Қазақ әдебиеті сыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ әдебиеті сыны

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Қазақ әдебиеті сынының тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері

#1 слайд
Қазақ әдебиеті сынының тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері

1 слайд

Қазақ әдебиеті сынының тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері

Жалпы қазақ халқы сөз өнеріне ерекше мән берген. Шешен, билері күрделі әлеуметтік мәселенің шешімін қиыннан қиысқан бір-ақ ау

#2 слайд
Жалпы қазақ халқы сөз өнеріне ерекше мән берген. Шешен, билері күрделі әлеуметтік мәселенің шешімін қиыннан қиысқан бір-ақ ауыз сөзбен айтып отырған. Орынды айтылған сөзге, уәжге  тоқтау – қазақ халқының ұлттық ерекшелігі. Тұрлаулы мәселелрді шешуге ел билеген  әкімдерден гөрі  сөздің майын тамызған шешендер, көркем сөзден кесте тоқыған ақын-жыраулар көбірек танымал болған. Ел билеуге  сөздің құдіретін түсінетін «аузы дуалы» азаматтар араласқан. Сөйтіп сөз өнерін қадірлейтін ақын-жыраулар халықтың ұлттық талғамымен бірге эстетикалық көзқарастарын да дамытқан. 

2 слайд

Сыни пікірлердің негізі көркем әдебиеттен, оған деген көпшіліктің көзқарасынан, қоғамдық өмірдің рухани қажеттілігінен туында

#3 слайд
Сыни пікірлердің негізі көркем әдебиеттен, оған деген көпшіліктің көзқарасынан, қоғамдық өмірдің рухани қажеттілігінен туындайды, яғни сын халық талғамынан бастау алады.  Кейін жазба әдебиет дамыған кезде әдеби сынның рөлі арта түсті. Ол тек әдеби процесте ғана емес, жалпы қоғамдық ой-пікірдің өсуінде елеулі орын алды. Сөз өнерін шын сүйіп, бағалай білетін, көркем шығармамен арнайы шұғылданатын талант иелері, қаламгерлер шыға бастады. Әдеби сынға тұңғыш еңбек арнағандар Платон, Аристотель, әл-Фарабилер еді. Кейін сыни бағыттар, мектептер пайда болды

3 слайд

Қазақ әдебиетінің тарихына, теориясы мен сынына қатысты зерттеу еңбектер жазған А. Байтұрсынов, М.Әуезов, С. Мұқанов, С.Қира

#4 слайд
Қазақ әдебиетінің  тарихына, теориясы мен сынына қатысты зерттеу еңбектер жазған  А. Байтұрсынов, М.Әуезов, С. Мұқанов, С.Қирабаев, Р.Бердібай, Т, Кәкішев, А.Нұрқатов, Б. Сахариев, Н. Ғабдуллин, Р. Нұрғали, С. Әшімбаевтардың сын-зерттеу еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Қазақ әдебиеті сынының тарихы әдебиеттанудың маңызды арналарының бірі болып табылады. Әдебиеттің зерттеліп жүрген проза, поэзия, драматургия жанрлары сияқты әдебиет сынының да тарихы мен қалыптасу процесі бар.

4 слайд

Бірінші кезең – қазақ әдебиет сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екін

#5 слайд
Бірінші кезең – қазақ әдебиет сынының туу дәуірі. Қазақ әдебиеті сынының туу процесі Қазан төңкерісіне дейін созылған. Екінші кезең – қазақ әдебиеті сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Бұл прцесс 1917-1937 жылдардың арасын қамтиды.  Үшінші кезең – қазақ әдебиеті сынының өсіп-өркендеу және әдебиеттану ғылымының қалыптасу дәуірі 1938-1985 жылдар аралығы. Қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының тарихи белестерінен үш кезеңді анық байқауға болады.

5 слайд

Сынның негізгі мақсаттарының бірі – ажарсыз бен келіссізді мінеу емес, ең алдымен адамның жан дүниесін, талап- талғамын әсемдік

#6 слайд
Сынның негізгі мақсаттарының бірі – ажарсыз бен келіссізді мінеу емес, ең алдымен адамның жан дүниесін, талап- талғамын әсемдік пен сұлулыққа, ізгілікке тәрбиелеу

6 слайд

Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауд

#7 слайд
Ә. с-ның тарихы ертеден басталады. Қазақ ауыз әдебиетінің көркемдік, идеялық сапалары аса жоғары классик. үлгілерін парықтауда Ә. с-ның рөлі зор болды. Ол жазба әдебиетінің, ғылымның дамуымен бірге өрбіп отырады. Отырарлық ғұлама Әбу Наср әл- Фарабидің, Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласұғынның сөз өнері жайлы жазған пікірлері, Ш. Уәлихановтың, Ы. АЫбырай Алтынсариннің, А.  Құнанбаевтың әдебиетке қатысты айтқан ойлары қазіргі қазақ әдеби сынының бастау алар қайнар көзі деуге болады. 19 ғ-дың 2-жартысында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінің бетінде әдебиетке қатысты материалдардың жиі көрінуі. Ә. с. тарихындағы жаңа кезеңнің басы болды. 

7 слайд

 “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналға

#8 слайд
 “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті беттерінде жаңа кітаптардың шығуы туралы хабарлардан бастап, жекелеген жазушыларға арналған ғұмырнамалық мақалалар, әдеби шолулар, түрлі тақырыптағы мақалалар көптеп көріне бастады. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.  Дулатов, С. Торайғыров т.б. қазақ әдебиеті жайлы құнарлы пікірлер айтты. 20 ғ-дың 20-жылдары қазақ әдебиеті жаңа дәуірде қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет қайраткерлері жайлы қызу пікір алысулар болды. Әсіресе Абай, Мағжан шығармашылықтары жайлы айтыстар 20 ж-дардағы әдеби сынның орталық мәселелеріне айналды. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқышы” (1927), Х. Досмұхаметовтің “Қазақ халық әдебиеті” (1928), Ғ. Тоғжановтың “Мағжанның ақындығы мен Жүсіпбектің сыны” (1926), “Әдебиет және сын мәселелері” (1929) сияқты еңбектер қазақ Ә.с-ның жаңа биіктерге бет алғанын байқатты. Ұлттық әдебиетіміздің түрлі мәселелері жайлы С. Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Қ. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Тоғжанов, Н. Төреқұлұлы, С. Сұлтанбек Қожанов, Ы. Ыдырыс Мұстанбаев, Досмұхамедов, С. Сәдуақасов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бәйділдин, Х. Жүсіпбеков, Е. Бекенов, Ш. Тоқжігітов, Б. Кенжебаев т.б. өз ойларын ортаға салып, әдеби өмірде белсенділік танытты.

8 слайд

 Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп,

#9 слайд
 Ә. с-ның аннотация, рецензия, мақала, айтыс мақала, шолу, шығармашылық портрет сияқты түрлері баспасөз бетінде жиі көрініп, жанр ретінде қалыптасты. Алайда бұл кезеңде көркем шығармаларды бағалауда партиялық принцип негізгі өлшем ретінде танылып, әлеум. тұрпайы сындар өріс алды. Мұндай сындар әсіресе ҚазАПП-тың (Қазақстан пролетариат жазушыларының ассоциациясы) тұсанда барынша ушыға түсті. Ә. с. партияның идеол. қаруына айналды. Оның негізгі міндеті қаламгерлердің қай тапқа, яғни байшыл, кедейшіл, жолбике сияқты топтардың қайсысына жататындығын анықтауға сайды. Әдеби күштерді ұйымдастырып, бағыт- бағдар беріп отыруға тиіс ҚазАПП (1925 — 1932) ұйымына он шақты ғана жазушы мүше болып, қалғандары идеялық тұрғыдан сыналып, саяси құғынға ұшырады. Соңы 1929 ж. қазақ қаламгерлері көпшілігінің жазықсыз жазалануларына ұласты. Шығарманың көркемдік қасиеттерінен гөрі идеялық жағына маңыз берген солақай сындар бүкіл соғысқа дейінгі дәуір бойы үстемдік құрып, ақыры 1937 ж. жазушыларды екінші дүркін жаппай жазалауға ұрындырды.

9 слайд

Соғыстан соңғы кезеңде Ә. с-ның көкжиегі кеңіп, әдеби ой- толғамдардың ғыл. негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принц

#10 слайд
Соғыстан соңғы кезеңде Ә. с-ның көкжиегі кеңіп, әдеби ой- толғамдардың ғыл. негізі арта түскенімен, әдебиеттің партиялық принципі барынша қадағаланып отырды. Көркем әдебиетте, сын-зерттеу саласында саяси қырағылықты күшейту мақсатында жүргізілген істердің барысында бірсыпыра қаламгерлер тағы да қуғынға ұшырады. “Ұлтшылдыққа”, “ескілшілдікке” қарсы саяси науқанның барысында әдебиеттің бүкіл тарихы Абайымен қоса теріске шығарылды. Алғашқы екі кітабы жарық көрген “Абай жолы” эпопеясында қазақтық өткен ғ-дағы өмірінің суреттелуінен бастап, бар қадір-қасиеті жоққа шығарылып, теріс идеялар береді деп танылды. Осы саяси науқанның салдарынан Ысмайылов, Жұмалиев, Қ. Мұқамедханов т.б. қудаланып, әдебиеттен шеттетілді. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Қоңыратбаев т.б. құғындалды.

10 слайд

 Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с. 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа

#11 слайд
 Тоқырауға ұшыраған қазақ Ә. с. 1955 ж. респ. басшылығы ауысып, идеол. солшыл бағыттағы тоң ептеп жібіп, шығармашылық жұмысқа мүмкіндіктер туа бастаған кезде қайтадан жанданып, кең арнасына түсе бастады. Ысмайылов, Жұмалиев, Нұрқатов, А. Нұртазин, Қ. Нұрмаханов, М.  Ғабдуллин, С. Қирабаев, Р. Бердібаев, З. Қабдолов, Т. Кәкішев , Б. Сахариев және т.б. сыншылар қазақ Ә. с-н жаңа биіктерге көтерді. 60 жылдары көп томды қазақ әдебиетінің тарихын жасаумен бірге әдебиеттің ағымдағы күрделі мәселелерін терең талдаған мақалалар жарық көрді. Ә. с. осы жылдары қарқынды дамып, баспасөзде қызу пікір-таластар болды. Ә. с. саласында А. Сүлейменов, З. Серікқалиев, Р. Нұрғалиев, Тоқбергеновтер көрінсе, оған жалғаса 70-жылдары С. Әшімбаев, Б. Сарбалаев, Қ. Ергөбеков, Б. Ыбырайымов, Т. Шапаев т.б. келді. 70 жылдары Ә. с-ның дамуына мол мүмкіндіктер жасалынды. Газет-журнал беттерінен сын бөлімі тұрақты орын алды; “Уақыт және қаламгер”, “Сөзстан” сын мақалалар жинақтары тұрақты шығып тұрды.

11 слайд

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!

#12 слайд
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!

12 слайд

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !!!

Файл форматы:
pptx
24.01.2019
502
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі