Lesson study – мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Lesson study –
мұғалімнің кәсіби
өрлеу жолы
Алиханов Жасулан
«Балдәурен» РОСО филиалы
Түркістан облысы
1 слайд
Lesson study – мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы Алиханов Жасулан «Балдәурен» РОСО филиалы Түркістан облысы
2 слайд
Қарапайым идея: егер оқыту
тәжірибеңізді жетілдірмек болсаңыз,
оның оқушыларға ықпалын
қадағалау үшін әріптестеріңізбен
бірігуден артық не бар?!
2 слайд
Қарапайым идея: егер оқыту тәжірибеңізді жетілдірмек болсаңыз, оның оқушыларға ықпалын қадағалау үшін әріптестеріңізбен бірігуден артық не бар?!
3 слайд
Шығу тарихы
Сабақты зерттеу ХІХ ғасырдың 70-жылдарында
Жапонияда пайда болған. Бұл тәсіл Макота
Йошиданың Америка Құрама Штаттары мен
Ұлыбританияда жасаған таныстырылымынан
кейін, 2007 жылдан бастап Жапониядан тыс
жерлерде танымал бола бастады. Аталған елдердің
зерттеушілері жапондық ғалымдардың
халықаралық зерттеу аясында көрсетілген
академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас
танытты. М. Йошида бұл жетістік Сабақты зерттеу
тәсілінің жапон мектептерінде кеңінен
қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады
(МАН, 2-деңгей).
3 слайд
Шығу тарихы Сабақты зерттеу ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда пайда болған. Бұл тәсіл Макота Йошиданың Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияда жасаған таныстырылымынан кейін, 2007 жылдан бастап Жапониядан тыс жерлерде танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардың халықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. М. Йошида бұл жетістік Сабақты зерттеу тәсілінің жапон мектептерінде кеңінен қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады (МАН, 2-деңгей).
4 слайд
Lesson Study бастауыш және орта мектептерде
негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім
деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру
мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау
сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында
табысты қолданылады.
4 слайд
Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады.
5 слайд
Lesson Study мектепте жүргізуге не кедергі
болады?
1. Теориялық білімнің саяздығы
2. Тәжірибенің жетіспеушілігі
3. Мектеп әкімшілігі тарапынан қолдаудың болмауы
4. Қажеттілігіне сенімсіз болуы
5. Мектеп ішінде жағдай жасалмауы
6. Әріптестердің қызығушылығының төмендігі
5 слайд
Lesson Study мектепте жүргізуге не кедергі болады? 1. Теориялық білімнің саяздығы 2. Тәжірибенің жетіспеушілігі 3. Мектеп әкімшілігі тарапынан қолдаудың болмауы 4. Қажеттілігіне сенімсіз болуы 5. Мектеп ішінде жағдай жасалмауы 6. Әріптестердің қызығушылығының төмендігі
6 слайд
Lesson Study тәсілінің мақсаты
Оқушыларға білім алуға көмектесу
және топ мүшелерінің кәсіби дамуына
ықпал ету.
6 слайд
Lesson Study тәсілінің мақсаты Оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.
7 слайд
Lesson Study – дың мақсатына байланысты
түрі
1. Lesson Study-дың бірыңғай тақырыбына назар
салу – мектеп
2. Оқыту дағдларын дамыту – нұсқаушы
3. Бақылау дағдыларын дамыту – бақылаушы
7 слайд
Lesson Study – дың мақсатына байланысты түрі 1. Lesson Study-дың бірыңғай тақырыбына назар салу – мектеп 2. Оқыту дағдларын дамыту – нұсқаушы 3. Бақылау дағдыларын дамыту – бақылаушы
8 слайд
Lesson study (СЗ)
Арнайы топ құрылады
Топтың жұмыс жоспары әзірленеді
Сабақтардың өткізу мерзімі бекітіледі
Талқылауға қатысатын адамдар аанықталады
8 слайд
Lesson study (СЗ) Арнайы топ құрылады Топтың жұмыс жоспары әзірленеді Сабақтардың өткізу мерзімі бекітіледі Талқылауға қатысатын адамдар аанықталады
9 слайд
Сабақты
жоспарлау
1. Сабақты алғашқы
жоспарлау
2. Жоспарды талқылау
3. Жоспарға түзетулер
енгізу Сабақты
өткізу
1. Сабақты өткізу
2. Оқушыларды
бақылау
3. Интервью алуҰсынылатын іс-әрекеттер
Талқылау
1. Оқушылардың әрекеті
талқыланады
2. Кедергілер
анықталады
3. Жетілдіру жолдарын
ұсынады
9 слайд
Сабақты жоспарлау 1. Сабақты алғашқы жоспарлау 2. Жоспарды талқылау 3. Жоспарға түзетулер енгізу Сабақты өткізу 1. Сабақты өткізу 2. Оқушыларды бақылау 3. Интервью алуҰсынылатын іс-әрекеттер Талқылау 1. Оқушылардың әрекеті талқыланады 2. Кедергілер анықталады 3. Жетілдіру жолдарын ұсынады
10 слайд
10 слайд
11 слайд
Қандай сәтсіздіктер болуы
мүмкін?
..................................................
11 слайд
Қандай сәтсіздіктер болуы мүмкін? ..................................................
12 слайд
1. Сабақта уақыттың жетіспеуі
2. Тапсырмалардың оқушы деңгейіне сай
келмеуі
3. Бақыланған оқушылар туралы нақты
ақпарат жйналмауы
4. Талдау кезеңінде оқушылар туралы
ақпараттың аз брлуы
12 слайд
1. Сабақта уақыттың жетіспеуі 2. Тапсырмалардың оқушы деңгейіне сай келмеуі 3. Бақыланған оқушылар туралы нақты ақпарат жйналмауы 4. Талдау кезеңінде оқушылар туралы ақпараттың аз брлуы
13 слайд
Бақыланатын оқушы
А деңгей
Алдын ала
анықталады
В деңгей
Деңгейлері барлық пәндер үшін
бірдей болу керек
С деңгей
Осы бақыланған оқушылардан интервью
алынады
13 слайд
Бақыланатын оқушы А деңгей Алдын ала анықталады В деңгей Деңгейлері барлық пәндер үшін бірдей болу керек С деңгей Осы бақыланған оқушылардан интервью алынады
14 слайд
Оқушы
Таным
дық Эмоция
лықӘлеуме
ттік Не бақыланады?
Оның басқа
оқушылармен
қарым-
қатынасы Мұғаліммен
қарым-
қатынасы
Жұмыс
ортасында өзін
тең сезінуі Сабаққа деген
ынтасы,
қызығушылығы
Оқушының
көңіл-күйінің
тұрақтылығы
Өзіне деген
сенімділігіӨзіндік
іс-әрекеті
Мәселені
шешуге деген
ынтасы
Өзбетінше
жұмыс жасай
алу қабілеті
14 слайд
Оқушы Таным дық Эмоция лықӘлеуме ттік Не бақыланады? Оның басқа оқушылармен қарым- қатынасы Мұғаліммен қарым- қатынасы Жұмыс ортасында өзін тең сезінуі Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы Оқушының көңіл-күйінің тұрақтылығы Өзіне деген сенімділігіӨзіндік іс-әрекеті Мәселені шешуге деген ынтасы Өзбетінше жұмыс жасай алу қабілеті
15 слайд
Бақылау қалай жүзеге асырылады?
15 слайд
Бақылау қалай жүзеге асырылады?
16 слайд
1. Таңдаған стратегияларды қолданған сәттер мұқият
бақыланады
2. Бақыланған оқушының берген жауаптары мен әр
әрекеті қатаң бақылауға алынады
3. Бақылаушы тұрып оқушыға тұрып білдіртпей
бақылайды
4. Бақылау кезінде оқушыларға кедергі келтірмеу керек
5. Бақыланатын оқушыға көмектесуге, оқу үдерісіне
араласуға болмайды
6. Бақылаушы оқушыларға кедергі келтірмейтіндей
жерде тұру керек
7. Бақылаушы көрген әрекеттеріне өз пайымдауларын
қоспай, шынайы түрде тіркеу керек
16 слайд
1. Таңдаған стратегияларды қолданған сәттер мұқият бақыланады 2. Бақыланған оқушының берген жауаптары мен әр әрекеті қатаң бақылауға алынады 3. Бақылаушы тұрып оқушыға тұрып білдіртпей бақылайды 4. Бақылау кезінде оқушыларға кедергі келтірмеу керек 5. Бақыланатын оқушыға көмектесуге, оқу үдерісіне араласуға болмайды 6. Бақылаушы оқушыларға кедергі келтірмейтіндей жерде тұру керек 7. Бақылаушы көрген әрекеттеріне өз пайымдауларын қоспай, шынайы түрде тіркеу керек
17 слайд
1-кесте. Сабақты зерттеу үдерісінің бір циклінің
жалпы кестесі (Lewis, Hurd, 2011).
1. Сабақты зерттеу тобын құру (бір немесе екі кездесу)
•
Сабақты зерттеу тобына мүшелерді тарту.
•
Сабақты зерттеу туралы ортақ пікір қалыптастыру.
•
Жоғары сапалы кәсіби білім туралы ойларымен бөлісіп, топ ережесін жасауда соларға сүйену.
•
Топ нормаларын белгілеу.
•
Нақты мерзім белгілеп, кездесу кестесін жасау.
2. Топ қарастыратын мәселені анықтау (бір немесе екі кездесу)
•
Мұғалімнің оқушыларға қатысты әзірлеген ұзақ мерзімді жоспарында қамтылған зерттеу тақырыбын
(басты мақсат) келісу. Егер зерттеу жүргізуші маманның міндеті мектепішілік шараларды қамтитын болса,
зерттеу тақырыбы ретінде жалпымектептік мәселені белгілеген дұрыс.
•
Пәндік саланы таңдау (мысалы, жаратылыстану пәндері, әлеуметтік ғылымдар); егер бұл алдын ала
белгіленбеген болса.
•
Қадағаланатын сабақтың нақты тақырыбы мен бөлімін анықтауды бастау.
3. Тақырыпты зерделеу және зерттеу сабағын жоспарлау (3-тен 8-ге дейін кездесу)
•
Зерттеу сабағы үшін таңдап алынған тақырыпқа қатысты оқу бағдарламасын, бұған дейін өткізілген
сабақтар мен зерттеулерді зерделеу, мүмкін болса, осы салада тәжірибелі адамдардан кеңес алу. Егер сізге
оқушының ойлау үдерісі туралы қосымша ақпарат қажет болса, ондай ақпаратты жинау үшін зерттеу
сабағының алдында «лас сабақ» өткізе алады («лас сабақ» дегеніміз арнайы жоспарланбаған сабақ).
•
Зерттеу сабағын жоспарлау, сабақ пен тақырып бойынша белгіленген нақты жоспармен қатар, ұзақ
мерзімді жоспардың қамтылуын назарда ұстау қажет.
17 слайд
1-кесте. Сабақты зерттеу үдерісінің бір циклінің жалпы кестесі (Lewis, Hurd, 2011). 1. Сабақты зерттеу тобын құру (бір немесе екі кездесу) • Сабақты зерттеу тобына мүшелерді тарту. • Сабақты зерттеу туралы ортақ пікір қалыптастыру. • Жоғары сапалы кәсіби білім туралы ойларымен бөлісіп, топ ережесін жасауда соларға сүйену. • Топ нормаларын белгілеу. • Нақты мерзім белгілеп, кездесу кестесін жасау. 2. Топ қарастыратын мәселені анықтау (бір немесе екі кездесу) • Мұғалімнің оқушыларға қатысты әзірлеген ұзақ мерзімді жоспарында қамтылған зерттеу тақырыбын (басты мақсат) келісу. Егер зерттеу жүргізуші маманның міндеті мектепішілік шараларды қамтитын болса, зерттеу тақырыбы ретінде жалпымектептік мәселені белгілеген дұрыс. • Пәндік саланы таңдау (мысалы, жаратылыстану пәндері, әлеуметтік ғылымдар); егер бұл алдын ала белгіленбеген болса. • Қадағаланатын сабақтың нақты тақырыбы мен бөлімін анықтауды бастау. 3. Тақырыпты зерделеу және зерттеу сабағын жоспарлау (3-тен 8-ге дейін кездесу) • Зерттеу сабағы үшін таңдап алынған тақырыпқа қатысты оқу бағдарламасын, бұған дейін өткізілген сабақтар мен зерттеулерді зерделеу, мүмкін болса, осы салада тәжірибелі адамдардан кеңес алу. Егер сізге оқушының ойлау үдерісі туралы қосымша ақпарат қажет болса, ондай ақпаратты жинау үшін зерттеу сабағының алдында «лас сабақ» өткізе алады («лас сабақ» дегеніміз арнайы жоспарланбаған сабақ). • Зерттеу сабағын жоспарлау, сабақ пен тақырып бойынша белгіленген нақты жоспармен қатар, ұзақ мерзімді жоспардың қамтылуын назарда ұстау қажет.
18 слайд
•
Егжей-тегжейлі сабақ жоспарын жазу. Сабақ жоспары оқушылардың ойлау үдерісін болжауға, дерек
жинауға көмектеседі, сабақтың неліктен дәл осылай құрылымдалып жоспарланғанын негіздеуге және
туындаған сұрақтарыңыз бен байқаған/аңғарған мәселелеріңізді жазып алуға мүмкіндік береді.
•
Сабақ жоспарының бір бөлігі ретінде қандай дерек жиналуы керектігі көрсетілетін дерек жинау
жоспарын әзірлеңіз.
4. Зерттеу сабағын өткізу және талқылау (бір сабақ, сабақ өткен күні немесе көп кешіктірмей кездесу өткізу;
сабақ тағы бір рет өткізілген болса, талқылауды қайталау)
•
Жоспарланған деректерді жинау.
•
Құрылымдалған күн тәртібіне сәйкес сабақтан кейінгі талқы өткізіледі. Бұл кездесуге үйлестіруші мен
хатшы тағайындалады.
•
Пікірталас барысында зерттеу сабағында жиналған деректерге назар аударылады.
•
(Қаласаңыз, сабақты қайта қарап, топтың басқа мүшесіне қайта қаралған жоспармен басқа сыныпқа тағы
бір сабақ өткізуге болады).
5. Рефлексия және алдағы қадамдарды жоспарлау (бір немесе екі кездесу)
•
Зерттеуден алған білімді бекіту: не үйрендің, не түйдің (пән мазмұнына, оқушының ойлау үдерісіне,
оқытуға қатысты және басқа да салаларда). Таныстырылым немесе жазбаша жұмыс ретінде жинақтап,
түйіндеу.
•
Осы сабақты зерттеу үдерісінде ненің тиімді болғанын және алдағы уақытта нені өзгерту қажеттігін
талқылау.
6. Сабақты зерттеу тәжірибесі – мұғалім мамандығын игеруге көмектесетін маңызды жұмыс. Іске сәт!
18 слайд
• Егжей-тегжейлі сабақ жоспарын жазу. Сабақ жоспары оқушылардың ойлау үдерісін болжауға, дерек жинауға көмектеседі, сабақтың неліктен дәл осылай құрылымдалып жоспарланғанын негіздеуге және туындаған сұрақтарыңыз бен байқаған/аңғарған мәселелеріңізді жазып алуға мүмкіндік береді. • Сабақ жоспарының бір бөлігі ретінде қандай дерек жиналуы керектігі көрсетілетін дерек жинау жоспарын әзірлеңіз. 4. Зерттеу сабағын өткізу және талқылау (бір сабақ, сабақ өткен күні немесе көп кешіктірмей кездесу өткізу; сабақ тағы бір рет өткізілген болса, талқылауды қайталау) • Жоспарланған деректерді жинау. • Құрылымдалған күн тәртібіне сәйкес сабақтан кейінгі талқы өткізіледі. Бұл кездесуге үйлестіруші мен хатшы тағайындалады. • Пікірталас барысында зерттеу сабағында жиналған деректерге назар аударылады. • (Қаласаңыз, сабақты қайта қарап, топтың басқа мүшесіне қайта қаралған жоспармен басқа сыныпқа тағы бір сабақ өткізуге болады). 5. Рефлексия және алдағы қадамдарды жоспарлау (бір немесе екі кездесу) • Зерттеуден алған білімді бекіту: не үйрендің, не түйдің (пән мазмұнына, оқушының ойлау үдерісіне, оқытуға қатысты және басқа да салаларда). Таныстырылым немесе жазбаша жұмыс ретінде жинақтап, түйіндеу. • Осы сабақты зерттеу үдерісінде ненің тиімді болғанын және алдағы уақытта нені өзгерту қажеттігін талқылау. 6. Сабақты зерттеу тәжірибесі – мұғалім мамандығын игеруге көмектесетін маңызды жұмыс. Іске сәт!
19 слайд
2-кесте. Сабақты зерттеу тобын құруға арналған
әдіс-тәсілдер (Lewis, Hurd, 2011)
ӘДІС-ТӘСІЛ РЕСУРС
Хабардарлықты арттыру,
еріктілерді тарту Бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытатындарды анықтау
мақсатында әріптестермен бірге Сабақты зерттеу туралы мақала немесе
кітап оқу, бейнежазба көру
Қазіргі кезде жұмыс істеп
жатқан топтың құрамын
өзгерту Сіздің ауданыңызда немесе өңірде жұмыс істеп жатқан топ Сабақты
зерттеу тобына бастама бола алады:
• Оқу бағдарламасы бойынша, стандарт бойынша немесе бағалау
бойынша жұмыс топтары. Соларда айтылған идеяларды басқалар да көруі
үшін зерттеу сабағында жүзеге асыруға болады.
• Тәлімгер, коуч немесе пән саласындағы маман. Зерттеу сабағында солар
айтқан үздік тәжірибе туралы ойларды іске асыруға, таратуға немесе
тексеруге болады.
19 слайд
2-кесте. Сабақты зерттеу тобын құруға арналған әдіс-тәсілдер (Lewis, Hurd, 2011) ӘДІС-ТӘСІЛ РЕСУРС Хабардарлықты арттыру, еріктілерді тарту Бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытатындарды анықтау мақсатында әріптестермен бірге Сабақты зерттеу туралы мақала немесе кітап оқу, бейнежазба көру Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан топтың құрамын өзгерту Сіздің ауданыңызда немесе өңірде жұмыс істеп жатқан топ Сабақты зерттеу тобына бастама бола алады: • Оқу бағдарламасы бойынша, стандарт бойынша немесе бағалау бойынша жұмыс топтары. Соларда айтылған идеяларды басқалар да көруі үшін зерттеу сабағында жүзеге асыруға болады. • Тәлімгер, коуч немесе пән саласындағы маман. Зерттеу сабағында солар айтқан үздік тәжірибе туралы ойларды іске асыруға, таратуға немесе тексеруге болады.
20 слайд
Сабақты зерттеу тәсілін
енгізу үшін ағымдағы жұмысты
өзгерту •
Гранд бөлінетін жұмыстар. Бәлкім гранд бөлуші зерттеу сабағын
дәстүрлі қорытынды есеппен емес, ашық зерттеу сабағы түрінде
аяқтауды қалар. Көпшілік алдында өтетін зерттеу сабағы
жауапкершілікті арттырумен қатар, грант арқылы қаржыландырылатын
жұмыс туралы хабар таратуға көмектеседі.
•
Кәсіби даму кредиті. Мұғалімдерді жеке курстар мен түрлі
конференцияларға жібере бергенше, Сабақты зерттеу топтарына арнап
факультатив ұйымдастырса қалай болмақ?
•
Оқу бағдарламасын іске асыру сапасына шолу, мектепті дамыту
жоспары т.б. Сабақты зерттеу мақсат белгілеу, оқытуды жетілдіру және
оқушылардың үлгерімін бағалау жұмыстарын құрылымдауға
көмектеседі.
•
Бақылау нысандарына шолу жасау. Қадағалау жүргізуге шақырылған
мұғалімдер қолданыстағы талаптардың орнына, зерттеу сабағын
өткізудің басқа нұсқасын ұсына алады ( мысалы, сабақты директордың
қадағалауы ).
20 слайд
Сабақты зерттеу тәсілін енгізу үшін ағымдағы жұмысты өзгерту • Гранд бөлінетін жұмыстар. Бәлкім гранд бөлуші зерттеу сабағын дәстүрлі қорытынды есеппен емес, ашық зерттеу сабағы түрінде аяқтауды қалар. Көпшілік алдында өтетін зерттеу сабағы жауапкершілікті арттырумен қатар, грант арқылы қаржыландырылатын жұмыс туралы хабар таратуға көмектеседі. • Кәсіби даму кредиті. Мұғалімдерді жеке курстар мен түрлі конференцияларға жібере бергенше, Сабақты зерттеу топтарына арнап факультатив ұйымдастырса қалай болмақ? • Оқу бағдарламасын іске асыру сапасына шолу, мектепті дамыту жоспары т.б. Сабақты зерттеу мақсат белгілеу, оқытуды жетілдіру және оқушылардың үлгерімін бағалау жұмыстарын құрылымдауға көмектеседі. • Бақылау нысандарына шолу жасау. Қадағалау жүргізуге шақырылған мұғалімдер қолданыстағы талаптардың орнына, зерттеу сабағын өткізудің басқа нұсқасын ұсына алады ( мысалы, сабақты директордың қадағалауы ).
21 слайд
Жергілікті одақтар мен пән
бойынша әдістемелік
бірлестіктерді тарту Мұғалім одақтары мен белгілі бір пән қауымдастықтары Сабақты
зерттеуді енгізе бастаған пионер болатын (мысалы, Dubin, 2009). Сабақты
зерттеу тобын немесе қоғамдастығын құру үшін ғылыми мұражай,
педагогикалық институт немесе өзге де мекемелермен әріптестік орнатуға
болады.
Қолдау көрсетуші мектепті
табу Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан немесе құру жоспарланған магнит
мектеп немесе кәсіби даму мектебі жұмысты ұйымдастырудың негізгі
қағидаларының бірі ретінде Сабақты зерттеу тәсілін қамтуы мүмкін.
Жақтастарыңды жина Бірнеше әріптесіңмен бірге жұмыс істей отырып, шағын ғана Сабақты
зерттеу тобынан бастаңыз. Ол жерде сіздер бірлесіп Сабақты зерттеу
тәсілін қолдану жолдарын үйрене аласыздар. Кейіннен тобыңыз пайдалы
ақпаратпен бөлісе бастағанда, қызығушылық танытушылар да, қолдау
көрсетушілер де табылып жатады.
Ғаламтордан іздеу Қазіргі кезде интернет желісінде Сабақты зерттеу топтары туралы
ақпарат бар. Сіз Сабақты зерттеу қоғамдастықтарымен байланыс орната
отырып, сіздің қызығушылық білдіретін салаңыз бойынша ізденетін
адамдарды таба аласыз.
21 слайд
Жергілікті одақтар мен пән бойынша әдістемелік бірлестіктерді тарту Мұғалім одақтары мен белгілі бір пән қауымдастықтары Сабақты зерттеуді енгізе бастаған пионер болатын (мысалы, Dubin, 2009). Сабақты зерттеу тобын немесе қоғамдастығын құру үшін ғылыми мұражай, педагогикалық институт немесе өзге де мекемелермен әріптестік орнатуға болады. Қолдау көрсетуші мектепті табу Қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан немесе құру жоспарланған магнит мектеп немесе кәсіби даму мектебі жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі ретінде Сабақты зерттеу тәсілін қамтуы мүмкін. Жақтастарыңды жина Бірнеше әріптесіңмен бірге жұмыс істей отырып, шағын ғана Сабақты зерттеу тобынан бастаңыз. Ол жерде сіздер бірлесіп Сабақты зерттеу тәсілін қолдану жолдарын үйрене аласыздар. Кейіннен тобыңыз пайдалы ақпаратпен бөлісе бастағанда, қызығушылық танытушылар да, қолдау көрсетушілер де табылып жатады. Ғаламтордан іздеу Қазіргі кезде интернет желісінде Сабақты зерттеу топтары туралы ақпарат бар. Сіз Сабақты зерттеу қоғамдастықтарымен байланыс орната отырып, сіздің қызығушылық білдіретін салаңыз бойынша ізденетін адамдарды таба аласыз.
22 слайд
Топ ережесін жазып,
көзге көрінетін жерге
іліп қойған дұрыс
Зерттеу тақырыбын келісу
Сабақты зерттеу тобы құрылған соң олар өздерінің алдағы уақытта қандай
тақырыпты зерделейтіндерін шешіп алуға тиіс. Бұл мұғалім тәжірибесінде
кездесетін оқуға немесе оқытуға, оқушы мінез-құлқына, оқушыны оқуға
ынталандыруға қатысты қиындықтар, оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу,
жаңа оқу бағдарламасын іске асыру, ата-аналармен және жұртшылықпен
жұмысты ұйымдастыру немесе өзге де мәселе болуы мүмкін. Айталық,
мінсіз оқушы мен шынайы оқушыға тән қасиеттер арасындағы алшақтықты
анықтау немесе мектептің қолданыстағы даму жоспарында көзделген
мақсаттарға қол жеткізу бағытындағы жұмыс.
Зерттеу сұрағын қарастырған кезде жалпы мақсаттардан нақты, өзекті
мәселелерге көше отырып, зерттеуге болатын салаларды іріктеу үшін миға
шабуыл жүргізу пайдалы болмақ.
Зерттеу сұрағы мынадай мәселелерді қамтуы мүмкін (Cohen, Manion,
Morrison, 2011):
22 слайд
Топ ережесін жазып, көзге көрінетін жерге іліп қойған дұрыс Зерттеу тақырыбын келісу Сабақты зерттеу тобы құрылған соң олар өздерінің алдағы уақытта қандай тақырыпты зерделейтіндерін шешіп алуға тиіс. Бұл мұғалім тәжірибесінде кездесетін оқуға немесе оқытуға, оқушы мінез-құлқына, оқушыны оқуға ынталандыруға қатысты қиындықтар, оқыту тәжірибесіне өзгеріс енгізу, жаңа оқу бағдарламасын іске асыру, ата-аналармен және жұртшылықпен жұмысты ұйымдастыру немесе өзге де мәселе болуы мүмкін. Айталық, мінсіз оқушы мен шынайы оқушыға тән қасиеттер арасындағы алшақтықты анықтау немесе мектептің қолданыстағы даму жоспарында көзделген мақсаттарға қол жеткізу бағытындағы жұмыс. Зерттеу сұрағын қарастырған кезде жалпы мақсаттардан нақты, өзекті мәселелерге көше отырып, зерттеуге болатын салаларды іріктеу үшін миға шабуыл жүргізу пайдалы болмақ. Зерттеу сұрағы мынадай мәселелерді қамтуы мүмкін (Cohen, Manion, Morrison, 2011):
23 слайд
•
Болжау;
•
Түсіну;
•
Ашу (жаңалық ашу мағынасында);
•
Себеп-салдарын талдау;
•
Тексеру;
•
«Не?»
•
«Егер ... болса, не болады?»
•
«Кім?»;
•
«Қашан?»;
•
«Қайда?»; • «Неге?»;
•
«Қалай?»;
•
Түсіндіру;
•
Сипаттау;
•
Байланыс (мысалы, айнымалылар, адамдар, іс-шаралар арасындағы);
•
Салыстыру;
•
Үдерістер;
•
Факторлар;
•
Бағамдау;
•
Функция немесе мақсат;
•
Белгілі бір нәтижеге қалай қол жеткізуге болады;
•
Бірнәрсенің түрлері;
•
Құрамы мен сапасы;
•
Бірнәрсенің сатылары;
•
Бірнәрсені істеу жолдары;
•
Бірнәрсеге қол жеткізу жолдары;
•
Бірнәрсенің құрылымы;
•
Бірнәрсенің баламалары;
•
Бірнәрсені дамыту немесе жетілдіру жолдары.
23 слайд
• Болжау; • Түсіну; • Ашу (жаңалық ашу мағынасында); • Себеп-салдарын талдау; • Тексеру; • «Не?» • «Егер ... болса, не болады?» • «Кім?»; • «Қашан?»; • «Қайда?»; • «Неге?»; • «Қалай?»; • Түсіндіру; • Сипаттау; • Байланыс (мысалы, айнымалылар, адамдар, іс-шаралар арасындағы); • Салыстыру; • Үдерістер; • Факторлар; • Бағамдау; • Функция немесе мақсат; • Белгілі бір нәтижеге қалай қол жеткізуге болады; • Бірнәрсенің түрлері; • Құрамы мен сапасы; • Бірнәрсенің сатылары; • Бірнәрсені істеу жолдары; • Бірнәрсеге қол жеткізу жолдары; • Бірнәрсенің құрылымы; • Бірнәрсенің баламалары; • Бірнәрсені дамыту немесе жетілдіру жолдары.
24 слайд
Сабақты зерттеу бір мезгілде 4 деңгейдегі мақсатты көздейді (Lewis, 2002):
1- деңгей: Сабаққа қатысты мақсаттар :
•
Тізбектелген сабақтар топтамасы тетіктерінің қағидаттарын білуге ынталы
болу.
•
Мектеп маңайындағы кәсіпорындар мен мекемелерді білу.
•
Шеңбердің ұзындығы диаметрден шамамен үш есе үлкен екенін зерттеу. 2-
деңгей: Тақырыпқа қатысты мақсаттар :
•
Салмағы бір объектіні иінтіректің көмегімен көтеру үшін қажетті күш
объектінің қандай биіктікте болуына және жұмсалатын күшке байланысты
өзгеріп тұратынын түсіну.
•
Жергілікті қоғам және өзінің ондағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру.
•
Шеңбердің ауданын және шеңбердің ауданының тік төртбұрыштың
ауданына қатынасын қалай есептеу керектігін түсіну.
3- деңгей: Жалпы пәнге қатысты мақсаттар :
•
Математика пәні бойынша жаңа есептерді шығару үшін бұған дейінгі
білімін белсенді қолдану.
•
Ғылыми дағдыларды дамыту, айталық, бес сезім мүшесін пайдалану,
тұжырымдарды растау үшін дәлелдерді пайдалану.
4- деңгей: Оқушыларды дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттары :
•
Оқушы ретінде бастама жасау.
•
Құлшыныспен оқу.
•
Достықты құрметтеу.
•
Басқалармен бірлесіп жұмыс істеу.
24 слайд
Сабақты зерттеу бір мезгілде 4 деңгейдегі мақсатты көздейді (Lewis, 2002): 1- деңгей: Сабаққа қатысты мақсаттар : • Тізбектелген сабақтар топтамасы тетіктерінің қағидаттарын білуге ынталы болу. • Мектеп маңайындағы кәсіпорындар мен мекемелерді білу. • Шеңбердің ұзындығы диаметрден шамамен үш есе үлкен екенін зерттеу. 2- деңгей: Тақырыпқа қатысты мақсаттар : • Салмағы бір объектіні иінтіректің көмегімен көтеру үшін қажетті күш объектінің қандай биіктікте болуына және жұмсалатын күшке байланысты өзгеріп тұратынын түсіну. • Жергілікті қоғам және өзінің ондағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру. • Шеңбердің ауданын және шеңбердің ауданының тік төртбұрыштың ауданына қатынасын қалай есептеу керектігін түсіну. 3- деңгей: Жалпы пәнге қатысты мақсаттар : • Математика пәні бойынша жаңа есептерді шығару үшін бұған дейінгі білімін белсенді қолдану. • Ғылыми дағдыларды дамыту, айталық, бес сезім мүшесін пайдалану, тұжырымдарды растау үшін дәлелдерді пайдалану. 4- деңгей: Оқушыларды дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттары : • Оқушы ретінде бастама жасау. • Құлшыныспен оқу. • Достықты құрметтеу. • Басқалармен бірлесіп жұмыс істеу.
25 слайд
Оқу бағдарламасын, бұған дейінгі сабақтар мен зерттеулерді зерделеу
Өз тәжірибесін зерттеуші мұғалімдер жаңа бірдеңе ойлап шығармай, өз істерін бұған
дейін өткізілген сабақтарға негіздей отырып құрса, Сабақты зерттеу үдерісі анағұрлым
тиімді болмақ. Бұл үдерісті Сабақты зерттеу тәсілін...
25 слайд
Оқу бағдарламасын, бұған дейінгі сабақтар мен зерттеулерді зерделеу Өз тәжірибесін зерттеуші мұғалімдер жаңа бірдеңе ойлап шығармай, өз істерін бұған дейін өткізілген сабақтарға негіздей отырып құрса, Сабақты зерттеу үдерісі анағұрлым тиімді болмақ. Бұл үдерісті Сабақты зерттеу тәсілін...