Жас мамандарға арналған тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жас мамандарға арналған тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру қоғам дамуының басты бағыты ретінде қабылданады. Бұл ретте мұғалімнің күнделікті жұмысы оның психикасына үлкен жүктеме түсіруге жетіп артылады. Жалпы 70% мұғалімдер әсіресе жас мамандар үнемі күйгелектену мен қысым жағдайында жүреді. Тренинг мақсаты: Жас мамандарды жаңа ұжымға бейімдеу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жас мамандарға арналған тренинг-сабақ


Білім беру қоғам дамуының басты бағыты ретінде қабылданады. Бұл ретте мұғалімнің күнделікті жұмысы оның психикасына үлкен жүктеме түсіруге жетіп артылады. Жалпы 70% мұғалімдер әсіресе жас мамандар үнемі күйгелектену мен қысым жағдайында жүреді.

Тренинг мақсаты: Жас мамандарды жаңа ұжымға бейімдеу, айналасындағылармен бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау, ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.

Трениг міндеттері:

- қатысушыларды өзара бір-бірі туралы ақпараттандыру;

- командалық жұмыс жасай білуді қалыптастыру;

- өзін-өзі бағалауды қалыптастыру;

Қатысушылар: мектептің жас мамандары

Тренинг бағдарламасы:

  1. Психолог сөзі

  2. «Таныстық» жаттығуы

  3. «Өзара көмек стратегиясы» әдісі

  4. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

  5. «Теңізге саяхат» релаксация

  6. «Ыстық лебіз» жаттығуы

Тренинг ережесі:

  1. Өз ойын ашық айту

  2. Өзгелердің пікірін құрметтеу

  3. Белсенді әрекет ету.

  4. Шынайылық

  5. Топтасып жұмыс жасау.

Тренингтің жүргізілу барысы:

1. Психолог сөзі:

Сәлеметсіздер ме, қымбатты  әріптестер! Бүгінгі болғалы отырған тренингте сіздер өздеріңізге қажетті көптеген қызықты және пайдалы нәрселерді білесіздер деген ойдамын. Бір ұжымда өзің жақсы білетін, жақсы танитын жас мамандармен  жұмыс жасау әлдеқайда жеңілірек болатындығына менімен келісетін шығарсыздар?! Ол адамға не ұнайды, өмірдегі мақсаттары қандай екендігін білесің. Сондықтан да, біздің бүгінгі кездесуімізді бір-бірімізді көбірек тануға арнаймыз. Тіпті, егер, сіз таныс болған болсаңыз да, бәрібір де сіз қатысып отырғандардың ішінен біреуін көбірек танисыз, ал енді бірін тіптен білмейсіз.

Жас ұстаздардың жақсы жұмыс жасауы үшін оларға сенімділік және жағымды эмоциялар қажет. Бірақ көптеген қиын жағдайлар мен жағдаяттар жас ұстаздың педагогикалық іс-әрекетінде кездесіп ақ жатады. Бүгін біз бір-бірімізбен жақсырақ танысып, бір-біріміздің қолдауымызды сезініп, мәселені оңай өткеруді үйренеміз.


2. «Таныстық» жаттығуы

Мақсаты: топтың әр мүшесі жайлы толығырақ білу.

Қатысушыларға сандар жазылған қима қағаздар көрсетіледі. Қатысушылар өз өмірлерін сол санға байланыстырып өзін таныстырып шығады.

3. «Өзара көмек стратегиясы» әдісі

«Егер сенде бір алма болса менде де бір алма болса және біз осы алмаларымызды алмастырып алсақ екеумізде де сол қалпы еш өзгеріссіз бір алмадан қалады. Егер сенде жақсы бір идея болса менде де жақсы бір идея болса біз идеямызбен бөліссек онда әрқайсымызда екі идеядан болады. Дәл осы секілді біз бөлісе отырып пайдамызға асыруға тұрарлықтай тәжірибемізбен бөлісейік».

Ендеше төмендегі екі сұрақтың аясында әрқайсымыз өз тәжірибемізбен ортаға салайық: а) «Көңіл күйім жоқ кезде қалай көтеруге тырысамын?», б) «Өзіме қуаныш сыйлау үшін қандай әрекеттер жасаймын?»

4. Аяқталмаған сөйлем әдісі

Мақсаты: өз іс-әрекетіне талдау жасай алу мен жеке жетістіктері мен сәтсіздіктеріне конструктивті қарай алу қабілеттерін дамытады.

Сөйлемді аяқтаңыз:

  • «Осы айда мен …. қалай жасайтынымды білмеймін»

  • «Мен көз алдыма елестетуге жүрексінемін…..»

  • «Егер менің қолымда сиқыр таяқшасы болса…..»

  • «Мен үшін ең қиыны...»

  • «Менің көңіл күйіме әсер етеді...»

  • «Ертең мені күтіп тұр...»

  • «...мені қуантады»

  • «Мен ... қатысты көзқарасымды өзгерттім»


5.«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.


Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.

Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.
Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз. 
Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?


6. Қорытынды жаттығу: «Ыстық лебіз».

Мақсаты: жолдастық ықылас білдіру

Міндеті: қатысушылар бір-бірлеріне оңға қарай бағыт бойынша қандай да бір жылы лебізін, тілегін білдіреді.

Жылы лебізді білдіру диалог формасында болады. Тек жылы лебізді қабылдап ғана қоймай, қайтарымын қайтарамыз.

Мысалы:

- Әсел, сен сондай жақсы қызсың!

- Ия, бұл солай! Тағы мен жолы болғыш адаммын!

- Ал сенің көздерің сондай әдемі, Гүлден!


Қорытындылау

Тренинг- бұл ең әуелі өзгеріс. Бұл трансформация. Жаңа дағдыларды үйрену, меңгеру. Жас ұстаздар сіздермен жүргізілген бұл тренинг аз да болса сенімділікті сезінуге, кәсібіи тәжірибе жинауға көмектесті деген ойдамын. Өзгеруге, үйренуге жалықпаңыздар.Әр адам өмірде де жұмыста да жақсы да жемісті болуға лайық. Уақыт тауып, бірге болғандарыңызға рахмет!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.04.2021
901
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі