Мүмкіндігі шектеулі балаларға (аутизм, Даун синдромы) көзқарас эволюциясы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін
арнайы мекемелер, ақыл-ойы кем
және т.б. (аутизм, Даун синдромы)
бар балаларға көзқарас
эволюциясы
1 слайд
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы мекемелер, ақыл-ойы кем және т.б. (аутизм, Даун синдромы) бар балаларға көзқарас эволюциясы
2 слайд
Арнайы білім беру мекемесі – бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға
арнайы жағдайлар жасауды, техникалық құралдармен, сондай-ақ
медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетулерді, оқыту мен
тәрбиелеудің арнайы бағдарламалары мен әдістерін, диагностикалау
мен консультация беруді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;
Арнайы мектепке дейінгі және бастауыш, негізгі және жалпы орта
білім беретін арнайы ұйымдарда топтар мен сыныптардың
толымдылығы балалардың санаты мен олардың жасына қарай
"Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру
объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684
қаулысымен бекітілген "Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу
және білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық
талаптар" Санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асады.
2 слайд
Арнайы білім беру мекемесі – бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдайлар жасауды, техникалық құралдармен, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетулерді, оқыту мен тәрбиелеудің арнайы бағдарламалары мен әдістерін, диагностикалау мен консультация беруді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы; Арнайы мектепке дейінгі және бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін арнайы ұйымдарда топтар мен сыныптардың толымдылығы балалардың санаты мен олардың жасына қарай "Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген "Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларына сәйкес жүзеге асады.
3 слайд
арнайы мектепке дейінгі ұйымдар Мемлекеттік жалпыға
міндетті мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту стандартына,
арнайы бағдарламаға сәйкес бір жастан бастап мектеп жасына
дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, дамытуды, қарауды, күту
мен сауықтыруды қамтамасыз етеді.
арнайы бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру
ұйымдары (бұдан әрі – арнайы мектеп) Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білім беру бағдарламаларының негізінде әзірлеген
арнайы бағдарламаларын іске асырады.
үлгілік қағидалар мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы
топтарға және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы
сыныптарға таратылады.
3 слайд
арнайы мектепке дейінгі ұйымдар Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту стандартына, арнайы бағдарламаға сәйкес бір жастан бастап мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, дамытуды, қарауды, күту мен сауықтыруды қамтамасыз етеді. арнайы бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – арнайы мектеп) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларының негізінде әзірлеген арнайы бағдарламаларын іске асырады. үлгілік қағидалар мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы топтарға және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарға таратылады.
4 слайд
Арнайы ұйымдардың негізгі міндеті:
1) баланың денсаулығы мен өмірін сақтау;
2) баланың психикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып кешенді
емдеу, түзету мен әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу мен оқыту үшін
жағдайлармен қамтамасыз ету;
3) мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке кешенді түзете қолдау көрсету;
4) баланың психикалық және дене дамуын түзету;
5) әлеуметтік бейімдеу мен кіріктіруге ықпал ететін қызметтің
компенсаторлық амалдарын қалыптастыру;
6) мектеп алды даярлықтың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
7) тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету,
денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;
8) балаларды тәрбиелеу, оқыту дамыту және денсаулықтарын сақтау
мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық және әдістемелік
көмек көрсету болып табылады.
4 слайд
Арнайы ұйымдардың негізгі міндеті: 1) баланың денсаулығы мен өмірін сақтау; 2) баланың психикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып кешенді емдеу, түзету мен әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету; 3) мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке кешенді түзете қолдау көрсету; 4) баланың психикалық және дене дамуын түзету; 5) әлеуметтік бейімдеу мен кіріктіруге ықпал ететін қызметтің компенсаторлық амалдарын қалыптастыру; 6) мектеп алды даярлықтың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; 7) тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету; 8) балаларды тәрбиелеу, оқыту дамыту және денсаулықтарын сақтау мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
5 слайд
Арнайы білім беру түрлеріне:
1) көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
2) есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
3) сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
5) зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
6) психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
7) көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп;
8) есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп;
9) сөйлеу тілі бұзылған балаларға арнайы мектеп;
10) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы мектеп;
11) зерде бұзылыстары бар балаларға арнайы мектеп;
12) психикалық дамуы тежелген балаларға арнайы мектеп;
13) арнайы кешенді "мектеп – балабақша";
14) психологиялық-медициналық-педагогтік консультация;
15) оңалту орталығы;
16) психологиялық-педагогтік түзету кабинеті жатады.
5 слайд
Арнайы білім беру түрлеріне: 1) көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым; 2) есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым; 3) сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым; 4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым; 5) зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым; 6) психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым; 7) көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп; 8) есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп; 9) сөйлеу тілі бұзылған балаларға арнайы мектеп; 10) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы мектеп; 11) зерде бұзылыстары бар балаларға арнайы мектеп; 12) психикалық дамуы тежелген балаларға арнайы мектеп; 13) арнайы кешенді "мектеп – балабақша"; 14) психологиялық-медициналық-педагогтік консультация; 15) оңалту орталығы; 16) психологиялық-педагогтік түзету кабинеті жатады.
6 слайд
Топтар мен сыныптардың толымдылығы мыналарды
қарастырады:
10-12 адамға дейін - сөйлеу тілі бұзылған, нашар еститін, тірек-қимыл аппаратында зақымдылығы бар
балалар;
10-15 адамнан көп емес - нашар көретіндер;
12 адамнан көп емес - нашар көретіндер; жалпы сөйлеу тілінде күрделі кемістігі бар (алалия, дизартрия,
ринолалия, афазия) сөйлеу тілі зақымдалған және жалпы сөйлеу тілі жеңіл түрде зақымдалған, жеңіл түрдегі
ақыл-ойы кенжелеген, психикалық дамуы тежелген балалар жатады;
10 адамнан көп емес - көрмейтіндер, жеңіл түрдегі сөйлеу қабілеті зақымдалған, жүре пайда болған есту
қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілінің зақымдалуымен бірге (сөйлеу тілінің қалыпты деңгейде дамуымен қатар
тұтықпасы бар балалар) негізгі есту қабілеті зақымдалған;
8 адамнан көп емес - естімейтіндер, есту қабілетінің зақымдалуымен қатар (естімейтіндер) үш жастан
жоғары ақыл-ойы терең зақымдалған, жүре пайда болған есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілі терең
зақымдалуымен қатар нашар еститіндер, жеңіл түрдегі ақыл-ойы кенжелеп қалғандығымен қатар негізгі есту
қабілетінің зақымдалуы;
6-8 адамнан көп емес - үш жастан жоғары (жеңіл түрдегі ақыл-ой кенжелеген, ақыл-ойы терең
кенжелеген) зерде бұзылыстары бар балалар;
10-12 адамнан көп емес - зерде бұзылыстары (жеңіл ақыл-ойы кенжелеген) бар, психикалық дамуы
тежелген;
6 адамнан көп емес - еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылған, аутизм, екі немесе одан да көп
ауытқушылығы бар балалар .
6 слайд
Топтар мен сыныптардың толымдылығы мыналарды қарастырады: 10-12 адамға дейін - сөйлеу тілі бұзылған, нашар еститін, тірек-қимыл аппаратында зақымдылығы бар балалар; 10-15 адамнан көп емес - нашар көретіндер; 12 адамнан көп емес - нашар көретіндер; жалпы сөйлеу тілінде күрделі кемістігі бар (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия) сөйлеу тілі зақымдалған және жалпы сөйлеу тілі жеңіл түрде зақымдалған, жеңіл түрдегі ақыл-ойы кенжелеген, психикалық дамуы тежелген балалар жатады; 10 адамнан көп емес - көрмейтіндер, жеңіл түрдегі сөйлеу қабілеті зақымдалған, жүре пайда болған есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілінің зақымдалуымен бірге (сөйлеу тілінің қалыпты деңгейде дамуымен қатар тұтықпасы бар балалар) негізгі есту қабілеті зақымдалған; 8 адамнан көп емес - естімейтіндер, есту қабілетінің зақымдалуымен қатар (естімейтіндер) үш жастан жоғары ақыл-ойы терең зақымдалған, жүре пайда болған есту қабілеті зақымдалған, сөйлеу тілі терең зақымдалуымен қатар нашар еститіндер, жеңіл түрдегі ақыл-ойы кенжелеп қалғандығымен қатар негізгі есту қабілетінің зақымдалуы; 6-8 адамнан көп емес - үш жастан жоғары (жеңіл түрдегі ақыл-ой кенжелеген, ақыл-ойы терең кенжелеген) зерде бұзылыстары бар балалар; 10-12 адамнан көп емес - зерде бұзылыстары (жеңіл ақыл-ойы кенжелеген) бар, психикалық дамуы тежелген; 6 адамнан көп емес - еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылған, аутизм, екі немесе одан да көп ауытқушылығы бар балалар .
7 слайд
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған
арнайы білім беру ұйымдары түрлері қызметінің тәртібі
6. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының (үлгі, түрлері) мәртебесі
осы Үлгілік қағидаларға сәйкес жарғыда қарастырылады.
7. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіпте мүмкіндігі шектеулі балаларға
арналған арнайы білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізіледі.
8. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға және мектепке қабылдау
психологиялық–медициналық-педагогтік консультацияның қорытындысы бойынша және ата-аналарының
(заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде қабылданады.
9. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, арнайы білім беру
ұйымдарды құралдармен жабдықтауды, қажетті жағдай жасауды, материалды-техникалық қамтамасыз етуді
жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
10. Көру, есту, сөйлеу қабілеті, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға
арналған арнайы білім беру ұйымдары мынадай білім беру деңгейлерінің жалпы білім беру бағдарламасына
сәйкес жүзеге асырады:
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
2) бастауыш сынып;
3) негізгі орта білім;
4) жалпы орта білім.
7 слайд
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары түрлері қызметінің тәртібі 6. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының (үлгі, түрлері) мәртебесі осы Үлгілік қағидаларға сәйкес жарғыда қарастырылады. 7. "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіпте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізіледі. 8. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға және мектепке қабылдау психологиялық–медициналық-педагогтік консультацияның қорытындысы бойынша және ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде қабылданады. 9. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, арнайы білім беру ұйымдарды құралдармен жабдықтауды, қажетті жағдай жасауды, материалды-техникалық қамтамасыз етуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 10. Көру, есту, сөйлеу қабілеті, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары мынадай білім беру деңгейлерінің жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады: 1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту; 2) бастауыш сынып; 3) негізгі орта білім; 4) жалпы орта білім.
8 слайд
Даун синдромын алғаш болып ағылшын дәрігері Джон Лэнгдон Даун ашты. 1862 жылы
Даун өзі зерттеген ауруды психикалық бұзылу ретінде сипаттайды. Синдромның «Даун»
деп аталуы да сондықтан.
Бірақ ағылшын ғалымы оны монголоидтықтарға ғана тән деп санап, «монголизм» деп
атады. ХХ ғасырдың орта шенінде Даун синдромымен барлық нәсіл өкілдерінің
ауыратындығы белгілі болды. Осы тұста синдром генетикалық және тұқымқуалаушылық
факторлардың, сонымен қатар нәрестенің дүниеге келу кезінде болатын түрлі зияндар
мен зақымдардың салдарынан пайда болады делінді.
Даун синдромының неден пайда болатынын 1959 жылы француз ғалымы Жером Лежен
анықтады. Ол 21-хромосоманың трисомиясына байланысты деген тұжырымға келді.
Яғни даун синдромы гаметалардың (аналық жасушалардың және аталық ұрықтардың)
түзілуі кезінде хромосомалардың бөліну процесінің бұзылуынан болады. Адамда 21-ші
жұп хромосомада 46-ның орнына 47 хромосома болса, Даун ауруы пайда болады. Демек
хромосомалардың нормадан тыс ауытқуынан пайда болады. Бұл ауруға қыздар мен
ұлдар бірдей шалдығады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, даун
синдромы жаңа туылған 700-800 нәрестенің ішінде біреуінде кездеседі. Бірақ соңғы
кездері заманауи медицинаның арқасында бұл көрсеткіш біраз жақсарды.
8 слайд
Даун синдромын алғаш болып ағылшын дәрігері Джон Лэнгдон Даун ашты. 1862 жылы Даун өзі зерттеген ауруды психикалық бұзылу ретінде сипаттайды. Синдромның «Даун» деп аталуы да сондықтан. Бірақ ағылшын ғалымы оны монголоидтықтарға ғана тән деп санап, «монголизм» деп атады. ХХ ғасырдың орта шенінде Даун синдромымен барлық нәсіл өкілдерінің ауыратындығы белгілі болды. Осы тұста синдром генетикалық және тұқымқуалаушылық факторлардың, сонымен қатар нәрестенің дүниеге келу кезінде болатын түрлі зияндар мен зақымдардың салдарынан пайда болады делінді. Даун синдромының неден пайда болатынын 1959 жылы француз ғалымы Жером Лежен анықтады. Ол 21-хромосоманың трисомиясына байланысты деген тұжырымға келді. Яғни даун синдромы гаметалардың (аналық жасушалардың және аталық ұрықтардың) түзілуі кезінде хромосомалардың бөліну процесінің бұзылуынан болады. Адамда 21-ші жұп хромосомада 46-ның орнына 47 хромосома болса, Даун ауруы пайда болады. Демек хромосомалардың нормадан тыс ауытқуынан пайда болады. Бұл ауруға қыздар мен ұлдар бірдей шалдығады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, даун синдромы жаңа туылған 700-800 нәрестенің ішінде біреуінде кездеседі. Бірақ соңғы кездері заманауи медицинаның арқасында бұл көрсеткіш біраз жақсарды.
9 слайд
Фолий қышқылы немесе В9 дәрумені гемоглобин синтезі үшін, амин
қышқылдары және серотин мен норадреналин синтезі үшін де аса қажет.
Отандық мамандар даун синдромы көбіне ата-аналардың ағзасында (ел
тұрғындарының 30 пайызында) фолий қышқылының жеткіліксіздігімен
байланыстырады. Дәлірек айтсақ, кез келген адамның ағзасында адамның
тіршілік етуіне қажетті фолий қышқылының өндірілуі жүреді. Ол ДНК
синтезінде қатысады, ал бұл жыныс жасушаларының дұрыс бөлінуі үшін және
жүктіліктің ерте кезеңдерінде ұрық ағзаларының қалыптасуы үшін қажет.
Екіншіден, фолий қышқылы күшті антимутаген болып табылады, яғни,
жасушаларды, әсіресе, жыныс жасушаларын сыртқы жағымсыз әсерлерден
қорғайды. Үшіншіден, бұл қышқыл жанама түрде қан ұюына қатысады.
Сондықтан оның жеткіліксіз болуы қауіпті. Аяғы ауыр келіншектер, дәрігер-
гинекологтардың қабылдауында жиі болып, қан талдауларын уақытылы
тапсырып, қажетті дәрумендерді ішіп тұруы тиіс.
9 слайд
Фолий қышқылы немесе В9 дәрумені гемоглобин синтезі үшін, амин қышқылдары және серотин мен норадреналин синтезі үшін де аса қажет. Отандық мамандар даун синдромы көбіне ата-аналардың ағзасында (ел тұрғындарының 30 пайызында) фолий қышқылының жеткіліксіздігімен байланыстырады. Дәлірек айтсақ, кез келген адамның ағзасында адамның тіршілік етуіне қажетті фолий қышқылының өндірілуі жүреді. Ол ДНК синтезінде қатысады, ал бұл жыныс жасушаларының дұрыс бөлінуі үшін және жүктіліктің ерте кезеңдерінде ұрық ағзаларының қалыптасуы үшін қажет. Екіншіден, фолий қышқылы күшті антимутаген болып табылады, яғни, жасушаларды, әсіресе, жыныс жасушаларын сыртқы жағымсыз әсерлерден қорғайды. Үшіншіден, бұл қышқыл жанама түрде қан ұюына қатысады. Сондықтан оның жеткіліксіз болуы қауіпті. Аяғы ауыр келіншектер, дәрігер- гинекологтардың қабылдауында жиі болып, қан талдауларын уақытылы тапсырып, қажетті дәрумендерді ішіп тұруы тиіс.
10 слайд
Бірақ ата-анасының жасы ықпал етуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, даун
синдромы жасы ұлғайған аналардан көбірек туылады. Мәселен, егер 20-24 жас
аралығындағы әйелдер арасында 1562-ге бір сәбиден болса, жасы 35-39
аралығындағы әйелдерде 214-ке бір сәбиден, ал жасы 45 жастан асқандар арасында
ықтималдылық 19-ға бір сәбиден келеді. Соңғы деректер ер адамның жасы да Даун
синдромының пайда болуына ықпал ететіндігін көрсетеді. Мысалы, жасы 42
жастан асқан ер адамның балаларында Даун синдромының пайда болуы
ықтималдылығы артады.
Мұндай аурумен туылған балалардың көбіне басы сүйір, жаңа туған нәрестенің
мойны қатпар, маңдайы тар, беттерi жалпақ, ерні жуан, тілі жалпақ әрі жуан,
көздің қасаң қабығында дақтар (Брушфельд дақтары) байқалады, көздерiнiң көлемi
кiшкентай, шынашақтары қысқа әрі қисық, тек екі бүгу сызығы болады. Саусақтары
және алақан сызықтары өзгеше келеді. Тістері дұрыс өспейді, таңдайы биік болады.
Шашы сирек, нәзік, түзу болады. Бұл белгiлерді нәресте туылған сәттен-ақ байқауға
болады немесе сәби өсе келе анық бiлiне бастайды. Даун синдромымен туылған
балалардың иммунитеті әлсіз болады, сондықтан олар ауырғыш келеді. Мәселен,
пневмониямен жиі ауырады әрі түрлі инфекцияларды жұқтыруға ағзасы бейім
болады.
10 слайд
Бірақ ата-анасының жасы ықпал етуі мүмкін. Мамандардың айтуынша, даун синдромы жасы ұлғайған аналардан көбірек туылады. Мәселен, егер 20-24 жас аралығындағы әйелдер арасында 1562-ге бір сәбиден болса, жасы 35-39 аралығындағы әйелдерде 214-ке бір сәбиден, ал жасы 45 жастан асқандар арасында ықтималдылық 19-ға бір сәбиден келеді. Соңғы деректер ер адамның жасы да Даун синдромының пайда болуына ықпал ететіндігін көрсетеді. Мысалы, жасы 42 жастан асқан ер адамның балаларында Даун синдромының пайда болуы ықтималдылығы артады. Мұндай аурумен туылған балалардың көбіне басы сүйір, жаңа туған нәрестенің мойны қатпар, маңдайы тар, беттерi жалпақ, ерні жуан, тілі жалпақ әрі жуан, көздің қасаң қабығында дақтар (Брушфельд дақтары) байқалады, көздерiнiң көлемi кiшкентай, шынашақтары қысқа әрі қисық, тек екі бүгу сызығы болады. Саусақтары және алақан сызықтары өзгеше келеді. Тістері дұрыс өспейді, таңдайы биік болады. Шашы сирек, нәзік, түзу болады. Бұл белгiлерді нәресте туылған сәттен-ақ байқауға болады немесе сәби өсе келе анық бiлiне бастайды. Даун синдромымен туылған балалардың иммунитеті әлсіз болады, сондықтан олар ауырғыш келеді. Мәселен, пневмониямен жиі ауырады әрі түрлі инфекцияларды жұқтыруға ағзасы бейім болады.
11 слайд
Аутизм балалардың сөйлеу тілі коммуникативтілігі, бірігіп жұмыс
істеу қабілеті, сенсорлық қабылдау бұзылуларымен сипатталады.
Бұндай балаларды инклюзивті оқытуда алдымен бұзылымдарды
негізін түсіну, педагогикалық әдістемелерді таңдау болып табылады.
Аутизм балаларды басқа бұзылымдары бар балалармен
салыстырғанда, аутизм балалардың көпшілігі жалпы білім беру
бағдарламасымен оқи алады.
Қалыпты интеллект, жақсы есте сақтау қабілеті, көріп қабылдау
қабілеті аутизм балаға академиялық бағдарламаны жақсы қабылдауға
мүмкіндік береді. Аутист бала математикадан үздік оқи алады, кейде
өз қатарындағы балардан да үздік оқиды. Кейбіреулері, ұсақ
моторикасында проблемасы жоқ жағдайда, сурет салуда үздік.
11 слайд
Аутизм балалардың сөйлеу тілі коммуникативтілігі, бірігіп жұмыс істеу қабілеті, сенсорлық қабылдау бұзылуларымен сипатталады. Бұндай балаларды инклюзивті оқытуда алдымен бұзылымдарды негізін түсіну, педагогикалық әдістемелерді таңдау болып табылады. Аутизм балаларды басқа бұзылымдары бар балалармен салыстырғанда, аутизм балалардың көпшілігі жалпы білім беру бағдарламасымен оқи алады. Қалыпты интеллект, жақсы есте сақтау қабілеті, көріп қабылдау қабілеті аутизм балаға академиялық бағдарламаны жақсы қабылдауға мүмкіндік береді. Аутист бала математикадан үздік оқи алады, кейде өз қатарындағы балардан да үздік оқиды. Кейбіреулері, ұсақ моторикасында проблемасы жоқ жағдайда, сурет салуда үздік.
12 слайд
Аутизм синдромы бар балалардың көпшілігі оқуды тез
меңгереді, бірақ оқығанын түсінбейді. Аутистік белгілері және
қабылдау проблемалары мектепте оқығанда үлкен кедергілер
туғызады. Құрдастарымен қарым-қатынасқа кірігу
қиындықтары сыныптастары және мұғалімдер жағынан
әлеуметтік шектеудің себебі болады.
Тәртібінің бұзылуы, сыныпта айқайлау, орындықта қозғалу,
агрессия, аутоагрессия бұзылымдары мұғалімге сабақ жүргізуге
кедергі болады.
Сонымен қатар, аутизм синдромы бар балаларға сөйлеу
тілінің көптеген бұзылымдары, сөйлеу тілін дұрыс қолдана
алмау, сөздік қорының шектелуі, грамматикалық бұзылымдар,
сөйлеу тілінің мәнерлігінің бұзылуы тән. Осы бұзылулардың
себебі күйзеліске, агрессияға, ышқынып айқайлауына әкеледі.
12 слайд
Аутизм синдромы бар балалардың көпшілігі оқуды тез меңгереді, бірақ оқығанын түсінбейді. Аутистік белгілері және қабылдау проблемалары мектепте оқығанда үлкен кедергілер туғызады. Құрдастарымен қарым-қатынасқа кірігу қиындықтары сыныптастары және мұғалімдер жағынан әлеуметтік шектеудің себебі болады. Тәртібінің бұзылуы, сыныпта айқайлау, орындықта қозғалу, агрессия, аутоагрессия бұзылымдары мұғалімге сабақ жүргізуге кедергі болады. Сонымен қатар, аутизм синдромы бар балаларға сөйлеу тілінің көптеген бұзылымдары, сөйлеу тілін дұрыс қолдана алмау, сөздік қорының шектелуі, грамматикалық бұзылымдар, сөйлеу тілінің мәнерлігінің бұзылуы тән. Осы бұзылулардың себебі күйзеліске, агрессияға, ышқынып айқайлауына әкеледі.
13 слайд
Көпшілік аутист балалар шуға, қатты дыбыстарға
сезімтал. Үзілісте немесе сыныпта балалардың айқай
шуы аутист баланың кері айқайлауына әкеледі.
Мұғалімнің қатты дауысы немес оқушының жылауы
кері эмоциялық реакция туғызып аутист бала жылайды
немесе айқайлайды, заттарды лақтырып итере
бастайды. Аутист балалардың арасында түрлі жапсыру
тапсырмаларын орындаған кезде клейге, бояуларға
жиіркенетін балаларда болады. Ол жапсыру
тапсырмаларын орындаудан бас тартады.
Сенсорлық проблемалар ұсақ моторика қимылдарының
дамымаушылығымен және қимыл-қолзғалыс
қиындықтарымен негізделеді.
13 слайд
Көпшілік аутист балалар шуға, қатты дыбыстарға сезімтал. Үзілісте немесе сыныпта балалардың айқай шуы аутист баланың кері айқайлауына әкеледі. Мұғалімнің қатты дауысы немес оқушының жылауы кері эмоциялық реакция туғызып аутист бала жылайды немесе айқайлайды, заттарды лақтырып итере бастайды. Аутист балалардың арасында түрлі жапсыру тапсырмаларын орындаған кезде клейге, бояуларға жиіркенетін балаларда болады. Ол жапсыру тапсырмаларын орындаудан бас тартады. Сенсорлық проблемалар ұсақ моторика қимылдарының дамымаушылығымен және қимыл-қолзғалыс қиындықтарымен негізделеді.
14 слайд
Балалар аутизмінің маңызды көріністері :
эмоциялық аясының таязды ғы
бауыр басудың әлсіздігі
баланың оңаша болуға ұмтылуы,
барлық жаңа заттар мен орындарға қорқыныш (неофобия),
әдеттегі жағдайда кез келген өзгерістерге қорқу,
қозғалыстағы стереотиптік қозғалыстар,
қы...
14 слайд
Балалар аутизмінің маңызды көріністері : эмоциялық аясының таязды ғы бауыр басудың әлсіздігі баланың оңаша болуға ұмтылуы, барлық жаңа заттар мен орындарға қорқыныш (неофобия), әдеттегі жағдайда кез келген өзгерістерге қорқу, қозғалыстағы стереотиптік қозғалыстар, қы...