Материалдар / Ыбырай Алтынсаринның нақыл сөздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай Алтынсаринның нақыл сөздері

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Өмірбаян 2. Жастық шағында 3. Мектеп кезінде 4. Қайраткердің басты жемісі 5. Кел балалық оқылық! 6. Мектептегі жұмысы 7. Ыбырай Алтынсариннің нақыл сөздері 8. Ыбырай Алтынсарин – публицист 9. Ы. Алтынсарин ашқан мектептер 10. Ы. Алтынсарин шығармалары 11. Жамандыққа жақсылық 12. Ыбырай Алтынсарин публицистикасының қоғаммен байланысы 13. Ы. Алтынсарин жайлы ой-пікірлер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2024
539
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материалдың қысқаша түсінігі
Мазмұны 1. Өмірбаян 2. Жастық шағында 3. Мектеп кезінде 4. Қайраткердің басты жемісі 5. Кел балалық оқылық! 6. Мектептегі ж

1 слайд
Мазмұны 1. Өмірбаян 2. Жастық шағында 3. Мектеп кезінде 4. Қайраткердің басты жемісі 5. Кел балалық оқылық! 6. Мектептегі жұмысы 7. Ыбырай Алтынсариннің нақыл сөздері 8. Ыбырай Алтынсарин – публицист 9. Ы. Алтынсарин ашқан мектептер 10. Ы. Алтынсарин шығармалары 11. Жамандыққа жақсылық 12. Ыбырай Алтынсарин публицистикасының қоғаммен байланысы 13. Ы. Алтынсарин жайлы ой-пікірлер

Ыбырай Алтынсариннің нақыл сөздері 1.«Байлық — қанағат пен еңбекте» 2.«Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған» 3.«Жақсы ой мен

2 слайд
Ыбырай Алтынсариннің нақыл сөздері 1.«Байлық — қанағат пен еңбекте» 2.«Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған» 3.«Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді» 4.«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» 5.«Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе» 6.»Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс» 7. «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі»

Ы. Алтынсарин жайлы ой-пікірлер  Сол заманнан бері қарай, біздің кейінгі ұрпағымыздың бәріне де Абай қандай қадірлі болса, Ыбы

3 слайд
Ы. Алтынсарин жайлы ой-пікірлер  Сол заманнан бері қарай, біздің кейінгі ұрпағымыздың бәріне де Абай қандай қадірлі болса, Ыбырай да өз орны, өз арналы мұрасымен аса ыстық, аса бағалы болды. Олар кейде баяғыдан бері өткен шөл ғасырлардың соңғы дәуіріндегі зор мұнарадай көрінсе, кейде еңбегі, бағыты бірлікпен айқасып аққан қос өрімдей, шөл өлкені суарып, дән бітіріп айқасып ағып келе жатқан қос өзендей танылды»  М. Әуезов жазушы, қоғам қайраткері, әдебиет және филологиясы саласындағы ғалым  «Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов «Қазақта үш мұнара бар: Абай, Шоқан, Ыбырай» деп салмақты сөзін осылай сабақтайды. Олай болса, ойшыл ұстаздың тізбек-тізбек жөңкілген замана көшінде көнермейтін, ескірмейтін ұлы, қуатты идеялары елдің, мемлекеттің, халықтың көркеюіне мәңгілік мағына дарытары сөзсіз. Олар: «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды». Серік Негимов Философия ғылымдарының докторы, профессор

Ы. Алтынсариннің публицистикалық шығармалары Жомарт Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне еск

4 слайд
Ы. Алтынсариннің публицистикалық шығармалары Жомарт Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-ұсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын, таныстары сұрады дейді: — Жомарт, Құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа — тамақ, жалаңашқа — киім, үйсіздерге — үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? — деп. Жомарт айтты дейді: — Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өз бейнетіммен таңнан бір-ақі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. Төртіншісі: кұдайтағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, — деді.

8.«Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер» 9. «Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолд

5 слайд
8.«Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер» 9. «Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады» 10. «Адамгершілікке т ə рбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі» 11. «Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады» 12. «Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай - ғылым, білім беру жүйесі сақталу керек» 13. «Тұмсықтының тамағы, Шоқу менен табылар, Өнер-б i л i м деген i ң, Оқуменен табылар» 14. «Еңбекпен табылған тамақ тәтті әрі сіңімді болады» 15. «Қашанда бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан соң қолыңызды жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға ерік беріңіз»

Ыбырай Алтынсарин публицистикасының қоғаммен байланысы Ыбырай Алтынсариннің тұңғыш қазақ мектебін ашып «Кел балалар оқылық»- д

6 слайд
Ыбырай Алтынсарин публицистикасының қоғаммен байланысы Ыбырай Алтынсариннің тұңғыш қазақ мектебін ашып «Кел балалар оқылық»- деп алтын ұя мектепте қазақ жастарын білімге баулығаны барлығымызға белгілі. Ы. Алтынсаринның публицистикалық бағыттағы шығармалары отбасылық тәрбие, ұлттық құндылық, адамгершілік сынды адами қасиеттерге бағытталып жазылған. Жазған шығармалары қазақ қоғамына қатты әсерін тигізді . Мысалы мына бір шығармасын қарайтын болсақ отбасылық тәрбие құндылықтарының адам үшін аса маңызды екенін көруге болады. «Бақша ағаштары Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді. — Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? — деп сұрады, баласы. — Оның себебі, балам, анау ағашты қисық бұтақтары болса, кесіп, бағу-қағумен өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, — деді, атасы. — Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, — деді баласы. — Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де өзіңе өсиет алсаң болады. Сен, жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орныңа келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің, бағусыз, бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, — деді»

Жамандыққа жақсылық Жамандыққа жақсылық Қызылбас патшасынын, Абдулла деген уәзірі бар еді. Соның заманында жұрт бұзылып, бір кү

7 слайд
Жамандыққа жақсылық Жамандыққа жақсылық Қызылбас патшасынын, Абдулла деген уәзірі бар еді. Соның заманында жұрт бұзылып, бір күн уәзір патшаға келе жатқанда халық қамап: «Дегенімізді істе, істемесең өлтіреміз» деп, ішінде бір батырырағы уәзірді сақалынан алып жұлықты. Уәзір ашу етпеді, бұлардан шыққан соң патшаға барып, жұрттың тілегін беріңіз деп өтініп тілегенін патшадан алып берді және өзінің көрген кемшілігі үшін ешкімге жаза бермеңіз деп оны да тілеп алды. Ертеңіне уәзірге бір саудагер келіп: — Тақсыр, кеше сізді ренжітіп сақалыңыздан жұлыққан кісіні айтайын деп келдім, ол Нағым деген менің көршім еді, алдырып жаза беріңіз, — деді. Бұл сөзді есіткен соң уәзір саудагерді қайтарып, Нағымды шақыртып алды. Нағым: «Менін кешегі ісімді біреу айтып танытқан екен» деп, қорыққанынан үрейі кетіп, келе-ақ уәзірдің аяғына жығылды. Уәзір Нағымды жерден көтеріп алып айтты дейді: — Мен сені жазаландыру үшін шақырмадым, бірақ, көршің саудагер жақсы кісі емес екен, сенің білместігіңді маған келіп айтты, екінші рет ол көршіңнен сақтанып жүргендей екенсін, соны айтайын деп шақырып едім, енді аман бол! — деп ішкергі үйіне кіріп кетті дейді.

Ы. Алтынсарин ашқан мектептер Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларын білім нәрімен сусындатуға асықты. Осы арманын жүзеге асыру үшін

8 слайд
Ы. Алтынсарин ашқан мектептер Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларын білім нәрімен сусындатуға асықты. Осы арманын жүзеге асыру үшін облыстық басқармаға мектеп ашу туралы өтініштер жіберді. Ақыры 1860 жылы облыстық басқарма Алтынсаринге Торғайдан қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды, әрі өзін сол мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады. Бірақ, жергілікті үкімет Алтынсаринге қол ұшын соза қоймады, сөйтіп мектеп ашу ісі ұзаққа созылды. Ыбырайдың армандаған мектебі араға төрт жыл салып, 1864 жылы 8 қаңтарда Торғай жерінде салтанатты түрде ашылды. Бұл ұлт ұстазы негізін қалаған алғашқы білім ордасы еді. Мектепті Алтынсарин төрт жыл бойы жинаған ақшасына ашты. "Қаңтардың сегізі күні менің көптен күткен ісім жүзеге асып, мектеп ашылды және оған қазақтың тамаша да, сүйкімді де, зерек те 14 ұл баласы қабылданды. Мен оларды оқытуға қойға тиген аш қасқырдай кірістім. Қуанышыма қарай балалар айналдырған үш айдың ішінде орысша және татарша оқуды да, тіпті жазуды да меңгеріп алды", - деп жазған еді Ыбырай Алтынсарин. 1879 жылы Алтынсарин Торғай облысы бойынша орыс-қазақ учищелерінің инспекторы болып тағайындалды. Бұл оның қолын ұзартты. Торғай, Жітіқара, Обаған, Қарабалық, Әуликөл болыстарында және Қостанай қаласында тағы он бес мектеп салынды. 1882 жылы Ыбырай Алтынсарин барлық мектепке ән-күй сабақтарын енгізді. Жергілікті, ауқатты ел азаматтарынан ақша жинап, кітапхана ашты. Қазақ балаларын тек біліммен сусындатпай, еңбекке баулуды көздеген ол 1883 жылы 15 қарашада Торғай қолөнер мектебін ашты. Алтынсарин қазақ қыздарын оқытуға да көп күш салды. 1887 жылы 15 қарашада Ырғыз қыздар училищесінің негізін қалайды. 1888 жылы қыздарға арналған 12 орындық мектеп интернат ашады.

Ыбырай Алтынсарин – публицист Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы – қазақ публицистикасының қайнар көзі. Ы. Алтынсариннің шығармашы

9 слайд
Ыбырай Алтынсарин – публицист Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы – қазақ публицистикасының қайнар көзі. Ы. Алтынсариннің шығармашылығын зерттеушілер оның публицистикалық қызметі жайлы аз сөз қозғаған. Сол кезде қазақша жазу-сызу болмағандықтан, Алтынсаринге орысша жазуға тура келді. Ол түрлі жанрда шығармашылық мұра қалдырды. Кейін ол қазақ публицистикалық дамуына көп септігін тигізді. Ағартушының еңбектерін оқи отыра, публицистиканың маңызды сапасын атап өту керек. Алтынсариннің публицистикадағы ерекшелігі оның кіріспе сөзінің тақырыбын таңдап, оны дайындауынан көрінеді. Оның қаламынан туған мақалаларының көпшілігі шынайы маңызды педагогикалық-адамгершілік бағаға ие Оның хат түріндегі публицистикасы – отандық публицистиканың жүздеген жылдар бойы дамуына үлгі.