Материалдар / Мағжан жұмабаев-ұлы суреткер 11 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мағжан жұмабаев-ұлы суреткер 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Солтүстік Қазақстан обылысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы,Сасық көл маңында 1893 жылы дүниеге келген.Мағжан Жұмабаев -ақын жазушы ,Үш жасында атасы Жұмабай :"Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгілі ететін болады!" -деп бата берген 4 жасында мектеп сауатын ашады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2022
279
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
“ Жаңаталап жалпы білім беретін мектебі” КММ Зерттеу жұмысының тақырыбы: “Мағжан Жұмабаев- ұлы суреткер” Орындаған: 11 “А” сынып

1 слайд
“ Жаңаталап жалпы білім беретін мектебі” КММ Зерттеу жұмысының тақырыбы: “Мағжан Жұмабаев- ұлы суреткер” Орындаған: 11 “А” сынып оқушысы Аутхан Мәншүк Жетекішісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахыметжан Ахмарха 2021-2022 оқу жылы

МАЗМҰНЫ І КІРІСПЕ ....................................................................................................... ІІ НЕ

2 слайд
МАЗМҰНЫ І КІРІСПЕ ....................................................................................................... ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ ..................................................................................... 2.1. Мағжан - суреткер ақын..................................................................... ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ......................................................................... І V ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................

• Шығарма шылығы мен тағдыры талқыға түссе де қазақ поэзиясы нда ұлт мақтаны шына айналған Мағжан Жұмабаев тың “Өзі- о

3 слайд
• Шығарма шылығы мен тағдыры талқыға түссе де қазақ поэзиясы нда ұлт мақтаны шына айналған Мағжан Жұмабаев тың “Өзі- от, өзі- жалын” болмыс ы н, поэзияс ы ның сыр шыл ли рик алы қ, су рет кер л ік туынды ға толы екендіг ін ашу зерттеу жұмысым ның өзектілігі .Зерттеу жұмысының өзектілігі Зерттеу жұмысының мақсаты • Мағжан Жұмабаев тың қазақ әдебитінд егі айтулы ақын, ерен талант, құдіретті сөз өнерінің майталма ны екенін оқырман назарына жеткізу. • Ақынның жүректің қылын шерте білетін, сырлы да көркем туындыла ры арқылы оқырманн ың көңіл көкжиегі не әсер ететінін дәлелдеу. Зерттеу жұмысының міндеттері • Ұлт мақтанышы, әдебиет жаршысының көп қиындықпен, ізденістің ащы терімен халық құрметінің, махабаттының шыңына шыққан талант иесінің тарих беттерінен,халқының ақыл-ой парасатының санасынан өшпейтіндігін зерделеу.

• Зерттеу жұмысын ың мақсат- міндеттер і негізінде жинақтау, сұрыпт ау, талдау арқылы өзін дік қо рыт ын д ы , ой

4 слайд
• Зерттеу жұмысын ың мақсат- міндеттер і негізінде жинақтау, сұрыпт ау, талдау арқылы өзін дік қо рыт ын д ы , ой то пш ыла у .Зерттеудің әдіс-тәсілдері • М.Жұмаб аев поэзиясы ндағы суретткер лік шеберлік пен сыршылд ық құдіретіні ң образ жасаудағ ы икемділігі н өлеңдерін талдай отырып көз жеткізу . Зерттеу жұмысының жаңашылдығы • Мағжан ақынның суреткерл ік биікке қалай жеткеніне көз жеткіземі н. • Ақынның поэзиясы- халқымыз дың көркем сөз өнерінің асыл мұрасы, ал өзінің айтулы ұлы тұлға екенін дәлелдеуг е өз үлесімді қосамын. Күтілетін нәтижесі

І КІРІСПЕ • М.Жұмабаев поэзиясы- қазақ поэзиясындағы ерен құбылыс. Ұлы Абайдың ақындыққа, сөз өнеріне қойған талап

5 слайд
І КІРІСПЕ • М.Жұмабаев поэзиясы- қазақ поэзиясындағы ерен құбылыс. Ұлы Абайдың ақындыққа, сөз өнеріне қойған талаптарының биігіне шығып, толық жауап бере білген ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі айтулы ақындарымыздың бірі. Бүгінде оның поэзиясы жан-жақты зерттелуде, алайда оның ақындық ерекшелігі, қазақ поэзиясына қосқан үлесі толық ашыла қойды деуге болмайды . Ана тіліміздің керемет сөз байлығын мейлінше еркін пайдаланған ақынның ақындық мәдениеті, суреткерлік шеберлігі әлі талайды тамсандырары сөзсіз. • Ол - қиялы жүйрік, ойы - ұшқыр, қаламы – жүрдек ғажайып қасиет иесі, ол - өз халқының ана тілінің мол байлығын қапысыз меңгерген ғажайып суреткер! Суреткер - өз заманының ұлы, өз дәуірінің үні. Ол өзі өмір сүріп отырған мезгіл мен мекендегі қандай құбылысқа болса да енжар, бейтарап қарамайды, оны бәрі тебірентеді. Ол осының бәрін өз жүрегінің елегінен өткізеді. Көргені мен білгенін әділетті жүректің сынына салады.

• Мағжан - суреткер ақын. Осы суреткерлік биікке қалай жетті? Ең бірінші мақсатым - осыған көз жеткізу. Екінші,

6 слайд
• Мағжан - суреткер ақын. Осы суреткерлік биікке қалай жетті? Ең бірінші мақсатым - осыған көз жеткізу. Екінші, Мағжанның сырлы да сұлу поэзиясы- қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар көркем арна. Бұл – біздің ұлттық мақтанышымыз. Үшінші, суреткерлік шеберлік - мәдениет сарайының жарқын айнасы. Мәдениеттің - айнасы суреткерлік туралы біраз ой бөліскім келеді. Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз – бабам тілі сен қалдың!-деп, жайдақ ақыл, жалаң үгіт, жалаңаш идеяның талантты тұсап, қанатты қайырып тұрған кезеңінде ана тілімізді қорғап,үн көтерген, оның мол байлығын еркін меңгерген зергер ақынның шығармашылығы туған халқымыздың көркем сөз өнерінің асыл мұрасы, ал Мағжанның айтулы тұлға екендігін өз шамамша дәлелдеу.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1. Мағжан- суреткер ақын • Халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдыз, әдебиетіміздің алып тұлғасы, Абай п

7 слайд
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ 2.1. Мағжан- суреткер ақын • Халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдыз, әдебиетіміздің алып тұлғасы, Абай поэзиясынан - “ақындықтың әбілхаят суын” (М.Әуезов) қана ішіп, қазақ поэзиясына жарқын да нәзік, сыршыл да сұлу әуез әкелген сезімтал да сыршыл ақын - М.Жұмабаевтың бар туындысы халқына арналған. • Алдыңғы толқын ағалар - Ахмет, Міржақып секілді Мағжанға да замана желі жайлы тимеді. Сол кездегі озбыр саясаттың тақпаған кінәсі болмады. Бірақ, мұның бәрі ақынның елім, жерім, қазағым деп соққан жүрегіне, асау арманына тұсау бола алмады. Жүрегін жалын атқызған әрбір құбылысқа, селт еткізген нәзік сезімге Мағжан сұлу да сырлы сөздерін арнады. Мағжанның асыл қазынасын, рухани байлығын танып білу, оны талдай отырып, келешек ұрпаққа сол қалпы нәзіктігімен, сыршылдығымен жеткізу біздің міндетіміз. Өмірдің қанша теперішін басынан өткеріп, сан қилы соқпағына түссе де бар білгенін, бар түсінгенін сол жолдың қилы кезеңін ақырғы досы - жырымен өрнектеген суреткер. Бұған ақын шығармашылығымен тереңірек танысқан сайын көз жеткізіп, ақындық талантын еріксіз мойындайсың. Оның өмір ағыны, заман қабағы, халық тағдыры жайлы сан алуан ойлары, толғанысы мен тебіреністері жырларының өне бойынан айқын көрінеді. Ақынның нағыз өзіндік бағыт – бағдары мен айырым қырлары поэзиясынан көрініс береді.

• “ Поэзия дегеніміз негізінен алғанда - өмір, өмірдің мәні, өмірдің мөп – мөлдір сәулесі, шып – шымыр құймасы, қоп - қою тұнба

8 слайд
• “ Поэзия дегеніміз негізінен алғанда - өмір, өмірдің мәні, өмірдің мөп – мөлдір сәулесі, шып – шымыр құймасы, қоп - қою тұнбасы...” – дейді Белинский. Осы пікірге Мағжан поэзиясы қалай жауап қайырады. Бұл үшін Мағжан өлеңдеріне кезек берейік. “Қысқы жолда” өлеңінде: ...Ызғарлы жел долданып, Екі иінінен дем алып. Іштен тартып осқырып, Кейде қатты ысқырып. Аңдай ұлып бір мезгіл Біресе сақ - сақ күледі...- дейді. Табиғат бүкіл әлем құбылысы ақынның жан- дүниесімен үндесіп, сырлы сұлу, кейде тіпті ақылға сыймас қиял ғажайып ертегілерінде суреттелген ерекше бейнелер санаңда тіріліп, еріксіз көз алдыңа келеді. Аяздың ызғарлы болуы да, желдің аңдай ұлып, біресе ішін тартып осқырып, ысқыруы да Мағжан жаңалығы емес, бұрыннан бар нәрсе. Ал, оған жоғарыдағыдай мінездеме беріп кейіптеу, тірі жандай етіп, бүкіл әлемді жандандыра суреттеу, міне сол арқылы табиғаттың жұмбақ сырын көз алдына келтіру ақынның суреткерлік шеберлігінің дәлелі. Адам мен табиғат арасы ақын өлеңінде ажырамас бірлікте, тоғысқан күйде, яғни, айнала өмір, ол осы өмірді ақынның қабылдауы сырлы сөз күшімен әсерлі сурет береді. Ақын елдің елдігін, дарқан даланың кеңдігін жырласын, ақша қардың ақтығын, махаббаттың пәктігін жырласын, ең бірінші өз дүние түсінігі, ішкі жан күйі тұрады, сонысымен әлемді, бүкіл дүниені толғандырып, бірге тебірентеді.

• Мағжан өлеңдеріне тереңнен көз жіберсек, оның аса қалап, сүйіп жырлаған тақырыбы адам, адамның ойы, ішкі көңіл – күйі, арпа

9 слайд
• Мағжан өлеңдеріне тереңнен көз жіберсек, оның аса қалап, сүйіп жырлаған тақырыбы адам, адамның ойы, ішкі көңіл – күйі, арпалысқан сезімдері екенін білеміз. Мағжан махаббат лирикасын жан – тәнімен беріле жырлады. “Сүй жан сәулем” өлеңінде қос ғашықтың жан мен сезім сұлулығының ғажайып бір үйлесім тапқан сәтін қимаудағы ақтарылып айтқан ақтық сөзі, ішкі назы, күйдіріп, жандырған махаббатының сазын лирикалық қаһарман сүйген жанының таң нұрындай мөлдір, таза сұлулығын тамсана тамашалайды да, өз жүрегінің тереңінен: ...Шашың - қара, денең - ақ бұлт, жүзің - Ай, Тісің - меруерт, көзің сәулем құралай,- деген жыр жолдарын төгеді. Қол жетпес асыл арманын сүйгендегі ләззат, бақыт сезімдеріне тіл бітіреді. Бәрінен кереметі – сүйгенінің жан сұлулығы мен жан тазалығын суреттей отырып, өз жүрегінің дүрсілімен үн қатуы. Лирикалық қаһарманның осындай алапат сезімді сәтін беруде М.Жұмабаев керемет бейне, көркем сурет жасай білген. Ақын өлеңіндегі отты сезім, жалын атқан көңіл оқырманның өне бойына қан жүгіртіп, жүрегін тербейді. Мағжан поэзиясында махаббат лирикасының құдіреттілігін халық мойындап, тілге тиек етіп жүргені ақын суреткерлігінің дәлелі екені анық. Ақын поэтикалық өрнек, ерекше бейне жасауда үнемі ізденіс үстінде. Ол үнемі өз көргені мен сезгенін жырлауда образбен ойлайды. Айнала, күллі дүние суретке айналып кетеді. Мағжан бір-бірін шынайы сүйген жүректердің сағыныш жасын махаббаттың тәтті уына теңейді. Бұл образ Мағжанға дейін ешбір ақынның туындысында кездеспеген, қазақ әдебиетіндегі соны, тың бейнелеу, тың образ. Мағжан өлеңдерінде теңеуді болсын, айқындауларды болсын әйтеуір өлең көркі болсын деп, оңды – солды қолданбайды. Оның алдына қойған мақсаты – “тілге жеңіл, жүрекке жылы”(Абай), нысанаға дөп тиетін, көркем де бейнелі қолдану.

• “ Орнын тапқан екі сөз қатар тұрса, біріне – бірінің сәулесі түседі. Сөз сәулесі түскен жерде сурет пайда болады. Ал, сөз су

10 слайд
• “ Орнын тапқан екі сөз қатар тұрса, біріне – бірінің сәулесі түседі. Сөз сәулесі түскен жерде сурет пайда болады. Ал, сөз суретке айналған жерден образ басталады...” деген М.Әуезов пікірі дәл Мағжан поэзиясының көркемдігіне байланысты айтылған. Ақынның ақындық талантының дәл осындай суреткерлік қырын айқындайтын өлеңі – “Шолпы”. “Шолпы” биік махаббат сезімінің мөлдір тамшысы екені анық. Шолпы сылдыры өмірдің тәтті шарабына мас қылғандай. Күннің жібектей үлбіреген сәулесі астында тоқылған осы жыр жолдарында қандай сыр бүгулі? Өзегіңді өртейтін неткен сиқыр? Ол, әрине, ақын жанының сыршылдығы, осы сұлу жырдағы ақын тілінің шеберлігі. ...Сылдыр, сылдыр, сылдыр Қанымды қайнатты құрғыр, Шық - шық жүрекке тиеді Күлпара талқан боп сынғыр... Сылдырдан құралған осы бір сөздерге ән жазудың керегі жоқ. Өзі ән. Сылдырдан басқа осы бір сөздерде басы артық бірде – бір сөз жоқ. Бәрі орнында. Өлең жолындағы әрбір сөз бір – біріне нәзік, сұлу сәулесін түсіріп, таңғажайып сурет тудырып тұр. Сиқырлы саз шалқи толқындап, сылдыр үні қою қараңғыға сіңіп, жүректі аласұртады. Қыз образы керемет құпия сыршылдықпен жасалып тұр. Міне, Мағжанның ақындық қуатының күштілігі осында.

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ • Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, Мағжан поэзиясы қалай айтсақ та, қай қырынан алсақ та қайталанбай

11 слайд
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ • Зерттеу жұмысымды қорытындылай келе, Мағжан поэзиясы қалай айтсақ та, қай қырынан алсақ та қайталанбайтын құбылыс екеніне көзім жетті. Ұлы Абайдың қуатты поэзиясынан кейінгі кестесі келіскен көркем жыр, нәзік сырдың, көркем бейнелі, тың образдардың шалқар көліндей,асқар беліндей болған поэзия- Мағжан поэзиясы. Елдік қасиетіміздің,ана тіліміздің қисапсыз мол байлығын келістіре жырлаған халқымыздың талай ұл-қыздарының алдыңғы сапында болған Мағжанға бүгінгі қазақ халқы, қазақ әдебиеті мәңгі қарыздар. Жүрегінен жалындай шыққан жырларымен өз өмірінің ыстық - суығын бірге бөлісті. ” Бір сәт найзағай отына суырылған болат қанжардай жарқылдады. Тағы бірде, ешкімді танып болмайтын ақ түнек, дүлей боранға тап болып, жан ұшырды, күңіренді. Әлде бір уақытта тұп – тұнық мөлдір сезімге бөленді. Енді бір кез ел, жер тағдырын ойлап қиналды, жаңа бір әуен іздеді. • Мағжан! Бұл есім аталғанда, құлағыңа сырлы сазды, сиқырлы сөзді, өшпес сезімі, қанбас құмары, айықпас азабы бар махаббат жырлары қалықтай жөнеледі.” • Өзінің нәзік сыршылдық қасиетімен кеудесінде жүрек атты кішкентай қасиеті бар қазақ атаулының мақтанышы боларлықтай талантты ақын Мағжан поэзиясы елдігіміздің,ана тіліміздің қасиетті мұрасындай. • Ақынның көптеген өлеңдері, поэмалары, әңгімелері, аудармалары кезінде шығып тұрған газет-журнал беттерінде, олар әлі толық жинала қоймаған екен. Мұның бәрін ыждағатпен жинап, тыңғылықты, тиянақты зерттеп М. Жұмабаев мұрасын халық қолына жеткізу алдағы күннің ісі

ІҮ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1.Мағжан Жұмабаев шығармалары 1-2-3 том. “Білім” 1995 жыл. 2.Ж.Аймауытов “Мағжанның ақындығы

12 слайд
ІҮ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1.Мағжан Жұмабаев шығармалары 1-2-3 том. “Білім” 1995 жыл. 2.Ж.Аймауытов “Мағжанның ақындығы туралы” мақаласы. 3.Шериаздан Елеукенов “Мағжан”, “Санат” 1995 жыл. 4.Абай Құнанбаев «Өлеңдер» жинағы, Алматы-1995 жыл. 5.З.Қабдолов “Сөз өнері” Алматы-1992 жыл.  

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ

13 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ