Тәрбие сағаты . "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Тәрбие сағатының тақырыбы
« Ешк ім де ештеңе де
ұмытылмайды »
11-сынып
Тарих пәнінің мұғалімі: Елубаева Г.А
1 слайд
Тәрбие сағатының тақырыбы « Ешк ім де ештеңе де ұмытылмайды » 11-сынып Тарих пәнінің мұғалімі: Елубаева Г.А
2 слайд
МАҚСАТЫ
•
Оқушыларды Ұлы Отан соғысына
қатысқан батырларымыздың ерлік
істерімен таныстыру, үлгі ету,батыр
тұлғалар ерлігіне терең үңіле
отырып оқушыларды Отанын, елін,
жерін сүюге, қорғауға баулу,
ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу .
2 слайд
МАҚСАТЫ • Оқушыларды Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыздың ерлік істерімен таныстыру, үлгі ету,батыр тұлғалар ерлігіне терең үңіле отырып оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу .
3 слайд
Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен,
Отан үшін талай ерлер мерт еткен.
Болмасыншы, болмасыншы қан соғыс,
Соғыс десе жүрегіміз селт еткен .
3 слайд
Ұрпақ үшін белшесінен қан кешкен, Отан үшін талай ерлер мерт еткен. Болмасыншы, болмасыншы қан соғыс, Соғыс десе жүрегіміз селт еткен .
4 слайд
Ұлт тағдырының айнасы Ұлы Отан Соғысының яғни
ерліктің салтанатты жеңісіне жылдай уақыт өтсе де,
қан төгісті басынан кешірген адамдар соғыс салған
азаппен қасіретті бүгінгі күнге дейін ұмытқан емес
және бұл еш уақытта да ұмытылуы мүмкін емес. Ұлы
жеңіске жету жолында талай қиын – қыстау кезендерді
өткіздік.
Ұлы жеңістің тарихта алатын орны ерекше. Бұл
соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз
қалды, аналар ұлдарынан айырылды.Соғыстың
қайғысы өзегін өртемеген, оның құрбандығына
шалынбаған отбасы қалмады.
«Ұлтымыздың жойылғанын көргенше оған дейін
көз жұма салған әлдеқайда жеңіл емес пе? -деген
Мұхтар Шахановтың сөзі әр заманның ұраны десек
артық емес.Елім деп қабырғасы қайысқан халқым деп
жау алдында да қайыспай өткен ерлер ерліктерін білу,
қастерлеу бізге парыз. Әрине ешкім де, ештеңе де
ұмытылмайды.
4 слайд
Ұлт тағдырының айнасы Ұлы Отан Соғысының яғни ерліктің салтанатты жеңісіне жылдай уақыт өтсе де, қан төгісті басынан кешірген адамдар соғыс салған азаппен қасіретті бүгінгі күнге дейін ұмытқан емес және бұл еш уақытта да ұмытылуы мүмкін емес. Ұлы жеңіске жету жолында талай қиын – қыстау кезендерді өткіздік. Ұлы жеңістің тарихта алатын орны ерекше. Бұл соғыста миллиондаған әйелдер жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айырылды.Соғыстың қайғысы өзегін өртемеген, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады. «Ұлтымыздың жойылғанын көргенше оған дейін көз жұма салған әлдеқайда жеңіл емес пе? -деген Мұхтар Шахановтың сөзі әр заманның ұраны десек артық емес.Елім деп қабырғасы қайысқан халқым деп жау алдында да қайыспай өткен ерлер ерліктерін білу, қастерлеу бізге парыз. Әрине ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.
5 слайд
Қ аза қ стан-
ды қ тарды ң
өшпес ерлігі Ленинград
ү шін
шай қ аста
Сталинград
ү шін
шай қ аста 316 ат қ ыштар
дивизиясы,
генерал майор
И.В.Панфилов,
Б.Момыш ұ лы,
Т.То қ таров ерлігі
314 ат қ ыштар дивизиясы
қ ор ғ ады. Матросов
ерлігін С.Байма ғ амбетов
қ айталады.
27,72,73 дивизиялары
ерлікпен шай қ асты.
Ұ ш қ ыш Н. Ә бдіров, минометші
Қ .Сыпатаев ерлік көрсетіп,
КСРО Батыры атағын алды.М ә скеу
ү шін
шай қ аст
а
5 слайд
Қ аза қ стан- ды қ тарды ң өшпес ерлігі Ленинград ү шін шай қ аста Сталинград ү шін шай қ аста 316 ат қ ыштар дивизиясы, генерал майор И.В.Панфилов, Б.Момыш ұ лы, Т.То қ таров ерлігі 314 ат қ ыштар дивизиясы қ ор ғ ады. Матросов ерлігін С.Байма ғ амбетов қ айталады. 27,72,73 дивизиялары ерлікпен шай қ асты. Ұ ш қ ыш Н. Ә бдіров, минометші Қ .Сыпатаев ерлік көрсетіп, КСРО Батыры атағын алды.М ә скеу ү шін шай қ аст а
6 слайд
12 ат қ ыштар дивизиясы
7 ат қ ыштар дивизиясы
4 атты ә скер дивизиясы
50 жеке полк батальондарыҚ аза қ станнан
Ұ лы Отан
со ғ ысына
қ атысты
6 слайд
12 ат қ ыштар дивизиясы 7 ат қ ыштар дивизиясы 4 атты ә скер дивизиясы 50 жеке полк батальондарыҚ аза қ станнан Ұ лы Отан со ғ ысына қ атысты
7 слайд
Көрініс
7 слайд
Көрініс
8 слайд
Жиырма миллион солдаттар жоқ тізімде,
Жиырма миллион жұлдыз жоқ көк жүзінде
Олар қалды Сталинград биігінде
Курск иінінде
Жиырма миллион бастарын тікті өлімге
Олар қалды теңіздің түптерінде
Алтын ошақ көре алмай мекендерін
Олар қалды жерінде шет елдердің
Жұтты соғыс оларды отты тілімен
Жапты соғыс жүздерін көк түтінмен
Жиырма миллион Отанның солдаттары
Анттай бізге қасиетті болды аттары.
Ескерткішке батыр қыз, нар жігітке
Жиырма миллион от жақтық мәңгілікке
8 слайд
Жиырма миллион солдаттар жоқ тізімде, Жиырма миллион жұлдыз жоқ көк жүзінде Олар қалды Сталинград биігінде Курск иінінде Жиырма миллион бастарын тікті өлімге Олар қалды теңіздің түптерінде Алтын ошақ көре алмай мекендерін Олар қалды жерінде шет елдердің Жұтты соғыс оларды отты тілімен Жапты соғыс жүздерін көк түтінмен Жиырма миллион Отанның солдаттары Анттай бізге қасиетті болды аттары. Ескерткішке батыр қыз, нар жігітке Жиырма миллион от жақтық мәңгілікке
9 слайд
Мәңгілік алау" – соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау
мақсатында қойылған тоқтаусыз лаулап тұратын от. Еш
тоқтаусыз жанып тұратын жалын газбен жұмыс жасайды.
"Мәңгілік алау" соғыс символдарына жататын болған соң,
жыл сайын халық алау маңына гүл шоқтарын қояды.
Алматыдағы "Мәңгілік алау" мемориалы 28 гвардиялық-
панфиловшылар саябағында орналасқан. Алау алғаш рет
1975 жылы Жеңістің 30 жылдығы салтанатында жағылды.
9 слайд
Мәңгілік алау" – соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында қойылған тоқтаусыз лаулап тұратын от. Еш тоқтаусыз жанып тұратын жалын газбен жұмыс жасайды. "Мәңгілік алау" соғыс символдарына жататын болған соң, жыл сайын халық алау маңына гүл шоқтарын қояды. Алматыдағы "Мәңгілік алау" мемориалы 28 гвардиялық- панфиловшылар саябағында орналасқан. Алау алғаш рет 1975 жылы Жеңістің 30 жылдығы салтанатында жағылды.
10 слайд
« Жеңіс лентасы»
«Жеңіс лентасы» жібек
матадан тігілген,
ұзындығы 30 см, ені 3
см құрайды. Көк түсті
ленталар алтын түсті
ұлттық оюлармен
өрнектелген.
«Акцияның басты
мақсаты – Ұлы Отан
соғысында елі мен жері
үшін жаумен шайқасқан
қаһарман
жауынгерлердің ерлігін
мәңгіге ұрпақ санасында
қалдыру болып
табылады.
10 слайд
« Жеңіс лентасы» «Жеңіс лентасы» жібек матадан тігілген, ұзындығы 30 см, ені 3 см құрайды. Көк түсті ленталар алтын түсті ұлттық оюлармен өрнектелген. «Акцияның басты мақсаты – Ұлы Отан соғысында елі мен жері үшін жаумен шайқасқан қаһарман жауынгерлердің ерлігін мәңгіге ұрпақ санасында қалдыру болып табылады.
11 слайд
БЕЛІБАЕВ ЗӘКӘРИЯ
(1917 - 1982)
1917 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс
Қазақстан облысы) Абай ауданының Архат
ауылында дүниеге келген. Майдан шебінде 1941
жылдың маусым айынан бастап болды. 18-ші
жеке понтон-көпірлік батальонның понтоншысы.
1943 жылы Днепр өзенінен өту кезінде көзге
түсті. Бөлімшенің жараланған командирінің
орнын басты, өзеннің оң жағасына бірінші
болып десант түсірді. Бірнеше тәулік бойы
дұшпан жаудырған оқтың астында жеке құрам
мен техниканы өткізді. Ленин, II дәрежелі Отан
соғысы ордендерімен марапатталған. КСРО
Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 10
қазандағы Жарлығымен аға сержант
З.Белібаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы
берілді. Әскер қатарынан қайтқаннан кейін туған
жеріне оралды .
11 слайд
БЕЛІБАЕВ ЗӘКӘРИЯ (1917 - 1982) 1917 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданының Архат ауылында дүниеге келген. Майдан шебінде 1941 жылдың маусым айынан бастап болды. 18-ші жеке понтон-көпірлік батальонның понтоншысы. 1943 жылы Днепр өзенінен өту кезінде көзге түсті. Бөлімшенің жараланған командирінің орнын басты, өзеннің оң жағасына бірінші болып десант түсірді. Бірнеше тәулік бойы дұшпан жаудырған оқтың астында жеке құрам мен техниканы өткізді. Ленин, II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 10 қазандағы Жарлығымен аға сержант З.Белібаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Әскер қатарынан қайтқаннан кейін туған жеріне оралды .
12 слайд
12 слайд
13 слайд
Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
13 слайд
Бауыржан Момышұлы (1910-1982)
14 слайд
•
Момышұлы Бауыржан (1910-1982)
-Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты
жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың
көрнекті жазушысы. Туған жері -
Жамбыл облысының Жуалы
ауданындағы Көлбастау мекені. 1941
жылы Екінші дүниежүзілік соғыс
басталысымен, Бауыржан даңқты
генерал-майор И. В. Панфиловтың
басшылығымен Алматы маңында
жаңадан жасақталған 316 атқыштар
дивизиясының құрамында майданға
аттанады, батальон, полк командирі
қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы
жылдарында гвардиялық дивизияны
басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының
қаһармандық ерлігімен және ұрыс
жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше
көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан
жауынгерлерін аман-сау алып шығады.
14 слайд
• Момышұлы Бауыржан (1910-1982) -Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-сау алып шығады.
15 слайд
Наградалары
Соғыс кезінде
o
1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен;
o
1944 жылы 6 маусымда «Москваны қорғағаны үшін» медалімен;
o
1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», « Құрмет белгісі»
ордендерімен, « Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды
Соғыстан кейін
o
1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, « Құрмет белгісі» орденімен
o
КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен
Б. Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист
басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін
«Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді 2000 жылы « Ғасыр адамы» деп
танылды
15 слайд
Наградалары Соғыс кезінде o 1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен; o 1944 жылы 6 маусымда «Москваны қорғағаны үшін» медалімен; o 1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», « Құрмет белгісі» ордендерімен, « Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды Соғыстан кейін o 1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, « Құрмет белгісі» орденімен o КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді 2000 жылы « Ғасыр адамы» деп танылды
16 слайд
Бауыржан Момышұлының қанатты
сөздері
Тәртіпке бас иген құл болмайды!
Отаның үшін отқа түс күймейсі ң.
Ептілік пен ерлік -
Ерге тән қасиет. Тәрбиелі - тәртіптің құлы,
Тәртіпті - елдің құлы.
16 слайд
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері Тәртіпке бас иген құл болмайды! Отаның үшін отқа түс күймейсі ң. Ептілік пен ерлік - Ерге тән қасиет. Тәрбиелі - тәртіптің құлы, Тәртіпті - елдің құлы.
17 слайд
Астана қаласындағы Б.Момышұлына арналған ескерткіш
17 слайд
Астана қаласындағы Б.Момышұлына арналған ескерткіш
18 слайд
Шығармалары
Ұшқан ұя ( 1974 жыл )
Москва үшін шайқас ,
Жауынгердің тұлғасы ,
Майдан
Майдандағы кездесулер ,
Генерал Панфилов ,
Төлеген Тоқтаров ,
Куба әсерлері
Адам қайраты ( 1981
жыл )
Елбасына күн туса
Психология войны
18 слайд
Шығармалары Ұшқан ұя ( 1974 жыл ) Москва үшін шайқас , Жауынгердің тұлғасы , Майдан Майдандағы кездесулер , Генерал Панфилов , Төлеген Тоқтаров , Куба әсерлері Адам қайраты ( 1981 жыл ) Елбасына күн туса Психология войны
19 слайд
Рақымжан Қошқарбаев Ақмола
облысының Астанаға жақын
орналасқан Тайтөбе ауылының
маңындағы қыстақта 1924 жылы
дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте
айырылды: 4 жасында анасы дүниеден
өтті, ал әкесі болса, жалған саяси
жаламен сотталып,
ГУЛАГ лагерьлерінде болды.
Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде
тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті
бітірген соң, осы арадан Балқаш
қаласындағы фабрика-зауыт
училищесіне ( ФЗУ ) жіберілді. Оның
балалық ша ғ ы туысқансыз және
жанашырлық білдіретін адамдарсыз
өтті. Оған ананың мейірімі мен жылы
алақанын, әкенің қамқорлығын сезіну
бұйырмады. Ол жатақханаларда тұрды,
асханадан тамақтанды, бір үлгіде
тігілген арнаулы киіммен жүрді.
19 слайд
Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Астанаға жақын орналасқан Тайтөбе ауылының маңындағы қыстақта 1924 жылы дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте айырылды: 4 жасында анасы дүниеден өтті, ал әкесі болса, жалған саяси жаламен сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды. Рақымжан Тайтөбе балалар үйінде тәрбиеленді. 7 жылдық мектепті бітірген соң, осы арадан Балқаш қаласындағы фабрика-зауыт училищесіне ( ФЗУ ) жіберілді. Оның балалық ша ғ ы туысқансыз және жанашырлық білдіретін адамдарсыз өтті. Оған ананың мейірімі мен жылы алақанын, әкенің қамқорлығын сезіну бұйырмады. Ол жатақханаларда тұрды, асханадан тамақтанды, бір үлгіде тігілген арнаулы киіммен жүрді.
20 слайд
Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға
қатынасты.
Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы
кезінде асқан ерлік көрсетті.
30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі
Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен
жетіп, жеңіс туын тікті.
«Қызыл ту», «1-нші дәрежелі Отан соғысы»
ордендері мен «Берлинді алғаны үшін»,
«Варшаваны азат еткені үшін», медальдарының
иегері. Рейхстагқа ту тіккені үшін «Жауынгерлік
Қызыл ту» орденінің иегері болды. Ал 2001
жылы «Халық қаһарманы» атанды.
•
. 1988 жылы 10 тамызда Алматы қаласында
қайтыс болды.
20 слайд
Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30-сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. «Қызыл ту», «1-нші дәрежелі Отан соғысы» ордендері мен «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», медальдарының иегері. Рейхстагқа ту тіккені үшін «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің иегері болды. Ал 2001 жылы «Халық қаһарманы» атанды. • . 1988 жылы 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
21 слайд
21 слайд
22 слайд
Астана қаласындағы Р. Қошқарбаевқа арналған ескерткіш
22 слайд
Астана қаласындағы Р. Қошқарбаевқа арналған ескерткіш
23 слайд
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметовадай ерлік
көрсеткен Шыңғыстау өңірінің даңқты қызы Баян
Байғожина. Соғыс басталғанда Баян он жетідегі
балауса қыз еді. Алматыда оқып жүрген студент
болатын. Ол өзі с ұ ранып майданға аттанды.
Белоруссия мен Польшаны жаудан азат етуде
ерлігімен көзге түсіп фашизмнің ордасы Берлинге
дейін барады. Баян Байғожина «Даңқ» және «Ұлы
Отан соғысы» ордендерін иеленеді. Баян Байғожина
жөнінде белгілі жазушы Павел Кузнецов
«Шыңғыстаудың Баяны» деген мақала жазып
«Москвадан Берлинге дейін» атты кітабында Баян
туралы естелік жазған: Кузнецов Баянды былай
суреттейді: "Төгілген ұзын шашын айқастыра ұстап,
солдат бөркін баса қиген қарақат көзді Баянның жүзі
Қазақстанның күн сәулетті кең жайлауынан жаңа
ғана келгендей қошқыл тартқан. Майданда Баянның
даңқы тез тарайды. Ол тоғыз жолдың торабы болған
бір көпірді қорғауда тапсырманы ерекше ойдағыдай
орындағаны үшін «Қызыл Жұлдыз» орденін алды.
Бұл ұрыста ол тосқауылда тұрып бір өзі тоғыз немісті
өлтіреді. Ұрыс алаңында көрсеткен ерлігі үшін ол
екінші рет «Даңқ» орденімен марапатталады.Баян Байғожина
(1926-1945)
23 слайд
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметовадай ерлік көрсеткен Шыңғыстау өңірінің даңқты қызы Баян Байғожина. Соғыс басталғанда Баян он жетідегі балауса қыз еді. Алматыда оқып жүрген студент болатын. Ол өзі с ұ ранып майданға аттанды. Белоруссия мен Польшаны жаудан азат етуде ерлігімен көзге түсіп фашизмнің ордасы Берлинге дейін барады. Баян Байғожина «Даңқ» және «Ұлы Отан соғысы» ордендерін иеленеді. Баян Байғожина жөнінде белгілі жазушы Павел Кузнецов «Шыңғыстаудың Баяны» деген мақала жазып «Москвадан Берлинге дейін» атты кітабында Баян туралы естелік жазған: Кузнецов Баянды былай суреттейді: "Төгілген ұзын шашын айқастыра ұстап, солдат бөркін баса қиген қарақат көзді Баянның жүзі Қазақстанның күн сәулетті кең жайлауынан жаңа ғана келгендей қошқыл тартқан. Майданда Баянның даңқы тез тарайды. Ол тоғыз жолдың торабы болған бір көпірді қорғауда тапсырманы ерекше ойдағыдай орындағаны үшін «Қызыл Жұлдыз» орденін алды. Бұл ұрыста ол тосқауылда тұрып бір өзі тоғыз немісті өлтіреді. Ұрыс алаңында көрсеткен ерлігі үшін ол екінші рет «Даңқ» орденімен марапатталады.Баян Байғожина (1926-1945)
24 слайд
Семей өңіріндегі Шыңғыстаудың Баяны
арпалысқан ұрыстарда Белоруссияның,
Литваның, Польшаның жерін жаудан азат етеді.
Бірде Гильденбургтың іргесінде қатты ұрыс
болады. Немістер үйдің шатырынан бастап
жертөлелерге дейін оқ жаудырады. Снарядтың
жарықшағы Баянның бетіне тиеді. Командир
Баянға дәрігерлік батальонға баруға бұйырады,
бірақ Баян ұрыс даласынан кетпейді. Осы арада
Баян тағы он бес немісті жойғаны үшін "Отан
соғысы орденімен" наградталады. Бұдан кейін
майдан алаңдарында Баян Байғожинаның «бір
өзі 24 немісті өлтірген қаршадай қазақ қызы»
деген атағы тарайды. Баян Байғожина Ұлы
Жеңіске 12 күн қалғанда 24 сәуірде ерлікпен
қаза табады. Ол Гильденбург қаласының түбіне
жерленген.
24 слайд
Семей өңіріндегі Шыңғыстаудың Баяны арпалысқан ұрыстарда Белоруссияның, Литваның, Польшаның жерін жаудан азат етеді. Бірде Гильденбургтың іргесінде қатты ұрыс болады. Немістер үйдің шатырынан бастап жертөлелерге дейін оқ жаудырады. Снарядтың жарықшағы Баянның бетіне тиеді. Командир Баянға дәрігерлік батальонға баруға бұйырады, бірақ Баян ұрыс даласынан кетпейді. Осы арада Баян тағы он бес немісті жойғаны үшін "Отан соғысы орденімен" наградталады. Бұдан кейін майдан алаңдарында Баян Байғожинаның «бір өзі 24 немісті өлтірген қаршадай қазақ қызы» деген атағы тарайды. Баян Байғожина Ұлы Жеңіске 12 күн қалғанда 24 сәуірде ерлікпен қаза табады. Ол Гильденбург қаласының түбіне жерленген.
25 слайд
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен
Аққу құстың бейнебір баласындай
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен
Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі
Ілия)
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда
ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген.
Қаһарман қазақ қызы
Кеңес Одағының Батыры
1943 ж. Снайперлерді дайындау мектебін
аяқтайды.
1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар
бригадасы 4-батальонының снайпері болған
Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен
офицерлерінің көзін жойған
25 слайд
Қобда, Нева суларын сүйіп өскен Әсем гүлін құшаққа жиып өскен Аққу құстың бейнебір баласындай Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия) 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген. Қаһарман қазақ қызы Кеңес Одағының Батыры 1943 ж. Снайперлерді дайындау мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған
26 слайд
Әлия есімімен
Көшелер
Әскери-теңіз
флотының кемелері
Каспий жүк
таситын теплоходы
Мектептер
(Мәскеудегі № 891 орта мектебі,
Шымкенттегі № 29 орта мектебі,
Новосокольники № 72 орта мектебі,
Оралдағы № 38 орта мектебі)
26 слайд
Әлия есімімен Көшелер Әскери-теңіз флотының кемелері Каспий жүк таситын теплоходы Мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі)
27 слайд
Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан
Саған күнде жазылған көркем дастан
Саған күнде құшағын көктем ашқан
27 слайд
Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан Саған күнде қызыққан мөлдір аспан Саған күнде жазылған көркем дастан Саған күнде құшағын көктем ашқан
28 слайд
Әлияның ескерткіштері
Новосокольники қаласында
-авторы М.Айнеков
Ақтөбе – Л.Рапутов,
Е.Штамм
Ақтөбеде Мемориалды кешен
-авторы Б.Әбішев,
,
Мемориалдық кешен
"Әлия-Мәншүк"Алматыда
Мәскеуде ескерткіш
- Б.Әбішев,
Мемориалдық музейдегі бюсті
- О.Шанов.
28 слайд
Әлияның ескерткіштері Новосокольники қаласында -авторы М.Айнеков Ақтөбе – Л.Рапутов, Е.Штамм Ақтөбеде Мемориалды кешен -авторы Б.Әбішев, , Мемориалдық кешен "Әлия-Мәншүк"Алматыда Мәскеуде ескерткіш - Б.Әбішев, Мемориалдық музейдегі бюсті - О.Шанов.
29 слайд
1944 ж. 14 қаңтарда Новосокольники темір жол
стансасы маңында болған ұрыста
Ә. Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа
бастап, отаны үшін, елі үшін қаһармандықпен қаза
тапты.
Новосокольники ауданының Монакова ауылында
жерленген.
Әлия Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы
Батыры атағы берілді
«Ленин» орденімен марапатталды
Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез
келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше
қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия
апамыздың есімі қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.
29 слайд
1944 ж. 14 қаңтарда Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Ә. Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, отаны үшін, елі үшін қаһармандықпен қаза тапты. Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген. Әлия Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді «Ленин» орденімен марапатталды Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия апамыздың есімі қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.
30 слайд
Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс
Қазақстан облысы Орда ауданында
дүниеге келді.Ұлы Отан соғысы
басталған кезде Мәншүк медицина
институтында оқып, со н ымен бір
мезгілде республика Халық
Комиссарлары Советінің
секретариатында қызмет етіп те жүрген.
1942 жылдың тамызында ол өз еркімен
Қызыл Армия қатарына алынады да,
майданға аттанады. Өз бөлімінде
Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады.
Аға сержант Мәншүк Мәметова Псков
облысындағы Невель қаласы үшін
болған кескілескен шешуші ұрыста
ерлікпен қаза тапты.
30 слайд
Мәншүк Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында дүниеге келді.Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк медицина институтында оқып, со н ымен бір мезгілде республика Халық Комиссарлары Советінің секретариатында қызмет етіп те жүрген. 1942 жылдың тамызында ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынады да, майданға аттанады. Өз бөлімінде Мәншүк таңдаулы пулеметші атанады. Аға сержант Мәншүк Мәметова Псков облысындағы Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста ерлікпен қаза тапты.
31 слайд
1944 жылы 1 наурызда СССР
Жоғарғы Советі Президиумының
Указымен аға сержант Мәншүк
Мәметова Жиенғалиқызына қаза
тапқаннан кейін Совет Одағының
Батыры атағы берілді.
Батырдың туған жерінде
мемориалдық музей ашылды.
31 слайд
1944 жылы 1 наурызда СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен аға сержант Мәншүк Мәметова Жиенғалиқызына қаза тапқаннан кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді. Батырдың туған жерінде мемориалдық музей ашылды.
32 слайд
Бекбосынов Серікқазы
(1925-1977) - Кеңес
Одағының Батыры.
7-Карелия майданы,
99-гвардиялық атқыштар
дивизиясының
330- гвардиялық
атқыштар полкының
атқышы,
32 слайд
Бекбосынов Серікқазы (1925-1977) - Кеңес Одағының Батыры. 7-Карелия майданы, 99-гвардиялық атқыштар дивизиясының 330- гвардиялық атқыштар полкының атқышы,
33 слайд
Серікқазы Бекбосынов 1925 жылы
21 қыркүйекте Семей облысы (қазір
Шығыс Қазақстан облысы) Абай
ауданы Орда селосында дүниеге
келген. Орталау мектепті бітірген.
Совхозда жұмыс істеген.
1943 жылы Қызыл Армия қатарына
шақырылды. Ұлы Отан соғысына
1943 жы л дың ақпан айынан
қатысқан. Әуе-десант бөлімшесінде
оқығаннан кейін комсомолец
Бекбосынов - 99-гвардиялық
атқыштар дивизиясының
330- гвардиялық атқыштар
полкының атқышы, гвардия қызыл
әскері атанды. 1944 жылдың
маусымының басында 37-
гвардиялық атқыштар корпусы
құрамында Карель майданына
келді.
33 слайд
Серікқазы Бекбосынов 1925 жылы 21 қыркүйекте Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Абай ауданы Орда селосында дүниеге келген. Орталау мектепті бітірген. Совхозда жұмыс істеген. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысына 1943 жы л дың ақпан айынан қатысқан. Әуе-десант бөлімшесінде оқығаннан кейін комсомолец Бекбосынов - 99-гвардиялық атқыштар дивизиясының 330- гвардиялық атқыштар полкының атқышы, гвардия қызыл әскері атанды. 1944 жылдың маусымының басында 37- гвардиялық атқыштар корпусы құрамында Карель майданына келді.
34 слайд
1944 жылы 21 шілдеде
КСРО Жоғарғы Кеңесінің
Жарлығымен неміс-фашист
басқыншыларымен ұрыста
әскери тапсырманы үздік
орындап, ерлік пен
батырлықтың үлгісін
көрсеткен гвардия қызыл
әскері Бекбосынов
Серікқазыға Кеңес
Одағының батыры атағы
берілді, Ленин ордені және
"Қызыл Жұлдыз"
медалімен марапатталды.
34 слайд
1944 жылы 21 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткен гвардия қызыл әскері Бекбосынов Серікқазыға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, Ленин ордені және "Қызыл Жұлдыз" медалімен марапатталды.
35 слайд
С.Бекбосынов 37-гвардиялық
корпус құрамында
Чехословакия, Венгрия,
Австрия...
35 слайд
С.Бекбосынов 37-гвардиялық корпус құрамында Чехословакия, Венгрия, Австрия...