Материалдар / Қазақ қашанда қонақжай халық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақ қашанда қонақжай халық

Материал туралы қысқаша түсінік
барлық сынып жетекшілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қаңтар 2019
331
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Сабақтың тақырыбы: Қазақ қашанда қонақжай Мақсаты: «Сыйластық», «туыстық», «достық» адамгершілік құндылықтары туралы түсінік

1 слайд
Сабақтың тақырыбы: Қазақ қашанда қонақжай Мақсаты: «Сыйластық», «туыстық», «достық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: • Қонақ күту дәстүрі, қонақасы туралы түсінік беру: • Қонақты сыйлау іскерліктерін дамыту: • Қонақжайлылық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: дәптер, үнтаспа, сюжетті суреттер.

Ш а т т ы қ ш е ң б е р іБалалар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Мына өлең жолдарын мұғаліммен бірге қайталайды.Қонақжайлылық

2 слайд
Ш а т т ы қ ш е ң б е р іБалалар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Мына өлең жолдарын мұғаліммен бірге қайталайды.Қонақжайлылық белгісі Сырттан келген мейманға Сәлем беріп, қол алсаң, Бірінші еткен құрметің. « Түсіңіз » , - деп түс беріп, Шылбырына оралсаң, Екінші еткен қызметің. Есік ашып енгізіп, Көрпе төсеп құп алсаң, Үшінші еткен құрметің. Мейман риза болғаны – Құрметпен үйге қонғаны.

Өлең мазмұны мұғалімнің оқушыларға сұрақ қойып, олардан жауап алумен толықтырылады. • Өлеңде қонаққа қандай құрмет көрсету тур

3 слайд
Өлең мазмұны мұғалімнің оқушыларға сұрақ қойып, олардан жауап алумен толықтырылады. • Өлеңде қонаққа қандай құрмет көрсету туралы айтылған? Мұғалімдерге оқушылардың жауаптарын өз ойымен түйіндеп, сабақтың тақырыбын таныстыру ұсынылады. Әңгімелесу Мұғалім сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу тәсілін ұйымдастырады: • Қонақ деп кімді айтамыз? • Қонақжайлылық дегенді қалай түсінесіңдер? • Халқымыздың тағы да қандай салт – дәстүрлерін білесіңдер? Балалардың жауаптары. Мәтінмен жұмыс Мұғалім қонақжайлылық туралы түсінік беріп, оның мәнін ашу үшін аңызды айта отырып, балаларға кідіріспен сұрақ қойып, жауаптарын тыңдайды. Үнтаспадан Дәулеткерейдің «Қосалқы» күйі орындалып тұрады.

Қонақасы Аңыз Ертеде Алаш деген данышпан қарт өмір сүріпті. Оның Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деген үш ұлы болыпты. Ұлдары қайырымд

4 слайд
Қонақасы Аңыз Ертеде Алаш деген данышпан қарт өмір сүріпті. Оның Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деген үш ұлы болыпты. Ұлдары қайырымды болып өсіпті. Бір күні қарт үш ұлын шақырып: • Балаларым, дәм-тұзым таусылатын шак таяп қалды. Көзімнің тірісінде сендерге қалдыратын еншімді бөліп берейін,- депті. • Қалай ойлайсыңдар, данышпан қарт өзінің еншісін нешеге бөледі? Балалардың жауаптары. • Менің мал-мүлкімді теңдей төрт бөлікке бөліңдер, өз еншілеріңді алып әке ісін әрі қарай жалғастырыңдар. Ынтымақ бірлікте өмір сүріңдер. Балалары әкелеріне қалдырған еншісі үшін рақметтерін айтып, әке алдында бастарын иіп тағзым етеді де, былай дейді: • Әке, біз сізді түсінбей калдық. Біз үшеуміз ғой, еншіңізді неге төрт бөлікке бөлдіңіз? • Балалар, қалай ойлайсыңдар, карт төртінші белігін кімге қалдырады? Балалардың жауаптары. Әкесі былай деп жауап береді: «Мал-мүлкімнің төртінші бөлігін сендердің қонақтарыңа қалдырамын. Шаршап шалдығып келген қонақтың еншісі - қонақасы болсын. Егер сендердің қонақтарың дәмнен бас тартса, олардың өз «сыбағалары» екенін айтарсыңдар», - депті. • Сыбаға деген сөзді қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары. • «Сыбаға» - құрметті қонаққа немесе өздерінің жақындарына арнап сақтаған кәделі тағамдары.

Ғасырлар өтіп жатты. Адамдар көбейіп, далаға тарап кетті. Үлкен ұлдың ұрпақтары үлкен орданы - ұлы жүзді, ортаншы ұлдың

5 слайд
Ғасырлар өтіп жатты. Адамдар көбейіп, далаға тарап кетті. Үлкен ұлдың ұрпақтары үлкен орданы - ұлы жүзді, ортаншы ұлдың ұрпақтары орта орданы - орта жүзді, кенже ұлдың ұрпақтары кіші орданы - кіші жүзді басқарды. Содан бері өмірде көп өзгеріс болды. Бірақ барлық уақытта - ғасырлар, жылдар, күндерде қырдағы қонақжайлылық әдет әрдайым берік болып келеді. Қазақтың үйіне күндіз немесе түнде кім кірсе де, әрқайсысын жылы қабақпен күтіп алу және құрметтеу, жомарттықпен ас-су тарту дәстүрі - «қонақасы» тосып тұрады. • «Қонақасы» деген сөзді қалай түсінесіңдер? • Қонақ күтуден адамның қандай жақсы қасиеттері көрінеді? Балалардың жауаптары. Мұғалім оқушылардың жауаптарын туйіндеу мақсатында қонақасы ұғымының мәнін төмендегі бағытта тусіндіруіне болады: • «Қонақасы» сөзі «қонақ» және «ас» деген екі сөздің бірігуінен құрылған. «Қонақасы» ұғымы келген қонаққа арнайы дайындалатын ас деген түсінікті білдіреді. Қонақ күтуден адамдар арасындағы сыйластық, мейірімділік, сүйіспеншілік, жылы шырай танытушылық, кең пейілділік, жылы жүректілік байқалады.

Тапсырма Балалардың қонақжайлық дағдысын қалыптастыру және дастарқан мәзірін кімдерге, қалай ұсынуға болатынын уйрену мақсатынд

6 слайд
Тапсырма Балалардың қонақжайлық дағдысын қалыптастыру және дастарқан мәзірін кімдерге, қалай ұсынуға болатынын уйрену мақсатында «Суреттерде берілген дастарқан мәзірлерін кімдерге, қалай ұсынар едіңдер?» - деген сурақпен тапсырма ұсынылады. Ойын. «Қонақты қарсы алу» Оқушылардың бойында қонақ күту дағдысын қалыптастыру үшін мына ойын жургізіледі. Балалар үш топқа бөлінеді. Бірінші топ қонаққа келген достарын, екінші топ қонаққа келген жақын туыстарын, үшінші топ ата-аналары үйде жоқ уақытта қонаққа келген туыстарын күтуді рөлдерде ойнап көрсетеді. Бүгінгі тақырыптың мәні сабақтың дәйексөзінің мағынасын тусіндірумен ашылады. Жаңа ақпарат Оқулықтағы жаңа ақпарат балалардың халқымыздың қонақжайлық дәстурін үйрену, адамдар арасында сыйластық, құрмет, татулық туралы уғымдарын дамыту мақсатында берілген. Олар жаңа ақпаратты оқи отырып, өз бойларындағы ізгілік, мейірімділік, қамқорлық сезімдерін аңғартады. Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерінің бірі - қонақжайлылық. Қонақжайлылык адамдар арасындағы сыйластыкты, бір-біріне деген кұрметті, камқорлықты көрсетеді. Туған-туыс, дос-жарандарын құрметтеуді үйренеді. Шығармашылық жұмыс Шығармашылық жұмыс бойынша оқушылар өлеңді оқып, қонақ күту рәсімін сахналап көрсетеді. Балалар сахналау арқылы қонаққа қандай құрмет көрсету керектігін ұгына түседі.

7 слайд

Қонақтар келгелі Көңілді үй қандай! Кілемдер төрдегі Күлімдеп тұрғандай. Жайылған арнайы Дастарқан Бай қандай! Әлемнің бар

8 слайд
Қонақтар келгелі Көңілді үй қандай! Кілемдер төрдегі Күлімдеп тұрғандай. Жайылған арнайы Дастарқан Бай қандай! Әлемнің бар дәмі Аспаннан жауғандай. Қонаққа бәріміз Көрсеттік қошемет. Сапырған сары қымыз Құйылды еселеп. Көңілді көкем де, Әжем де, Апам да Қонақты бекерге Бұлар құт санай ма. Даладай аумағы Жайнаған бөлмені Шат күлкі жайлады, Қуаныш кернеді. Қ о н а қ к ел ге н д е

Дәйексөз • «Жақсы қонақ - құт, береке» дегенді қалай тусінесіңдер? Балалардың жауаптары. Мұғалім төмендегі бағытта түсіндіруі

9 слайд
Дәйексөз • «Жақсы қонақ - құт, береке» дегенді қалай тусінесіңдер? Балалардың жауаптары. Мұғалім төмендегі бағытта түсіндіруі мүмкін: - Иә, ертеде қазақтар үйіне жақсы адам келсе, сонымен бірге үйге қуаныш, бақыт, жақсылык келеді, деп қуанатын болған. «Құтты қонак келгенде қой егіз табады» - деп жақсылыққа жорыған. Өйткені жақсы адам қонаққа жақсы ниетпен, жылы тілекпен, мейірімді жүрекпен барады. Дастарқан басында жақсы сөздер айтып, көңілді отырады, айналасына күлкі, қуаныш сыйлайды. Халықтың «Жақсы қонақ - құт береке» деп айтуы осыдан калған

Тапсырма: «Дастарханға бата» Үнтаспадан ақырын күй ойналып тұрады. Осы сабақты мұғалім былайша қорытады. • Қазақ халқында қо

10 слайд
Тапсырма: «Дастарханға бата» Үнтаспадан ақырын күй ойналып тұрады. Осы сабақты мұғалім былайша қорытады. • Қазақ халқында қонақ күту рәсімі дастарханға бата жасаумен аяқталады. Дастарханға батаны төрде отырған ең сыйлы қонақ береді. Бата қонақжай үй иесіне, қонақжай отбасына арнап жасалады. Бата арқылы үй иесіне ризашылыған білдіріп, жақсы тілектер айтылады. Бата қазақ халқы үшін қасиетті де қастерлі тілек. Сондықтан халық арасына осы тілектер орындалады деген сенім бар. Жасы үлкеннен, қариядан, сыйлы қонақтан бата алған адам үлкен жақсылықтарға жетеді. Мұғалім «Дастарханға берілетін батадан» үзінді келтіріп, жаттап алуға ұсынуға болады. Асқа байлық, Денге саулық берсін, Дастарханың берекелі болсын, Әр күнің мерекелі болсын. Бақытың мол болсын, Абыройың зор болсын!

Д ә п т е р м е н ж ұ м ы с

11 слайд
Д ә п т е р м е н ж ұ м ы с

Қазақы дастарқан Ей, халайық, халайық, Бар өнерге салайық. Уайым қайғы жоқ болсын, Қуанышың көп болсын. Қайырмасы: Дастарқан-

12 слайд
Қазақы дастарқан Ей, халайық, халайық, Бар өнерге салайық. Уайым қайғы жоқ болсын, Қуанышың көп болсын. Қайырмасы: Дастарқан-ау, дастарқан, Мерекелі дастарқан, Берекелі дастарқан, ей. (2рет) Жақсы келсе, қүт болар, Жаман келсе, жүт болар. Жолаушымыз біз деген Асыл мүра іздеген. Қайырмасы.