Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты ғалымдардың зерттеу еңбектері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты ғалымдардың зерттеу еңбектері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты ғалымдардың зерттеу еңбектері.
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты ғалымдардың зерттеу еңбектері

#1 слайд
Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты ғалымдардың зерттеу еңбектері

1 слайд

Құрмалас сөйлем синтаксисіне байланысты ғалымдардың зерттеу еңбектері

Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұ

#2 слайд
Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Сабақтас құрмалас сөйлем Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Аралас құрмаслас сөйлем Құрмалас сөйлемнің бір түрі. Кемі үш жай сөйлемнен құралады. Олар өзара синтаксистік байланыстың ерекше түрі — аралас байланыс арқылы құрмаласқан. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үшке жіктеледі

2 слайд

Жалпы, қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдерді зерттеу тарихына көз салсақ, 30-жылдардың екінші жартысынан бастап қана ғылы

#3 слайд
Жалпы, қазақ тіл біліміндегі құрмалас сөйлемдерді зерттеу тарихына көз салсақ, 30-жылдардың екінші жартысынан бастап қана ғылыми-зерттеу нысаны етіп алына бастады. Қазан төңкерісіне дейінгі жарық көрген қазақ тілі грамматикаларында құрмалас сөйлем арнайы сөз болған емес. Ал «күрделі сөйлем», «бағыныңқы сөйлем» деген мысалдар тіліміздің фактілеріне қарап емес, орыс тіліне аударылған мағыналарына сай шешілген. Сонымен қатар, оларды құрмалас сөйлем деп арнайы қарастырмай, етістіктің есімше, көсемше және рай түрлерінің синтаксистік қызметтерін айқындау мақсатында ғана қарастырған. Мысалы: «Бір кішкене құла тай үстіне тер қарып тұр екен. Кемпірдің мойны үзіліп өлді» (Краткая грамматика киргизского языка.1897.стр.37).

3 слайд

Құрмалас сөйлем жөнінде тіліміздің табиғатына сай алғаш ғылыми пікір айтушы, құрмаласқа қатысты терминдерді алғаш ұсынушы реті

#4 слайд
Құрмалас сөйлем жөнінде тіліміздің табиғатына сай алғаш ғылыми пікір айтушы, құрмаласқа қатысты терминдерді алғаш ұсынушы ретінде қазақ тіл білімінің көшбасшысы А.Байтұрсынұлы Өзінің «Тіл-құралында» (Көрсетілген еңбек.1925жыл.) сөйлемдер арасында екі түрлі жақындық: біріншісі - ішкі мағына желісі жөніндегі жақындық та, екіншісі - сыртқы қисын жақындығы барын айтқан. Тек мағына желісі бойынша жақындасатындарды «іргелес сөйлем», әрі сыртқы қисын жақындықтары барларын «құрмалас сөйлем» деп атаған. сиыса құрмаласу қиыса құрмаласу«Қарабай мен Сарыбай аңға шықты» Мен бардым, сен үйде болмадың.

4 слайд

Профессор Қ.Жұбановтың құрмалас сөйлем жөніндегі пікірлері Қ.Жұбанов құрмалас сөйлемге қатысты «Қазақ тілінің програмында» (Қ.

#5 слайд
Профессор Қ.Жұбановтың құрмалас сөйлем жөніндегі пікірлері Қ.Жұбанов құрмалас сөйлемге қатысты «Қазақ тілінің програмында» (Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. 1966 ж., 308+310 б.) тоқталып, құрмаластардың кей түрлеріне ішінара түсініктемелер беріп отырған. Аталған бағдарламада салаластың құрамындағы бірінші сөйлем баяндауыштары «еді» көмекші етістігі; шартты рай тұлғасы; көсемшенің – п форманты; да, және, тағы, сосын дәнекерлері; сол себепті, сондықтан, сүйтіп, бірақ, сонда да, сөйтсе де, я, әйтпесе, не болмаса, үйткені, неге десең, т.б. жалғаулықтар; осы, сол, бұл, есімдіктері арқылы жасалатынын атап көрсеткен.

5 слайд

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді С. Аманжолов пен Н.Т.Сауранбаевтың «Қазақ тілінің грамматикасында» (С.Аманжолов. ... Қаза

#6 слайд
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді С. Аманжолов пен Н.Т.Сауранбаевтың «Қазақ тілінің грамматикасында» (С.Аманжолов. ... Қазақ тілінің грамматикасы. 1939 ж.) біршама тәуір сипаттаған. Нығмет Тінәліұлы Сауранбай (1910-1958) - Қазақ тілі білімінің негізін салушылардың бірі, түркітанушы, филология ғылымының докторы (1943), профессор (1944), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946), Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1945). Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов (1903–1958) – Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы (1948), профессор (1948), Қазақ КСР ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1954). 1937 жылдан КОКП мүшесі.Бұнда құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас және аралас деп үш топқа бөлінген. Салалас құрмалас сөйлемдерді қазақ тіл білімінде жалғаулықты, жалғаулықсыз деп бөлу тарихы да осы оқулықтан басталған. Бұрын сөз болып көрмеген көп бағыныңқылы сабақтас, оның сатылы, жарыспалы түрлері де осы оқулықтан бастап атала бастады.

6 слайд

Жиенбаев Сейіл Сарықұлұлы (1896-1945) — қазақ тілін оқыту әдістемесін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан ғалым, филологиялық ғы

#7 слайд
Жиенбаев Сейіл Сарықұлұлы (1896-1945) — қазақ тілін оқыту әдістемесін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан ғалым, филологиялық ғылыми кандидаты (1942). Бөрте 2 сыныптық училищесін (1912), Орынбор қаласындағы мұғалімдер семинариясын (1916), ҚазПИ-ді (1928) бітірген. Құрмаластардың жіктеудегі С.Аманжоловтың кемшілігі ретінде С.Жиенбаев салаластардың «ылғи ойдан шығарылған жасанды сөйлемдер алынғанын», «көздейсоқ белгілерге қарап жіктелгенін», «егер мағыналық, структуралық белгілеріне қарай таптастыратын болсақ, бұл 20 түрдің ішінде бірінің шеңберіне бірі еніп кететін түрлері барын» атаса, сабақтастарға байланысты салаластардағы кемшіліктермен қатар, кейбір жай сөйлемдердің сабақтастар қатарында қате қарастырғанын дұрыс сынаған.

7 слайд

Сейіл Жиенбаевтың ғылыми- әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты  С. Жиенбаев қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты « Б

#8 слайд
Сейіл Жиенбаевтың ғылыми- әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты  С. Жиенбаев қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты « Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі», «Үлкендерге хат таныту методикасы», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы»,«Қазақ тілінің методикасы», «Грамматикалық таблицалар» т.б. сияқты еңбекер жазған.  Пәнді оқыту әдістемесіне байланысты еңбектерінің негізгі ойтолғамдары автордың 1946 жылы жарық көрген « Қазақ тілі методикасы» атты еңбегінде баяндалады. Грамматиканы оқытудың жалпы әдістерін талдауды мақсат еткен бұл еңбек қазақ тілінің грамматикалық жүйесін оқытуды ғылыми негізде талдаған алғашқы еңбектердің бірі еді. Оқытудың жалпы әдістерін, негізгі ұстанымдарын көрсете отырып, оны нақты матриалдар негізінде түсіндіреді.  Сабақта мазмұндап шығу бар да, сол мазмұндаған нәрсені оқушы миына тоқытып, меңгерту бар екенін айта келіп, мынандай мысалдар арқылы ойын сабақтайды. Кезекті тақырыптардың бірі ретінде септік жалғауын алып, оның жеті түрлі септіктен тұратынын, олардың грамматикалық тұлғаларын айтып өтумен іс бітпейді дейді ғалым-әдіскер. Сабақты бұлайша мазмұндау автордың пікірінше, тек догматикалық әдіс қолданғандық. Оқушы септік жалғаудың мәнін терең түсіну үшін, ең алдымен, оның қызметін дұрыс бағамдағаны дұрыс. Септік жалғауының негізгі атаратын қызметі – синтаксистік қызмет. Екі сөзді бір-бірімен жалғастырып айту кезінде ғана жалғау керек болады, ал сөздердің басын қосып, құрастыру сөйлем жасау болып табылады дей келіп, септік жалғауының осындай синтаксистік мәнін түсіндіру арқылы, мағынасын айқындауға болар еді деген елеле ой айтады.

8 слайд

ҚОРТЫНДЫ  Құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысу тәсілдері дамыған, олардың түрлері кеңей

#9 слайд
ҚОРТЫНДЫ  Құрмалас сөйлемдердің құрамына енген жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысу тәсілдері дамыған, олардың түрлері кеңейген. Сол арқылы түркі тілдерінде құрмалас сөйлемдердің де функциясы артқан. Бұл даму әсіресе жазба әдебиетке байланысты болды. Қазіргі түркі тілдердің қайқайсысының әдеби тілін алсақ та, құрмалас сөйлемдерді кеңінен қолданатынын көреміз. Осы жағдайға байланысты түркі тілдердің барлығына ортақ және әр тілге тән өзгешеліктер де пайда болған. Бұл — бір тілді екінші тілмен салыстырғанда анық байқалады. Осының нәтижесінде құрмалас сөйлемдердің, байланысу тәсілдеріне бір тілде бастапқы жай сөйлемнің баяндауышы есімше, кесемше, шартты рай тағы басқа етістіктің формалары көбірек қатысу арқылы жасалса, екіншісінде; көмекші сөздер көбірек қолданылады. Қысқасы, кейбір фонетикалық өзгешеліктерін есепке алмасақ, барлығына ортақ байланысу тәсілдері ертеден сақталғандығы байқалады. Ал кейбір тілдерде кездесіп, басқасында қолданылмайтын байланысу тәсілдері сол тілдің соңғы қалыптасу дәуірлеріне жатады.

9 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

#10 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

10 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Файл форматы:
pptx
08.01.2024
754
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі