"Қасқыр" жоба
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
«Қасқыр» жоба
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
Қарағайлы кенті
«ЖББ №17 орта мектебі»КММ
2 «а» сынып оқушысы
Тұрсынхан Мерей
Жетекшісі: Сабитова Асель
Болатовна
1 слайд
«Қасқыр» жоба Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті «ЖББ №17 орта мектебі»КММ 2 «а» сынып оқушысы Тұрсынхан Мерей Жетекшісі: Сабитова Асель Болатовна
2 слайд
Мақсаты:
Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың
ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттерін ашу. Түркілердің
түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы.
Міндеті: 1.Қасқырдың түрлеріне, таралу ортасына
түсінік беру;
2. Түркілердегі қасқырлар аса киелі хайуан екенін
аңызбен байланыстыру;
3.Қарқаралы ұлттық паркіндегі қасқырлар туралы
мәлімет келтіру.
Өзектілігі: Қасқырдың түркі мифологиясындағы
алатын орнын ашу .
Күтілетін нәтиже: Қасқырдың табиғат тепе-теңдігіне
тигізетін әсерін ашу.
2 слайд
Мақсаты: Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттерін ашу. Түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Міндеті: 1.Қасқырдың түрлеріне, таралу ортасына түсінік беру; 2. Түркілердегі қасқырлар аса киелі хайуан екенін аңызбен байланыстыру; 3.Қарқаралы ұлттық паркіндегі қасқырлар туралы мәлімет келтіру. Өзектілігі: Қасқырдың түркі мифологиясындағы алатын орнын ашу . Күтілетін нәтиже: Қасқырдың табиғат тепе-теңдігіне тигізетін әсерін ашу.
3 слайд
Мазмұны:
Кіріспе
1.Қасқырдың қасиеттері, түрлері
Негізгі бөлім
2. «Бөрілі менің байрағым» түркі
халықтарындағы «қасқыр-бөрі»
2.1. Қасқыр — зиянды немесе пайдалы аң
ба?
Қорытынды
Қазақ білсе деймін...
3 слайд
Мазмұны: Кіріспе 1.Қасқырдың қасиеттері, түрлері Негізгі бөлім 2. «Бөрілі менің байрағым» түркі халықтарындағы «қасқыр-бөрі» 2.1. Қасқыр — зиянды немесе пайдалы аң ба? Қорытынды Қазақ білсе деймін...
4 слайд
Қарқаралы табиғат мұражайы
4 слайд
Қарқаралы табиғат мұражайы
5 слайд
Қасқырдың қасиеттері, түрлері:
Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың
ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның
бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп
айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі
түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы.
Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері
мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып
есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек.
Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам
емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.
5 слайд
Қасқырдың қасиеттері, түрлері: Қасқырдың өзге хайуандардан дара, олардың ешқайсысына ұқсамайтын қасиеттері көп. Оның бойындағы осындай ерекшеліктерге негізделіп айтылатын аңыздар да жетерлік. Солардың бірі түркілердің түпнегізін көкбөрімен байланыстыруы. Қасқырлардың ішіндегі көк аспан түстес келетіндері мен ақ қасқырлар аса киелі хайуан болып есептеледі. Олардың адамдарға көрінуі де сирек. Мұндай көкбөрілермен кезіккен адам да «тегін адам емес, киелі қасиеттерге ие кісі» болып табылады.
6 слайд
Қасқырдың шамамен жеке 7 түрі, сұр қасқырдың
17 түрі белгілі, жалпы есеппен бүкіл әлем жерінде
кездесетін олардың 24 түрі бар.
Қазақстанда қасқырдың 4 түршелері: сібір
орман, дала Батыс және Орталық Қазақстандағы шөл
және Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығыс
жоталары аумағындағы тибет қасқыры
мекендейді. Ресей аумағында оның 6 түршелері:
тундралық, ортаорыстық орман, сібірлік орман, дала,
кавказдық және монғол қасқырлары кездеседі.
6 слайд
Қасқырдың шамамен жеке 7 түрі, сұр қасқырдың 17 түрі белгілі, жалпы есеппен бүкіл әлем жерінде кездесетін олардың 24 түрі бар. Қазақстанда қасқырдың 4 түршелері: сібір орман, дала Батыс және Орталық Қазақстандағы шөл және Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығыс жоталары аумағындағы тибет қасқыры мекендейді. Ресей аумағында оның 6 түршелері: тундралық, ортаорыстық орман, сібірлік орман, дала, кавказдық және монғол қасқырлары кездеседі.
7 слайд
Түрлері Атауы
Кәдімгі қасқыр Canis lupus
Жалды немесе гуара қасқыры Chrysocyon brachyurus
Қызыл қасқыр Cuon alpines
Сары түсті қасқыр Canis niger
Қара қанадалық қасқыр Canis lupus pambasileus
Шабындық қасқыр Canis latrans
Полярлық қасқыр Сanis lupus tundrorum
Мелвильский аралдық қасқыр Canis lupus arctos
Сібір орман қасқыры Canis aliaicus
Дала қасқыры Canis сатреstris
Тибеттік қасқыр Canis chanco
Шүйебөрі (Canis auerus)
Жолақ шибөрі Canis adustus
Чепрачалық шибөрі Canis Mesomelas
Азия шибөрі Canis aureus
Эфиоп шибөрі Canis simensis
7 слайд
Түрлері Атауы Кәдімгі қасқыр Canis lupus Жалды немесе гуара қасқыры Chrysocyon brachyurus Қызыл қасқыр Cuon alpines Сары түсті қасқыр Canis niger Қара қанадалық қасқыр Canis lupus pambasileus Шабындық қасқыр Canis latrans Полярлық қасқыр Сanis lupus tundrorum Мелвильский аралдық қасқыр Canis lupus arctos Сібір орман қасқыры Canis aliaicus Дала қасқыры Canis сатреstris Тибеттік қасқыр Canis chanco Шүйебөрі (Canis auerus) Жолақ шибөрі Canis adustus Чепрачалық шибөрі Canis Mesomelas Азия шибөрі Canis aureus Эфиоп шибөрі Canis simensis
8 слайд
Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі.
Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын
дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек» фильмі.
Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең
нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен
айқын көрініс табады. Бұл — қасқырдың мейіріммен
ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі.
Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі
тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына
беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік
тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан.
Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі —
осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда
жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап
тұрады.
8 слайд
Қазір қасқыр аса азулы, жыртқыш ретінде суреттеледі. Бұғауға көнбейтін тұз тағысының аса жыртқыштығын дәріптеудің ең көрнекті үлгісі — «Көксерек» фильмі. Мұнда қасқырдың адам үстемдігіне еш көнбейтіндігінің ең нанымды дәлелі Көксеректің баланы жарып кетуінен айқын көрініс табады. Бұл — қасқырдың мейіріммен ұстауға да көнбейтіндігінің дәлелі. Қасқыр — дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты тағы бір дерек, ол — оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол — бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан. Ауыздандыру, бөлтірігін көкжалға айналдыру, бәрі-бәрі — осы ата қасқырдың құзырындағы міндет. Өзге хайуандарда жоқ осы қасиеттер киелі жаратылыс иесін әр кез даралап тұрады.
9 слайд
Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым»
Бөрілі байрақ астында — Бөгеліп көрген жан емен!
Бөрідей жортып кеткенде, Бөлініп қалған жан емен!
Бөрілі найза ұстаса, Түйремей кеткен жан емен!
Бөрілі байрақ құласа, Күйремей кеткен жан емен!
Жау тисе жапан далада, Бөрілі найза аламыз,
Қарасайлап шабамыз, Қызыл қанға батамыз.
Бөрілі байрақ астында, Ту түсіріп, жау алған,
Қазыбек, Қастек атамыз.
Бөрілі байрақ көтерсе, Жоқты жонып табамыз.
Бөрілі байрақ астында: Ту түсіріп, жау алған Шапырашты батыр
бабамыз.
Бөрі басы — ұраным, Бөрілі менің байрағым. Бөрілі байрақ
көтерсе, Қозып кетер қайдағым!
9 слайд
Сүйінбай Аронұлы «Бөрілі менің байрағым» Бөрілі байрақ астында — Бөгеліп көрген жан емен! Бөрідей жортып кеткенде, Бөлініп қалған жан емен! Бөрілі найза ұстаса, Түйремей кеткен жан емен! Бөрілі байрақ құласа, Күйремей кеткен жан емен! Жау тисе жапан далада, Бөрілі найза аламыз, Қарасайлап шабамыз, Қызыл қанға батамыз. Бөрілі байрақ астында, Ту түсіріп, жау алған, Қазыбек, Қастек атамыз. Бөрілі байрақ көтерсе, Жоқты жонып табамыз. Бөрілі байрақ астында: Ту түсіріп, жау алған Шапырашты батыр бабамыз. Бөрі басы — ұраным, Бөрілі менің байрағым. Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым!
10 слайд
Аңыз:
Ежелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар: Кезекті
бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады.
Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып,
атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана
қалады. «Ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары
оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір
қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы
баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер
жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты.
Түркі халықтары осы он ұлдан тараған.
Тағы бір аңыз: «айдай сұлу бір ару бөлмесінде ұйықтап
жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі
кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің
түпнегізі осы қыздан тараған»…
10 слайд
Аңыз: Ежелгі Қытай жазбаларында мынадай бір аңыз бар: Кезекті бір шайқаста ғұндардың бір бөлігі қатты жеңіліс табады. Қарсыластары сол жердегі бүкіл ғұн атаулыны қырып-жойып, атып-шауып тастайды. Ең аяғында жалғыз ер бала ғана қалады. «Ит қорлықпен өлсін» деген мақсатта дұшпандары оның аяқ-қолын шауып кетеді. Елсізде қалған баланы бір қасқыр тауып алады да өз сүтімен асырайды. Адам аяғы баспайтын биік бір таудың ішіндегі үңгірде бала өсіп, ер жетеді. Осы баладан қасқыр жүкті болып, он ұл тауыпты. Түркі халықтары осы он ұлдан тараған. Тағы бір аңыз: «айдай сұлу бір ару бөлмесінде ұйықтап жатқанда, оған бір көкбөрі келіп, қосылады. Күн сәулесі кейпінде келген көкбөріден қыз жүкті болады. Түркілердің түпнегізі осы қыздан тараған»…
11 слайд
Қасқыр — зиянды немесе пайдалы аң?
1.Қойға немесе үй малдарына шабуыл жасаған қасқыр
адамдарға зиян тигізеді. Бірақ ормандағы немесе тундрадағы
бір қасқыр әлсіз, ауру жануарлар үшін аң аулайды — іс
жүзінде мұндай жануарларды ұстауға оңай. Ауру
жануарларды қиратып, қасқыр орманға және оның
тұрғындарына пайда әкеледі. Сондықтан ол орман дәрігері
деп аталады.
2. Қасқырды алу — өсімнен артта қалатын немесе күші
жетпеген сақтықпен, шеберлікті қажет етпейтін жабайы
жануарлар.
11 слайд
Қасқыр — зиянды немесе пайдалы аң? 1.Қойға немесе үй малдарына шабуыл жасаған қасқыр адамдарға зиян тигізеді. Бірақ ормандағы немесе тундрадағы бір қасқыр әлсіз, ауру жануарлар үшін аң аулайды — іс жүзінде мұндай жануарларды ұстауға оңай. Ауру жануарларды қиратып, қасқыр орманға және оның тұрғындарына пайда әкеледі. Сондықтан ол орман дәрігері деп аталады. 2. Қасқырды алу — өсімнен артта қалатын немесе күші жетпеген сақтықпен, шеберлікті қажет етпейтін жабайы жануарлар.
12 слайд
Қазақ білсе деймін:
12 слайд
Қазақ білсе деймін:
13 слайд
1 – Қасқыр ешқашанда екі рет жұп құрмайды .
2 – Терісін – тірідей сойып іреп алсаң да «қыңқ» деп қыңсылап дыбыс
шығармайды.
3 -Қаншығы, яғни құртқасы -өмірінде бір-ақ рет бөлтіріктейді.
4 – Күшік кезінен асырасаң да,ешқашан да құйрығын бұлғаңдатып
еркелемейді.
5 -Иттің иесі болғанымен, бөрінің Тəңірі бар!
6 – Бөлтіріктесе, жанындағы елді мекендердің малына шаппайды.
7 -Қазақ қасқырды «құтырып кетеді» деп атын атамаған. Ит-құс деп
атаған!
8 –Қасқырдың ішігін жамылып бораннан өзі аман қалса, қасындағы
серігі өлсе – толық құн немесе жарты құн төлеген! Өйткені қандай боран
болса да, қасқырдың ішігін жамылған адамды суық ала алмайды.
9 – Қасқырды терісінің үстіне бөстек қылып отырсаңыз, 1-2 сағат, күні
бойы денеңіз қызып жүреді.
10 – Терісінен аяқ киімге ұлтарақ қылып салсаңыз, табаныңызадан еш
уақытта суық өтейді!
11 – Қазақ бөріні киелі деп пір тұтқан!
12 – Қазақ халқы сонау көне заманнан байрағына, туына, жалауына көк
бөрінің бейнесін бейнелеген!
13 слайд
1 – Қасқыр ешқашанда екі рет жұп құрмайды . 2 – Терісін – тірідей сойып іреп алсаң да «қыңқ» деп қыңсылап дыбыс шығармайды. 3 -Қаншығы, яғни құртқасы -өмірінде бір-ақ рет бөлтіріктейді. 4 – Күшік кезінен асырасаң да,ешқашан да құйрығын бұлғаңдатып еркелемейді. 5 -Иттің иесі болғанымен, бөрінің Тəңірі бар! 6 – Бөлтіріктесе, жанындағы елді мекендердің малына шаппайды. 7 -Қазақ қасқырды «құтырып кетеді» деп атын атамаған. Ит-құс деп атаған! 8 –Қасқырдың ішігін жамылып бораннан өзі аман қалса, қасындағы серігі өлсе – толық құн немесе жарты құн төлеген! Өйткені қандай боран болса да, қасқырдың ішігін жамылған адамды суық ала алмайды. 9 – Қасқырды терісінің үстіне бөстек қылып отырсаңыз, 1-2 сағат, күні бойы денеңіз қызып жүреді. 10 – Терісінен аяқ киімге ұлтарақ қылып салсаңыз, табаныңызадан еш уақытта суық өтейді! 11 – Қазақ бөріні киелі деп пір тұтқан! 12 – Қазақ халқы сонау көне заманнан байрағына, туына, жалауына көк бөрінің бейнесін бейнелеген!
14 слайд
13 -Қасқырдың жүрегімен баланы ауыздандырса, ол бала қасқырдай
алғыр əрі тегін болмайды!
14 -Қасқырдың тісін,тырнағын. т.б.нəрселерін адам баласы бойтұмар
қылып тағып жүрсе, тіл көз басқа нəрселер ала – алмайды!
15 – Қасқыр еш уақытта иттің күшігін бауырында баспайды. Ал ит
қасқырдың күшігін бауырына баса береді! Қазақ тектілері əр түрлі
жағдайларға байланысты кейбір азаматтардың нағашысының қолында
болып кейін өз жұртына келсе Итемген, Сүтемген деп атаған, яғни екі
киелі əруақты емген деп атаған.
16- Ұйлыққан қасқырды қазақ баласы атпаған! Өршеленіп кетеді деп!
Жазатайым атып қалса, екеуін де атып алуға тырысқан! Өйткені біреуі
аман қалса, сол күннен бастап сол ауылдың малы мен жанына шабуыл
жасаған. Атқан аңшының малынан бөлек бала -шағасын қырып кетуге
тырысқан!
17 – Қасқырды қазақ халқы ешқашан да азаптап өлтірмеген! Киесінен
қорыққан, құрметтеген! Егер де азаптап өлтірсе, жаманшылыққа
ұшыраған. Немесе ұрпағына зиян келген!
18– «Қасқырдың тісі тиген мал, яғни қасқыр талаған қайта қатарға
қосылмайды» деп сойып тастаған.
14 слайд
13 -Қасқырдың жүрегімен баланы ауыздандырса, ол бала қасқырдай алғыр əрі тегін болмайды! 14 -Қасқырдың тісін,тырнағын. т.б.нəрселерін адам баласы бойтұмар қылып тағып жүрсе, тіл көз басқа нəрселер ала – алмайды! 15 – Қасқыр еш уақытта иттің күшігін бауырында баспайды. Ал ит қасқырдың күшігін бауырына баса береді! Қазақ тектілері əр түрлі жағдайларға байланысты кейбір азаматтардың нағашысының қолында болып кейін өз жұртына келсе Итемген, Сүтемген деп атаған, яғни екі киелі əруақты емген деп атаған. 16- Ұйлыққан қасқырды қазақ баласы атпаған! Өршеленіп кетеді деп! Жазатайым атып қалса, екеуін де атып алуға тырысқан! Өйткені біреуі аман қалса, сол күннен бастап сол ауылдың малы мен жанына шабуыл жасаған. Атқан аңшының малынан бөлек бала -шағасын қырып кетуге тырысқан! 17 – Қасқырды қазақ халқы ешқашан да азаптап өлтірмеген! Киесінен қорыққан, құрметтеген! Егер де азаптап өлтірсе, жаманшылыққа ұшыраған. Немесе ұрпағына зиян келген! 18– «Қасқырдың тісі тиген мал, яғни қасқыр талаған қайта қатарға қосылмайды» деп сойып тастаған.