Презентация "Бата сөзінің тәрбиелік мәні" 5 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
1 слайд
2 слайд
Жауынменен жер көгерер,
Батаменен ер көгерер.
2 слайд
Жауынменен жер көгерер, Батаменен ер көгерер.
3 слайд
Бата дегеніміз не?
3 слайд
Бата дегеніміз не?
4 слайд
Бата беру - адал ниет, жақсы тілек
білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ
батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа
жол ашады деп сенеді. Сондықтан да
қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан,
атақты батыр, билерден, шашасына шаң
жұқпайтын шешендер мен арқалы
ақындардан бата алуға құштар болған.
4 слайд
Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.
5 слайд
Теріс
(қарғыс)
бата.
Ақ бата.
Серттесу
батасы
(Баталас
у).
Батаны
ң негізгі
түрлері:
5 слайд
Теріс (қарғыс) бата. Ақ бата. Серттесу батасы (Баталас у). Батаны ң негізгі түрлері:
6 слайд
Ақ бата – шын жүректен шыққан
ізгі
тілек ,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе
жатқан
өсиетнама, қазақтың қасиетті тұмары.
Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның
бір-біріне деген мейірім-шапағатын,
сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі
ынтымақ-ырысқа, береке –бірлікке
шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу,
келешекте жүзеге асырылатын мақсат,
мүдделерді белгілеу.
6 слайд
Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек ,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетнама, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу.
7 слайд
Ақ батаның бір түрі – ас- дәмге
ризашылығын білдіріп, рахметін
айту. Әрбір қонақ өзіне арналып
сойылатын қойға батасын беріп
және әр дастарқаннан кейін үй
иесіне рахметін білдіріп отыруы
шарт... Әдетте, батаны
қонақтардың ішіндегі ең жасы
үлкені береді және ол көбінесе
өлең түрінде болып келеді...»
Мысалы:
7 слайд
Ақ батаның бір түрі – ас- дәмге ризашылығын білдіріп, рахметін айту. Әрбір қонақ өзіне арналып сойылатын қойға батасын беріп және әр дастарқаннан кейін үй иесіне рахметін білдіріп отыруы шарт... Әдетте, батаны қонақтардың ішіндегі ең жасы үлкені береді және ол көбінесе өлең түрінде болып келеді...» Мысалы:
8 слайд
Ардақты үй иесі,
Әуелі бердің шай,
Көңілің болсын жай!
Екінші бердің ет,
Таппасын көңілің
Ешбір дерт!
Үшінші бердің сорпа,
Болмасын бағың орта!
8 слайд
Ардақты үй иесі, Әуелі бердің шай, Көңілің болсын жай! Екінші бердің ет, Таппасын көңілің Ешбір дерт! Үшінші бердің сорпа, Болмасын бағың орта!
9 слайд
– құдалықта, серт пен уәдеде,
елшілікте, ел арасындағы
маңызды үлкен шараларда
жасалатын жол.
Серттесу
батасы
(Баталасу).
9 слайд
– құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Серттесу батасы (Баталасу).
10 слайд
10 слайд
11 слайд
Ұзатқан қызға.
Еліне елеулі бол,
Халқына қалаулы бол
Ата-енеңе жағымды бол,
Қайныаға,қайныңа қайырымды
бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол
11 слайд
Ұзатқан қызға. Еліне елеулі бол, Халқына қалаулы бол Ата-енеңе жағымды бол, Қайныаға,қайныңа қайырымды бол. Ауылыңа айбарлы бол, Күйеуіңе жайдарлы бол
12 слайд
Баталардың ішінде ел есінде
көптен бері сақталып келе жатқан
-сақтық батасы
Сақтық батасы
Уа, құдайым, тілегімді қабыл ет,
Иманымды кәміл ет!
Тозақта жанған оттан сақта,
Қаңғырып тиген оқтан сақта.
Парақор соттан сақта,
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек бақылдан сақта.
12 слайд
Баталардың ішінде ел есінде көптен бері сақталып келе жатқан -сақтық батасы Сақтық батасы Уа, құдайым, тілегімді қабыл ет, Иманымды кәміл ет! Тозақта жанған оттан сақта, Қаңғырып тиген оқтан сақта. Парақор соттан сақта, Кірлі сумен жуыстан сақта, Ынтымақсыз туыстан сақта, Қара жүрек бақылдан сақта.
13 слайд
Бата көбінесе жастарға беріледі.
«Атадан бала тусайшы, ата жолын
қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып
келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі
ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. «
Шыншыл, әділетті, иманды болу сонау арғы ата
– бабамыздан бері қалыптасып келе жатқан
дәстүріміз» дейді де, халық сол игі дәстүрді бұзған
ұрпаққа айып тартқызады. «Ат тұяғын тай басар»
деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап
етеді. Әулеттік тағлымдар ата дәстүріне айналып,
санаға сіңіп, салтқа биіктейді.
13 слайд
Бата көбінесе жастарға беріледі. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. « Шыншыл, әділетті, иманды болу сонау арғы ата – бабамыздан бері қалыптасып келе жатқан дәстүріміз» дейді де, халық сол игі дәстүрді бұзған ұрпаққа айып тартқызады. «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап етеді. Әулеттік тағлымдар ата дәстүріне айналып, санаға сіңіп, салтқа биіктейді.
14 слайд
Бала туғаннан бастап, бүкіл
өмір бойы,бата беру салты
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып
отырады
14 слайд
Бала туғаннан бастап, бүкіл өмір бойы,бата беру салты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырады
15 слайд
Азамат болып ер жетсін ,
Ақсақал болып төрлетсін.
Азамат болып көрікті,
Ғұмыры болсын берікті.
Азамат болсын ардақты,
Мінезі болсын салмақты.
Өнері болсын жан -жақты.
15 слайд
Азамат болып ер жетсін , Ақсақал болып төрлетсін. Азамат болып көрікті, Ғұмыры болсын берікті. Азамат болсын ардақты, Мінезі болсын салмақты. Өнері болсын жан -жақты.
16 слайд
Болашақтың тұтқасы, иесі -
ұрпағына амандық, парасаттылық,
ізеттілік, өжеттік, мейірім, өнер-білім,
құт-береке, ұзақ өмір, үлкен табыс
тілеу - ежелден адамзаттың асыл
мұраты болса керек.
16 слайд
Болашақтың тұтқасы, иесі - ұрпағына амандық, парасаттылық, ізеттілік, өжеттік, мейірім, өнер-білім, құт-береке, ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу - ежелден адамзаттың асыл мұраты болса керек.
17 слайд
Теріс бата - батаның ең ауыр
түрі.
Мұндай батаны әке-шешесі сенімін
ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып,
әулетін, ата-тегін масқаралаған,
өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін,
Отанын сатқан, жауыздық, ауыр
қылмыс, кешірілмес күнә жасаған
баласына қолдарын теріс жайып
тұрып берген.
17 слайд
Теріс бата - батаның ең ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген.
18 слайд
•Халықтың тілек-бата сөздері
жеткіншек жас ұрпақты әдепті,
сабырлы, зерделі, арлы болып
өсуге баулиды, малды-басты,
дәулетті, бақытты, кекшіл емес
кешірімді болуын тілейді,
жерін, елін қорғауға талапты
тастүлек боп ержетуге
талпынтады.
18 слайд
•Халықтың тілек-бата сөздері жеткіншек жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуге баулиды, малды-басты, дәулетті, бақытты, кекшіл емес кешірімді болуын тілейді, жерін, елін қорғауға талапты тастүлек боп ержетуге талпынтады.