Ш_Уәлиханов_–әдебиеттанушы,ғалым, зерттеуші.pptx
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Қазақстандағы көрікт ІІ БӨЛІМ
Тарихи шындық пен көркемдік шешім
жерлер.C сұл
Сабақтың тақырыбы:
Шоқан – әдебиеттанушы, ғалым, зерттеуші.
“Ыстықкөл күнделігі” атты зерттеу еңбегі.
Қазақ әдебиеті
9-сынып
1 слайд
Қазақстандағы көрікт ІІ БӨЛІМ Тарихи шындық пен көркемдік шешім жерлер.C сұл Сабақтың тақырыбы: Шоқан – әдебиеттанушы, ғалым, зерттеуші. “Ыстықкөл күнделігі” атты зерттеу еңбегі. Қазақ әдебиеті 9-сынып
2 слайд
Оқу мақсаты:
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді
шығармашылық жұмыстарда қолдану.
Сабақ мақсаты:
- шығармадан берілген үзінділердің мазмұнын ашады;
- үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады.
2 слайд
Оқу мақсаты: 9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану. Сабақ мақсаты: - шығармадан берілген үзінділердің мазмұнын ашады; - үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады.
3 слайд
Бағалау критерийі:
- ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын ажырату;
- көркем шығармадан алынған үзінділерді сәйкестендіру;
- пікірлеріңізді дәлелдеу.
3 слайд
Бағалау критерийі: - ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын ажырату; - көркем шығармадан алынған үзінділерді сәйкестендіру; - пікірлеріңізді дәлелдеу.
4 слайд
“Ой қозғау”
4 слайд
“Ой қозғау”
5 слайд
Шоқан – зерттеуші
Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы қазіргі
Қостанай облысы, Құсмұрын деген жерде дүниеге келген.
1847 жылы күзде әкесі Омбыға алып келіп, кадет корпусына оқуға
орналастырады.
14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші ретінде
қараған. Оған басшылары тарапынан сирек кездесетін көне кітаптарды алып
оқуға рұқсат беріледі. Қазақ университетінің профессоры И.Березиннің
тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың “Хан жарлықтарына” және
Қадырғали Жалаиридың “Жамиғ ат-Тауарих” атты шығармасына талдау
жасады.
Шоқан сонымен қатар, қырғыз елін зерттеп, қырғыздар мен Ұлы жүз
қазақтарының тарихы, этнографиясы туралы мәліметтер жинайды, ауыз
әдебиеті нұсқаларын жазып алады. Қырғыздың “Манас” жырын бірінші рет
баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған да – Шоқан.
5 слайд
Шоқан – зерттеуші Шоқан (Мұхамедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылы қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын деген жерде дүниеге келген. 1847 жылы күзде әкесі Омбыға алып келіп, кадет корпусына оқуға орналастырады. 14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші ретінде қараған. Оған басшылары тарапынан сирек кездесетін көне кітаптарды алып оқуға рұқсат беріледі. Қазақ университетінің профессоры И.Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың “Хан жарлықтарына” және Қадырғали Жалаиридың “Жамиғ ат-Тауарих” атты шығармасына талдау жасады. Шоқан сонымен қатар, қырғыз елін зерттеп, қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы туралы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиеті нұсқаларын жазып алады. Қырғыздың “Манас” жырын бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған да – Шоқан.
6 слайд
Шоқан – саяхатшы
Шоқан кадет корпусын бітірген соң, бір жылдан кейін Батыс Сібірдің
генерал-губернаторы Г.Гасфорттың адъютанты қызметіне бекітіледі.
Жастығына қарамастан, Шоқан қазақ халқының тұрмысын, әдет-ғұрып
ерекшеліктерімен қатар, бірнеше шығыс тілдерін меңгерді. Осы себептерге
байланысты оған ерекше тапсырмаларды орындайтын офицер міндеті
жүктеледі. Ол осы қызметтік міндетін ғылыммен үйлестіре білді: география,
тарих, ежелгі діни сенімдер туралы мәліметтер жинады.
1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды
аралайды.
1856 жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады.
1858-1859 жылдары өзінің әйгілі Қашқарияға саяхатын жасайды.
Шоқан саяхаттарының ғылыми нәтижелері “Ыстықөл сапарының
күнделігі”, “Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы”,
“”Қырғыздар туралы жазбалар” атты еңбектерінде баяндалған.
6 слайд
Шоқан – саяхатшы Шоқан кадет корпусын бітірген соң, бір жылдан кейін Батыс Сібірдің генерал-губернаторы Г.Гасфорттың адъютанты қызметіне бекітіледі. Жастығына қарамастан, Шоқан қазақ халқының тұрмысын, әдет-ғұрып ерекшеліктерімен қатар, бірнеше шығыс тілдерін меңгерді. Осы себептерге байланысты оған ерекше тапсырмаларды орындайтын офицер міндеті жүктеледі. Ол осы қызметтік міндетін ғылыммен үйлестіре білді: география, тарих, ежелгі діни сенімдер туралы мәліметтер жинады. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. 1856 жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. 1858-1859 жылдары өзінің әйгілі Қашқарияға саяхатын жасайды. Шоқан саяхаттарының ғылыми нәтижелері “Ыстықөл сапарының күнделігі”, “Қытай империясының батыс провинциясы мен Құлжа қаласы”, “”Қырғыздар туралы жазбалар” атты еңбектерінде баяндалған.
7 слайд
Шоқан – әдебиетші-ғалым
Шоқан орыс ақын-жазушыларының еңбектерімен қатар Еуропа
әдебиетінен Ж.Руссо, У.Шекспир, И.Гёте шығармаларын сүйіп оқыған.
Сөйтіп, батыс, шығыс, орыс әдебиетін зерттеуге де ерте кіріскен.
Қазақ ауыз әдебиетінің теориялық мәселелері сөз болатын “Қазақтың
халық дастандарының үлгілері туралы”, “Орта жүз қазақтарының аңыз-
әңгімелері”, “XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар” т.б.
еңбектерінен оның терең білімдарлығы көрінеді. Уәлиханов қазақтың
батырлар жыры үнді-герман эпостарына ұқсайтындығын айтады.
Қазақтың тарихы мен этнографиясына, қазақ даласының әлеуметтік-саяси
қатынастарына арналған еңбектерінің де мәні зор.
Шоқан – суретші
Ш.Уәлихановтан қалған мұраның бір бөлігін бейнелеу өнері
саласындағы еңбектері құрайды. Ол, негізінен, портрет, пейзаж және
халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Шоқаннан 150-
ге тарта сурет қалған.
7 слайд
Шоқан – әдебиетші-ғалым Шоқан орыс ақын-жазушыларының еңбектерімен қатар Еуропа әдебиетінен Ж.Руссо, У.Шекспир, И.Гёте шығармаларын сүйіп оқыған. Сөйтіп, батыс, шығыс, орыс әдебиетін зерттеуге де ерте кіріскен. Қазақ ауыз әдебиетінің теориялық мәселелері сөз болатын “Қазақтың халық дастандарының үлгілері туралы”, “Орта жүз қазақтарының аңыз- әңгімелері”, “XVIII ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар” т.б. еңбектерінен оның терең білімдарлығы көрінеді. Уәлиханов қазақтың батырлар жыры үнді-герман эпостарына ұқсайтындығын айтады. Қазақтың тарихы мен этнографиясына, қазақ даласының әлеуметтік-саяси қатынастарына арналған еңбектерінің де мәні зор. Шоқан – суретші Ш.Уәлихановтан қалған мұраның бір бөлігін бейнелеу өнері саласындағы еңбектері құрайды. Ол, негізінен, портрет, пейзаж және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеу жанрымен айналысқан. Шоқаннан 150- ге тарта сурет қалған.
8 слайд
1-тапсырма.
Берілген ақпараттардың дұрыс не бұрыстығын анықтаңыз
Дескриптор:
- ақпараттардың мазмұнын біледі;
- берілген ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын ажыратады.
Ақпараттар дұрыс бұрыс
Қырғыздың “Манас” жырын бірінші рет баспаға
ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған да –
Шоқан
1858 жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына
қатысады
Шоқан орыс ақын-жазушыларының еңбектерімен
қатар Еуропа әдебиетінен Ж.Руссо, У.Шекспир,
И.Гёте шығармаларын сүйіп оқыған
Шоқаннан 150-ге тарта сурет қалған
Уәлиханов қазақтың батырлар жыры қырғыз
эпостарына ұқсайтындығын айтады
8 слайд
1-тапсырма. Берілген ақпараттардың дұрыс не бұрыстығын анықтаңыз Дескриптор: - ақпараттардың мазмұнын біледі; - берілген ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын ажыратады. Ақпараттар дұрыс бұрыс Қырғыздың “Манас” жырын бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған да – Шоқан 1858 жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады Шоқан орыс ақын-жазушыларының еңбектерімен қатар Еуропа әдебиетінен Ж.Руссо, У.Шекспир, И.Гёте шығармаларын сүйіп оқыған Шоқаннан 150-ге тарта сурет қалған Уәлиханов қазақтың батырлар жыры қырғыз эпостарына ұқсайтындығын айтады
9 слайд
Өзіңді тексер!
Ақпараттар дұрыс бұрыс
Қырғыздың “Манас” жырын бірінші рет баспаға
ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған да –
Шоқан
+
1858 жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына
қатысады +
Шоқан орыс ақын-жазушыларының еңбектерімен
қатар Еуропа әдебиетінен Ж.Руссо, У.Шекспир,
И.Гёте шығармаларын сүйіп оқыған
+
Шоқаннан 150-ге тарта сурет қалған +
Уәлиханов қазақтың батырлар жыры қырғыз
эпостарына ұқсайтындығын айтады
+
9 слайд
Өзіңді тексер! Ақпараттар дұрыс бұрыс Қырғыздың “Манас” жырын бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған да – Шоқан + 1858 жылы қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады + Шоқан орыс ақын-жазушыларының еңбектерімен қатар Еуропа әдебиетінен Ж.Руссо, У.Шекспир, И.Гёте шығармаларын сүйіп оқыған + Шоқаннан 150-ге тарта сурет қалған + Уәлиханов қазақтың батырлар жыры қырғыз эпостарына ұқсайтындығын айтады +
10 слайд
”Ыстықкөл күнделігі”
Ыстықкөлге барар жолда...
Сәуірдің 18-жаңасында Семейден біз Аякөзге аттандық. Жол сусыз сортаң далада анда-
санда бір кезігетін қазақ бекеттері арқылы өтеді екен. Алғашқы көкті де біз сол
станциялардан ұшыраттық. Жолға шыққан күніміз жайма-шуақ болып, бозторғайлар
шырылдап, әдеттегі әніне басып тұрды.
Айдың 20-жаңасында түнделетіп біз Аягөзге келдік. Аягөз дегенің - шағын ғана
станция. Кенттің негізі 1824 жылы қаланған. Аягөзді жағалай отырып, біз табиғаттың
тылсымына әбден бойладық. Дала теп-тегіс, жап-жасыл кілем жауып тастағандай. Қараған
мен тобылғының және шіліктің жапырақтары жайылып, маужырап тұр.
№2 бекеттен біз оң жағалауға өттік. Бұл түн іші еді. №4 бекетке он шақырым жетпей,
қазақ ғашықтық дастанындағы бас қаһарман Қозы Көрпештің мазары тұр.
Лепсіге қарай еңісте тобылғы мен тұрын, ал одан әрі біртегіс батпақты қырда қаптаған
жуа мен сарымсақ, жусан мен көкпек. Асылы, Лепсі Алатау жоталарынан бастау алып,
Балқашқа құяды. Оның суы – терең. Жағасында қалың тоғай өседі. Түнде Басқаннан өтіп,
ертеңгілік Ақсуға келдік.
10 слайд
”Ыстықкөл күнделігі” Ыстықкөлге барар жолда... Сәуірдің 18-жаңасында Семейден біз Аякөзге аттандық. Жол сусыз сортаң далада анда- санда бір кезігетін қазақ бекеттері арқылы өтеді екен. Алғашқы көкті де біз сол станциялардан ұшыраттық. Жолға шыққан күніміз жайма-шуақ болып, бозторғайлар шырылдап, әдеттегі әніне басып тұрды. Айдың 20-жаңасында түнделетіп біз Аягөзге келдік. Аягөз дегенің - шағын ғана станция. Кенттің негізі 1824 жылы қаланған. Аягөзді жағалай отырып, біз табиғаттың тылсымына әбден бойладық. Дала теп-тегіс, жап-жасыл кілем жауып тастағандай. Қараған мен тобылғының және шіліктің жапырақтары жайылып, маужырап тұр. №2 бекеттен біз оң жағалауға өттік. Бұл түн іші еді. №4 бекетке он шақырым жетпей, қазақ ғашықтық дастанындағы бас қаһарман Қозы Көрпештің мазары тұр. Лепсіге қарай еңісте тобылғы мен тұрын, ал одан әрі біртегіс батпақты қырда қаптаған жуа мен сарымсақ, жусан мен көкпек. Асылы, Лепсі Алатау жоталарынан бастау алып, Балқашқа құяды. Оның суы – терең. Жағасында қалың тоғай өседі. Түнде Басқаннан өтіп, ертеңгілік Ақсуға келдік.
11 слайд
Мамырдың 15-жаңасы. Шелек өзенінің жағасына түнедік. Шелек
өзенінің ағысы әжептәуір шапшаң. Оның суы жыл бойы тартылмайды.
Шелектің ағысы арқылы келесі асулар өтеді: Қуғантөр мен Деле Қарағай.
Шелектен Ыстықкөлге қатынайтын керуен жолы Темірлік арқылы
Қарқараға түседі. Екінші жол бұдан қолайлырақ. Ол Шелектің жоғары
жағынан Сөгеті тауын бойлап, Сөгеті асуынан асып, Торайғыр тауына
тартады. Сөйтіп, үш Мерке арқылы Қарқараға түседі. Шарын жазығында
Қарқараға баратын Темірлік жолы Меркемен ұштасып, бірден-бір өткел
Санташ арқылы өтеді.
11 слайд
Мамырдың 15-жаңасы. Шелек өзенінің жағасына түнедік. Шелек өзенінің ағысы әжептәуір шапшаң. Оның суы жыл бойы тартылмайды. Шелектің ағысы арқылы келесі асулар өтеді: Қуғантөр мен Деле Қарағай. Шелектен Ыстықкөлге қатынайтын керуен жолы Темірлік арқылы Қарқараға түседі. Екінші жол бұдан қолайлырақ. Ол Шелектің жоғары жағынан Сөгеті тауын бойлап, Сөгеті асуынан асып, Торайғыр тауына тартады. Сөйтіп, үш Мерке арқылы Қарқараға түседі. Шарын жазығында Қарқараға баратын Темірлік жолы Меркемен ұштасып, бірден-бір өткел Санташ арқылы өтеді.
12 слайд
2-тапсырма.
Сәйкестендіру кестесі
Дескриптор:
- зерттеу күнделігінен алынған үзіндінің мазмұнын біледі;
- берілген сөйлемдерді сәйкестендіреді.
Шелектің ағысы арқылы келесі
асулар өтеді:
шағын ғана станция
№4 бекетке он шақырым жетпей,Темірлік арқылы Қарқараға түседі
Асылы, Лепсі Алатау жоталарынан
бастау алып,
Қуғантөр мен Деле Қарағай
Аягөз дегенің - қазақ ғашықтық дастанындағы бас
қаһарман Қозы Көрпештің мазары
тұр
Шелектен Ыстықкөлге қатынайтын
керуен жолы
Балқашқа құяды
12 слайд
2-тапсырма. Сәйкестендіру кестесі Дескриптор: - зерттеу күнделігінен алынған үзіндінің мазмұнын біледі; - берілген сөйлемдерді сәйкестендіреді. Шелектің ағысы арқылы келесі асулар өтеді: шағын ғана станция №4 бекетке он шақырым жетпей,Темірлік арқылы Қарқараға түседі Асылы, Лепсі Алатау жоталарынан бастау алып, Қуғантөр мен Деле Қарағай Аягөз дегенің - қазақ ғашықтық дастанындағы бас қаһарман Қозы Көрпештің мазары тұр Шелектен Ыстықкөлге қатынайтын керуен жолы Балқашқа құяды
13 слайд
Өзіңді тексер!
Сәйкестендіру кестесі
Шелектің ағысы арқылы келесі
асулар өтеді:
қазақ ғашықтық дастанындағы бас
қаһарман Қозы Көрпештің мазары
тұр
№4 бекетке он шақырым жетпей,Қуғантөр мен Деле Қарағай
Асылы, Лепсі Алатау жоталарынан
бастау алып,
шағын ғана станция
Аягөз дегенің -
Темірлік арқылы Қарқараға түседі
Шелектен Ыстықкөлге қатынайтын
керуен жолы
Балқашқа құяды
13 слайд
Өзіңді тексер! Сәйкестендіру кестесі Шелектің ағысы арқылы келесі асулар өтеді: қазақ ғашықтық дастанындағы бас қаһарман Қозы Көрпештің мазары тұр №4 бекетке он шақырым жетпей,Қуғантөр мен Деле Қарағай Асылы, Лепсі Алатау жоталарынан бастау алып, шағын ғана станция Аягөз дегенің - Темірлік арқылы Қарқараға түседі Шелектен Ыстықкөлге қатынайтын керуен жолы Балқашқа құяды
14 слайд
3-тапсырма.
Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен зерттеу еңбегіне байланысты алған
білімімізді қорытындылау мақсатында ”Төрт сөйлем” әдісімен пікір
білдіріңіздер.
Дескриптор:
- өз пікірін жазады;
- дәлел келтіреді;
- өмірмен байланыстырады;
- өз ойын қорытындылайды.
Пікір.
Дәлел.
Мысал.
Қорытынды.
14 слайд
3-тапсырма. Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен зерттеу еңбегіне байланысты алған білімімізді қорытындылау мақсатында ”Төрт сөйлем” әдісімен пікір білдіріңіздер. Дескриптор: - өз пікірін жазады; - дәлел келтіреді; - өмірмен байланыстырады; - өз ойын қорытындылайды. Пікір. Дәлел. Мысал. Қорытынды.
15 слайд
Өзіңді тексер!
Пікір. Шоқан Уәлиханов – заманының жан-жақты білімдар ғалымы.
Дәлел. Философия, этнография, тарих, ауыз әдебиеті және тағы басқа
ғылымның әр саласы бойынша көптеген құнды еңбектері бар.
Мысал. Ортағасырлық деректер мен ауыз әдебиеті үлгілері негізінде
“Қазақ шежіресі” атты еңбек жазған.
Қорытынды. Шоқаны бар елдің шоқтығы биік.
15 слайд
Өзіңді тексер! Пікір. Шоқан Уәлиханов – заманының жан-жақты білімдар ғалымы. Дәлел. Философия, этнография, тарих, ауыз әдебиеті және тағы басқа ғылымның әр саласы бойынша көптеген құнды еңбектері бар. Мысал. Ортағасырлық деректер мен ауыз әдебиеті үлгілері негізінде “Қазақ шежіресі” атты еңбек жазған. Қорытынды. Шоқаны бар елдің шоқтығы биік.
16 слайд
Бүгінгі сабақта:
- ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын ажыраттыңыздар;
- көркем шығармадан алынған үзінділерді сәйкестендірдіңіздер;
- пікірлеріңізді дәлелдедіңіздер.
Қосымша тапсырма:
“Ыстықкөл күнделігі” атты еңбегінің толық нұсқасын оқып, танысу.
16 слайд
Бүгінгі сабақта: - ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын ажыраттыңыздар; - көркем шығармадан алынған үзінділерді сәйкестендірдіңіздер; - пікірлеріңізді дәлелдедіңіздер. Қосымша тапсырма: “Ыстықкөл күнделігі” атты еңбегінің толық нұсқасын оқып, танысу.