Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 1 материал
ЖАС ПЕДАГОГТЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
770 ₸
Темірхан Мадина Жеңісбекқызы
770 ₸
24 Сәуір 2022
625
0
Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында. Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр»- деген. Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі өте жоғары, ұлағатты тұлға болуы міндетті. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қоймайды. Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Себебі: еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы- жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, нағыз өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу- біздің басты парызымыз.
Химия
Мақала
8 сынып