Материалдар / Зар заман поэзиясындағы гуманистік ой-толғау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Зар заман поэзиясындағы гуманистік ой-толғау

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге, мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2021
408
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Тақырыбы: « Зар заман поэзиясында ғы гуманистік ой- толғау »

1 слайд
Тақырыбы: « Зар заман поэзиясында ғы гуманистік ой- толғау »

Шортанбай Қанайұлы “Жақсы мен жаман” дейтін өлеңі қазақ поэзиясындағы дәстүрлі жақсы әйел мен жаман әйелдің жайынан. Әйелдерд

2 слайд
Шортанбай Қанайұлы “Жақсы мен жаман” дейтін өлеңі қазақ поэзиясындағы дәстүрлі жақсы әйел мен жаман әйелдің жайынан. Әйелдерді әр түрлі аңдардың жаман қасиетімен салыстыра сипаттайды. Өлеңде мінезсіз долы, кесір, кержалқау әйелдің іс- қимылы, кейпі берілген. Жаман әйел ердің соры екендігін ашып айтады.Сонан соң жақсы әйелдің қасиеті көлденең тартылады. Әйелдерді мінезін түзеп, салиқалы, ерінің көңілінен шығатындай болып өзін тәрбиелеуге үндейді. Болады жақсы әйелдің сөзі жүрдек, Шаруасын бітіреді өрге сүйреп. Арасы ағайынның араз болса, Екеуін табыстырар үйдеп- бүйдеп.

“ Зар заман” толғауы – азаттықты, бостандықты сүйген өр мінезді халқымыздың отаршылдық бұғауына шырматылып жатқан кезде

3 слайд
“ Зар заман” толғауы – азаттықты, бостандықты сүйген өр мінезді халқымыздың отаршылдық бұғауына шырматылып жатқан кездегі жанайқайы. Тарих сахнасынан мәңгілік жоғалып кетуге бет алған халқының аянышты тағдыры ақын тілімен қасіретті, зарлы жыр болып төгіледі. Отарлаудың қара бұлты көмкерген Қазақ Елінің азып- тозуының басы отбасындағы зайыбының ерінің бетіне орынсыз қарсы келуінен, ұлдың, қыздың ата-ананы тыңдамауынан, тексіздердің, надандардың ел билігіне араласуынан, ағайын арасының күншілдіктен бүлінгенінен басталғанын айтады. Отаршылдықтың сан тармақты шынжырларымен шырматылып, кең даласы мен асқар тауларынан, мөлдір көлдерінен, асау өзендерінен, орман-тоғайларынан айырылып, бірте-бірте қазақы мінез-құлықтан, тұрмыстық-ұлттық қарым- қатынастардан да айырыла бастаған тағдырымыздың мазмұнын айқын бояулармен суреттейді: Мынау азған заманда, Алуан-алуан жан шықты, Қайыры жоқ бай шықты. Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, Ақша деген мал шықты. Кедей кайтіп күнін көрер деп, Сол себептен қорқамын! 

“ Бала зары” термесі мұсылмандықты танытатын кесекті туынды. Барлық адамзаттың Адам атадан тарағанын айтады. Адамзат жаралған

4 слайд
“ Бала зары” термесі мұсылмандықты танытатын кесекті туынды. Барлық адамзаттың Адам атадан тарағанын айтады. Адамзат жаралғаннан жақсылық пен жамандық қатар тұратындығын алға тартады. Шариғаттың түзу жолымен жүруге шақырады: … Ұрлық пенен қорлықтан, Өтірік, ғайбат, зорлықтан Бойыңды тартып тек жүрсең, Көрмессің деген залалды… Бойында жақсы қасиеттерді қалыптастырып, көркем мінезді бола білген адамға ғана Алланың мейірімі шексіз болатынын, ақыретті үнемі ойдан шығармау керектігін айтады. Адамзаттың түзу жолымен жүрген пендесіне жаратушының да сыйы ерекше екендігін ескертеді. Терме гуманистік ойға тұнып тұр.

« Үлкендер, саған айтайын» толғауы ақынның нағыз гуманистік, азаматтық тұлғасы айқындайды. Арнау, қоштасу сарынында

5 слайд
« Үлкендер, саған айтайын» толғауы ақынның нағыз гуманистік, азаматтық тұлғасы айқындайды. Арнау, қоштасу сарынында шығарылған насихат өлеңінде ақын адамзатты күнделікті күйбең тірліктегі дүниеқоңыздықтан, ұсақтықтан, өзімшілдіктен, күншілдіктен аулақ болуға шақырады. Фәни жалғанның ұлылығын жасайтын құбылыс – адамдық сұлу өмір. Адамдық сұлу өмірдің мазмұнын құрайтындар – Құдай жолына адалдық, еңбексүйгіштік, жомарттық, мейірімділік, қарапайымдылық, қанағатшылдық және т.б. қасиеттер. Ақын осындай мазмұнда өмір сүруге уағыздай келе, арман еткен осы адамдық дағдыларды маңайынан толық көре алмай жүргендігін айтып уайымдайды. Сондықтан да халқының жасына-кәрісіне келер күндердегі ұрпақтарының азып-тозбауы туралы уағыз айтады, болашақ күндерден қауіптенсе де үміттене толғанады.

«Келер заман сипаты», «Бір насихат айтайын» толғаулары – мыңғырата мал баққан, жомарттық, дарқандық, туыстық, бауыр

6 слайд
«Келер заман сипаты», «Бір насихат айтайын» толғаулары – мыңғырата мал баққан, жомарттық, дарқандық, туыстық, бауырмалдық қасиеттері атадан балаға жалғасқан қазақ халқының материалдық және рухани жүдеушілікке, күйреуге ұшырайтынын нақтылай болжап айтады. Малдың да, жанның да еркін жат жұрттықтың билейтіні, алақандай «бет қағаз» бен «мандатқа табынатын» заман келетіні, қазақ баласының ата-ананы сыйламай күнәға бататыны – бәрі де зарлы сарынмен жырланады. Адамдықтан аттамауға шақырады. 

«Бір насихат айтайын » толғауында да қазақ халқының отарлық құлдық қамытын кию салдарынан болатын зиянды зардаптар жыр

7 слайд
«Бір насихат айтайын » толғауында да қазақ халқының отарлық құлдық қамытын кию салдарынан болатын зиянды зардаптар жырланады. Қайырымды байлар мен қасиетті төрелердің, шарапатты қожалардың енді жоқтығы, қазіргілерінің бәрінің де опасыздық, пайдакүнемдік, ашкөздік пиғылымен өмір сүретіні, ал кедей-кепшіктің азар-ақыретпен өмір сүретіні – бәрі де айқын елестетіле айтылады. Байдың қайырсыз, кедейдің қадірсіз болып азып- тозуының басты себебін сырттан келген жатжұрттың отарлық билеу салқыны екендігін денесі түршіге, күйіне атайды.

Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян” толғауында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі баяндалған. Адам пи

8 слайд
Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян” толғауында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі баяндалған. Адам пиғылының төмендеп, заманның азғандығын ақын ашына сөз етеді. Көшпенді мемлекеттің жазда жайлаудан, қыста қыстаудан айырылып, тығырыққа тірелгендігін, тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, өмірге  көлденең соққан жел ата-бабадан келе жатқан асыл мұрадан айыра жаздағанын жазған. ...Үш қиянның ара бойынан Жеті жұрт кетіп жол салған. Жеті жұрттың кеткен жер, Қайырсыз болған неткен жер?!,- деп елінің қамын ойлап қапа болады. Сұрақтарына жауап іздеп шарқ ұрады. Бұл толғаудан ақынның елі, жері үшін жанын жалдап, шарасыз күйге түскендегің жай-күйін аңғарамыз.

“ Топқа түскендегі толғауында” адамның жастық шақта сайран құрып, уақытты босқа кетіріп, нәпсәсән тыя алмай елуге келгенде ар

9 слайд
“ Топқа түскендегі толғауында” адамның жастық шақта сайран құрып, уақытты босқа кетіріп, нәпсәсән тыя алмай елуге келгенде артына қарап ойланатынын айтады. Жігіттің ең жақсысы іс тындырып, тәуекел ете білетіні дейді. Атадан бір туғанмен, алауыздықтан сақтануды ескертеді. Жақсының сөзі кем емес, Алуа, шекер, бал судан. Жаманның сөзі кем емес, Адам татпас зәр судан,- деп әркімнің сөзге шешен болуы мүмкін, бірақ жаратқанның алдына барғанда сол тілдің көмегі боларма деген ой салады. Асан Қайғы әулиенің де мәңгілік өмірді іздегенмен , дәуренінің жеткенін атап өтеді. Өлеңнен бес күндік жалған дүниеде жүректі таза ұстап, ауызды тыйып, бос мастанбай , мәңгі өмірге де дайын болу керектігін түсінеміз.

“ Жалғаншы фәни жалған –ды” Ертеңмен тұрып ақырса, Аллалап азан шақырса, Аузына харам салмаса, Шипалы жерге бармаса; Аккаламды

10 слайд
“ Жалғаншы фәни жалған –ды” Ертеңмен тұрып ақырса, Аллалап азан шақырса, Аузына харам салмаса, Шипалы жерге бармаса; Аккаламды оқыса, Алланың берген санасын Кеудесіне тоқыса, Шариғаттың жолы деп, Әдеп бір етсе мұртына,- деп ақын таза жолмен жүруге шақырады.

“ Сарыарқа” – сағыныш пен мұң қатар келген, эстетикалық- танымдық сипаттағы туынды. Ақын атамекенінің бұрынғы және қазіргі ха

11 слайд
“ Сарыарқа” – сағыныш пен мұң қатар келген, эстетикалық- танымдық сипаттағы туынды. Ақын атамекенінің бұрынғы және қазіргі хал-ахуалын салыстыра жырлайды. Өткен, қызық дәуреннің өайтып оралмасын мойындап, сағыныш сезіміне беріледі. ...Күз болса қонушы еді Қаракөлге, Ащылы екі жағы жайлы жерге. Көкпегін іргесінен сүйреп жағып, Мол дәулет бітуші еді біздің елге. Шалқыған шалқар көлдей қайран жұртым, Бытырап, қоқсы болды әркімдерге... Осы бір шағын ғана үзіндіде ақынның еліне, жеріне деген сағынышы, сүйіспеншілігі, жан күйзелісі, шарасыздығы анық аңғарылады.

Дулат Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?» өлеңінде әлеуметтік жағдайларды суреттейді :«Сауыр ж

12 слайд
Дулат Бабатайұлы «Аягөз, қайда барасың?» өлеңінде әлеуметтік жағдайларды суреттейді :«Сауыр жерден айрылып,  Қазақ елі жұқарды.  Сауыр емес, шап болды...  Заманға сай адамы -  Қу заманға сұм басшы  Сорымызға тап болды...» - деп, сол заманды ғана емес, одан кейінгі замандағы қазақ халқының, оның қоғамының күй-қалпын суреттеп отырғандай.     Ақын адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастың бұзылғандығын айта келіп, адамдар азды, балалар ата-аналарын сыйлаудан қалып барады деп қынжылады. Адамның адамгершілік қасиетінен айрылып, қазақтың бір-біріне жат болып бара жатқанына жаны аурады. Бұл өлеңнен ақынның халқына жанашырлығынғ махаббатын, тек жақсылық тілеуші екнін көре аламыз.

“ Баласына айтқаны” …Балам, саған айтқаным: Даңғыланбай, шаруа жи; Албырттықты әсерлі Құрбыңа еріп, көрме сый;

13 слайд
“ Баласына айтқаны” …Балам, саған айтқаным: Даңғыланбай, шаруа жи; Албырттықты әсерлі Құрбыңа еріп, көрме сый; Қолда барың қанағат, Қолда жоққа құмартып, Әуреленбе, ләпсің тый; Әкеңнің айтқан аз сөзін Құтысына көңіліңнің, Төгіп алма, дәлдеп құй ,- деп заманның өзгеріп, халықтың жаңашылдыққа салынып, жақсы қасиеттерінен айырылғанын ашып айтады. Баласына өсиет ете отырып, «замандастарыңа еріп, жаман кеселге душар болмауын сұрайды. Шаруашыл, қанағатшыл бол, нәпсіңді тия біл, адамдықтың ақ жібінен аттама» деп өсиет етеді. Яғни, Дулат ақын адам заман өзгерісіне қарамастан , бойындағы жақсы қасиеттерден айырылмай, бір- біріне жанашыр, бауырмал, бөлінбей бүтін ел болуын насихаттайды.

“ О,Сарыарқа, Сарыарқа” атты өлеңінде қасиетті қара қоныс Сарыарқаның артықша сипаттарын мұнды әуенмен төгілте жыр етеді. О

14 слайд
“ О,Сарыарқа, Сарыарқа” атты өлеңінде қасиетті қара қоныс Сарыарқаның артықша сипаттарын мұнды әуенмен төгілте жыр етеді. О, Сарыарқа, Сарыарқа! Самалың салқын жон едің... Масаты кілем жяйғандай Қоныстың шұрай жері едің!.. Саған келіп ішіп ек, Тұнықтың мөлдір шынысын… Бұл өлеңнен бір жағынан Сарыарқаның сұлулығы, төрт түліктің мекені болған шұрайлылығы, шөптің шалғындығы бәрі-бәрі көркем суреттелсе, екіншіден суреттеудің өткен шақта айтылып тұрғанын аңғаруға болады. «Сенен келіп енді тұнығыңды қанып іше алмаспыз» деген сағыныштың, өкініштің, шарасыздықтың лебі есіп тұр.

“ Ер шөгіп, есер ер жетті ” өлеңінде ақын заманның өзгеріп, адамның азғындап кеткенін ашына суреттейді. Қазаққа кесел болып ж

15 слайд
“ Ер шөгіп, есер ер жетті ” өлеңінде ақын заманның өзгеріп, адамның азғындап кеткенін ашына суреттейді. Қазаққа кесел болып жабысқан, өсек, мақтаншақтық, қымыз аңдып қыдырып кеткендерін, парақорлық, бәле қуу сияқты жаман қасиеттерді ашып айтады. Қасым салған қасқа жолдың ізі де қалмағанына налиды. Біріне-бірі сеніспей, Бет-бетімен ел кетті. Дұрыс бастар басшы жоқ, Әділетке шөлдетті,- деп әділет іздеп шарқ ұрады. Кейінгі ұрпақтың ұсақталып, әке сыйламайтын ұл, шешенің сөзіне құлақ асапайтын қыздың қылығына, бата сұрар ұрпақтың жоқтығына, киген киімі, ауыздағы сөзінің бәтуасы қалмағанына қынжылады. Бұл өлеңнен аңғаратынымыз, қаймағы бұзылмаған заманға деген сағыныш, жақсы күндерді, адамгершікті аңсау, салт- дәстүрді сағыну, жарқын ел болашағығ ақынның халқына, жеріне деген махаббаты.

« Алладан сұрап иманды…» деп басталатын өлеңінде ақын жаман қасиеттерді жиіркенішті дүниелерге баласа: Парақор болған төрелер

16 слайд
« Алладан сұрап иманды…» деп басталатын өлеңінде ақын жаман қасиеттерді жиіркенішті дүниелерге баласа: Парақор болған төрелер Қуаңнан шыққан өртпен тең; Жетесі жаман бос бала Тоқсандағы шалмен тең… жақсы қасиеттерді бағасыз асылға теңейді: Ата-ананың ақылы Қазылған қара жолмен тең; Ағайының көп болса, Ұлы шерік қолмен тең… Алладан ғана сұрап, иманның жолынан таймауға шақырады. Бұл жалған дүиеде сыйластықтан, татулықтан артық ештене жоқ екенін айтады: Мал – дүниенің опасы, Иман – жанның сапасы, Ауыздағы иманың Раушан болған нұрмен тең.

“ Ер қанаты ат болар...” деп басталатын өлеңінде ақын дінге шақырып, Алланың түзу жолымен жүрудің маңызын айтады. Пайғамбарла

17 слайд
“ Ер қанаты ат болар...” деп басталатын өлеңінде ақын дінге шақырып, Алланың түзу жолымен жүрудің маңызын айтады. Пайғамбарларымыздың жақсы көрген қасиетін теріп жазады: Қасиетті әулие жоқ Шайхы менен Нақыптай, Анасын күткен адам жоқ Түсіп пенен Жақыптай. Тілеуі дұрыс пенде жоқ Аюп пенен Сақыптай. Құданың сүйер шын досы Молда болған Мақамет Ұстатқа беріп оқытпай… Сабыр, оқуға ұмтылу, шыншыл болу, ақыретті естен шығармау сияқты көркем мізездерді сүйсіне жырлайды.

Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы «Адамды елдің белгісі» өлеңінде ақын адамдықтың белгілерін сөз етеді. Қайшы ұғымдардың жаман

18 слайд
Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы «Адамды елдің белгісі» өлеңінде ақын адамдықтың белгілерін сөз етеді. Қайшы ұғымдардың жаман мінезден екенін түсіндіреді. Адамгершілік, турашылдық, өсек айтпау, әдептілік, иман, адалдық, жылы сөз, жылы жүз сияқты жақсы қасиеттерді тізіп айтады. Сөздің аяғында: Дүние менен ахирет, Тәуір десең қай жағы. Ахирет артық секілді, Болғаннан соң баянды, Тыңдаушыдан әрқашан, Ізгі дұға етіңіз, Сөзімнің тамам аяғы,- деп жалған дүниеге алданбай, ахиретті де естен ұстаңдар шығармау керектігін еске салады.

“ Заманның опасыз хәліне айтқаны” өлеңінде алдымен жаман қасиеттерді, содан кейін жақсы қасиеттерді тізбектеп, мағынасын ашып

19 слайд
“ Заманның опасыз хәліне айтқаны” өлеңінде алдымен жаман қасиеттерді, содан кейін жақсы қасиеттерді тізбектеп, мағынасын ашып береді. Сөздің басында Алланың ақ жолынан таймай, шариғаттың заңдарын сақтаған да ғана халық азбайтыны ескертеді. Сол замандағы адамдарға өтірік, өсек айту, ұрлық, бір-бірін билеп –төстеудің ең оңай, қалыпты қасиетіне айналғанына ашынса, келесі бір шумақтарында бұрынғы өткен әділ билердің әр ісін Алланың разылығы үшін жасап, халқын қорғап, ол үшін ақы күтпегенін сағына жырлайды. Қор болған дүиелерді тізбектеп ( билік, сопы жолы, шекер мен май, кебіс, мәсі, сұлтан, төре, ақыл) шығады. Сөз соңында: Замана жылдан –жылға түрлі болды, Күн болды қарағай басын шортан шалған. Бақа би қалған көлге деген болып, Біздерген әркімдер де көзін салған,- деп халқына аяушылықпен қарайды. Бір ғана өлең арқылы ақынның түрлі көңіл - күйін байқаймыз. Нәтижесінде халқына деген жанашырлығын, алаңдаушылығын, сүйіспеншілігін көреміз.

“ Азырақ кеңес жазайын” өлеңінде Аллаға ғибадат қылудың алғы шарттарына тоқталады, ораза, намаз зекет, хаж ақыретте жолдас ек

20 слайд
“ Азырақ кеңес жазайын” өлеңінде Аллаға ғибадат қылудың алғы шарттарына тоқталады, ораза, намаз зекет, хаж ақыретте жолдас екенін түсіндіреді. “Құдайым қожа, пенде- құл, Бұйырса қалай көнеді” деп Аллаға мойынсынуға шақырады. Өлеңде бастан-аяқ жаратушыға мақтау айтылып, ақынның шын махаббаты көрінеді. Кемелденген халықпыз, Құдай бір деп Құранға. Жүрісіміз ұқсайды, Арқада киік,құланға ,- деген жолдардан халқына деген мақтанышын, сүйіспеншілігін аңғарамыз.

Әдебиеттер: 1. М.Мөңкеұлы. Құраст Б.Омаров.- А: “Ана тілі”, 2013,-288б. 2. Ж.Тілепов. Тарих және әдебиет.1 том- А: “Дәуір”,2015-

21 слайд
Әдебиеттер: 1. М.Мөңкеұлы. Құраст Б.Омаров.- А: “Ана тілі”, 2013,-288б. 2. Ж.Тілепов. Тарих және әдебиет.1 том- А: “Дәуір”,2015-344б. 3. Б.Омарұлы . Зар заман әдебиеті. Астана; Елорда, 2005-372б. 4. Кердері Ә. Қазағым 5. Мөңкеұлы М. Шығармалары. Алматы: “Ана тілі” 2013- 287б 6. Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы, т.б. Шығармалары. –Алматы: «Нұрлы Press.kz...