикалық түрде
қолдану арқылы оның артықшылықтарына
көз жеткіздім.
8 слайд
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс - тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет. Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдері – 7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткіздім.
9 слайд
Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында
педагогтардың біліктілігін арттыру курсының
бізге ұсынылып отырған бағдарламасы мына
жеті модульді қамтыған:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылы
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
«Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін
үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар
әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен тығыз
байланысты. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе
метасана оқушыларға оқуды өз бетінше
жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін
түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай
көмектесуге болатынын көрсетеді.
9 слайд
Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында педагогтардың біліктілігін арттыру курсының бізге ұсынылып отырған бағдарламасы мына жеті модульді қамтыған: 1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту. 7. Білім берудегі басқару және көшбасшылы 1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік – сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.
10 слайд
2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай
отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына
сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып,
реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп,
дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен
және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау – одан арғы білім туралы шешімді қабылдау
мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде
жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін
қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар
өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің
өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама
критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды АКТ пайдалану
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті
танып білуге және оларды тез қабылдауда мол
мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді
өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің
дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал
етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды сенімді және
сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
10 слайд
2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. 3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау Бағалау – одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады. 4. Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық- коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.
11 слайд
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді
дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай
балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен
зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер
кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да
тани біледі.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім
беру және оқыту.
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-
физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді
әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан
педагогика және психология балалардың жас
ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты
айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған
ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне
тәуелді болатынын атап көрсетеді.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық
Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі
тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі
мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы
мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі
өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға
сыйады. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік
ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық
көшбасшылыққа негізделеді.
11 слайд
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық- физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. 7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сыйады. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.
12 слайд
Өз іс-тәжірибемнен
Сабақ барысынан көріністер
12 слайд
Өз іс-тәжірибемнен Сабақ барысынан көріністер
13 слайд
ОҚУШЫЛАРЫМНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ:
•Пәндік олимпиада: аудандық
•2012 жылы Орынбасар Әсембота І орын
11класс;
•2014 жылы Кеңес Гүлден 10 класс ІІ орын;
(І орын анықталмады);
•Тасбулатова Айнур 9 класс ІІІ орын; (І орын
анықталмады);
•2015 жылы Кеңес Айжан 9 класс ІІ орын;
•Облыстық:
•2013 жылы Орынбасар Әсембота қатысты;
•Облыстық “Бесінші элемент” турнирі:
•2013 жылы Орынбасар Әсембота “Химик-
Эрудит” туры бойынша ІІІ орын, 11 класс;
•2014 жылы Кеңес Гүлден “Химик теоретик”
туры бойынша “Белсене қатысушы аталымы”
9класс, “Үздік экспериментші команда” туры
бойынша Ақжайық ауданы құрамасы ІІ орын;
•2015 жылы Кеңес Гүлден, Есқабыл Альбина
қатысып келді.
13 слайд
ОҚУШЫЛАРЫМНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ: •Пәндік олимпиада: аудандық •2012 жылы Орынбасар Әсембота І орын 11класс; •2014 жылы Кеңес Гүлден 10 класс ІІ орын; (І орын анықталмады); •Тасбулатова Айнур 9 класс ІІІ орын; (І орын анықталмады); •2015 жылы Кеңес Айжан 9 класс ІІ орын; •Облыстық: •2013 жылы Орынбасар Әсембота қатысты; •Облыстық “Бесінші элемент” турнирі: •2013 жылы Орынбасар Әсембота “Химик- Эрудит” туры бойынша ІІІ орын, 11 класс; •2014 жылы Кеңес Гүлден “Химик теоретик” туры бойынша “Белсене қатысушы аталымы” 9класс, “Үздік экспериментші команда” туры бойынша Ақжайық ауданы құрамасы ІІ орын; •2015 жылы Кеңес Гүлден, Есқабыл Альбина қатысып келді.
14 слайд
Интернет олимпиадалары:
•КИО республикалық қашықтық
олимпиадасы:
•2014 жылы Гумарова Лаззат 11 класс
Сертификат;
•2016 жылы Тасбулатова Айнұр 11 класс ІІ
кезең қатысушы сертификат;
•Әшекей Мирас 8 класс ІІ кезең “Үздік
нәтиже” сертификат;
•2017 жылы тағы да оқушылар қатысу үстінде;
•НИО ұлтық интернет олимпиадасына
оқушылар қатысуда 2017ж;
•Инфоурок.ру халықаралық қашықтық
олимпиадасы:
•2015 жылы
•Тлебалдиева Гүлім 8 класс ІІ орын;
•Махат Ерген 8 класс ІІ орын;
•Кеңес Айжан 8 класс ІІІ орын;
•Кеңес Гүлден 10 класс ІІІ орын;
•Имангазиева Әсемгүл ІІІ орын;
14 слайд
Интернет олимпиадалары: •КИО республикалық қашықтық олимпиадасы: •2014 жылы Гумарова Лаззат 11 класс Сертификат; •2016 жылы Тасбулатова Айнұр 11 класс ІІ кезең қатысушы сертификат; •Әшекей Мирас 8 класс ІІ кезең “Үздік нәтиже” сертификат; •2017 жылы тағы да оқушылар қатысу үстінде; •НИО ұлтық интернет олимпиадасына оқушылар қатысуда 2017ж; •Инфоурок.ру халықаралық қашықтық олимпиадасы: •2015 жылы •Тлебалдиева Гүлім 8 класс ІІ орын; •Махат Ерген 8 класс ІІ орын; •Кеңес Айжан 8 класс ІІІ орын; •Кеңес Гүлден 10 класс ІІІ орын; •Имангазиева Әсемгүл ІІІ орын;
15 слайд
•Жобалар
•БШО “Жас ғалымдар айлығы”
•“Білімді ғылым жетістіктерімен
ұштастырамыз” тақырыбында шағын жоба
байқауы Тлебалдиева Гүлім 8 класс ІІ орын
(І орын анықталмады;
•“Химик анықтамалығы” Республикалық
ғылыми танымдық педагогикалық журналы
“Үздік слайд-2015” байқауы 10 класс
оқушылары Карабаллина Нэля, Мелс
Данагүл слайд-жобалары сертификат;
•“Үздік слайд-2016” байқауына 10 класс
оқушылары Тасбулатова Айнұр мен
Әлібекова Гүлбанудың слайд –жобалары
жіберілді;
•“Алхимик-2016” байқауына 9 класс
оқушыларынан құралған “Ғабдолла
химиктері” командасының жауаптары
жіберілді.
15 слайд
•Жобалар •БШО “Жас ғалымдар айлығы” •“Білімді ғылым жетістіктерімен ұштастырамыз” тақырыбында шағын жоба байқауы Тлебалдиева Гүлім 8 класс ІІ орын (І орын анықталмады; •“Химик анықтамалығы” Республикалық ғылыми танымдық педагогикалық журналы “Үздік слайд-2015” байқауы 10 класс оқушылары Карабаллина Нэля, Мелс Данагүл слайд-жобалары сертификат; •“Үздік слайд-2016” байқауына 10 класс оқушылары Тасбулатова Айнұр мен Әлібекова Гүлбанудың слайд –жобалары жіберілді; •“Алхимик-2016” байқауына 9 класс оқушыларынан құралған “Ғабдолла химиктері” командасының жауаптары жіберілді.
16 слайд
Мемлекеттік гран иегерлері:
•2012 жылы Сулейменова Фариза
М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ Химия пәні
мұғалімі;
•2012 жылы Сұлтанова Мөлдір Жәңгірхан
атындағы БҚАТУ Органикалық заттар
технологиясы;
•2013 жылы Орынбасар Әсембота
М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ Химия пәні
мұғалімі;
•2013 жылы Мұратбекова Қымбат Атырау
“Болашақ” колледжі;
•2014 жылы Гумарова Лаззат БҚО “Мұнай
және Газ көп салалық” колледжі;
•2015 жылы Есқабыл Альбина Қ.Оспанов
атындағы Ақтөбе аймақтық педагогикалық
институты, Химия пәні мұғалімі;
•2016 жылы Кеңес Гүлден Қ.Оспанов
атындағы Ақтөбе аймақтық педагогикалық
институты, Химия пәні мұғалімі;
16 слайд
Мемлекеттік гран иегерлері: •2012 жылы Сулейменова Фариза М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ Химия пәні мұғалімі; •2012 жылы Сұлтанова Мөлдір Жәңгірхан атындағы БҚАТУ Органикалық заттар технологиясы; •2013 жылы Орынбасар Әсембота М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ Химия пәні мұғалімі; •2013 жылы Мұратбекова Қымбат Атырау “Болашақ” колледжі; •2014 жылы Гумарова Лаззат БҚО “Мұнай және Газ көп салалық” колледжі; •2015 жылы Есқабыл Альбина Қ.Оспанов атындағы Ақтөбе аймақтық педагогикалық институты, Химия пәні мұғалімі; •2016 жылы Кеңес Гүлден Қ.Оспанов атындағы Ақтөбе аймақтық педагогикалық институты, Химия пәні мұғалімі;
17 слайд
Жеті модульмен жұмыс жүргізгенде жеткен
жетістіктерім:
• Мәселенің ең негізгі түйінді табуға
дағдыланды;
• Оқушылар өз бетінше ізденуге үйренді;
• Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге
машықтанды;
• Тақырыпқа деген жан-жақты түсінігін аңғара
отырып, ынтасын одан әрі дамытуға мүмкіндік
жасалды;
•Ой идеясының ішкі астарына үңілуге, өзекті
мәселелеге терең барлауға бағыт берілді;
Ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге
дағдыланды;
• Оқушылардың шығармашылық белсендіктері
және сын тұрғысынан ойлау әрекеттері
бағаланды. Тыңдағандарыңызға рахмет!
17 слайд
Жеті модульмен жұмыс жүргізгенде жеткен жетістіктерім: • Мәселенің ең негізгі түйінді табуға дағдыланды; • Оқушылар өз бетінше ізденуге үйренді; • Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге машықтанды; • Тақырыпқа деген жан-жақты түсінігін аңғара отырып, ынтасын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалды; •Ой идеясының ішкі астарына үңілуге, өзекті мәселелеге терең барлауға бағыт берілді; Ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланды; • Оқушылардың шығармашылық белсендіктері және сын тұрғысынан ойлау әрекеттері бағаланды. Тыңдағандарыңызға рахмет!