"Пунктуация. Сызықша"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Әлемдегі ең алғашқы ғылыми –
фантастикалық фильм. Сызықша
Бүгін сабақта:
Ғылыми фантастиканың киноға айналуы жайында
ақпарат беретін мәтінмен танысамыз;
Мәтіннің құрылымын анықтаймыз;
Сызықшаның қойылу себептерімен танысамыз;
Сызықшаны дұрыс қоюға үйрететін тапсырмалар
орындаймыз.
1 слайд
Әлемдегі ең алғашқы ғылыми – фантастикалық фильм. Сызықша Бүгін сабақта: Ғылыми фантастиканың киноға айналуы жайында ақпарат беретін мәтінмен танысамыз; Мәтіннің құрылымын анықтаймыз; Сызықшаның қойылу себептерімен танысамыз; Сызықшаны дұрыс қоюға үйрететін тапсырмалар орындаймыз.
2 слайд
1902 жылдың 2 мамырында Францияда «Айға
сапар» атты әлемдегі алғашқы ғылыми-
фантастикалық фильм жарық көрген. 21
минуттық фильмді Жюль Верн
шығармасының желісі бойынша режиссер
Жорж Мельес түсірген.
Кинематография тарихына арналған
энциклопедияларда актер әрі режиссер Жорж
Мельестің аты «алтын әріптермен» жазылған.
Себебі ол сан түрлі деректі фильмдер мен
таңғайжайып ертегілер, сюрреалистік кино
түсіріп, кинофантастика деген жанрдың пайда
болуына түрткі болған.
2 слайд
1902 жылдың 2 мамырында Францияда «Айға сапар» атты әлемдегі алғашқы ғылыми- фантастикалық фильм жарық көрген. 21 минуттық фильмді Жюль Верн шығармасының желісі бойынша режиссер Жорж Мельес түсірген. Кинематография тарихына арналған энциклопедияларда актер әрі режиссер Жорж Мельестің аты «алтын әріптермен» жазылған. Себебі ол сан түрлі деректі фильмдер мен таңғайжайып ертегілер, сюрреалистік кино түсіріп, кинофантастика деген жанрдың пайда болуына түрткі болған.
3 слайд
Ағайынды Люмьерлердің ойлап тапқан камерасымен танысқан
Жорж Мельес неше түрлі қойылымдық іс әрекеттерді түсіре
бастаған. Мысалы ол бір кадрда адамның басы болып, ал екіншісінде
жоқ болып кететін әйгілі миниатюраның авторы. Көрермендерге
адамның басы сол мезетте шабылып кеткендей елестейтін.
Ж.Мельестің кино өнеріне сіңірен еңбегі 1928 жылы бағаланып,
Чарли Чаплин оны «жарық алхимигі» деп атаса, Д.У.Гриффит «Мен
оған өмір бойы қарыздармын» деген. Ал, 1931 жылы оған Құрметті
Легион ордені беріледі.
Егер ағайынды Люмьерлер кинематографта шынайы, реалистік
бағыттың негізін қаласа, Жорж Мельес киноға шығармашылық пен
қиял, ой еркіндігі мен фантазия әкелді. Режиссердің соңғы күндері
қарттар үйінде өткен.
3 слайд
Ағайынды Люмьерлердің ойлап тапқан камерасымен танысқан Жорж Мельес неше түрлі қойылымдық іс әрекеттерді түсіре бастаған. Мысалы ол бір кадрда адамның басы болып, ал екіншісінде жоқ болып кететін әйгілі миниатюраның авторы. Көрермендерге адамның басы сол мезетте шабылып кеткендей елестейтін. Ж.Мельестің кино өнеріне сіңірен еңбегі 1928 жылы бағаланып, Чарли Чаплин оны «жарық алхимигі» деп атаса, Д.У.Гриффит «Мен оған өмір бойы қарыздармын» деген. Ал, 1931 жылы оған Құрметті Легион ордені беріледі. Егер ағайынды Люмьерлер кинематографта шынайы, реалистік бағыттың негізін қаласа, Жорж Мельес киноға шығармашылық пен қиял, ой еркіндігі мен фантазия әкелді. Режиссердің соңғы күндері қарттар үйінде өткен.
4 слайд
Сызықша – бастауыш пен бандауыштың арасында,
біріңғай мүшелерден кейін, оңашаланған
айқындауыштардың екі жағынан, төл сөз бен автор
сөзі арасында және сөйлемді ықшамдап қолдану
мақсатында қолданылады. С Ы З Ы Қ Ш А Төл сөз — бөгде сөздің еш өзгеріссіз, түпнұсқасы
сақтала отырып қолданылған түрі. Сөйлемде басқа
біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы
адамның сөзі автор сөзі болады. Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған
түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі.
4 слайд
Сызықша – бастауыш пен бандауыштың арасында, біріңғай мүшелерден кейін, оңашаланған айқындауыштардың екі жағынан, төл сөз бен автор сөзі арасында және сөйлемді ықшамдап қолдану мақсатында қолданылады. С Ы З Ы Қ Ш А Төл сөз — бөгде сөздің еш өзгеріссіз, түпнұсқасы сақтала отырып қолданылған түрі. Сөйлемде басқа біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады. Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі.
5 слайд
1. Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен, заттанған
басқа сөз таптарынан болады. Мұндайда
баяндауыштың сұрағы, сыртқы тұлғасы атау септігіне
ұқсас болады. Сондықтан бастауыштан кейін
сызықша қойылады: Еңбек ету – ардақты іс.
2. Бастауыш жіктеу, сілтеу есімдіктерінен, баяндауыш
ІІІ жақтағы зат есімнен немесе керісінше болып
келгенде бастауыштан соң сызықша қойылады:
Бөкеншіден Сүгір баласы Әкімқожа – мынау. (М.Ә.)
3. Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш ІІІ
жақтағы жалғаусыз зат есімнен жасалса немесе
бастауыш зат есімнен, баяндауыш тұйық етістіктен
болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Көп
оқу – білім алудың негізгі шарты. (С.М.)БАСТАУЫШ ПЕН БАЯНДАУЫШТЫҢ АРАСЫНДАҒЫ СЫЗЫҚША
5 слайд
1. Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен, заттанған басқа сөз таптарынан болады. Мұндайда баяндауыштың сұрағы, сыртқы тұлғасы атау септігіне ұқсас болады. Сондықтан бастауыштан кейін сызықша қойылады: Еңбек ету – ардақты іс. 2. Бастауыш жіктеу, сілтеу есімдіктерінен, баяндауыш ІІІ жақтағы зат есімнен немесе керісінше болып келгенде бастауыштан соң сызықша қойылады: Бөкеншіден Сүгір баласы Әкімқожа – мынау. (М.Ә.) 3. Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш ІІІ жақтағы жалғаусыз зат есімнен жасалса немесе бастауыш зат есімнен, баяндауыш тұйық етістіктен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Көп оқу – білім алудың негізгі шарты. (С.М.)БАСТАУЫШ ПЕН БАЯНДАУЫШТЫҢ АРАСЫНДАҒЫ СЫЗЫҚША
6 слайд
4. Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің
қайталануынан жасалса, бастауыштан кейін сызықша
қойылады: Жамалдың тағдыры – үлкен тағдыр. (З.Қ.)
5. Бастауыш та, баяндауыш та сын есім не сан есім
болып келгенде олардың арасына сызықша
қойылады. Мысалы: Адамның жаманы – мылжың,
жақсысы – жомарт. (Ж.Баласағұн)
6. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы
дегеніміз (дегенім, дегенің, деген) деген сөз тұрса, одан
кейін сызықша қойылады: Балалар әдебиеті
дегеніміз – балалар тәрбиесі деген сөз. (Ш.Ахм.)
6 слайд
4. Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Жамалдың тағдыры – үлкен тағдыр. (З.Қ.) 5. Бастауыш та, баяндауыш та сын есім не сан есім болып келгенде олардың арасына сызықша қойылады. Мысалы: Адамның жаманы – мылжың, жақсысы – жомарт. (Ж.Баласағұн) 6. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім, дегенің, деген) деген сөз тұрса, одан кейін сызықша қойылады: Балалар әдебиеті дегеніміз – балалар тәрбиесі деген сөз. (Ш.Ахм.)