Материалдар / Тақырыбы: «Киізді ойыстырып жаңаша сәндеу әдістері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Киізді ойыстырып жаңаша сәндеу әдістері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғары сынып оқушыларына көнеден келе жатқан ұлттық қолөнерге, соның ішінде киіз басу өнеріне ерекше сүйіспеншілік қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2020
699
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Алматы облысы Ескелді ауданы ҚР «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мдшо» кмм Тақырыбы:

1 слайд
Алматы облысы Ескелді ауданы ҚР «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мдшо» кмм Тақырыбы: «Киізді ойыстырып жаңаша сәндеу әдістері» Ғылыми жетекшісі: І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасының доценті, п.ғ.к. Н.М.Адамкулов.  Жетекшісі: көркем еңбек пәнінің мұғалімі М.Е.Жылкибаева Жұмысты орындаушы: Нұрла Мерей, 8 сынып

Зерттеу ж ұмысының мақсаты Қолөнерге оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты мектеп оқушысын еңбекке және еңб

2 слайд
Зерттеу ж ұмысының мақсаты Қолөнерге оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты мектеп оқушысын еңбекке және еңбек ететін адамдарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Қолөнер баланы әсемдікке, нәзіктікке деген сезімін тербеп, сол салада табиғатты өзінше таңбалап, бедерлеп сұлулықты қабылдау қабілетін арттырады.

Зерттеу міндеті: Жоғары сынып оқушыларына көнеден келе жатқан ұлттық қолөнерге, соның ішінде киіз басу өнеріне ерекше сүйі

3 слайд
Зерттеу міндеті: Жоғары сынып оқушыларына көнеден келе жатқан ұлттық қолөнерге, соның ішінде киіз басу өнеріне ерекше сүйіспеншілік қалыптастыру.

Зерттеу әдістері: Ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, Киізден жапсырмалаудың және қайта өңдеу жолдарын дәлелдеу. Жұмыс к

4 слайд
Зерттеу әдістері: Ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, Киізден жапсырмалаудың және қайта өңдеу жолдарын дәлелдеу. Жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу нысаны: Қоршаған орта, экология.

Жұмысты орындау барысында қолданылатын әдістер: 1. 40х60 см көлемдегі «Күйші қыздың бейнесі», мата бетіне киізден жапсырм

5 слайд
Жұмысты орындау барысында қолданылатын әдістер: 1. 40х60 см көлемдегі «Күйші қыздың бейнесі», мата бетіне киізден жапсырмалауға арналған дайын киіз түрлері қолданылды. 2. Ағашқа керілген мата (багеты) материалының мықтылығын, түзулігін әрдайым қадағалау қажет. Ол негізгі эскиздің көлемінен үлкен болуы қажет. А3 форматты қағаз бетіне салынып, кейін киізбен жапсырмалауда көлемі үлкейтіледі...

1 Қазақ қолданбалы қолөнерінің тәрбиелік мәні Ғылыми жұмыстың бірінші тарауында қазақ қолданбалы қолөнері туралы, оның ішінде

6 слайд
1 Қазақ қолданбалы қолөнерінің тәрбиелік мәні Ғылыми жұмыстың бірінші тарауында қазақ қолданбалы қолөнері туралы, оның ішінде сырмақ сыру, киіз басу, текемет басу, ши тоқу, кілем тоқу өнері, киіз бұйымдарына, оларға түсетін ою-өрнек туралы мағлұматтар және қазақ халқының қолөнерінің түрлеріне сипаттама берілген.1.1 Қазақ халқының қолөнерінің түрлері Қолөнердің кең тараған түрлері: киіз басу, сырмақ сырып, киіз үйдің ішкі, сыртқы керек жабдықтарын әзірлеу, кілем, алаша, ши, киімдер тоқу, баскиім, аяққап, қолғап, тұтқыш, шәркей, құрақ құрауға, тұскиіз тігуе баулап отырған.

ІІ. Қазақстан жерінде малдан алынатын өнімдер Төрт түлік малдың терісі мен жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқ

7 слайд
ІІ. Қазақстан жерінде малдан алынатын өнімдер Төрт түлік малдың терісі мен жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ежелден келе жатқандығы, олардан алынатын өнімдері туралы айтылған. Терінің иленуі, өңделуі, теріден алынатын өнімдерге жеке-жеке талдау жасаған.2.1. Теріден жасалатын бұйымдар Халық тұрмысында мал терілерінен қарапайым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты түрлі түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс деп атаған. Ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін қайыс деп атайды. Ел арасында өңделген терінің кең тараған түрлері: былғары, қайыс, сыртқы киімдерге арналған иленген терілер. Мал терісін илеу. Мал терілерін илеудің 2 түрлі әдісі бар. Оның бірі үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып; теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Екіншісі жағып илеу. Ал иді қатықтан, айранға не езген құрттан, сары суынан, кейде ашытқан көжеден, немесе ұнға тұз қосып та жасайды

2.2 Жүннен жасалатын бұйымдар Жүннің өңделуі, одан жасалатын бұйымдар айтылған. Киіздің жасалу технологиясы, киіздің түрлері

8 слайд
2.2 Жүннен жасалатын бұйымдар Жүннің өңделуі, одан жасалатын бұйымдар айтылған. Киіздің жасалу технологиясы, киіздің түрлері жазылған . Жүннің тұрмыстық қажеттіліктен гөрі ғылымда дәлелдеген тиімді әрі адам денсаулығына пайдалы әсерлері Жүн жылуды жақсы сақтайды, сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді. Жүннің әр түрлі шуды және тербелістерді төмендететін қасиеті де бар . Жүннің күн көзінің ультракульгін сәулесін өткізетін ерекшелігі де бар Жүн бояуды жақсы алады әрі басқа талшықтардай тез оңбайды;

Қойды қырқу 2. Жуады 3. Кептіреді 4. Сабайды 8. Бұйымдар тоқылады 9. Тұрмыста қолданылады.5. Түтеді 6. Бояйды 7. Жіп иіреді1.

9 слайд
Қойды қырқу 2. Жуады 3. Кептіреді 4. Сабайды 8. Бұйымдар тоқылады 9. Тұрмыста қолданылады.5. Түтеді 6. Бояйды 7. Жіп иіреді1. Қырқылған жүнді сұрыптап тазалайдыЖүн өңдеу технологиясын мынадай схемамен көрсетуге болады.

ІІІ. Сырмақ бұйымының тарихы және теорялық маңызы Сырмақтың жасалу жолдары айтылған. Сырмақтың түрлері, оларға жеке-жеке то

10 слайд
ІІІ. Сырмақ бұйымының тарихы және теорялық маңызы Сырмақтың жасалу жолдары айтылған. Сырмақтың түрлері, оларға жеке-жеке тоқталып өткен. Сырмақ – ою бастырып немесе жиектеп өрнектеліп сырылған төсеніш, үй жиһазын айтады. Сырмақ негізінде қазақ және қырғыз ұлттарына тән жиһаз. Сырмақ деп дайындалған киізден ою бастырып немесе екі киізді ойыстырып, жиекпен өрнектеліп сырған төсеніш үй жиһазын айтды. Сырмақ суықты өткізбей жылу беріп, жерге жылулық әрі сәндік ретінде төселінген.3.1 Сырмақ түрлері Төр сырмақ төрге төселетін сырмақ болғандықтан өте әсем жасалады. Төр сырмақтар әдетте киіз үйлердің төріне үнемі салынбайды. Ол сыйлы меймандар келгенде төрге төселеді. От басы сырмағы Киіз үйдегі от киіздердің ( от сырмағының) үстінен және бір қабат сырмақ салынады. Үнемі төселетін бұл сырмақтар «от басы сырмағы»деп аталады. От басы сырмағы от киіздердің үстінен, от басынан шегіндіріп салынады. Тізе сырмақ- отбасы адамдарының екі бүктеп салып отыратын ( бүктемейтін ықшам түрі де болады) төсеніші. Көш сырмақ Көш – қонда артқан түйе жүгінің үстіне жабылатын сырмақ – «көш сырмағы» делінеді. Аса сәнді істелген көш сырмақтары кілемнен кем түспеген. «Жасау сырмақ» деп, ұзатылған қызға арнап жасалатын сырмақтар айтылады.

3.3 Текеметтің жасалу жолдары Текеметтің жасалу жолдары, түрлері айтылған.Текемет басу тәсілінің негізгі ұзынырғасы бір болған

11 слайд
3.3 Текеметтің жасалу жолдары Текеметтің жасалу жолдары, түрлері айтылған.Текемет басу тәсілінің негізгі ұзынырғасы бір болғанмен, оның бетіне әр түске бояған жүнмен оюлау әдісі әр елдің өзіне тән белгелі бір жүйемен жасалынады. Текемет басуда ісмерлердің шеберлігіне орай өзге де түрлі ою-өрнектер елімізде дәстүрлі әрі жиі қолданылады. Текемет салынатын оюлар түрі сан алуан.

ІҮ. Киіз басу технологиясының әдістері Киіз басу үшін жүннің өңделуі, сабалауы қамтылған. Киіз басуда қолданылатын шикізаттар,

12 слайд
ІҮ. Киіз басу технологиясының әдістері Киіз басу үшін жүннің өңделуі, сабалауы қамтылған. Киіз басуда қолданылатын шикізаттар, жүн бояу технологиясы және бояудың түрлері, жалпы киіз басу технологиясына кең түрде мағлұмат берген. . Киізді басуда қолданылатын бұйымдар: тулақ, сабау, олардың жасалуы туралы айтылған.Киіз басуға кіріспес бұрын алдымен сұрыптап алынған жүн сабаланады. Жүнді әдетте тулаққа немесе шиге салып, жан-жақтан сабаумен екі қолмен кезек сабалап отырады. Жүн сабайтын жері тегіс әрі кең болуы керек.Сабар алдында жүн 2-3 сағат күн көзінде жатса тіпті жақсы. Тулақ жүн сабауға арналып, ірі малдың терісін шикідей керіп, кептіріп жасалады. Кепкен тулақта пайдаланар алдында сүт бүркіп жібітеді. Сонда жүн сабау кезінде тулақ сынып кетпейді. Жүн сабалып болғаннан кейін ұзындығы мен ені дұрыс келу үшін, ақ шиге ең алдымен нашарлау, одан кейін тәуірлеу жүнді бірдей етіп, тегістеп төсейді. Жұмыстың мұндай түрі сабаланған жүнді шиге салу деп атайды. Оюды төсегеннен кейін бетіне ыстық су себеленді. Негіз бен ою-өрнек біріккеннен кейін шиді орау басталады. Шиді екі әйел өте сақтықпен орайды, ал қалғандары әрбір орам сайын ыстық су сеуіп отырады. Сондықтан шидің іші жоғары температурада болады. Бұдан кейінгі жұмыстың түрі текемет тебу деп аталады. Текемет әбден қатайғанша бір топ адам аяқтарымен тебеді. Әрбір 10 минут сайын ыстық су құйып отырып тебеді. Киізді екі сағатқа жуық тебеді. Тағы да 30-30 минуттан 3 кезеңге бөліп тебеді. Тебіліп дайын болған киізді шиден ажыратып алғаннан кейін 3 рет, бүктеп, арқанмен байлайды. Оны биік жерге қойып ыстық суды үстінен құяды. Жылы жайып тастайды. Құйылған су сіңу үшін және киіз булану үшін, байланған киізді күнге қояды. Бұл жұмыс кірлеу немесе булау деп аталады.

4.2 Киіз бұйымдарына түсетін ою-өрнек әуендері Қазақтың қолданбалы қолөнеріндегі бұйымдарға түсетін ою-өрнек түрлері, олардың қ

13 слайд
4.2 Киіз бұйымдарына түсетін ою-өрнек әуендері Қазақтың қолданбалы қолөнеріндегі бұйымдарға түсетін ою-өрнек түрлері, олардың қолдану реті туралы айтылған. Оюлап өрнек салу халық өнерінің бір саласы. Оның түрлері мен атаулары күнделікті тұрмыста қолданылу, тұтыну тәсіліне қарай ұқсату мен іске асырылу амалдары да жолдары да сан сапалы, алуан түрлі. Академик Әлкей Марғұланның сөзімен: «қазақ халқы кілең ою- өрнек дүниесінің ортасында өмір сүреді»-десек, қазақта өрнек түрлерінің сансыз көп, күнделікті тұрмысқа етене сіңісіп кеткенін дәлелдейді. Жан-жануарлар қазақтың ою-өрнектерінің ішінде ең көп тараған ең көп қолданылатын түрі. қарай «Қошқар мүйіз» өрнегі өзінің құрамын мүйіз тектес ою-өрнектердің түрлерімен жалғастырады. Оларға қосмүйіз, сыңар мүйіз, арқар мүйіз, тармақ мүйіз, бұғы мүйіз, ешкі мүйіз, қысық мүйіз т.б. жатады

4.3. Жүн бояу технологиясы және бояудың түрлері Киіз басу үшін әдетте табиғи түсті жүндер қолданылады. Егер бұйымды түрлі-түсті

14 слайд
4.3. Жүн бояу технологиясы және бояудың түрлері Киіз басу үшін әдетте табиғи түсті жүндер қолданылады. Егер бұйымды түрлі-түсті гаммада таңдаса жүнді бояуға тура келеді. Жүндер а н и л и н бояуымен боялады. Жүнді бояған кезде бояуға қойылатын талапты қатаң сақтау керек. Табиғи бояқтарды қолдануға болады: тамыры, түбін, гүлін, жапырағын және өсімдіктің жемісін. Олар табиғи түсті береді. өсімдіктің химиялық құрамы көбінесе оның жылдығына, өскен орнына, топырақтың құрамына және клиникалық шартына байланысты болады. Бояуды жинау үшін өсімдіктің жинайтын уақытын білу керек. Жапырақтарды тек жайқалып тұрғыда жинау керек. Гүлдерін жаңадан ашылған кезде қабығын көктемде жинайды. Себебі көктемде тез аршылады. Тамырын және түбін өсімдік гүлденгендге дейін немесе күзде жинау қажет. Жас өсімдіктің бояғы ашық, түстері қанық түс береді. Әйтседе, өсімдіктің кептірілген бояғын қолдану тиімділігі олардың ұзаққа сақталуы және бұйымға нәзік түс беретіндігі. Табиғи түстерді ұзақ сақтау үшін, өсімдікті көлеңке жерде кептіру керек. Түбір ментамырын кептірер алдында жақсылап жуады. Кептірілген өсімдікті жабық ыдысқа сақтайды. Қ а й ы ң жапырағының қайнатпасы жүнді сарғыш түске бояйды. К а р т о п т ы ң қабығы қоңыр, күңгірт, сұрғылт жасыл, қарақоңыр және қара түс береді. Қ а р а ғ а й д ы ң түбірі қоңыр түсті беред. П и я з д ы ң жұқа қабығы жүнді сары түске бояйды. Д о л а н а н ы ң қабығынан қоңыр, жасыл және қызыл түсті бояу алуға болады. Қ а л а қ а й жас күйінде жасыл-сарғыш түс береді. Ал кепкен кезде сарғылт сары түс береді.

Киізді ойыстырып жаңаша сәндеу әдістері. Ғылыми жұмыс барысында ашқан жаңалығым, боялған киізден дайындалған эскиз бойынша киі

15 слайд
Киізді ойыстырып жаңаша сәндеу әдістері. Ғылыми жұмыс барысында ашқан жаңалығым, боялған киізден дайындалған эскиз бойынша киіздерді қиып жапсыру арқылы бұйым жасау. Белгілі бір сурет бойынша жұмыс жасағанда өзімізге қажетті киіз түрін таңдап алып, белгілі бір өлшемде қиып мата бетіне жапсырмалаймыз. Киізбен жапсырмалау ыңғайлы еш қиындық туғызбайды, жұмыс барысында киіз сынбайды, артық кеткен, шетке шыққан тұстары болса жеңіл қиып алынады және киізбен жапсырмалау көп уақытты алмайды. Міне осындай артықшылықтары бар. Тек желімдегенде артық желім жағып жібермеуді ескеру керек. Сабақтың сарамандық бөлімінде мына «Күйші қыз» суретін мата бетіне киізбен жапсырмаладым. Ол үшін бізге жұмысымыздың негізі болатын мата, калька қағаз қажет. Ойланып, шеберлік қасиеттерімізді пайдаланып жұмысқа кірісеміз. Өз қиялдарыңмен қолдағы киіз түсін үйлестіріп жапсырмалай беруге болады. Басты мақсат шығармашылықпен еңбек ету.

Қ о р ы т ы н д ы Қорыта айтқанда қазақ халқының ертед

16 слайд
Қ о р ы т ы н д ы Қорыта айтқанда қазақ халқының ертеден келе жатқан қолөнерінің бірі – киіз басу қазіргі күнге дейін ұмытылмай, атадан балаға беріліп өмірде қолдануда. Негізінен халық шеберлері байлыққа байлық қосып, малшылықпен қатар, сол баршылықты байыпты етуге тұрмыстық жиһаз мүліктерімізді сәндендіре түсуге үлкен үлес қосқан. Қолөнердің әсем туындылары еңбек адамдарына рухани азық болатын, эстетикалық талғамын қанағаттандыратын сұлу да әдемі, тиімді жасау жиһаз жабдықтарды жасады. Міне, қазақ халқының ертедегі қолөнері әлі күнге дейін жоғалмаған. Біз бүгінгі таңда қазақ қалқының қолөнерінің бірі – киіз басуда қалай оюлап, қалай тігетінін, жаңаша түрлендіріп қиып алып жапсыру әдістерін көзбен көріп таныстық. «Өнерлінің он сауасғы тең, өнерсіздің бір саусағы кем» демекші өнерді үйренудің ешқашан артықшылығы болмайды. Тарихымызда ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан киіз басу өнері халқымызды талай жерде танытқан. Оның айғағы ретінде текеметтеріміздің мұражайларында сақталынуы. Қазіргі нарықтың экономикалық кезеңде қолымызда барды бағалай білгеніміз орынды. әр нәрсенің оңай жолына жүгірмей, оны өзім-ақ өңдеп, әртүрлі жүннің өзінен ғана қанша нәрсе жасауға болар еді. Ұлттық қолөнерімізді одан әрі дамыту үшін көбірек біліп, көн үйренуіміз керек. Бір күндігімізді ойламай ертеңімізді де ойлап, кейінгі өсіп келе жатқан жеткіншектерге қазақ қолөнерінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оларды даярлауға және тұрмыста қажеттілігі н білдірту арқылы, ұлттық өнерімізге қызықтыра білуіміз керек. Киіз, текемет басу кезінде ауыл аймақ, көрші қолаңның жиылып келіп көмек көрсетуі, бұл ынтымақтың, бірліктің белгісі. Бұл арқылы жастарды еңбекқорлыққа, шеберлікке тәрбиелейді.

17 слайд

17 слайд