Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауы мен есептеу дағдыларын дамыту
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Математика сабағында
бастауыш сынып оқушыларының логикалық
ойлауын және есептеу дағдыларын дамыту
1 слайд
Математика сабағында бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын және есептеу дағдыларын дамыту
2 слайд
Гректің «logos» деген сөзінен алынған, «ойлау», «сөз», «ақыл-ой»,
«заңдылық» деген мағынаны білдіреді. Логика негізінен адамның ойлау
процесін зерттейді.. Ойлау тек адамдарға ғана тән құбылыс. Логикасы күшті
адам дәл және жүйелі, дәйекті ойлап, өз пікірін ашық әрі еркін жеткізе
алады. Психолог – ғалымдар: Н.Н.Поспелов, Ю.А. Петров, А.Н.Леонтьев,
«логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше
«логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-
пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
2 слайд
Гректің «logos» деген сөзінен алынған, «ойлау», «сөз», «ақыл-ой», «заңдылық» деген мағынаны білдіреді. Логика негізінен адамның ойлау процесін зерттейді.. Ойлау тек адамдарға ғана тән құбылыс. Логикасы күшті адам дәл және жүйелі, дәйекті ойлап, өз пікірін ашық әрі еркін жеткізе алады. Психолог – ғалымдар: Н.Н.Поспелов, Ю.А. Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой- пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі.
3 слайд
Дамыған 50 – елдің қатарына енуге мүмкіндік беретін құдіретті күш –
білімді тұлға. Ал сол білімді тұлға - ұлттық және адамзаттық
құндылықтарды қалыптастыра алатын, сапалы және терең білімді іскер,
шығармашылықпен жұмыс істей алатын, ойлауға қабілетті болуын талап
етеді. Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып отырған басты
талаптарының бірі де осы – рухани дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке
тұлға тәрбиелеу.
3 слайд
Дамыған 50 – елдің қатарына енуге мүмкіндік беретін құдіретті күш – білімді тұлға. Ал сол білімді тұлға - ұлттық және адамзаттық құндылықтарды қалыптастыра алатын, сапалы және терең білімді іскер, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып отырған басты талаптарының бірі де осы – рухани дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
4 слайд
Барлық ғылымдардың
логикалық негізі, күре тамыры
– математика саласы. Білім беру
саласының алдына қойылған
мақсаттарды іске асыруда
бірінші кезекте мектеп
оқушыларының математикалық
сауаттылығын арттыру болып
табылады. Математиканы
оқыту арқылы мәселені талдай
білуге, нақтылауға, ұғымдарды
анықтауға, ой қорытулар
жасауға, дәлелдеуге тағы басқа
іс – жүзінде қадам сайын
логикалық білім беріледі.
4 слайд
Барлық ғылымдардың логикалық негізі, күре тамыры – математика саласы. Білім беру саласының алдына қойылған мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыру болып табылады. Математиканы оқыту арқылы мәселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дәлелдеуге тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі.
5 слайд
Қазіргі кезеңде мектептерде бастауыш сыныптарда қосымша сабақ ретінде
арнайы сабақ ретінде «Логика әлемі» атты пән жүреді. Бұл сабақта Алматы,
«Өлке» баспасында, Үсенова.Н, Фазылова.А, Ерешева.К авторлығымен
шығарылған «Логика әлемі» бастауыш сынып оқушыларына арналған жұмыс
дәптері арқылы жүргізіледі. Берілген құрал бастауыш сынып оқушыларының
танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы
ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл-ой деңгейін
қалыптастырады.
5 слайд
Қазіргі кезеңде мектептерде бастауыш сыныптарда қосымша сабақ ретінде арнайы сабақ ретінде «Логика әлемі» атты пән жүреді. Бұл сабақта Алматы, «Өлке» баспасында, Үсенова.Н, Фазылова.А, Ерешева.К авторлығымен шығарылған «Логика әлемі» бастауыш сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптері арқылы жүргізіледі. Берілген құрал бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл-ой деңгейін қалыптастырады.
6 слайд
«Ойлау – жанның өте бір
қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау
тым ауыр.Сондықтан тәрбиеші
баланың ойлауын өркендеткенде,
сақтықпен басқыштап іс істеу
керек. Оқулықтағы берілген
тапсырмалар, суреттер баланың
жанына дұрыс әсер ететіндей,
оқушының оқуға, білімге деген
ынта – ықыласы, құштарлығы
болуы керек»
М.Жұмабаев
6 слайд
«Ойлау – жанның өте бір қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр.Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек» М.Жұмабаев
7 слайд
Қызығушылығын арттыруға оқушыларға сабақ кезінде шығарған есептерін түрлі
жолдары мен сан қилы тәсілдерін қарастыра отырып шығаруға үйрету және
тақырыптарды тереңдете оқыту жатады.
7 слайд
Қызығушылығын арттыруға оқушыларға сабақ кезінде шығарған есептерін түрлі жолдары мен сан қилы тәсілдерін қарастыра отырып шығаруға үйрету және тақырыптарды тереңдете оқыту жатады.
8 слайд
Ойлау және қабылдау қабілетін дамытуға арнайы логикалық есептер
жинағын шығарту немесе сыныппен бірге математикалық жарыстар, сайыстар
ұйымдастыру жатады. Атап айтсақ, « Математикалық пойыз», «Логика
әлеміне саяхат», «Математикалық пирамида» сияқты логикалық есептер
сайысы.
8 слайд
Ойлау және қабылдау қабілетін дамытуға арнайы логикалық есептер жинағын шығарту немесе сыныппен бірге математикалық жарыстар, сайыстар ұйымдастыру жатады. Атап айтсақ, « Математикалық пойыз», «Логика әлеміне саяхат», «Математикалық пирамида» сияқты логикалық есептер сайысы.
9 слайд
«Математикалық поезд» ойыны
Ойынға 4 команда қатысады. Әр команда вагондарға орналасады.
1-вагон-люкс, 2-вагон-купе, 3-плацкарт, 4-жұмсақ вагон.
Люкс Купе Плацкарт
Жұмсақ
вагон
1 «Есептер»
станциясы.2 «Жұмбақтар»
станциясы.
3 «Геометриялық»
станциясы.
4 «Ойындар»
станциясы.
5 «Эрудит»
станциясы
6 «Әншілер»
станциясы
9 слайд
«Математикалық поезд» ойыны Ойынға 4 команда қатысады. Әр команда вагондарға орналасады. 1-вагон-люкс, 2-вагон-купе, 3-плацкарт, 4-жұмсақ вагон. Люкс Купе Плацкарт Жұмсақ вагон 1 «Есептер» станциясы.2 «Жұмбақтар» станциясы. 3 «Геометриялық» станциясы. 4 «Ойындар» станциясы. 5 «Эрудит» станциясы 6 «Әншілер» станциясы
10 слайд
1 «Есептер» станциясы.
1)Цифрлардың арасына «+» таңбасын қалай
орналастыруға болады 9 8 7 6 5 4 3 2 1 =99 болғандай.
(9+8+7+65+4+3+2+1=99)
2) Әрқайсысының ұзындығы 4метр болатын 20 бөрене
ағашты 25см кесіп, бөліктерге бөлу керек.Барлық
бөрене неше рет кесіледі?(320 рет)
3) 7·9+12:3-2 = 23 теңдік дұрыс болу үшін
жақшаларды қойыңдар. ( (7· 9+12):3-2 = 23 )
4)Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау
жұмысынан қандай баға алғаның сұрағанда :
ешқайсысың жаман баға алған жоқсындар, бірақ
әрқайсысының бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3»
емес, ал Анардың бағасы «3» -те емес, «5»-те емес ,
деді мұғалім. Сонда әркім қандай баға алды? ( Әсем -5,
Анар-4, Ардақ-3)
10 слайд
1 «Есептер» станциясы. 1)Цифрлардың арасына «+» таңбасын қалай орналастыруға болады 9 8 7 6 5 4 3 2 1 =99 болғандай. (9+8+7+65+4+3+2+1=99) 2) Әрқайсысының ұзындығы 4метр болатын 20 бөрене ағашты 25см кесіп, бөліктерге бөлу керек.Барлық бөрене неше рет кесіледі?(320 рет) 3) 7·9+12:3-2 = 23 теңдік дұрыс болу үшін жақшаларды қойыңдар. ( (7· 9+12):3-2 = 23 ) 4)Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғаның сұрағанда : ешқайсысың жаман баға алған жоқсындар, бірақ әрқайсысының бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3» -те емес, «5»-те емес , деді мұғалім. Сонда әркім қандай баға алды? ( Әсем -5, Анар-4, Ардақ-3)
11 слайд
2 «Жұмбақтар» станциясы.
1) Бір-бірімен жарысқан
2 аю, 1 арыстан,
4 қоян, 3 түлкі
Бәрі нешеу ойлан сен? (10)
2) Мұз айдындағы 7 бала
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай 2 бала
Жағалауда тұр қарап (5)
3) Табақта 5 алма
Қолымда 2 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма ? (7)
4) Туысқан бес кісі
Бірінен бірі кіші
Бәрінің аты бар
Ең кішісі шеткісі ( 5 саусақ)
11 слайд
2 «Жұмбақтар» станциясы. 1) Бір-бірімен жарысқан 2 аю, 1 арыстан, 4 қоян, 3 түлкі Бәрі нешеу ойлан сен? (10) 2) Мұз айдындағы 7 бала Асыр сап жүр сырғанап. Сырғанамай 2 бала Жағалауда тұр қарап (5) 3) Табақта 5 алма Қолымда 2 алма Барлығын қосқанда Болады неше алма ? (7) 4) Туысқан бес кісі Бірінен бірі кіші Бәрінің аты бар Ең кішісі шеткісі ( 5 саусақ)
12 слайд
3 «Геометриялық» станциясы.
Суретте қанша үшбұрыш бар.(10 үшбұрыш)
12 слайд
3 «Геометриялық» станциясы. Суретте қанша үшбұрыш бар.(10 үшбұрыш)
13 слайд
4 «Ойындар» станциясы.
1)« Хоп» ойынның шарты. 3
санның еселіктерінін орнана
«хоп» сөзін айтамыз.
Мысалы : 1,2,хоп,4,5,хоп,....
13 слайд
4 «Ойындар» станциясы. 1)« Хоп» ойынның шарты. 3 санның еселіктерінін орнана «хоп» сөзін айтамыз. Мысалы : 1,2,хоп,4,5,хоп,....
14 слайд
5 «Эрудит» станциясы
14 слайд
5 «Эрудит» станциясы
15 слайд
6 «Әншілер» станциясы
Әннің мәтінінде сандар, математикалық терминдер
болу керек.
1 - дегенім – бесік,
Шықтым содан өсіп,
2 - дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім,
3 - дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4 - дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
5 - дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.
6 - деген – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7 - деген - жалау,
Жүректегі алау.
8 - деген - сөзің,
Серт беретін кезің.
9 - деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
10 - дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам!
15 слайд
6 «Әншілер» станциясы Әннің мәтінінде сандар, математикалық терминдер болу керек. 1 - дегенім – бесік, Шықтым содан өсіп, 2 - дегенім - елім, Далам, тауым, көгім, 3 - дегенім - үміт, Үміт артар жігіт. 4 - дегенім - төзім, Төзе білем өзім. 5 - дегенім - бақыт, Бағалайтын уақыт. 6 - деген – ақыл, Тыңдағаның мақұл. 7 - деген - жалау, Жүректегі алау. 8 - деген - сөзің, Серт беретін кезің. 9 - деген – тоқтау, Елдің жоғын жоқтау. 10 - дегенім – Отан, Қорға соны, ботам!
16 слайд
Математикалық пирамида
1 - қадам «Есте сақтайық»
2– қадам «Математикалық термин
құрастыру»
3-қадам – «Кім тапқыр? »
Математикалық сөзжұмбақ
4-қадам – «Оқу залы»
5-қадам
«Кім жылдам ?»
6-қадам– Жеңімпазды анықтау
16 слайд
Математикалық пирамида 1 - қадам «Есте сақтайық» 2– қадам «Математикалық термин құрастыру» 3-қадам – «Кім тапқыр? » Математикалық сөзжұмбақ 4-қадам – «Оқу залы» 5-қадам «Кім жылдам ?» 6-қадам– Жеңімпазды анықтау
17 слайд
Шығармашылық ізденісін дамытуда сыныптағы аса дарынды немесе
математикаға қызығушылығы жоғары балаларды арнайы мектепщілік немесе
республикалық сайыстарға қатыстыру жатады. Оқушыны шығармашылық іс-
әрекетке бейімдейтін, ақыл ойын дамытатын құрал – логикалық қызықты
есептер, қиындығы мол олимпиадалық есептер, әр түрлі сайыстар.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына республикалық «Зерде»,
«Ақбота» сайыстарының қосар үлесі зор. Оқушылар жоба жазу барысында
ізденіп, есептерді талдап, өздері бір қорытындыға келуге тырысады. Логикалық
жаттығуларды орындау біздің ақылымыз, қиялымыз, ой ұшқырлығымызды
дамытады.
17 слайд
Шығармашылық ізденісін дамытуда сыныптағы аса дарынды немесе математикаға қызығушылығы жоғары балаларды арнайы мектепщілік немесе республикалық сайыстарға қатыстыру жатады. Оқушыны шығармашылық іс- әрекетке бейімдейтін, ақыл ойын дамытатын құрал – логикалық қызықты есептер, қиындығы мол олимпиадалық есептер, әр түрлі сайыстар. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына республикалық «Зерде», «Ақбота» сайыстарының қосар үлесі зор. Оқушылар жоба жазу барысында ізденіп, есептерді талдап, өздері бір қорытындыға келуге тырысады. Логикалық жаттығуларды орындау біздің ақылымыз, қиялымыз, ой ұшқырлығымызды дамытады.
18 слайд
Дұрыс құрастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді, өзіне
деген сенімін күшейтеді.
18 слайд
Дұрыс құрастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді, өзіне деген сенімін күшейтеді.
19 слайд
«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін – математика,
сондықтан оны оқу керек»
М.В.Ломоносов
19 слайд
«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек» М.В.Ломоносов