Материалдар / Презентация Балаға қатысты дәстүрлер "Қазақстан - тарих толқынында" қолданбалы курсы 11-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Презентация Балаға қатысты дәстүрлер "Қазақстан - тарих толқынында" қолданбалы курсы 11-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы мәлімет беру. Халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерді бойларына сіңіру, рухани - адамгершілік қағидаларды ұстануға үйрету арқылы салт-дәстүрлер құндылықтарының мәнін ашу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2020
744
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
«Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан –тарих

1 слайд
«Абай атындағы қазақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан –тарих толқынында» қолданбалы курсы 11 а сыныбы Тарих пәнінің мұғалімі Шортанбаева Балнур Турсыновна

Сабақтың тақырыбы: «Балаға қатысты дәстүрлер»

2 слайд

Сабақтың мақсаты: Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы мәлімет беру. Халқымыздың игі дәс

3 слайд
Сабақтың мақсаты: Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері туралы мәлімет беру. Халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт - дәстүрлерді бойларына сіңіру, рухани - адамгершілік қағидаларды ұстануға үйрету арқылы салт- дәстүрлер құндылықтарының мәнін ашу.

4 слайд

4 слайд

Баланың дүниеге келуіне байланысты салт- дәстүрлер Әдет - ғұрып - жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ қоғамдық тәр

5 слайд
Баланың дүниеге келуіне байланысты салт- дәстүрлер Әдет - ғұрып - жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ қоғамдық тәртіп, мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары. Дәстүр – (латынша жапсыру, жалғастыру ) - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт – сана, өнегелі өнер болып табылады. Салт-дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Бала тәрбиесіне байланысты әдеп-ғұрыптарға баланың дүниеге келген күннен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі жатады. Мысалы: шілдехана, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тілашар және т.б.

“ Құрсақ той” қашан жасалады? Балаларға арналған салт-дәстүрдің басы “құрсақ тойдан” басталады десек қателеспеген болар едік. С

6 слайд
“ Құрсақ той” қашан жасалады? Балаларға арналған салт-дәстүрдің басы “құрсақ тойдан” басталады десек қателеспеген болар едік. Себебі бұл мереке де – баланың қамы үшін жасалатын жоралғы. Алайда “құрсақ тойды” қазіргі уақытта әркім әртүрлі өткізіп келеді. Шындығында оның өз алдына қойған мақсаты бөлек. Тойды үйдің үлкен анасы өткізеді. Ол келіннің және құрсақтағы нәрестенің амандығын тілейді де, көрші-қолаңдарына, туыстарына «құрсақ той» өткізіп береді. Тойға келген әйелдер өздерімен бірге түрлі дәм алып келеді. Мұндағы мақсат: әр дәмнің арасынан жас келіннің жерігін табу. Қонаққа келген әйелдер қолжаулықтарын үй босағасына іліп кетеді. Бұл – қол-аяғымыз жеңіл болсын, үйдегі бақыт бізбен еріп кетпесін деген ырым.

“ Жарыс қазанда” кімдер жарысады? Бұдан кейінгі балаларға қатысты салттың бірі – “жарыс қазан”. Ананың толғағы қысып, жиілей ба

7 слайд
“ Жарыс қазанда” кімдер жарысады? Бұдан кейінгі балаларға қатысты салттың бірі – “жарыс қазан”. Ананың толғағы қысып, жиілей бастағанда, жеңіл болсын деп сол ауылдың пысық әйелі ошақ көтеріп, қуырдақ қуыра бастайды. Жарыс қазан асудағы себеп қазанмен бірге толғақ жиілейді, тамақтан бұрын бала туылады деп ырымдағаны.

“ Шілде күзет” дегеніміз не? Бала дүние есігін ашқаннан кейін жасалатын ең алғашқы мереке – шілдехана. Мәні нәрестені қорғап, “

8 слайд
“ Шілде күзет” дегеніміз не? Бала дүние есігін ашқаннан кейін жасалатын ең алғашқы мереке – шілдехана. Мәні нәрестені қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, қорғау дегеннен туындаған. “Чілле” парсы тілінен аударғанда “қырық” деген мағынаны береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен. Бертін келе шілдехана ұлттық ойын- сауық кешіне айналған. Бұл мерекеде алыс-жақын нәрестелі үйге “бауы берік болсын” айтып, сыйлықтарын береді.

“ Қалжа” кімге беріледі? Қалжа – жас босанған әйелге берілетін тағам. Оны әйелдің төркіні алып келеді. Қалжа ретінде қой еті бе

9 слайд
“ Қалжа” кімге беріледі? Қалжа – жас босанған әйелге берілетін тағам. Оны әйелдің төркіні алып келеді. Қалжа ретінде қой еті беріледі. Бұл -ананың тез қуат алуы үшін, бала тез ширауы жасалатын ғұрып. Мал сойылып, еті желінгеннен кейін, мойнын қырық күнге дейін іліп қояды. Бұл – баланың мойны берік болсын деген ырыммен жасалатын амал. Бесік той Жаңа туылған баланы бесікке бөлеу жорасы  «бесік той»  деп аталады. Үй иесі бұл мерекеге ауыл әйелдерін, баланың кіндік шешесін шақырады. Қонақтар балаға арнап шашу, жейде, көйлек тәрізді сыйлықтарын әкеледі. Баланы бесікке бөлеуді халқымыз өнер деп таныған. Бесік тойға келгендердің арасынан жолы үлкен тәжірибелі бір әйел баланы бесікке бөлейді. Бұл кезде түбектің тесігінен балаларға тәтті, бауырсақ, құрт-ірімшік (тыштыма) үлестіреді. Баланы бесікке бөлеген әйелге тиісті кәде беріледі. Ал босанған ана тәжірибелі әйелдің бесікке бөлеу өнерін үйренеді .

Баланы қырқынан шығару Дүниеге келгеніне қырық күн толғаннан кейін сәбидің шашы, тырнағы алынады. Бұл -өте мұқияттылықты талап

10 слайд
Баланы қырқынан шығару Дүниеге келгеніне қырық күн толғаннан кейін сәбидің шашы, тырнағы алынады. Бұл -өте мұқияттылықты талап ететін жоралғы. Себебі еңбегі қатпаған баланың шашын алу кезінде өте абай болу керек. Алдымен баланы 40 қасық суына жуындырады. Ұрпағы өсіп-өнген қария әже суды баланың үстіне құйып тұрып “30 омыртқаң жылдам бекісін, 40 қабырғаң жылдам қатсын” деп тілек айтқан. Бұл тойға жиналған адамдардың әрқайсысы нәрестені шомылдыратын ыдысқа ырымдап  40 қасық су  құяды, шомылдырған ыдысқа “Күні күмістей жарқырап тұрсын” деп күміс сақина, жүзік сияқты әшекейлер салынады. Шомылдыруға көмектескен әйелдер сақиналарды өзара бөліседі. Осы мереке кезінде сәбидің қырық күн кезінде киген жейдесін (ит көйлек) шешіп алып, оған құрт-ірімшік, тәттілерді түйіп, бір иттің мойнына байлап қоя береді. Ауыл балалары итті қуып ұстап, тәтті, құрт-ірімшіктерді таласа-тармаса жейді.

11 слайд

11 слайд

12 слайд

12 слайд

Жауынгер баланы тәрбиелеу Атқа мінгізу – ұл баланың сәбилік шақтан балалық шаққа өтуін айғақтайтын рәсім. Ол баланың буыны бек

13 слайд
Жауынгер баланы тәрбиелеу Атқа мінгізу  – ұл баланың сәбилік шақтан балалық шаққа өтуін айғақтайтын рәсім. Ол баланың буыны бекіп, 4-5 жасқа келгенде немесе ат үстінде өзін ұстай алатын болғанда шағында жасалды. Себебі халқымыз ертеден ер баланы жауынгер етіп тәрбиелеу, еңбекке баулу мақсатын көздеген. Балаларға арналып алдын ала ат дайындап ер-тұрман әзірлейді. Оны халқымызда “ашамай” деп атайды. Ашамайдың ер сияқты екі қасы (алдыңғы және артқы), екі қапталы, оқпаны болады. Үзеңгінің орнына тепкішек қолданылады. Баланы атқа мінгізген күні арнайы атқа мінгізу тойы жасалады .

14 слайд

14 слайд

Тілашар тойы Тілашар тойы – баланың тілі тез шықсын деген ниетпен жасалатын рәсім. Оған ауылдың ділмар, шешен ақсақал, қарияла

15 слайд
Тілашар тойы Тілашар тойы – баланың тілі тез шықсын деген ниетпен жасалатын рәсім. Оған ауылдың ділмар, шешен ақсақал, қариялары шақырылады. Той кезінде олар «Тілің тез шықсын!» деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді. Ертеректе баланы қой ішегімен буындырып тұрып, «Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде алған. Бұдан кейін ақсақалдар балаға «Сандуғаштай сайрап кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем бол!» деген секілді ақ баталарын берген.

Қазір «сақина салу» атты ұлттық ойынды ойнаймыз 1. Тілашар тойы қашан жасалатын той? 2. Нәресте жақсы ұйықтасын деп не істеу ке

16 слайд
Қазір «сақина салу» атты ұлттық ойынды ойнаймыз 1. Тілашар тойы қашан жасалатын той? 2. Нәресте жақсы ұйықтасын деп не істеу керек? 3. Бесікке салу дәстүрінің балаға қандай пайдасы бар? 4. Атқа мінгізу салты баланың неше жасында жасалады? 5. Қырқынан шығару салты қалай өткізіледі?

Қорыта келгенде қазақ халқының ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан салт-дәстүрімізді, соның ішінде балаға қатыс

17 слайд
Қорыта келгенде қазақ халқының ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан салт-дәстүрімізді, соның ішінде балаға қатысты дәстүрлерімізді біліп және соны дәріптеуіміз керек. Бүгінгі сабақ барысында «“Құрсақ той” қашан жасалады?», «“Жарыс қазанда” кімдер жарысады?», «“Шілде күзет” дегеніміз не?», “Қалжа” кімге беріледі?, «Бесік той», «Баланы қырқынан шығару», «Тұсау қалай кесіледі?», «Жауынгер баланы тәрбиелеу», «Сүндет той», «Тілашар тойы» т.б. дәстүрлерді қарастырған болатынбыз. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды, мұраларымызды ешқашан естен шығармауымыз керек.

18 слайд

18 слайд