Сыныптан тыс физикалық ойын
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
«Қызықты физика»
физикалық ойынының бағдарламасы
1 слайд
«Қызықты физика» физикалық ойынының бағдарламасы
2 слайд
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау,
логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу
дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен
пәнге
қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада
сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру,
жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойынның слайдтары, қобдиша, физикалық
приборлардың суреттері, оқушылардың шығармашылық
көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар,
Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау,
сұрақ-жауап.
2 слайд
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: ойынның слайдтары, қобдиша, физикалық приборлардың суреттері, оқушылардың шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға арналған құралдар, Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау, сұрақ-жауап.
3 слайд
Ойынның шарттары:
1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын
айту);
2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық
сұрақтар);
3. «КІМ ТАПҚЫР!» (Ғажайып жетілік);
4. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма
бойынша физикалық тәжірибе жасау);
5. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
6. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып,
орыс, ағылшын тіліне аудару)
7. «Физикалық диктант...»
3 слайд
Ойынның шарттары: 1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту); 2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар); 3. «КІМ ТАПҚЫР!» (Ғажайып жетілік); 4. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау); 5. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!) 6. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару) 7. «Физикалық диктант...»
4 слайд
Топтың аты
«Тапқырлар
» тобы
Ойшылдар»
тобы
4 слайд
Топтың аты «Тапқырлар » тобы Ойшылдар» тобы
5 слайд
КІМ ЖЫЛДАМ
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Ең алғаш ғарышқа
ұшырылған иттің есімі ?
3. Радионың атасы?
4. Аристотельден кейінгі
«екінші ұстаз» атанған ғалым.
5. Ағылшын ғалымы Иссак
Ньютонның бүкіләлемдік
тартылыс заңын ашуына не
себеп болды?
6. Физика не туралы ғылым?
7. Келвин шкаласында судың
қайнау температурасы?
1. Энергияның дененің көбірек
қызған бөлігінен азырақ
қызған бөлігіне қарай
таралуы.?
2. Заттың сұйық күйден қатты
күйге ауысуы?
3. Жылдамдық қандай
прибормен өлшенеді ?
4. Темірқазық жұлдызын
басқаша қалай атайды?
5. Жұмыстың халықаралық
жүйедегі өлшем бірлігі?
6. Ауаның қысымын
анықтайтын құрал ?
7. Физиканың жылу
құбылыстарын зерттейтін
бөлімі ?
5 слайд
КІМ ЖЫЛДАМ 1. Электр тогы дегеніміз не? 2. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі ? 3. Радионың атасы? 4. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. 5. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? 6. Физика не туралы ғылым? 7. Келвин шкаласында судың қайнау температурасы? 1. Энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен азырақ қызған бөлігіне қарай таралуы.? 2. Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы? 3. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ? 4. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? 5. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? 6. Ауаның қысымын анықтайтын құрал ? 7. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі ?
6 слайд
Кім тапқыр
1.Орыс тіліне «физика» деген
сөзді алғаш енгізген үлы
ғалым.
2.1969 жылы айға алғаш табан
тіреген американ ғалымдары
кім?
3.Сұйықтар мен газдардың
қысымды барлық жаққа
бірдей жеткізетінін зерттеген
4.Атмосфералық қысымның
ауа райына байланысты
өзгеретінін алғаш байқаған
қай ғалым?
1. Сұйықтың тығыздығын
өлшеуге арналған аспап.
2. Сұйықсыз сөзінің
грекше баламасы.
3. Ұшақтардың ұшу
биіктігін қадағалап
отыратын аспап.
4. Сфигмотанометр
дегеніміз қандай аспап?
6 слайд
Кім тапқыр 1.Орыс тіліне «физика» деген сөзді алғаш енгізген үлы ғалым. 2.1969 жылы айға алғаш табан тіреген американ ғалымдары кім? 3.Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін зерттеген 4.Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін алғаш байқаған қай ғалым? 1. Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап. 2. Сұйықсыз сөзінің грекше баламасы. 3. Ұшақтардың ұшу биіктігін қадағалап отыратын аспап. 4. Сфигмотанометр дегеніміз қандай аспап?
7 слайд
Ойлан тап
1-топ
«А» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы
Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.
Не байқалады?
Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.
Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.
2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық
ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.
Не байқалады?
Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.
Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық,
сондықтан да жұмыртқа батпайды.
7 слайд
Ойлан тап 1-топ «А» конвертінің тапсырмасы: Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал. Не байқалады? Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады. Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық. 2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал. Не байқалады? Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды. Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.
8 слайд
«В» конвертінің тапсырмасы:
Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың
қағаз
Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.
1. Бетін қағазбен жап.
2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен
су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.
3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.
4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.
Не байқалады?
Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді.
Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?
Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін
ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады.
Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.
8 слайд
«В» конвертінің тапсырмасы: Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр. 1. Бетін қағазбен жап. 2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста. 3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер. 4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат. Не байқалады? Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді? Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.
9 слайд
Сергіту сәті
Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы
артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан,
алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында
4 саусағы бар. Жүгіргенде 50км/сағ жүгіре,
60метр қашықтықтан көре алатын, адамға
қарағанда 14есе иісті артық сезе алатын
жануар қалай аталады?
9 слайд
Сергіту сәті Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар. Жүгіргенде 50км/сағ жүгіре, 60метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?
10 слайд
Тіл өнері
1. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін.
2 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
3. Суға салсаң батпайы,
Отқа салсаң жанбайды.
4. Қабат-қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.
5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді
10 слайд
Тіл өнері 1. Аса қажет өмірге халық үшін, Пайдаланады күн сайын жарық үшін. 2 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да. Ұзындығы жазулы тұр бойында. 3. Суға салсаң батпайы, Отқа салсаң жанбайды. 4. Қабат-қабат қаптама, Ақылың болса аттама. 5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. 6. Жұрттың бәрі соны сүйеді, Бірақ қарағысы келмейді
11 слайд
Физикалық диктант
1. Табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін
зерттейтін ғылым ...... деп аталады.
2. Пішіні мен көлемін сақтау ..... ...... тән қасиет.
3. Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса,
оның ............. соғұрлым жоғары болады.
4. Коперниктің «..... ............ айналуы туралы» деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық
көрді.
5. Басқа денелер әрекет тигізбегенде дененің тыныштық күйін сақтау құбылысы .......
деп аталады.
6. Латынша деформация ......, ...... деп аталады.
7. Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер - ........ деп аталады.
8. ....... ...... .... деп сұйықтың беттік қабатында әрекет ететін күш.
9. Атмосфералық қысым ......... байланысты өзгереді
10. Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы ...........
.... деп аталады.
11 слайд
Физикалық диктант 1. Табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым ...... деп аталады. 2. Пішіні мен көлемін сақтау ..... ...... тән қасиет. 3. Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның ............. соғұрлым жоғары болады. 4. Коперниктің «..... ............ айналуы туралы» деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. 5. Басқа денелер әрекет тигізбегенде дененің тыныштық күйін сақтау құбылысы ....... деп аталады. 6. Латынша деформация ......, ...... деп аталады. 7. Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ареометрлер - ........ деп аталады. 8. ....... ...... .... деп сұйықтың беттік қабатында әрекет ететін күш. 9. Атмосфералық қысым ......... байланысты өзгереді 10. Денені бір орыннан екінші орынға қозғап апаруда күштің істеген жұмысы ........... .... деп аталады.
12 слайд
Назарларыңызға
рахмет!!!!
12 слайд
Назарларыңызға рахмет!!!!