400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ әдебиеті тарихын жаңаша жүйелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ әдебиеті тарихын жаңаша жүйелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Слайдтың жеке беттері
Қазақ әдебиеті тарихын жаңаша жүйелеу

#1 слайд
Қазақ әдебиеті тарихын жаңаша жүйелеу

1 слайд

Қазақ әдебиеті тарихын жаңаша жүйелеу

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ДӘУІРЛЕУДЕГІ ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕКТЕР

#2 слайд
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ДӘУІРЛЕУДЕГІ ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕКТЕР

2 слайд

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫН ДӘУІРЛЕУДЕГІ ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕКТЕР

 Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлты зиялыларының мерзімді баспасөзде жарияланған мақалаларында көтеріліп, ғы

#3 слайд
 Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлты зиялыларының мерзімді баспасөзде жарияланған мақалаларында көтеріліп, ғылыми еңбектерінде, оқулықтарында жалғастық тапқан әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесі әр кез күн тәртібінен түспегеніне қарамастан күні бүгінге дейін толық шешімін тапқан жоқ деуге болады. Оның басты себебі кешегі отаршылдық пен тотариталдық жүйе қысымы салдарынан әдебиет зерттеушілердің тарихи шындыққа негізделген біртұтас бағыт ұстана алмауынан, пікір қайшылығының өткір өрістеуінен еді. Солай бола тұрса да шовинистік көзқарас ықпалында кетпей, тоталитарлық жүйе бағытына ілеспей тарихи фактілерге арқа сүйеген, өз ұстанымы үшін қайсарлық таныта білген ғалымдар да болды. Ол – қазақ әдебиеттану ғылымында әдебиет тарихын түркі халықтарының бәріне ортақ дәуірден бастаудың негізін салып, орнықтырған профессор Бейсенбай Кенжебаев еді. 

3 слайд

 Артына қалдырған мұрасы бір кезеңнің ғана сұранысынан шығып қоймай, келер күндер талабына да жауап бере алатын, ғылыми байл

#4 слайд
 Артына қалдырған мұрасы бір кезеңнің ғана сұранысынан шығып қоймай, келер күндер талабына да жауап бере алатын, ғылыми байлам түйіні уақыт деңгейімен емес,  уақыттар биігінен өлшенетін тарихи мәні зор еңбек жасаған тұлғалардың орны бөлек. Осы тұрғыдан келіп, қазақ әдебиеттану ғылымының даму, қалыптасу, өркендеу тарихына көз жіберсек, өміршең ойдың, өрістегіш идеяның жарқын бір үлгісі профессор Б.Кенжебаевтың ғылыми мұрасында жатқанын көреміз.

4 слайд

 Әдебиеттанудағы алғашқы қадамы Абай мұрасы жайлы жазған мақаласынан бастап өмірінің соңғы тынысына дейін ұлттық мүдде, ортақ

#5 слайд
 Әдебиеттанудағы алғашқы қадамы Абай мұрасы жайлы жазған мақаласынан бастап өмірінің соңғы тынысына дейін ұлттық мүдде, ортақ түркілік идея үшін күресу ұстанымынан бір айнымаған Б.Кенжебаев тұлғасының күннен-күнге ірілене, оқшаулана түскені ақиқат. Мейлі әдебиет тарихына қатысты, мейлі әдебиеттің жеке тұлғаларына қатысты мәселе болсын коммунистік идеологияға бағынған цензураның зорлығына еріксіз иілген кейбір тұстарды айтпағанда, «заманның илеуінен» ғылымдағы қисынсыз пайым, ортақ тарихи негізге жүгінбеген тұжырым жетегінде кетпеуге, өз ұстанымын өзгертпеуге өмір бойы тұрақтылық танытқан қайсар мінезді, қайтпас жігерлі ғалымның көрегендігі мен ғылыми ойларының өміршеңдігіне кейінгі жылдары ғана көзіміз жеткендей. 

5 слайд

 Осы тұрғыдан келгенде, ғалым И.Нұрахметтің: “Қазақ әдебиеті тарихын тану туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуы мен дамуында

#6 слайд
 Осы тұрғыдан келгенде, ғалым  И.Нұрахметтің: “Қазақ әдебиеті тарихын тану туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуы мен дамуында, күшті ғылыми негізге ие пікір қозғап, күрделі зерттеу еңбектер ұсынған ғалым Б.Кенжебаев өз тұсындағы ғылымның жетістіктерін жіті қадағалап, ішкі қажеттілікті қапысыз танып, әдебиет тарихына деген жаңаша көзқарастың ту ұстаушысы бола алды” – деп жазғанындай, әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесіне ерекше назар аударды. 

6 слайд

 Қазақ әдебиеті тарихын осы жүйелеу бойынша зерттеуді ұсынған ғалым тек тамыры бір түркі халықтарының әдебиеті де ортақ екен

#7 слайд
 Қазақ әдебиеті тарихын осы жүйелеу бойынша зерттеуді ұсынған ғалым тек тамыры  бір түркі халықтарының әдебиеті де ортақ екендігіне қисынды байламдар жасайды. Түркі халықтарының ежелгі дәуірде жасаған әдеби мұрасына қазақ халқының да мұрагер болуына құқылы деп білген Б.Кенжебаев осы бағытта мақсатты түрдегі жоспар жасап, оны шәкірттері арқылы жүзеге асырды, жақсы нәтижелерге жетті. Бұл орайда ғалым көп кедергілерге де кездесті. Көптеген ғалымдар қазақ әдебиеті тарихын түркі халықтарына  ортақ дәуірден бастау керек деген Б.Кенжебаев ұсынысына қарсы шықты. Алайда қолдаушылар да болды. Соның бірі В.Сидельников еді. Ол “Қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми-теориялық  конференцияда” сөйлеген сөзінде “Әрине, қызықты баяндамалар мен хабарламалардың төңірегінде қызу пікір-таластар және тұжырымдар болды. 

7 слайд

 Кейбір шешендер өте бағалы ескертулер жасады. Мәселен, жігерлі де қызу қанды Б.Кенжебаев қазақ әдебиетінің бастау көзі турал

#8 слайд
 Кейбір шешендер өте бағалы ескертулер жасады. Мәселен, жігерлі де қызу қанды Б.Кенжебаев қазақ әдебиетінің бастау көзі туралы қызықты ой айтты. Ол қазақ әдебиетінің тарихын ХҮІІІ ғасырдан, Бұқар жыраудан емес ерте дәуірдегі Орта Азиялық ескерткіштерден бастауды ұсынды. Бұл орайда ол жеке ұлттар  ретінде  қалыптасқаннан  кейін орыс, белорусь және украин әдебиеттеріне бөлініп кеткен шығыс славян әдебиетімен ұқсастығына сілтеме жасайды. Рас, кезінде бұл мәселені Бертельс қойған болатын. Алайда Б.Кенжебаевқа ризашылығымыз –оның бұл мәселені дер кезінде еске түсіріп, өткірлендіре түсуі ” - деп ғалым ұсынысын жақтағандық байқатады. Б.Кенжебаевтың бастамашыл боп көтерген қазақ әдебиетін дәуірлеу, оның тарихын түркі халықтарының бәріне ортақ ойма жазудан бастау туралы мәселелер ғылыми ортада мойындалып, ғалымның көзі тірі кезінде-ақ орнықты. 

8 слайд

 Бүгіндері әдебиеттанудың жеке-жеке салаларына айналған ғалымның негізгі ой-тұжырымдары оның З.Ахметов, Р.Бердібай, Р.Нұрғали

#9 слайд
 Бүгіндері әдебиеттанудың жеке-жеке салаларына айналған ғалымның негізгі ой-тұжырымдары оның З.Ахметов, Р.Бердібай, Р.Нұрғали, Т.Кәкішев, Х.Сүйіншалиев, М.Жолдасбеков, Н.Келімбетов, Т.Қожакеев, М.Мағауин, А.Еспембетов, А.Қыраубаева, У.Қалижанов, Т.Жұртбай, Қ.Ергөбек, С.Дәуітов, З.Бейсенғали т.б. тәрізді идеялас іні, шәкірттерінің зерттеулерінде жалғастық тауып, дамытылды, жаңа көзқарас, тың фактілермен толыға түсті. Ол кездері есімдерін атауға болмайтын, саясат бұғауында жатқан Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев тәрізді Алаш ұранды әдебиет қайраткерлерін қоспағанда, әуелі С.Торайғыров шығармашылығы бойынша кандидаттық, одан соң сол кезеңдегі қазақ әдебиеті өкілдерін кең көлемде қамти отырып докторлық диссертация қорғаған ғалым қазақ әдебиетінің тұтас бір дәуірін түбегейлі зерттеп, 20-ғасыр басындағы әдебиеттің түрлі салалары мен әрқилы көзқарастағы ақын-жазушылар творчествосы, олардың шығармаларындағы басты тенденцияларды ғылыми терең пайыммен айқындап берді. 

9 слайд

 Қорыта келгенде, әдебиет тарихын дәуірлеудегі Б. Кенжебаеев ұстанымы өміршеңдігін дәлелдеді, өз нәтижесін көрсетті. Соңғы ел

#10 слайд
 Қорыта келгенде, әдебиет тарихын дәуірлеудегі Б. Кенжебаеев ұстанымы өміршеңдігін дәлелдеді, өз нәтижесін көрсетті. Соңғы елу жылға жуық уақыт бойы ғалым идеясы жүзеге асып, жоғары оқу орындары мен мектептерде қазақ әдебиетінің тарихы ежелгі түркі халықтарына ортақ дәуірге дейінгі кезең қамтыла оқытылып келеді. Ғылыми көзқарас, әдебиет тарихын зерттеу бағыты жаңа арнаға бұрылды. Арғысын айтпағанның өзінде соңғы ширек ғасыр бедерінде Б. Кенжебаев негіздеген әдебиет тарихының бастауын арқау еткен Алма Қыраубаеваның , Немат Келімбетовтың , Тоқболат Еңсегенұлының монографиялары шығып, докторлық диссертациялар қорғаса, Иманғазы Нұрахмет пен Айтбай Жұмағұлов тікелей әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесіне арналған тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 

10 слайд

Назар аударғандарыңызға рақмет!!!

#11 слайд
Назар аударғандарыңызға рақмет!!!

11 слайд

Назар аударғандарыңызға рақмет!!!

Материалды PowerPoint форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
922
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі