Жас мамандарға арналған тренинг
20 Сәуір 2021
903
Білім беру қоғам дамуының басты бағыты ретінде қабылданады. Бұл ретте мұғалімнің күнделікті жұмысы оның психикасына үлкен жүктеме түсіруге жетіп артылады. Жалпы 70% мұғалімдер әсіресе жас мамандар үнемі күйгелектену мен қысым жағдайында жүреді. Тренинг мақсаты: Жас мамандарды жаңа ұжымға бейімдеу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.