Мағжан шығармаларындағы мистикалық образдар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мағжан шығармаларындағы мистикалық образдар

Материал туралы қысқаша түсінік
презентация
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген, Жер еркесі - желдің ж

#1 слайд
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген, Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?

1 слайд

«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» (М.Әуезов)

#2 слайд
«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» (М.Әуезов)

2 слайд

«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» (М.Әуезов)

Мағжан шығармаларындағы мистикалық образдар “Пайғамбар” “От” “Жел” “Адастым”, “Ертегі”, “Айда атыңды, Сәрсембай”

#3 слайд

3 слайд

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мағжан шығармаларында кездесетін еуропалық сарынның қазақилығын, қарапайым қазақ түсінігіне сай об

#4 слайд
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мағжан шығармаларында кездесетін еуропалық сарынның қазақилығын, қарапайым қазақ түсінігіне сай образда келтіруін, жан-жақты талқылып, мистикалық образдарды жүйелей отырып көрсету. Осы мақсатқа сай міндеттер: •Ақын өлеңдеріндегі мистикалық образдарды саралау; •«Жел», «От», «Пайғамбар», «Адастым» өлеңдеріндегі азаматтық үн мен ұлттық болмысты қара күш иелерімен ұштастыру;

4 слайд

Жұмыстың жаңалығы: Ақын жын, пері сияқты образдарды бір жағынан кертартпа заманның надан адамдарын жеріне жеткізе көрсету үші

#5 слайд
Жұмыстың жаңалығы: Ақын жын, пері сияқты образдарды бір жағынан кертартпа заманның надан адамдарын жеріне жеткізе көрсету үшін, екінші жағынан ұлттық сана – сезімде қалыптасқан кейіпкерлерді қолданған.Халықтық ұғымдар болғандықтан олардың мәңгілік образдар боларына сенгендігін жеткізу

5 слайд

Мазмұны: І. Кіріспе 1.1 Мистика ұғымы ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Мағжан мистикасындағы еуропалық сар

#6 слайд
Мазмұны: І. Кіріспе 1.1 Мистика ұғымы ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Мағжан мистикасындағы еуропалық сарын 2.2. Ақын өлеңдерінде мистикалық образдардың қазақилануы ІІІ. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

6 слайд

Мистика (грек.mystikos-құпиялы)- дүниеге діни – идеалистік көзқарас.Оның негізінде табиғаттан тыс күштерге сенім жатыр. Мис

#7 слайд
Мистика (грек.mystikos-құпиялы)- дүниеге діни – идеалистік көзқарас.Оның негізінде табиғаттан тыс күштерге сенім жатыр. Мистика- ең алдымен, рухани әлемді жеке психологиялық тәжірибе арқылы тануға ұмтылу, осыдан туындайтын амал-әрекеттер. Нәтижесінде адамға даналық, ғажайып қабілеттер дариды. Мистика ежелгі дәуірден бастау алады. Ежелгі Грециядағы Мистиканы Пифагор, Платон секілді философтар айқын бейнеледі. Кейін бертін келе жаңа заманда ғылым күшейіп, дін, әсіресе Мистика кертартпа ағым деп айтылып, оған қарсы күрес басталды. Мистика- адам мен табиғаттан тыс дүние.

7 слайд

2.1. Мағжан мистикасындағы еуропалық сарын Мағжан орыс және басқа да еуропалық ақын- жазушылар шығармаларын көп оқып, оларм

#8 слайд
2.1. Мағжан мистикасындағы еуропалық сарын Мағжан орыс және басқа да еуропалық ақын- жазушылар шығармаларын көп оқып, олармен жақын танысқан, шығармаларын сондай әлемдік дәрежеде жазуға талпынған. Мағжан еуропалық ақындардан немістің әйгілі ақыны Гетені тереңірек оқыған. Гетенің шығармашылығында мистикалық кейіпкерлер негізгі орынды алады. Қазақ жазба әдебиетінде мистика ұғымы Мағжан шығармаларынан бастап, Бернияз Күлеевтің поэзиясында жалғасын тапқан. Мағжан шығармаларындағы қара күш иелерін өлеңдерінде пайдалануда өзіндік әдісі бар. Мағжан шығармашылығандағы қара күш иелері қазақ ұғымына жақын, қазақ топырағына лайық пері, сайтан, жын образдарында алынады. Бұлардың қай-қайсысы болмасын халық сенімінде иен далада, елсіз мекендерде жүреді. Мағжанның кейбір өлеңдерінде осы халықтық түсініктің қаймағын бұзбайды.

8 слайд

Мистикалық образдар “Пайғамбар” Күн батысты қараңғылық қаптаған, Күні батып жаңа таңы атпаған. Түнеріп жүр түннен туған пе

#9 слайд
Мистикалық образдар “Пайғамбар” Күн батысты қараңғылық қаптаған, Күні батып жаңа таңы атпаған. Түнеріп жүр түннен туған перілер, Тәңірісін табанына таптаған,- деп , өз ойларын еуропалықтарға қарсы қояды. Күн батысты, ондағы болып жатқан оқиғаларды саяси тілмен емес өз еліне ұғынықты, ұлт бояуына қанық сөздермен таныстырады. Өзі Шығыс өкілі ретінде Шығысты пір тұтады. «От» өлеңінде Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын. Күнге ғана бағынам. Өзім- күнмін, өзім-от, Сөзім, қысық көзім де –от. Өзіме-өзім табынам. Жерде жалғыз тәңірі-от, Оттан басқа тәңірі жоқ. Құбылыстың мәнін кең көлемде,жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақынның ең алдымен ненің болса да мән- мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады,әлде таланттан ба, әлде тәңір жазғандықтан ба, өзіне тәуелсіз, тек қана жер үсті тіршілігінің,табиғаттың ғана заңына бағынатын құбылыстың құпия ішкі астарына барғысы келеді. “Адастым” Шегір көзді, сары шаш, Бәрі тырдай жалаңаш, Жан-жағымды жын басты. Ақынның «шегір көзді, сары шаш» деп отырғаны орыстың отарлаушылары,олардан ақын тітіркеніп, жиреніп «жынға» балайды. “”Ертегі” поэмасы Сұлу келіншек – жезтырнақ қой қанышер. Тырнағымды көрсе біліп қалад деп, Жеңнен қолын шығармаған мәні сол. Жезтырнақтың тырнағы бар өткір жез, Алып, күшті, жүгіріп кетсе желден тез. Пері менен диюдың ойнас баласы... Бола алады: аң да, құс та, шал да, қыз. Осы жолдардан біз жезтырнақтың қандай болатындығын, оның қайдан шыққанын білдіретін ұлттық ұғымды көреміз. Ақын бұл жерде жезтырнақты оқушысына таныстырғандай болады. Ал екінші жағынан қарасақ: бүкіл алаштың жауын жезтыраққа теңегендей болады. «Айда атыңды, Сәрсембай» өлеңінде Қарашы кейін бұрылып, Таудай болып созылып, Қала- бір жатқан дәу пері. Айналасы- тұман, түн, Дем алысы- от, түтін, Жарқ- жұрқ етер көздері,- деп қолқаны ата көк түтінге оранған қала тірлігінің ауылдың жұпарлы ауасымен салыстырғанда жан төзгісіз екендігін ауыл халқына түсіндіру үшін «қала – бір жатқан дәу пері» деп халық ұғымына жақындатады.

9 слайд

2.2. Ақын өлеңдерінде мистикалық образдардың қазақилануы Бірқатар шығармаларынан, оның ішінде «От» өлеңінде

#10 слайд
2.2. Ақын өлеңдерінде мистикалық образдардың қазақилануы Бірқатар шығармаларынан, оның ішінде «От» өлеңінде Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын. Күнге ғана бағынам. Өзім- күнмін, өзім-от, Сөзім, қысық көзім де –от. Өзіме-өзім табынам. Жерде жалғыз тәңірі-от, Оттан басқа тәңірі жоқ. Құбылыстың мәнін кең көлемде,жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақынның ең алдымен ненің болса да мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады,әлде таланттан ба, әлде тәңір жазғандықтан ба, өзіне тәуелсіз, тек қана жер үсті тіршілігінің,табиғаттың ғана заңына бағынатын құбылыстың құпия ішкі астарына барғысы келеді. Мағжанның өзі айтып, өзі тұжырымдағандай, ақын өзі болжап біле бермейтін жолға сапар шеккен пері, кейде жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк етіп, бәрінен безінетін жан. Сонан да «Қиял құлы-мен бір ақын» деуінен ұғуға болады. Дүниені философиялық тұрғыдан таниды.

10 слайд

Декадент ақын Д.Мережковскийдің «Дети ночи» деген өлеңіне қарама – қарсы Мағжан «Пайғамбар» атты өлеңін жазған. «Дети ночи» өле

#11 слайд
Декадент ақын Д.Мережковскийдің «Дети ночи» деген өлеңіне қарама – қарсы Мағжан «Пайғамбар» атты өлеңін жазған. «Дети ночи» өлеңінің басты шумағын эпиграф етіп алған. Күн батысты қараңғылық қаптаған, Күні батып жаңа таңы атпаған. Түнеріп жүр түннен туған перілер, Тәңірісін табанына таптаған,- деп , өз ойларын еуропалықтарға қарсы қояды. Күн батысты, ондағы болып жатқан оқиғаларды саяси тілмен емес өз еліне ұғынықты, ұлт бояуына қанық сөздермен таныстырады. Өзі Шығыс өкілі ретінде Шығысты пір тұтады. Соғыс, жан мен тәннің азғындауы тәрізді, ажалдың қара бұлты боп, қара түтін жүзген Батыс кесапатынан сақтандырады.Алайда, М.Жұмабаев Шығыс пен Батыс туралы біраз екпінді,қуатты өлеңдерінен кейін, ішкі жайға, қазақ, яғни өз халқының тағдырына қарай ауысады. Ақын бостандық Шығыстан келеді деп сендіреді.

11 слайд

Бодандықтан жуық арада шыға алмайтындығына Мағжанның көзі жетеді де, «Адастым» атты өлеңін жазады. Мағжан мұнда бүкіл алты Алаш

#12 слайд
Бодандықтан жуық арада шыға алмайтындығына Мағжанның көзі жетеді де, «Адастым» атты өлеңін жазады. Мағжан мұнда бүкіл алты Алаштың атынан сөйлеп, «адастым» деп, дәлірек айтқанда «адастың» деп аттан салады. Шегір көзді, сары шаш, Бәрі тырдай жалаңаш, Жан-жағымды жын басты. Ақынның «шегір көзді, сары шаш» деп отырғаны орыстың отарлаушылары,олардан ақын тітіркеніп, жиреніп «жынға» балайды. Артымда елім бар еді, Алдымда жолым бар еді. Ел де жоқ,қазір жол да жоқ...-деп күңіреніп алып... Табылар жолың,тарылма, Жылама, жынға жалынба, Таң атқанша күн де жоқ – деп артынан халқын жұбатып, жарық таңның атуын тосады. Жұртынан сабыр тілейді. Терезеден үйге кірмек болады, Аманатты қолдан бермек болады. Жол бермеген қатты қара темірді, Ызаланып, зулап кеп ұрады. Бұл жерде ақын сырт қарағанда еркін даладағы гулеп соққан желді айта отырып, бір аласапыран оқиғаның болатынын осы гулеп соққан желді ұнатпай, терезеден үйге кірмек болған «жын», «перілердің» кейпінде көргендей, қара темірді ызалана соғуымен бейнелейді. Тағатсыздана мазаланып, болар іс тезірек болса екен деп, «періге» балаған бүлікшілерді тосады. Бұл гуілдің жай гуіл емес екенін білдіріп, оқушысын да қоса тағатсыздандырып жібергендей болады.

12 слайд

Қорытынды Өткен тарихымыздың асыл қазыналары жадымызға,қаперімізге қайта орала бастаған сәтте, талант иелері жайында тебіренбе

#13 слайд
Қорытынды Өткен тарихымыздың асыл қазыналары жадымызға,қаперімізге қайта орала бастаған сәтте, талант иелері жайында тебіренбей, толғанбай айту қиын. Бір кездері нахақтан күйген есім аталып қайта оралса, оған тек қуану қажет. Кешелері дүлей қара күш ақыл-парасатты ауыздықтап, шідерлегенін, ата- баба жолын ұмыттырып,тексіздікке сүйрегенін білеміз.Бұл күндері, өткен күндегі орасан қателерді жөндеп, рухани байлықты халықтың өз игілігіне қайтаруға мүмкіндік туғаны қуантады. Ақындарымыздың өлеңдерін зерттеп, Мағжандай қайталанбас тұлғаның, теңіздей толқып, буырқанып жатқан өлеңдерін зерттеуде тамшыдай болса да үлес қосқаныма қуанамын

13 слайд

Ұсыныс Халқына азаттық тілеген, өмірін ел мүддесіне арнаған ақын Мағжан Жұмабаев біртуар тұлға екені хақ. Жалпы халыққа ақынны

#14 слайд
Ұсыныс Халқына азаттық тілеген, өмірін ел мүддесіне арнаған ақын Мағжан Жұмабаев біртуар тұлға екені хақ. Жалпы халыққа ақынның өлеңдерін насихаттау үшін мынадай ұсыныстарым бар: •Мағжан шығармаларын қазіргі заман талабына сай электронды кітаптарға ендірілсе; •Әлеуметтік желілерде Мағжанның жеке парағын ашу; Пайдаланылған әдебиеттер: •М. Жұмабевтың көп томды шығармалар жинағы, Алматы: «Жазушы» 2002 жыл; •М. Жұмабаевтың шығармалары, Алматы: «Жазушы» 1989 жыл; •«Әдептану» Ұ. Асылов, Ж. Нұсқабайұлы, «Рауан» 1998 жыл

14 слайд

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Бұдан соң М

#15 слайд
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Бұдан соң Мағжанды сүйемін. ... Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» Мұхтар Әуезов

15 слайд

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Бұдан соң Мағжанды сүйемін. ... Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» Мұхтар Әуезов

«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» (М.Әуезов)

#16 слайд
«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» (М.Әуезов)

16 слайд

«Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» (М.Әуезов)

«М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір» (Ғ.Ибрагимов)

#17 слайд

17 слайд

«Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпт

#18 слайд
«Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов» (С.Мұқанов)

18 слайд

Файл форматы:
pptx
01.01.2018
523
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі