Материалдар / Шебер сабақ. «Бағалау және салыстыру» бөліміндегі әдеби сын бөлімшесін оқыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Шебер сабақ. «Бағалау және салыстыру» бөліміндегі әдеби сын бөлімшесін оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге,оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Мамыр 2021
824
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Қазақ әдебиетінің мазмұнындағы «Бағалау және салыстыру» бөліміндегі әдеби сын бөлімшесін оқыту (өз шеб

1 слайд
Қазақ әдебиетінің мазмұнындағы «Бағалау және салыстыру» бөліміндегі әдеби сын бөлімшесін оқыту (өз шеберлігі бойынша) 1 - С Е К Ц И Я Л Ы Қ З А Л АУ Е Л Б Е КО ВА А Й М А Н А Й Т Ж А Н О В Н А № 1 7 8 Л И Ц Е Й Д І Ң Қ А З А Қ Т І Л І Ж Ә Н Е Қ А З А Қ Ә Д Е Б И Е Т І П Ә Н І Н І Ң М Ұ Ғ А Л І М І , П Е Д А Г О Г - З Е Р Т Т Е У Ш І , « П Е Д А Г О Г И К А Л Ы Қ П О Н А РА М А Л А Р И Д Е Я С Ы » Ф Е С Т И В А Л І Н І Ң Ж Е Ң І М П А З Ы

Сабақ мақсаттары: 5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу. 6.Б/С4. Шығармада

2 слайд
Сабақ мақсаттары: 5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу. 6.Б/С4. Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау. 7. Б/С 4. Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу . 8.Б/С4. шығарма бойынша жазылған әдеби сын –пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу. 9.Б/С4.Әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу. 10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу 11.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

Жазылым түрлерін үйретуді неден бастар едіңіз? «Сыни пікір жаз, сыни хабарлама жаз, сыни мақала жаз» деген тапсырма т

3 слайд
Жазылым түрлерін үйретуді неден бастар едіңіз? «Сыни пікір жаз, сыни хабарлама жаз, сыни мақала жаз» деген тапсырма түрлерін беру үшін алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Ең бірінші, жазба жұмысының үлгісін көрсетіп, таныстырып, келесіде оның мазмұнымен, құрылымымен жұмыс жасау керек. Бұндай дайындық жұмыстары оқушыда дағдыны қалыптастырып, іскерлікті дамытады.

Әдеби сын және оның түрлері Көркем шығарманың көркемдігіне баға беріп, бейнеленген өмір шындығының қалай

4 слайд
Әдеби сын және оның түрлері Көркем шығарманың көркемдігіне баға беріп, бейнеленген өмір шындығының қалай көрініс бергенін талдап, оның мән-маңызын түсіндіретін ғылыми-публицистикалық стильдегі жанр. Әдеби сынның сыни мақала, сын пікір, шолу мақала, эссе, әдеби портрет секілді жанрлық түрлері бар.

Сыни пікір немесе сыни хабарлама деген не? Сыни хабарлама дегеніміз- шағын зерттеу, шығарма жетістіктері мен кемшіліктері т

5 слайд
Сыни пікір немесе сыни хабарлама деген не? Сыни хабарлама дегеніміз-   шағын зерттеу, шығарма жетістіктері мен кемшіліктері туралы хабарлау, баяндау.

Сыни мақала жазуға дайындық келесі қадамдарды қамтиды: Сыни мақала – әдеби сынның негізгі жанрларының бірі. Сыни мақалада

6 слайд
Сыни мақала жазуға дайындық келесі қадамдарды қамтиды: Сыни мақала   – әдеби сынның негізгі жанрларының бірі. Сыни мақалада көркем шығарманың тақырыбына, идеялық мазмұнына, тілі мен стиліне талдау жасалып, баға беріледі. Сыни мақала көркем бейнеленген əлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық проблемаларды, шығарманың идеялық-көркемдік жағын қарастырады. Сыни мақалада көтеріліп отырған мəселеге қатысты дəлел, бір немесе бірнеше кітаптан дәйектер келтірілуі тиіс.

Сыни мақалада қарастырылатын аспектілер:  шығарма атауы;  оның жанры мен мазмұны;  композициялық ерекшеліктері;  кейіпкерлер

7 слайд
Сыни мақалада қарастырылатын аспектілер:  шығарма атауы;  оның жанры мен мазмұны;  композициялық ерекшеліктері;  кейіпкерлер бейнесін сомдаудағы автор шеберлігі;  жазушының жеке стилі;  көркем туындының жазылған кезеңі, дәуірі.  көркем шығармадағы оқиғаның орын алған уақыты (кезеңі);  сыни мақалада жазушы көтерген қоғамдық мәселелер;  осы тақырыпта жазылған басқа да шығармалар;  өз көзқарасын қалай дәлелдейді, қандай қорытынды жасайды?  шығарма авторының бұл тақырыптағы көзқарасы қандай?  шығармадан дәлел ретінде мысалдар келтіру.

Сыни мақала жазуға дайындық келесі қадамдарды қамтиды: 1-қадам. Қажетті ақпараттарды іріктеу.  Шығарманы мұқият оқып, маңызды д

8 слайд
Сыни мақала жазуға дайындық келесі қадамдарды қамтиды: 1-қадам. Қажетті ақпараттарды іріктеу.  Шығарманы мұқият оқып, маңызды деген үзінділерді белгілеу, іріктеп алу. Өзекті, маңызды, пайдалы деген, тіпті келіспейтін көзқарастар мен мәліметтерді жинақтау.  Тезисті анықтау. Автордың тұжырымдары мен пайымдауларын анықтау. Автор нені дәлелдегісі келеді, нені жоққа шығарғысы келеді? Шығармадағы басты тақырыпты көрсету.  Автор идеясын анықтау. Басты тақырыпты ашатын сөйлемдер мен дәлелдерді жинақтау арқылы автор идеясын анықтауға болады. Тезисті қолдайтын көріністер мен образдарды табу.  Қорытындылау. Жинақталған мәліметтер негізінде бір абзац көлемінде өз сөзімен қорытынды шығару. Автор ұсынған басты аргументті қамти отырып, идеяны қорытындылау.

2-қадам. Мәтінді талдау  Шығарманың оқырманға әсері. Шығарма қалай әсер етті? Ерекше әсер еткен тұстары қандай? Неліктен? Не с

9 слайд
2-қадам. Мәтінді талдау  Шығарманың оқырманға әсері. Шығарма қалай әсер етті? Ерекше әсер еткен тұстары қандай? Неліктен? Не сезіндің? Қандай ой келді? Автор осы шығарма арқылы не айтқысы келеді? Шығарма оқырманды неге тәрбиелейді? Бұл шығарма қандай фильмді, туындыны еске түсіреді?  Автор үні. Автордың өмір сүрген кезеңі, ортасы, әлеуметтік жағдайы шығармада қалай көрінеді?  Автордың сөз қолданысы. Қандай символдар, көркемдегіш құралдар көрініс табады?  Автордың ұстанымы. Автор өз ұстанымын негіздеу үшін қандай дәлел келтіреді?

3-қадам. Құрылымын сақтап, сыни мақала жазу Сөз басы  Шығарма авторы, шығарма атауы, шыққан жылы, т.б. ақпараттарды қамтитын

10 слайд
3-қадам. Құрылымын сақтап, сыни мақала жазу Сөз басы  Шығарма авторы, шығарма атауы, шыққан жылы, т.б. ақпараттарды қамтитын, талданатын шығарма туралы қысқаша ақпарат беру.  Шығарма тезисін 1-2 сөйлеммен сипаттау.  Автор ұсынған аргументтерді сипаттап болған соң, өз тұжырымын жасау. Шығарманың маңыздылығы неде? Неліктен құнды?

Негізгі сөз  Шығарманың мазмұнына қысқаша сипаттама беру.  Қоғамдық мәселені талқылау (құрылым, стиль, көзделген аудиториясы,

11 слайд
Негізгі сөз  Шығарманың мазмұнына қысқаша сипаттама беру.  Қоғамдық мәселені талқылау (құрылым, стиль, көзделген аудиториясы, автор көзқарасы).  Шығармадан дәлел келтіру. Автор ұстанымын, өз ұстанымын дәлелдеу, т.б. үзінділерді қолдану.

Сөз соңы  Автор көздеген мақсатына жетті ме?  Шығармадан қандай ой түюге болады?  Қандай қорытынды шығаруға болады?

12 слайд
Сөз соңы  Автор көздеген мақсатына жетті ме?  Шығармадан қандай ой түюге болады?  Қандай қорытынды шығаруға болады? Сатылова Айғаным Елубаевнаның мақаласынан Назарбаев Зияткерлік мектептері, Білім беру бағдарламалары орталығы

Өз тәжірибемнен Сын айту – ойлаудың биік бір шыңы. Оны білім алу, танымды кеңейту арқылы ғана бағындыра аламыз. Сынн

13 слайд
Өз тәжірибемнен Сын айту – ойлаудың биік бір шыңы. Оны білім алу, танымды кеңейту арқылы ғана бағындыра аламыз. Сынның тұлға алдындағы ниеті ақ болмақ керек. Ақ тілеулі сыннан жасқанбай, керісінше, қуана қабылдаған дұрыс. Сыннан сабақ алып, өмірлік пайдаңа жаратуға болады. Ал өзгеге тұщымды, ақылға қонымды сын айтып, тұлға ретінде өзіңді таныта да аласың. Бір сөзбен айтқанда, «сын айту – айыптау емес, байыптау».

Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпабаевтың «Менің атым – Қожа» хикаятының оқырманға әсері Оқу мақсаты: 5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесі

14 слайд
Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпабаевтың «Менің атым – Қожа» хикаятының оқырманға әсері Оқу мақсаты: 5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу. Сабақтың мақсаты: Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазады. Бағалау критерийі: Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдайды Сыни хабарлама жазады

Ескеру керек:  Сыни хабарламаны жазушы басқа оқырмандарға өзі байқаған мәселені көрсетеді;  Шығарманың мазмұнына қы

15 слайд
Ескеру керек:  Сыни хабарламаны жазушы басқа оқырмандарға өзі байқаған мәселені көрсетеді;  Шығарманың мазмұнына қысқаша сипаттама береді;  Әлеуметтік мәселені талқылайды;  Көркем шығармадан мысалдар келтіреді;  Автор ұстанымын, өз ұстанымын дәлелдейді;  Автор көздеген мақсатына жетті ме?  Шығармадан қандай ой түюге болады?

Шығарма кестесі 1 Шығарманың аты «Менің атым Қожа» 2 Шығарманың авторы Бердібек Соқпақбаев 3 Оқиға қайда,қашан болған? Қазақ ауы

16 слайд
Шығарма кестесі 1 Шығарманың аты «Менің атым Қожа» 2 Шығарманың авторы Бердібек Соқпақбаев 3 Оқиға қайда,қашан болған? Қазақ ауылында,соғыстан кейінгі жылдары 4 Шығарманың кейіпкерлері Қожа,Жанар,Сұлтан,Жантас,Майқанова,Қожаның әжесі,анасы, Сәйбек қарт,  Оспанов ,А.Михайловна  5 Шығарманың идеясы Қадыров -түбінде адам болатын бала 6 Шығармада кездесетін мақал- мәтелдер,тұрақты тіркестер,көркемдегіш құралдар «Өлімнен ұят күшті», «Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа» 7 Шығармадағы құндылықтар Адамгершілік, ананы қадірлеу , өзіне және айналадағы адамдарға құрмет, ұлттық және адами құндылықтарға құрмет 8 Шығарма қалай аяқталады? Қожа құпия кеңес өткізіп,қаулы қабылдайды,адам болатын жолды табады.

Сезімді ояту Елестету Қожаны қандай бала деп елестеттің? Портреті Сүйсіну Кейіпкердің қандай қылығына сүйсіндің? Жек көру Қанд

17 слайд
Сезімді ояту Елестету Қожаны қандай бала деп елестеттің? Портреті Сүйсіну Кейіпкердің қандай қылығына сүйсіндің? Жек көру Қандай кейіпкерлердің әрекеті ұнамады? Жан ашу Жан ашу сезімін оятқан оқиға болды ма? Өкініш Өкініш сезімі пайда болды ма? Таңдану Таңғалып,риза болған сәтің ше?

Оқушылардың жұмыстары: «Менің атым – Қожа» хикаятының оқырманға әсері Біз Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" хика

18 слайд
Оқушылардың жұмыстары: «Менің атым – Қожа» хикаятының оқырманға әсері Біз Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" хикаятын оқып болдық. Бұл шығарма көптеген балалардың сүйікті кітабы шығар деп ойлаймын. Шығармада мектеп жасындағы Қожаның бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрін әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады.Оның жақсы адам болуға талпынысы мені сүйсіндірді. Өзіне-өзі жиналыс жасап, шарт қойғаны ерекше әсер етті.Әкесінің жоқтығы, анасының үнемі жұмыста болуы, Сұлтан сияқты балалармен дос болуы оған әсер еткен шығар. Қожаны мектептен шығармаса екен деп ойлап отырдым. Оған жаным ашыды. Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайтын Жантастың іс-әрекеті ұнамады. Біреуді біреуге атыстырады, от салады, өсек айтады. Мені Майқанова апайдың ойы таңғалдырды,ол Қожаны мүлде жақсы көрмейтін шығар деп ойлаған едім. Оның “Түбінде адам болатын бала “деген пікірін оқығанда Қожаның жақсы бала болып,арманына жететініне мен де сендім. Повестен үйренеріміз көп. Қожаның мақалдап, мәтелдеп сөйлейтінін де байқаймыз. Мысалы: «Өлімнен ұят күшті», «Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа» Қожа сияқты өз- өзіңді тәрбиелеу,туған жерін сүю,өлең жазу,арманына ұмтылу бәрі де жақсы қасиеттер. Қорыта айтқанда, осындай қызық пен тәрбиеге толы туындыны оқыған адам өкінбейді, қайталап оқи бергісі келеді, өміріне қажетін алары анық. Сол үшін де авторға алғыс айтқым келеді. 5в сынып оқушысы Ерғалиұлы Қазыбек  

Сәлеметсіз бе?! Қал-жағдайыңыз қалай? Сіз мені танымайтын боларсыз.

19 слайд
Сәлеметсіз бе?! Қал-жағдайыңыз қалай? Сіз мені танымайтын боларсыз. Мен туындыларыңызға қызығатын оқырмандырыңыздың бірімін. Қазір 5-сыныпта оқып жүрмін. Өзіңізбен алғаш әдебиет пәнінде таныстым. Шығармаларыңызды оқып, балалар жазушысы екеніңізді білдім. Хат жазу себебім: «Бауыр» әңгімесінен алған әсерім жайлы бөліскім келеді. «Бауыр» әңгімесін толық аяқтағанда көңілсіз күйде болдым. Себебі соғыс зардабын тартып, жетім қалған Манап пен Қалиды аядым. Оқиғаның басында, ағасы Манап Қалиды балалар үйіне іздеп келгенде, бауырлар бір-бірін көріп қуанар, сарғайған сағыныштарын басар деп үміттендім. Өкінішке орай, мен күткендей болмады. Аға мен іні алғаш көріскеннен-ақ тосырқап, не істеп, не айтарларын білмеді. Қали, тіпті, ағасы Манап сонша жыл ішінде сақтап келген сырларын ақтарса да, немқұрайлылық көрсетті. Екеуі де бөтен адамдай суық қабақ, жат көңіл танытты. Осы эпизодтарда қатты толқыдым. Бір әке, бір анадан туған бауырлардың ыстық мейірімі қайда деп ойладым. Әңгімені оқи келе түсіндім: олардың туысқандық сезімін, махаббатын қанды соғыс ұрлаған, соғыспен бірге келген қиындық, туған өлкеден алыста өткен жалғыздық ұрлаған. Жетім қозылар тасбауыр болған. Өздерімен өздері түңілген де, отыққан. Өмір әрқайсысын өз иіріміне үйірген. Соңында Манап қанша жыл бұрын бұлыңғыр күзде әкеп тапсырған бауырын балалар үйінен алып кетер деп те ойладым. Бірақ аға да, іні де үйреншікті жолдарын таңдады. Қали жетімдер үйіндегі достарын, бокс жаттығуын, әскери ұшқыш болсам деген арманын ағасынан артық көрді. Өте өкінішті... Алайда, тірліктің заңы солай жазылыпты. Суыған жүректер қайта жылымайды, жат болған жақындар қайта табыспайды екен. Тіпті, Қалиға сыймай қалған 46-өлшемді костюм әлі көз алдымда... Осы шығармаңызды оқыған соң, мен ата-анамды, бауырларымды бұрынғыдан қатты құрметтеп, жақсы көріп кеткендей болдым. Балалар үйіндегі замандастарыма көмектесуге шешім қабылдадым. Қазір бейбіт заман болса да, кейбір бүлдіршіндер әлі де жетімдер үйінде ғой. Сау болыңыз! Құрметпен:  оқырманыңыз Әйгерім Күні:  04.12.2021 жыл  Оқы, үйрен !

Р Е ФЛ Е К С И Я : «Зерде» Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятын оқу барысындағы ақпараттарымызды тұжырымдап, өз ж

20 слайд
Р Е ФЛ Е К С И Я : «Зерде» Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятын оқу барысындағы ақпараттарымызды тұжырымдап, өз жетістігімізге баға берейік. Білім - такырып бойынша алған ақпараттарым. Эмоция - сабақтағы көңіл күйім Баға - жетістігіме беретін бағам Сын - өз бойымда нені дамытуым керек? Идея- маған келген жаңа ой.  

Сабақтың тақырыбы: Е. Жүністің «Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңін оқығаннан кейін туған ой Оқу мақсаты: 6.Б/С4. Шығармада

21 слайд
Сабақтың тақырыбы: Е. Жүністің «Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңін оқығаннан кейін туған ой Оқу мақсаты: 6.Б/С4. Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау Сабақтың мақсаты: Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасайды   Бағалау критерийі: Шығармада көтерілген әлеуметтік мәселені анықтайды; Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жазады  

ТАПСЫРМА. Асқар Алтайдың «Прописка» әңгімесін оқығаннан кейін туған ой сыни хабарлама жаз. Кіріспе Шығарма авторы, шы

22 слайд
ТАПСЫРМА. Асқар Алтайдың «Прописка» әңгімесін оқығаннан кейін туған ой сыни хабарлама жаз. Кіріспе Шығарма авторы, шығарма атауы, шыққан жылы, т.б. ақпараттарды қамтитын, талданатын шығарма туралы қысқаша ақпарат бер. Негізгі бөлім: Қоғамдық мәселені талқылау (құрылым, стиль, көзделген аудиториясы, автор көзқарасы). Шығармадан дәлел келтіру. Автор ұстанымын, өз ұстанымын дәлелдеу, т.б. үзінділерді қолдану. Қорытынды Автор көздеген мақсатына жетті ме? Шығармадан қандай ой түюге болады?

Е. Жүністің «Менің а...

23 слайд
Е. Жүністің «Менің а...

23 слайд

Е. Жүністің «Менің а...