"Толеранттық - менің болмысым" презентация
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
“ Толеранттық – менің
болмысым”
(психологиялық шара)
1 слайд
“ Толеранттық – менің болмысым” (психологиялық шара)
2 слайд
1995 жылы 19 қарашада ЮНЕСКО-ның бас
конференциясының шешімімен Толеранттық
ұстанымдарының деклерациясы бекітілді.
Толеранттық – бұл бейбітшілік, сүйгіштік, этникалық,
діни, саяси конфессионалдық, тұлғалық әралуандыққа
төзгіштік, «басқаның» теңқұқылы қатар өмір сүруін
мойындау.
Толеранттық бізді қоршаған әлемдегі мәдениеттің
сан алуандығын, адамдардың жекелігін құрметтеу,
қабылдау және дұрыс түсінуді білдіреді.
Толеранттық – адамның жан-жақты құқықтары мен
негізгі бостандықтарын мойындау негізінде
қалыптасқан белсенді қарым-қатынас. Жекелеген
адамдар, топтар және мемлекеттер толерантты
болулары керек.
Толеранттық – бұл адам құқығының, демократия мен
құқықтық тәртіптің бекітілуіне ықпал етуге
міндеттілік.
2 слайд
1995 жылы 19 қарашада ЮНЕСКО-ның бас конференциясының шешімімен Толеранттық ұстанымдарының деклерациясы бекітілді. Толеранттық – бұл бейбітшілік, сүйгіштік, этникалық, діни, саяси конфессионалдық, тұлғалық әралуандыққа төзгіштік, «басқаның» теңқұқылы қатар өмір сүруін мойындау. Толеранттық бізді қоршаған әлемдегі мәдениеттің сан алуандығын, адамдардың жекелігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсінуді білдіреді. Толеранттық – адамның жан-жақты құқықтары мен негізгі бостандықтарын мойындау негізінде қалыптасқан белсенді қарым-қатынас. Жекелеген адамдар, топтар және мемлекеттер толерантты болулары керек. Толеранттық – бұл адам құқығының, демократия мен құқықтық тәртіптің бекітілуіне ықпал етуге міндеттілік.
3 слайд
Мойындау бұл басқа адамды басқа
құндылықтардың,
басқаша ойлау
логикасының, басқаша
мінез-құлық формасының
иесі ретінде көре білу
қабілеті;
Қабылдау бұл осындай
айырмашылықтарға дұрыс
көзқараспен қарау;
Түсіну бұл басқаны іштей көре
білу, оның ішкі жан-
дүниесіне екі жақты
көзқарас тұрғысынан білу
қабілеті.
3 слайд
Мойындау бұл басқа адамды басқа құндылықтардың, басқаша ойлау логикасының, басқаша мінез-құлық формасының иесі ретінде көре білу қабілеті; Қабылдау бұл осындай айырмашылықтарға дұрыс көзқараспен қарау; Түсіну бұл басқаны іштей көре білу, оның ішкі жан- дүниесіне екі жақты көзқарас тұрғысынан білу қабілеті.
4 слайд
Белгілі педагог ғалым В.С.Кукушин толеранттық қалыптастырудың басты бағыттары деп
төмендегілерді көрсетеді:
Халық және адам құқығы мен еркіндігі, нәсіл және діни
конфессиялар туралы ғылыми білімдер жүйесімен танысу;
Жалпыадамзаттық және азаматтық сезімдер мен сана
қалыптастыру;
Түрлі ұлт және дін өкілдерімен қарым-қатынас мәдениетін
дамыту;
Өркениетті әлемде миграцияның үздіксіз тарихи үрдіс екендігін
түсіну;
Әрбір жеке басқа этникалық өзіндік ерекше көзқарастардың тән
болуы табиғи құбылыс екендігін ұғыну;
Әр халықтың өзінің этнопедагогикасының болатынын және оның
өкілінің оны құрмет тұтуының заңды құбылыс екенін түсіндіру;
Оқу-тәрбие үрдісін, оқулықтар мазмұнын этнопедагогикалық,
тарихи және мәдени құндылықтарға негізделген материалдармен
байыту;
Әлемдегі діндер тарихымен танысу, кез-келген діннің
жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу деген ортақ
мақсатты көздейтінін, әркім өз дінін ұстануға құқылы екендігін
саналы түрде сезіну қажет
4 слайд
Белгілі педагог ғалым В.С.Кукушин толеранттық қалыптастырудың басты бағыттары деп төмендегілерді көрсетеді: Халық және адам құқығы мен еркіндігі, нәсіл және діни конфессиялар туралы ғылыми білімдер жүйесімен танысу; Жалпыадамзаттық және азаматтық сезімдер мен сана қалыптастыру; Түрлі ұлт және дін өкілдерімен қарым-қатынас мәдениетін дамыту; Өркениетті әлемде миграцияның үздіксіз тарихи үрдіс екендігін түсіну; Әрбір жеке басқа этникалық өзіндік ерекше көзқарастардың тән болуы табиғи құбылыс екендігін ұғыну; Әр халықтың өзінің этнопедагогикасының болатынын және оның өкілінің оны құрмет тұтуының заңды құбылыс екенін түсіндіру; Оқу-тәрбие үрдісін, оқулықтар мазмұнын этнопедагогикалық, тарихи және мәдени құндылықтарға негізделген материалдармен байыту; Әлемдегі діндер тарихымен танысу, кез-келген діннің жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу деген ортақ мақсатты көздейтінін, әркім өз дінін ұстануға құқылы екендігін саналы түрде сезіну қажет
5 слайд
Интолеранттық деңгейі жоғары – басқа мәдениет өкілдерін саналы түрде түсінбеу және
қабыламау. Ол сырт көрінісі басқа немесе өзге құндылықтар иелерінің тең құқылығын
түсінгісі келмейді.
Интолеранттық деңгейі жоғары емес – мәдениет өкілінің құқықтарын сөз жүзінде
мойындайды, адамдардың діни, нәсілдік, мәдени, ұлттық ерекшеліктеріне қарамай тең
құқықты өмір сүруі қажет деген ұстанымды айтады, бірақ жекелеген әлеуметтік топтарға
жағымсыз қатынасын ұстайды.
Толеранттық деңгейі жоғары емес – мәдени плюрализмді мойындайды және түсінеді,
түрлі әлеуметтік топтарға деген құрметпен келіседі, бірақ, солай бола тұра, өз бетімен
күнделікті өмірдегі, әсіресе жабық түрдегі мәдени дискриминация құбылысын көруге
қабілетті емес.
Толеранттық деңгейі жоғары – басқа мәдениетті, адамдардың басқа өмір салтына, өз
көзқарастары мен құндылықтарын еркін көрсетуге деген құқықтарын мойындайды. Бұл
өзге мәдениетті қабылдау, мәдени ерекшеліктерге жағымды қатынас, кез-келген мәдени
дискриминацияға ерекше көңіл бөледі, басқа мәдениеттен өзіне қандай да бір пайдалы
және құнды нәрселер таба біледі.Ғалымдар зерттеуі бойынша толеранттықтың
қалыптасуының 4 деңгейі белгіленген. Оны диагностикалау
арқылы анықтауға болады.
Интолеранттық деңгейі жоғары
Интолеранттық деңгейі жоғары емес
Толеранттық деңгейі жоғары емес
Толеранттық деңгейі жоғары
5 слайд
Интолеранттық деңгейі жоғары – басқа мәдениет өкілдерін саналы түрде түсінбеу және қабыламау. Ол сырт көрінісі басқа немесе өзге құндылықтар иелерінің тең құқылығын түсінгісі келмейді. Интолеранттық деңгейі жоғары емес – мәдениет өкілінің құқықтарын сөз жүзінде мойындайды, адамдардың діни, нәсілдік, мәдени, ұлттық ерекшеліктеріне қарамай тең құқықты өмір сүруі қажет деген ұстанымды айтады, бірақ жекелеген әлеуметтік топтарға жағымсыз қатынасын ұстайды. Толеранттық деңгейі жоғары емес – мәдени плюрализмді мойындайды және түсінеді, түрлі әлеуметтік топтарға деген құрметпен келіседі, бірақ, солай бола тұра, өз бетімен күнделікті өмірдегі, әсіресе жабық түрдегі мәдени дискриминация құбылысын көруге қабілетті емес. Толеранттық деңгейі жоғары – басқа мәдениетті, адамдардың басқа өмір салтына, өз көзқарастары мен құндылықтарын еркін көрсетуге деген құқықтарын мойындайды. Бұл өзге мәдениетті қабылдау, мәдени ерекшеліктерге жағымды қатынас, кез-келген мәдени дискриминацияға ерекше көңіл бөледі, басқа мәдениеттен өзіне қандай да бір пайдалы және құнды нәрселер таба біледі.Ғалымдар зерттеуі бойынша толеранттықтың қалыптасуының 4 деңгейі белгіленген. Оны диагностикалау арқылы анықтауға болады. Интолеранттық деңгейі жоғары Интолеранттық деңгейі жоғары емес Толеранттық деңгейі жоғары емес Толеранттық деңгейі жоғары
6 слайд
Көпмәдениетті тәрбиелік өлшемі:
Ана тілін және басқа тілді
меңгеру лингвистикалық өлшем;
Отандық мәдениетті игеру этно-тарихи өлшем;
Басқа ұлт мәдениетін игеру жалпыадамзаттық өлшем;
Дінге деген өз көзқарасын
саналы сезінуі діни өлшем
Әлемдік және көркем
құндылықтарды меңгеру эстетикалық өлшем;
Құқықтық нормаларын
меңгеру құқықтық өлшемнен
құралады.
6 слайд
Көпмәдениетті тәрбиелік өлшемі: Ана тілін және басқа тілді меңгеру лингвистикалық өлшем; Отандық мәдениетті игеру этно-тарихи өлшем; Басқа ұлт мәдениетін игеру жалпыадамзаттық өлшем; Дінге деген өз көзқарасын саналы сезінуі діни өлшем Әлемдік және көркем құндылықтарды меңгеру эстетикалық өлшем; Құқықтық нормаларын меңгеру құқықтық өлшемнен құралады.
7 слайд
Адамның (Баланың) өзіндік әрекетін қалыптастыру әдістері:
Өз рухын өзі көтеруі:
Өзіндік талдау
Өзіндік сын
Өзін-өзі тану
Өзін-өзі тазарту
Өзін-өзі жетілдіру
7 слайд
Адамның (Баланың) өзіндік әрекетін қалыптастыру әдістері: Өз рухын өзі көтеруі: Өзіндік талдау Өзіндік сын Өзін-өзі тану Өзін-өзі тазарту Өзін-өзі жетілдіру
8 слайд
Өзі білімін өзі көтеруі:
Сезімі мен ақылын (санасын) өзі
реттеу:
Өзін-өзі тәрбиелеу
Өзін-өзі оқыту
Өзін-өзі билеу
8 слайд
Өзі білімін өзі көтеруі: Сезімі мен ақылын (санасын) өзі реттеу: Өзін-өзі тәрбиелеу Өзін-өзі оқыту Өзін-өзі билеу
9 слайд
Өзі тәртібін өзі қалыптастыруы:
Ерік жігері мен мінез-құлқын өзі
қалыптастыруы:
Өзін-өзі шектеу
Өзін-өзі бақылау
Өзін-өзі ынталандыру
9 слайд
Өзі тәртібін өзі қалыптастыруы: Ерік жігері мен мінез-құлқын өзі қалыптастыруы: Өзін-өзі шектеу Өзін-өзі бақылау Өзін-өзі ынталандыру
10 слайд
«Бізді сізбен... біріктіреді»
жаттығуы.
Мақсаты: өзара келісім, бірлікке келу, топты жұмысқа жұмылдыру.
Жүргізушінің қолында доп, оны кез-келген
топ мүшесіне лақтыра отырып, «Бізді сізбен...
біріктіреді» (мінез-құлық белгісі, сыртқы пішін
кейпі мен киім үлгісі немесе тәртіп
ерекшелігі) деген сөздерді айтады. Допты
алушы мұнымен келіссе: «мен келісемін» деп,
ал күпті болса: «Мен ойланайын» деп жауап
береді.
Рефлексия. Әрбір орындалған жаттығудан
соң, қатысушылар өздерінің жаттығу кезінде
қандай сезімде болғандықтары туралы
баяндайды немесе сұрақтарға жауап береді.
10 слайд
«Бізді сізбен... біріктіреді» жаттығуы. Мақсаты: өзара келісім, бірлікке келу, топты жұмысқа жұмылдыру. Жүргізушінің қолында доп, оны кез-келген топ мүшесіне лақтыра отырып, «Бізді сізбен... біріктіреді» (мінез-құлық белгісі, сыртқы пішін кейпі мен киім үлгісі немесе тәртіп ерекшелігі) деген сөздерді айтады. Допты алушы мұнымен келіссе: «мен келісемін» деп, ал күпті болса: «Мен ойланайын» деп жауап береді. Рефлексия. Әрбір орындалған жаттығудан соң, қатысушылар өздерінің жаттығу кезінде қандай сезімде болғандықтары туралы баяндайды немесе сұрақтарға жауап береді.
11 слайд
«Толерантты адам» топтық
жұмысы.
Мақсаты: қатысушыларды бір-де бір адамның 100%
толерантты болмайтындықтарын, толеранттықтың пайда
болуына және ондай мүмкіндіктердің төмендеуіне алып
келетін факторлардың болу фактісін мойындауларына
алып келу. Қатысушылар шеңбер бойынша адамды
толерантты тұлға ретінде танытатын қасиеттерді атап
шығады. Жүргізуші оларды ватманға немесе тақтаға
жазып шығады. 0%-дан 100%-ға дейінгі шкала бойынша
қатысушы өзінің толеранттық деңгейін анықтайды. Әрбір
қатысушы өмірде толерантты болуға қандай жағдай әсер
етеді немесе қандай жағдай кедергі келтіретіндігі
жөнінде ойларын ортаға салады. Пікір алмасуды
жандандыру үшін жүргізуші төмендегі сұрақтарды қоюға
болады: мына сөздің мәнін қалай түсінер едіңіз? «адамның
өз бағасы мен оның іс-әрекетің бағасы екеуі бір нәрсе
ме?», «Адамды басқалармен салыстыру қалай
интолеранттыққа алып келеді?», «Мектептегі бағалау
жүйесі толеранттық сананың қалыптасуына ықпал ете
ме?» т.б.
11 слайд
«Толерантты адам» топтық жұмысы. Мақсаты: қатысушыларды бір-де бір адамның 100% толерантты болмайтындықтарын, толеранттықтың пайда болуына және ондай мүмкіндіктердің төмендеуіне алып келетін факторлардың болу фактісін мойындауларына алып келу. Қатысушылар шеңбер бойынша адамды толерантты тұлға ретінде танытатын қасиеттерді атап шығады. Жүргізуші оларды ватманға немесе тақтаға жазып шығады. 0%-дан 100%-ға дейінгі шкала бойынша қатысушы өзінің толеранттық деңгейін анықтайды. Әрбір қатысушы өмірде толерантты болуға қандай жағдай әсер етеді немесе қандай жағдай кедергі келтіретіндігі жөнінде ойларын ортаға салады. Пікір алмасуды жандандыру үшін жүргізуші төмендегі сұрақтарды қоюға болады: мына сөздің мәнін қалай түсінер едіңіз? «адамның өз бағасы мен оның іс-әрекетің бағасы екеуі бір нәрсе ме?», «Адамды басқалармен салыстыру қалай интолеранттыққа алып келеді?», «Мектептегі бағалау жүйесі толеранттық сананың қалыптасуына ықпал ете ме?» т.б.
12 слайд
«Жауапкершілікті сезіну» жаттығуы.
Мақсаты: топ мүшелеріне өз проблемаларының
шешілмегеніне жауапкершілікті сезінулеріне
мүмкіндік беру. Жаттығу шеңберде орындалады.
Әрбір қатысушы өз өмірінде болған кикілжің
жағдайды есіне түсіреді. Содан кейін әуелі
«Жағдай құрбандығы» позициясынан (менде не
компьютер, не оңаша бөлме жоқ, сондықтан
сабақты дұрыс оқи алмаймын, асханамда қажетті
құралдар болмағандықтан, тамағым дәмді
шықпайды) т.б.
Толғаныс (рефлексия). Осы кезде сіз не
сезіндіңіз? Проблемаларды өзгерткен кезде сіз
қандай күйде болдыңыз? Нәтижесінде өзіңізді-
өзіңіз құрметтеудегі пікіріңіз өзгерді ме?
12 слайд
«Жауапкершілікті сезіну» жаттығуы. Мақсаты: топ мүшелеріне өз проблемаларының шешілмегеніне жауапкершілікті сезінулеріне мүмкіндік беру. Жаттығу шеңберде орындалады. Әрбір қатысушы өз өмірінде болған кикілжің жағдайды есіне түсіреді. Содан кейін әуелі «Жағдай құрбандығы» позициясынан (менде не компьютер, не оңаша бөлме жоқ, сондықтан сабақты дұрыс оқи алмаймын, асханамда қажетті құралдар болмағандықтан, тамағым дәмді шықпайды) т.б. Толғаныс (рефлексия). Осы кезде сіз не сезіндіңіз? Проблемаларды өзгерткен кезде сіз қандай күйде болдыңыз? Нәтижесінде өзіңізді- өзіңіз құрметтеудегі пікіріңіз өзгерді ме?
13 слайд
«Міне, мен қандаймын!» жаттығуы.
Мақсаты: топқа қатысушыларға басқалардың өздеріне
назар аударуларын жаңаша қабылдаудағы көңіл-күйлерін
сезінуге мүмкіндік беру, келісім мен жайлылық жағдайын
қалыптастыру. Топтың барлық мүшелері екі шеңбер жасап
(сыртқы және ішкі), бір-біріне қарама-қарсы тұрады.
Қарама-қарсы тұрғандар өзара жұп құрады. Жұп мүшелері
бір біріне шын қошамет білідіріп, мақтау айтады. Екіншісі,
ол туралы (өзін қалай бағалайды, нені өзгерткісі келеді)
жауап қайтарады. Жұптасының сыртқы мінез-құлқына,
дағдыларына, іс-әрекетіне назар аударып, қошаемет
айтуға болады. Бұдан кейін серіктестер ролдерін
ауыстырады, әрі бір адым аттайды, осылайша жаңа
жұптар пайда болады. Шеңбер толық аяқталғанша
жаттығу қайталана береді.
Толғаныс (рефлексия). Жаттығуды орындап болғасын
қатысушылар талдайды. Басқаға назар аударғанды
қандлай сезімде болдыңыз? Сізге өзгелер назар
аударғанда ше? Көңіл-күйіңіз, сезімдеріңіз қандай болды?
Сізге осылай қошамет крсетіп, көңіл аударғанда жауап
қайтару оңай болды ма? Т.с.с.
13 слайд
«Міне, мен қандаймын!» жаттығуы. Мақсаты: топқа қатысушыларға басқалардың өздеріне назар аударуларын жаңаша қабылдаудағы көңіл-күйлерін сезінуге мүмкіндік беру, келісім мен жайлылық жағдайын қалыптастыру. Топтың барлық мүшелері екі шеңбер жасап (сыртқы және ішкі), бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Қарама-қарсы тұрғандар өзара жұп құрады. Жұп мүшелері бір біріне шын қошамет білідіріп, мақтау айтады. Екіншісі, ол туралы (өзін қалай бағалайды, нені өзгерткісі келеді) жауап қайтарады. Жұптасының сыртқы мінез-құлқына, дағдыларына, іс-әрекетіне назар аударып, қошаемет айтуға болады. Бұдан кейін серіктестер ролдерін ауыстырады, әрі бір адым аттайды, осылайша жаңа жұптар пайда болады. Шеңбер толық аяқталғанша жаттығу қайталана береді. Толғаныс (рефлексия). Жаттығуды орындап болғасын қатысушылар талдайды. Басқаға назар аударғанды қандлай сезімде болдыңыз? Сізге өзгелер назар аударғанда ше? Көңіл-күйіңіз, сезімдеріңіз қандай болды? Сізге осылай қошамет крсетіп, көңіл аударғанда жауап қайтару оңай болды ма? Т.с.с.
14 слайд
Дау-дамайды талқылау .
Мақсаты: интолеранттық жағдайға назар аударту, дау-дамайлы жағдайда
туындайтын көңіл-күйді сезінуге көмектесу. Жүргізуші топқа әңгіме оқып береді (бір
сыныпта болған дау-дамайлы оқиға):
«Осыдан жеті жыл бұрын менің сыныбымда мынадай бір оқиға болды. Әдеттегідей
жыл аяғында біз бүкіл сынып болып суретке түскен болатынбыз. Сыныпта көзі қыли
қыз бала болды. Сыныпта көзі қыли қыз бала болды. Суретте оның бұл кемшілігі айқын
көрініп қалған екен. Мен оқушының бұл кемшілігі үшін қатты күйзелетінін
білетіндіктен, ол үшін уайым шектім. Мен сыныпқа келген кезде оқушылар суретті
алғаннан кейін, бір оқушы бала суреттегі қыздың көзін көрсетіп, оны мазақ еткенін, ал
ол сорлының оған қорланып жылағанын айтқандағы менің көңіл-күйімді көрсеңіз ғой...
Мен өз оқушыларым үшін ұялдым және қатты жабықтым. Неге осылай болды екен?
Қыздың сыртқа шыға тұруын сұрап, мен өз оқушымның қылығын адамдардың ең әлсіз
тұстарын таңдап алып қорлаған фашистердің жауыздық іс-әрекеттеріне теңеген
жалынды сөздер айттым. Оқушылар да менің жағдайымды көріп, адамшылыққа жат
қылықты жаппай жазғыра жөнелді. Ал осы жағымсыз іс-әрекеттің иесі өз қылығы үшін
ұялудың орнына ешбір өкінбейтіндей сыңай танытты. Мен болсам айтқан сөздерім оны
ойландырып, өзінің оясыздығы үшін қыздан кешірім сұрайды ғой деген ойда
болатынмын. Келесі күні ол баланың ата-анасы арызданып келіп, мені сабақ үстінде
директордың кабинетіне шақыртып алғанда, таңғалысымда шек болмады. Олар
наразылықтарын дөрекі түрде білдіре отырып, балаларын фашистке теңегенім үшін
кешірім сұрауымды талап етті. Мен сыныптағы барлық болған жайды ретімен
түсіндіруге тырыстым, бірақ мені тыңдаған да, түсінуге тырысқан да ешкім болмады.
Жәбірленуші баланың қайғысымен ешкім есептеспеді. Ата-аналар бұл жағдайда тек өз
баласының жазықсыз жәбірленгенін ғана көрді. Маған түрлі жала жабылып, әртүрлі
қоқан лоқы жасалды. Мені таң қалдырғаны дау-дамайды шешу үшін тез арада кешірім
сұрауымды талап еткен директордың позициясы болды. Мен өзімнің бұл жағдайдағы
іс-әрекетімді дұрыс деп санадым және кешірім сұрау туралы ойлаған да жоқпын. Мен
баланың ата-анасы уәде еткен қиындықтарды қарсы алуға дайындала бастадым.
Алайда жанжал өзінен-өзі шешілді. Директор мен үшін бұл ата-анадан кешірім сұрады.
Мен күні бүгінге дейін осы көріністі көз алдыма елестетіп, өзімді кемсіткен және ар-
ожданымды аяқ асты еткен оқиға ретінде есіме аламын...»
Толғаныс
14 слайд
Дау-дамайды талқылау . Мақсаты: интолеранттық жағдайға назар аударту, дау-дамайлы жағдайда туындайтын көңіл-күйді сезінуге көмектесу. Жүргізуші топқа әңгіме оқып береді (бір сыныпта болған дау-дамайлы оқиға): «Осыдан жеті жыл бұрын менің сыныбымда мынадай бір оқиға болды. Әдеттегідей жыл аяғында біз бүкіл сынып болып суретке түскен болатынбыз. Сыныпта көзі қыли қыз бала болды. Сыныпта көзі қыли қыз бала болды. Суретте оның бұл кемшілігі айқын көрініп қалған екен. Мен оқушының бұл кемшілігі үшін қатты күйзелетінін білетіндіктен, ол үшін уайым шектім. Мен сыныпқа келген кезде оқушылар суретті алғаннан кейін, бір оқушы бала суреттегі қыздың көзін көрсетіп, оны мазақ еткенін, ал ол сорлының оған қорланып жылағанын айтқандағы менің көңіл-күйімді көрсеңіз ғой... Мен өз оқушыларым үшін ұялдым және қатты жабықтым. Неге осылай болды екен? Қыздың сыртқа шыға тұруын сұрап, мен өз оқушымның қылығын адамдардың ең әлсіз тұстарын таңдап алып қорлаған фашистердің жауыздық іс-әрекеттеріне теңеген жалынды сөздер айттым. Оқушылар да менің жағдайымды көріп, адамшылыққа жат қылықты жаппай жазғыра жөнелді. Ал осы жағымсыз іс-әрекеттің иесі өз қылығы үшін ұялудың орнына ешбір өкінбейтіндей сыңай танытты. Мен болсам айтқан сөздерім оны ойландырып, өзінің оясыздығы үшін қыздан кешірім сұрайды ғой деген ойда болатынмын. Келесі күні ол баланың ата-анасы арызданып келіп, мені сабақ үстінде директордың кабинетіне шақыртып алғанда, таңғалысымда шек болмады. Олар наразылықтарын дөрекі түрде білдіре отырып, балаларын фашистке теңегенім үшін кешірім сұрауымды талап етті. Мен сыныптағы барлық болған жайды ретімен түсіндіруге тырыстым, бірақ мені тыңдаған да, түсінуге тырысқан да ешкім болмады. Жәбірленуші баланың қайғысымен ешкім есептеспеді. Ата-аналар бұл жағдайда тек өз баласының жазықсыз жәбірленгенін ғана көрді. Маған түрлі жала жабылып, әртүрлі қоқан лоқы жасалды. Мені таң қалдырғаны дау-дамайды шешу үшін тез арада кешірім сұрауымды талап еткен директордың позициясы болды. Мен өзімнің бұл жағдайдағы іс-әрекетімді дұрыс деп санадым және кешірім сұрау туралы ойлаған да жоқпын. Мен баланың ата-анасы уәде еткен қиындықтарды қарсы алуға дайындала бастадым. Алайда жанжал өзінен-өзі шешілді. Директор мен үшін бұл ата-анадан кешірім сұрады. Мен күні бүгінге дейін осы көріністі көз алдыма елестетіп, өзімді кемсіткен және ар- ожданымды аяқ асты еткен оқиға ретінде есіме аламын...» Толғаныс
15 слайд
«Алты түрлі қалпақ» жаттығуы
Мақсаты: топ мүшелеріне кез-келген
жағдайдан алып шығатын жол бар
екендігін, не нәрсе болсын ұнамсыз
жақтарымен қатар күшті жақтарының
болатындығын түсінулеріне көмектесу.
Жүргізуші жоғарыда сипатталған
жағдайды алты сиқырлы қалпақтың
көмегімен қарастыруды, алайда ең
алдымен тарихы туралы тыңдауды
ұсынады.
15 слайд
«Алты түрлі қалпақ» жаттығуы Мақсаты: топ мүшелеріне кез-келген жағдайдан алып шығатын жол бар екендігін, не нәрсе болсын ұнамсыз жақтарымен қатар күшті жақтарының болатындығын түсінулеріне көмектесу. Жүргізуші жоғарыда сипатталған жағдайды алты сиқырлы қалпақтың көмегімен қарастыруды, алайда ең алдымен тарихы туралы тыңдауды ұсынады.
16 слайд
«Баяғыда қалпақ жасайтын шебер өмір сүріпті. Ол адамдарды сүйкімді,
өзіне өзі сенімді ететін қалпақ жасайды екен. Бір күні шебер дүниеден
озып, шеберханасы артындағы қалған алты баласына мұра болып
қалады. Одан олар тігіншілік құралдарын, түрлі-түсті фетр қалдықтарын
және әртүрлі түсті алты қалпақ тауып алады. «Бұл әкеміздің көзі тірі
кезіндегі алған соңғы тапсырыстары болар, иелері келсе, біз қалпақты
көп ақшаға сатамыз» деп ойлайды олар. Уақыт өтіп жатты, бірақ
қалпаққа ешкім келмеді. Балалар қалпаққа тағы бір қарап, оны өздері
алмақ болып шешті. Олардың біреуі-ақ, екіншісі-қара, үшіншісі-қызыл,
төртіншісі- сары, бесіншісі-жасыл, алтыншысы-көк қалпақты алады.
Бұдан әрі адам таңғаларлық оқиға өріс алады. Ақ қалпақты киюші
фактілер мен цифрларды тез талдай алатын болды, оқиғалардың
барысын жіті қадағалап отырды, алайда барлық эмоциясын мәңгілікке
жоғалтты. Қара қалпақ кигені барлығына күдікпен күмандана қарауды
шығарды. Барлығының кемшіліктері мен жағымсыз салдарларын ғана
көрді. Қызыл қалпақ киюші эмоиямен ғана өмір сүрді, ол барлық
оқиғаларды терең сезіне білді, алайда барлық уақытта бірдей өз
эмоциясын тежей алмады. Сары қалпақтың иесі қоршаған ортаның тек
жақсы жақтарын ғана көре білді. Шынайы оптимистің көңіліне ешкім
қаяу түсіре алмайтын. Жасыл қалпақтың иесі өзінің терең
шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, өнердің аясында өмір сүрді. Көк
қалпақтың иесі зерттеушілік қасиетке ие болып, әртүрлі жағдайдан өзі
үшін өмірлік сабақ алуға үйренді. Қалпақшының балалары бірнеше
жылдан кейін кездескенде бірде-бір қалпақтың тек бір адамға қызмет
ете алмайтынын, оларды кезекпен киген кезде адам айтқысыз рухани
баюға болатыны туралы пікірге келеді ».
16 слайд
«Баяғыда қалпақ жасайтын шебер өмір сүріпті. Ол адамдарды сүйкімді, өзіне өзі сенімді ететін қалпақ жасайды екен. Бір күні шебер дүниеден озып, шеберханасы артындағы қалған алты баласына мұра болып қалады. Одан олар тігіншілік құралдарын, түрлі-түсті фетр қалдықтарын және әртүрлі түсті алты қалпақ тауып алады. «Бұл әкеміздің көзі тірі кезіндегі алған соңғы тапсырыстары болар, иелері келсе, біз қалпақты көп ақшаға сатамыз» деп ойлайды олар. Уақыт өтіп жатты, бірақ қалпаққа ешкім келмеді. Балалар қалпаққа тағы бір қарап, оны өздері алмақ болып шешті. Олардың біреуі-ақ, екіншісі-қара, үшіншісі-қызыл, төртіншісі- сары, бесіншісі-жасыл, алтыншысы-көк қалпақты алады. Бұдан әрі адам таңғаларлық оқиға өріс алады. Ақ қалпақты киюші фактілер мен цифрларды тез талдай алатын болды, оқиғалардың барысын жіті қадағалап отырды, алайда барлық эмоциясын мәңгілікке жоғалтты. Қара қалпақ кигені барлығына күдікпен күмандана қарауды шығарды. Барлығының кемшіліктері мен жағымсыз салдарларын ғана көрді. Қызыл қалпақ киюші эмоиямен ғана өмір сүрді, ол барлық оқиғаларды терең сезіне білді, алайда барлық уақытта бірдей өз эмоциясын тежей алмады. Сары қалпақтың иесі қоршаған ортаның тек жақсы жақтарын ғана көре білді. Шынайы оптимистің көңіліне ешкім қаяу түсіре алмайтын. Жасыл қалпақтың иесі өзінің терең шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, өнердің аясында өмір сүрді. Көк қалпақтың иесі зерттеушілік қасиетке ие болып, әртүрлі жағдайдан өзі үшін өмірлік сабақ алуға үйренді. Қалпақшының балалары бірнеше жылдан кейін кездескенде бірде-бір қалпақтың тек бір адамға қызмет ете алмайтынын, оларды кезекпен киген кезде адам айтқысыз рухани баюға болатыны туралы пікірге келеді ».
17 слайд
Сонымен біз қолымызға қалпақ толы қорапты аламыз да
ақ қалпақтан бастаймыз. Оны киген кезде берілген
жағдайдағы фактілерді санамалап, жүйеге келтіру
қабілетіне ие боламыз. Барлығы жалпы неден басталды?
Одан кейін не болды? Одан соң? Соңы немен аяқталды?
Қара қалпақ. Бұл оқиғада ұнамсызы не? Бұның қандай
жағымсыз салдарлары болуы мүмкін? Ең қорқыныштысы
не болуы мүмкін? Қызыл қалпақ. Бұл оқиғада мұғалім не
сезінді? Көзі қыли қыздың көңіл-күйі қандай болды? Оны
келемеж қы...
17 слайд
Сонымен біз қолымызға қалпақ толы қорапты аламыз да ақ қалпақтан бастаймыз. Оны киген кезде берілген жағдайдағы фактілерді санамалап, жүйеге келтіру қабілетіне ие боламыз. Барлығы жалпы неден басталды? Одан кейін не болды? Одан соң? Соңы немен аяқталды? Қара қалпақ. Бұл оқиғада ұнамсызы не? Бұның қандай жағымсыз салдарлары болуы мүмкін? Ең қорқыныштысы не болуы мүмкін? Қызыл қалпақ. Бұл оқиғада мұғалім не сезінді? Көзі қыли қыздың көңіл-күйі қандай болды? Оны келемеж қы...