Презентация материалы. Тақырыбы: Күкірттің қосылыстары. 9-сынып 3 тоқсан 5-сабақ

#1 слайд
Күкірттің қосылыстары
9 – сынып
Химия пәні мұғалімі: Шигенова Айгерім
Сұлтамұратқызы
1 слайд
Күкірттің қосылыстары 9 – сынып Химия пәні мұғалімі: Шигенова Айгерім Сұлтамұратқызы
#2 слайд
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу
мақсаты
9.2.1.13-күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің
физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру
және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін
түсіндіру
9.4.2.1 -қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен
экологияға тигізетін әсерін түсіндіру
2 слайд
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 9.2.1.13-күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру және күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін түсіндіру 9.4.2.1 -қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін түсіндіру
#3 слайд
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық
және химиялық қасиеттерін сипаттайды
Көпшілік оқушылар үшін:
Күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін
анықтайды
Кейбір оқушылар үшін:
Қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен
экологияға тигізетін әсерін біледі.
3 слайд
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар үшін: Күкірттің (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайды Көпшілік оқушылар үшін: Күкірт диоксидінің физиологиялық әсерін анықтайды Кейбір оқушылар үшін: Қышқылдық жаңбырдың пайда болу себебі мен экологияға тигізетін әсерін біледі.
#4 слайд
Күкірттің қосылыстары
Күкірт қосылыстарынан оның оксидтері мен
қышқылдары маңызды. Күкірт оттекпен әрекеттесіп,
күкірт ( IV ) оксиді, күкірт диоксиді SO 2 және күкірт ( VI )
оксидін SO 3 түзеді.
Күкірт ( IV ) оксиді өзіне тән иісі бар түссіз газ.
Күкірт ( IV ) оксиді өзіне тән барлық химиялық қасиеттерді
көрсететін қышқылдық оксид. күкірт ( IV ) оксидін суда
еріткенде, әлсіз екі негізді күкіртті қышқыл түзіледі:
SO 2 +H 2 O=H 2 SO 3
H 2 SO 3 – сулы ерітіндіде ғана болатын тұрақсыз қышқыл.
Күкіртті қышқылдың тұздары сулфиттер деп аталады.
4 слайд
Күкірттің қосылыстары Күкірт қосылыстарынан оның оксидтері мен қышқылдары маңызды. Күкірт оттекпен әрекеттесіп, күкірт ( IV ) оксиді, күкірт диоксиді SO 2 және күкірт ( VI ) оксидін SO 3 түзеді. Күкірт ( IV ) оксиді өзіне тән иісі бар түссіз газ. Күкірт ( IV ) оксиді өзіне тән барлық химиялық қасиеттерді көрсететін қышқылдық оксид. күкірт ( IV ) оксидін суда еріткенде, әлсіз екі негізді күкіртті қышқыл түзіледі: SO 2 +H 2 O=H 2 SO 3 H 2 SO 3 – сулы ерітіндіде ғана болатын тұрақсыз қышқыл. Күкіртті қышқылдың тұздары сулфиттер деп аталады.
#5 слайд
Күкірт (І V ) оксидін SO 2
Күкірт ( IV ) оксидіндегі күкірттің аралық тотығу
дәрежесі (+4) оның тотығу-тотықсыздану
процесіне қатысатынын көрсетеді:
5 слайд
Күкірт (І V ) оксидін SO 2 Күкірт ( IV ) оксидіндегі күкірттің аралық тотығу дәрежесі (+4) оның тотығу-тотықсыздану процесіне қатысатынын көрсетеді:
#6 слайд
Күкірттің қышқылының
тұздары
Екі негізді күкіртті қышқылға тұздардың екі түрі тән: орта
тұздар – сульфиттер ( Na 2 SO 3 , MgSO 3 ) жән қышқыл тұздар –
гидросульфиттер ( NaHSO 3 ). Орта тұздар (аммоний сульфиті
және сілтілік металдар сульфиттерінен басқалары) суда
ерімейді.
Сульфит иондарға Н+ иондары реактив болып табылады. Кез
келген күшті қышқылды күкіртті қышқылдың тұздарына
қосса, өткір иісті SO 2 газы түзіледі:
Na 2 SO 3 +2HCl=2NaCl+SO 2 +H 2 O
Күкіртті газдың бактерияларды жоятын қасиеті бар.
Сондықтан көгөніс қоймаларын залалсыздандырып, жеміс-
жидектерді шіруден қорғау үшін қолданылады. Күкіртті
газды және күкіртті қышқылдың тұздарын жүннен тоқылған
маталарды, қағазды, сабынды ағартуүшін қолданылады.
6 слайд
Күкірттің қышқылының тұздары Екі негізді күкіртті қышқылға тұздардың екі түрі тән: орта тұздар – сульфиттер ( Na 2 SO 3 , MgSO 3 ) жән қышқыл тұздар – гидросульфиттер ( NaHSO 3 ). Орта тұздар (аммоний сульфиті және сілтілік металдар сульфиттерінен басқалары) суда ерімейді. Сульфит иондарға Н+ иондары реактив болып табылады. Кез келген күшті қышқылды күкіртті қышқылдың тұздарына қосса, өткір иісті SO 2 газы түзіледі: Na 2 SO 3 +2HCl=2NaCl+SO 2 +H 2 O Күкіртті газдың бактерияларды жоятын қасиеті бар. Сондықтан көгөніс қоймаларын залалсыздандырып, жеміс- жидектерді шіруден қорғау үшін қолданылады. Күкіртті газды және күкіртті қышқылдың тұздарын жүннен тоқылған маталарды, қағазды, сабынды ағартуүшін қолданылады.
#7 слайд
Күкірт ( VI ) оксиді SO 3 – түссіз сұйықтық, 17 С-та ақ түсті кристалл затқа
айналады.
SO 3 – типтік қышқылдық оксид, өте ылғал тартқыш зат, суды белсенді сіңіріп,
көп мөлшерде жылу бөледі, нәтижесінде күкірт қышқылы түзіледі:
SO 3 +H 2 O=H 2 SO 4 + Q
Күкірт ( VI ) оксидіндегі күкірттің тотығу дәрежесі жоғары болғандықтан, ол
күшті тотықтырғыштық қасиет көрсетеді:
+6 -2 +4
3SO 3 +H 2 S=4SO 2 +H 2 O
Күкірт ( VI ) оксиді күкіртті газ тотытыққанда түзіледі:
2 SO 2 + О 2 = 2 SO 3
Отынды жағу кезінде атмосфераға түсетін күкірт диоксиді SO 3- ке дейін
тотығып, бұлттағы су молекулаларымен әрекеттесіп күкірт қышқылын түзеді.
Бұл процестер барлық тірі организмге зиянын тигізетін қышқыл жаңбырды
тудырады.Күкірт ( VI ) оксидін SO 3
7 слайд
Күкірт ( VI ) оксиді SO 3 – түссіз сұйықтық, 17 С-та ақ түсті кристалл затқа айналады. SO 3 – типтік қышқылдық оксид, өте ылғал тартқыш зат, суды белсенді сіңіріп, көп мөлшерде жылу бөледі, нәтижесінде күкірт қышқылы түзіледі: SO 3 +H 2 O=H 2 SO 4 + Q Күкірт ( VI ) оксидіндегі күкірттің тотығу дәрежесі жоғары болғандықтан, ол күшті тотықтырғыштық қасиет көрсетеді: +6 -2 +4 3SO 3 +H 2 S=4SO 2 +H 2 O Күкірт ( VI ) оксиді күкіртті газ тотытыққанда түзіледі: 2 SO 2 + О 2 = 2 SO 3 Отынды жағу кезінде атмосфераға түсетін күкірт диоксиді SO 3- ке дейін тотығып, бұлттағы су молекулаларымен әрекеттесіп күкірт қышқылын түзеді. Бұл процестер барлық тірі организмге зиянын тигізетін қышқыл жаңбырды тудырады.Күкірт ( VI ) оксидін SO 3
#8 слайд
Күкіртсутек
Күкіртсутек – түссіз,жағымсыз иісті, улы газ. Табиғатта
күкіртсутек нәруызды заттар шірігенде түзіледі, минералды
сулардың құрамында кездеседі. Қалыпты жағдайда 1 л суда
2,5 көлем күкіртсутек ериді.
Күкіртсутектің судағы ерітіндісі – екі негізді әлсәз қышқыл,
сондықтан екі сатыда диссоциацияланады:
8 слайд
Күкіртсутек Күкіртсутек – түссіз,жағымсыз иісті, улы газ. Табиғатта күкіртсутек нәруызды заттар шірігенде түзіледі, минералды сулардың құрамында кездеседі. Қалыпты жағдайда 1 л суда 2,5 көлем күкіртсутек ериді. Күкіртсутектің судағы ерітіндісі – екі негізді әлсәз қышқыл, сондықтан екі сатыда диссоциацияланады:
#9 слайд
Күкіртсутек
Күкіртсутек реакция нәтижесінде тотығады:
Күкіртсутекті және оның тұздарын қорғасын иондарымен
анықтайды. Ол сульфид иондармен қара тұнба түзеді:
Күкіртсутек суы (судағы H 2 S ерітіндісі) ревматизм мен тері
ауруларын емдеуде медицинада ұзақ уақыт қолданылып
келеді. Күкірт – минералды сулардың құрамдас бөліктерінің
бірі.
9 слайд
Күкіртсутек Күкіртсутек реакция нәтижесінде тотығады: Күкіртсутекті және оның тұздарын қорғасын иондарымен анықтайды. Ол сульфид иондармен қара тұнба түзеді: Күкіртсутек суы (судағы H 2 S ерітіндісі) ревматизм мен тері ауруларын емдеуде медицинада ұзақ уақыт қолданылып келеді. Күкірт – минералды сулардың құрамдас бөліктерінің бірі.
#10 слайд
Күкірттің табиғатта таралуы
10 слайд
Күкірттің табиғатта таралуы
#11 слайд
Күкірт молекуласының
құрылысы
11 слайд
Күкірт молекуласының құрылысы
#12 слайд
Күкірт оксидтерінің физикалық
қасиеттері, алынуы
12 слайд
Күкірт оксидтерінің физикалық қасиеттері, алынуы
#13 слайд
13 слайд
#14 слайд
Назар қойып
тыңдағандарыңызға
Рахмет!
14 слайд
Назар қойып тыңдағандарыңызға Рахмет!
шағым қалдыра аласыз


