"Пунктуация. Көп нүкте"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Пунктуация. Көп нүкте"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Мифология – дүниетанымның бастауы. Көп нүкте. Біз бұл сабақта:  Ғылыми фантастиканың бір саласы – мифология жайында а

#1 слайд
Мифология – дүниетанымның бастауы. Көп нүкте. Біз бұл сабақта:  Ғылыми фантастиканың бір саласы – мифология жайында ақпаратты оқып, қазақтың мифтік кейіпкерлерімен танысамыз;  Көп нүкте және оның қойылу себептерімен танысамыз;  Өз бетімізше сөйлем құрауға, көркем сөйлеуге үйренеміз.

1 слайд

Адам дүниетанымы кеңістікті танып білуден жинақталады. Адам баласының білімі, көрген – білгені, ақылы, ойы мен о

#2 слайд
Адам дүниетанымы кеңістікті танып білуден жинақталады. Адам баласының білімі, көрген – білгені, ақылы, ойы мен оның рухани дүниесін, өмірлік тәжірибесін сөйлейтін тілінен бөлмей, тілдік әлемімен бірге қоса қарастыру, нақтырақ айтсақ, кез келген халықтың тілінде ұлттық – мәдени сипатта бекитін дүние бейнесін антропоцентристік тұрғыда зерттеу – қазіргі заманғы лингвистиканың ең негізгі мәселелерінің бірі. Тіл қазынасындағы ұлттардың тұрмыс – тіршілігі мен өмір тәжірибелерінен хабар беретін, олардың мифтік санасын танытатын, тілімізде кездесетін құрамында мифологемалары бар мақал-мәтелдерді, фразеологизмдерді, аңыз әңгімелер мен ертегілерді т.б. дүниенің тілдік бейнесінде қарастыру маңызды мәселе болмақ. Олай болатын себебі, тіл дүниетаныммен тығыз байланысты ұғым. Кез келген ұлттың өзіне ғана тән дүниетанымдық түсініктері болады. Ұлттық дүниетаным – қандай да бір ұлттың басқаларға ұқсамайтын өмір сүру дағдысы, адам және сол дүниедегі тіршілігіне деген көзқарасы.

2 слайд

Қазақ мифологиясында 40 – тан астам кейіпкерлер белгілі. Оларға көкбөрі мен көк өгіз, самұрық, бәйтерек,

#3 слайд
Қазақ мифологиясында 40 – тан астам кейіпкерлер белгілі. Оларға көкбөрі мен көк өгіз, самұрық, бәйтерек, бақсы, албасты, дию, мыстан мен Жалмауыз кемпір, жезтырнақ, пері сондай – ақ дәу, Шойынқұлақ, Толағай, Ұлтанқұл, Жартықұлақ, ергежейлі тәрізді кейіпкерлерді жатқызса болады. Сонымен қатар кейінгі дәуірлерге тән Таусоғар, Көлтаусар, Желаяқ, Саққұлақ тәрізді кейіпкерлерді кездестіруге болады. Шойынқұлақ – «Ер Төстік» ертегісіндегі ұнамсыз бейне. Қазақ фальклорында дәулер бейнесіне тән қасиеттер бар. Олар: жалмауыздың баласы, әкесі не күйеуі болады, адам аяғы баспайтын жерді мекендейді, асқан күш иесі болады, жанын оңайлықпен бере қоймайды. Осы қасиеттердің бәрі Шойынқұлақтың бойынан табылады. Ол – Жалмауыз кемпірдің жалғыз ұлы. Перінің қызы Бекторы оған жерасты патшалығынан жер бетіне шығатын жолды күзеттіреді. Оның жаны бөлек жерде сақталады. Асқан күштің иесі болып табылады. Аю дәу бейнесі басқа ертегілердегі дәулермен салыстырғанда ұнамды бейнеге жатады. Ол – «Аю дәу» ертегісіндегі бас қаһарман. Ұлтан – Алпамыс батыр жырындағы ұнамсыз кейіпкер. Шойынқұлақ Толағай Ұлтанқұл

3 слайд

Көп нүкте Көп нүкте белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалғанын немесе айтылмақшы пікірдің толық айтылмағанын

#4 слайд
Көп нүкте Көп нүкте белгілі бір себептермен ойдың аяқталмай қалғанын немесе айтылмақшы пікірдің толық айтылмағанын білдіру үшін қойылады. Көп нүкте Қойылатын жері Мысалы Айтылуға тиісті ойдың аяқталмай қалғанын білдіру үшін қойылады. -Ім-м... сыртта тағы біреу бар ма? -Бар. Ол Жағалбай ғой... Ақсақалдармен мақұл десіп тізімге кірген жігіттердің бірі... (Х.Е.) Негізгі ой желісіне қатысы жоқ басқа бір оқиғаны еске түсіру қажет болса, сөйлемнің ортасы мен азатжолдың басында да қойылады. ...Қазақтыың академиялық опера және балет театрында студенттерге арналған балл... (З.Ш.) Сөйлеушінің көңіл күйінің әсерінен қысылып сөйлей алмағанда, асығыс айтқанда ойдың бөліну себептеріне байланысты дауыс ырғағындағы үзілісті білдіру үшін қойылады. - Үндеме... енді қоя тұр... Сөз бітті! – деп Оспан Абайдан ендігі ақылды сұрағысы келместен тұра жөнелді. (М.Ә.)

4 слайд

Көп нүкте Айтуға, естуге қолайсыз, тұрпайы сөздердің орнына жазуда көп нүкте қойылады да, мағынасы контекст арқылы ұғ

#5 слайд
Көп нүкте Айтуға, естуге қолайсыз, тұрпайы сөздердің орнына жазуда көп нүкте қойылады да, мағынасы контекст арқылы ұғынылады. -Қарашы, сөзін қарашы... қаскөйдің, жоқ қылайын сен итті! – деп Әзімбай тап берді. (М.Ә.) Біреудің шығармасынан үзінді, дәйектеме алғанда оны ықшамдап алуда үзілген жеріне көп нүкте қойылады. Бұдан кейінгі жылдары қазақ балалар фольклорының әртүрлі үлгілері Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан» сияқты мерзімді басылымдарда жиі жарияланып, мектеп оқылықтарында кеңінен пайдаланылады... («Рухани уыз») Тарихи, ғылыми деректердің қолжазбаларында уақыт әсерімен қшіп, жойылып кетуі де кездеседі. Оларды жариялағанда, сілтеме жасағанда, осындай көрінбеген, түсініксіз болып тұрған жерлердің орнына көп нүкте қояды, ол тіпті тұтас бірнеше жол болуы мүмкін. Соғыстық. Күлтегін Башғы боз атқа мініп шапты. Башғы боз......................................................................... Екеуін өзі құртты. («Күлтегін» жырынан)

5 слайд

1 – тапсырма .(268 – бет) Мәтінді оқыңдар. Мәтіннен сөйлемнің біріңғай мүшелерін тауып жазыңдар. Тыныс белгілеріне

#6 слайд
1 – тапсырма .(268 – бет) Мәтінді оқыңдар. Мәтіннен сөйлемнің біріңғай мүшелерін тауып жазыңдар. Тыныс белгілеріне назар аударыңдар. 2 – тапсырма . (270 – бет) Сөйлемдерді көшіріп, көп нүктенің қойылу себебін түсіндір жазыңдар.

6 слайд

Файл форматы:
pptx
16.05.2021
721
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі