Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ЖАС ПЕДАГОГТЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖАС ПЕДАГОГТЫҢ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ |
Темірхан Мадина Жеңісбекқызы №61 ЖОББМ мұғалімі Түркістан облысы, Сарыағаш қаласы Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында. Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр»- деген. Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі өте жоғары, ұлағатты тұлға болуы міндетті. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қоймайды. Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Себебі: еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы- жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, нағыз өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу- біздің басты парызымыз. Мектепті басқару, сапалы білім беруде нәтижеге жету үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жаңа жұмыс жоспары жасалуы тиіс екендігі белгілі. Басты мәселелерді айқындау, білім беру ісін жоспарлау, келешекті болжау, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қажет. Жас жеткіншектерді тәрбиелеуде, сапалы білім беруде алдына қойған басты мақсат- білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу. Қазіргі кезде білім стандарты жасалынып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «Мен» менталитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі таныту үшін еңбектену оқытушылар қауымына үлкен мақсаттар жүктеді.
Қазіргі инновациялық технология туралы айтсақ, «технология» грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді. Мұғалімнің басты мақсаты – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың технологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім. Олар: Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы, Ж.Қ.Қараевтың «Деңгейлі саралап оқыту» технологиясы, П.М. Эрдниевтың « Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясы, «Ойын арқылы оқыту» технологиясы, т.б. Жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды, жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады. Ал оқушылардың өз бетінше білім алуы – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әкеледі. Шығармашыл оқушы – дарынды оқушы. Дарынды оқушылар – сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдерді қажет етеді. Яғни, бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашыл болу керек. Ол өздігінен қаншалық ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалімнің күш-қуаты, көңіл-күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады. «Алдыңғы қатарлы мұғалімдер оқуды бітіргеннен кейін өз беттерінше дамымайды немесе мұғалім болып туыла алмайды. Керісінше, олар әрқашан даму үстінде болады. Өз мамандықтарын алғаннан кейін мұғалімдер әріптестерімен әңгімелесіп, бірігіп жұмыс жасау арқылы жалғаспалы, тұрақты білім мен өз өнерлері жөнінде терең ойлану арқылы өздерінің кім екендігімен, не үшін қызмет жасайтындықтарын анықтауды қажет етеді», - деген екен бір белгілі педагог. Олай болса, әріптестер, қандай пән болмасын, жас ұрпақ үшін қызмет жасап, қашанда даму үстінде жүретін шығармашыл ұстаз болайық. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Қазіргі мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақталуы, екіншіден, қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру, еліміздің материалдық – қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет»,-деп атап көрсетілуі мұғалім іс-әрекетіне жаңа бағыт сілтейді. Қазіргі кезеңде мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру курстары аралығында кәсіби қызметтің ғылыми негіздерін практикаға қолдануға, практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Қоғамның сұранысын қанағаттандыру мұғалімнен жоғары мәдени адами құндылықтар мен сенімдердің қалыптасқан жүйесін, кәсіби белсенділік пен өзін- өзі жүзеге асыруға деген ұмтылысты талап етеді. Осыған байланысты мұғалім тұлғасын үнемі шыңдап отыру қажет. Міне, біліктілікті арттыру жүйесінің негізгі міндеті осыдан туындайды: ол маманның кәсіби құзіреттілігін тұлғалық қасиеттерімен үйлесімді дамыту болып табылады. Еркін әрі белсенді ойлауға, оқу тәрбие үрдісін моделдеуге, жаңа идеяларды өзі туындатып, іске асыруға қабілетті мүғалімнің кәсіби құзіреттілігінің деңгейін көтеру проблемасы- қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайға өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Біріншіден, кәсіби құзіретті мұғалім оқу тәрбие жұмысы барысында шығармашыл оқушыны қалыптастыруға жағымды ықпал ете алады, екіншіден, өзінің кәсібінде үздік нәтижелерге қол жеткізе алады, үшіншіден, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алады.Кәсіби құзіреттілікті екі аспектіде қарастыратынын байқауға болады: кәсіптік дайындықты көтеруге арналған білімнің мақсаты; өзінің кәсіптік қызметін жүзеге асырушы мұғалімнің жай күйін бейнелейтін аралық нәтиже. Педагогтің кәсіби құзіреттілігінің дамуын зерттеушілер маманның кәсіби қалыптасуының бастапқы кезеңінде бұл үрдіс салыстырмалы түрде дербес болатынын, біртіндеп, толыққанды біртұтас кәсіби мәнді сапаға айналатынын айтады. Құзіреттілік - әлеуеметтік мәселе, сондықтан тек кәсіби емес, педагогтің жеке қасиеттері де белгілі бір мәнге ие болғандықтан, кәсіби тұлғалық құзіреттілік деп атау орынды сияқты. Дегенмен, кез келген мұғалімді кәсіптік шеберліктің жоғары деңгейіне қол жеткізген маман ретінде қарастыруға болмайтыны белгілі. Солай бола тұра, ол кәсіптік тұрғыда өзін жетілдіруге мүмкіндік беретін құралдарды меңгеруі тиіс. Басқаша айтсақ, біліктілік арттыру ұйымында мұғалімнің болашақта кәсіби - тұлғалық құзіреттіліктің жоғары деңгейіне өтуіне ықпал ететін жұмыс түрлері ұйымдастырылуы тиіс. Бүгінгі таңда құзіретті маман қалыптастыруға арналған нақты бір амал айқындалмаған. Әдебиетте бірнеше негізгі амалдардың сипаттамалары кездеседі. Соның түйінділерінің бірі Н.Кузьмина ұсынған тұжырымдама деуге болады. Ол құзіреттілікті педагогке қажетті қабілеттер аясы арқылы анықтайды. Қалай дегенде де, құзіреттіліктің негізгі мәнін адамның кәсіптік әрекетте, кәсіптік қатынаста, кәсіби қалыптасуда пісіп жетілуі, өзіндік дербес қолтаңбасының пайда болуымен байланыстыруға болады.Мұғалімнің кәсіби - тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру білім беру мазмұны арқылы жүзеге асырылады: оған пәндік білім мазмұны ғана емес, сонымен қатар кәсіби дағдылар мен біліктер де енеді. Мұның бәрі тұтаса келе, педагогтің тұлғасын дамытады, қалыптастырады, ол қызметінде, яғни, практикада өзін - өзі дамыту мен өзін - өзі жүзеге асыру тәсілдерін игереді. Мұғалімнің кәсіби - тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі шарттары төмендегідей. - «Ұйымдастырушы басқарушылық (оқу жоспары, тоқсандық кестелер, кесте жасау, құзіреттілік деңгейін анықтау критерийлерін әзірлеу, білімдік үрдісті материалдық техникалық қамтамасыз ету). - Оқу - әдістемелік (сабақтардың мазмұнын таңдау, түрлі курстарды кіріктіру), жетекші идеяларды айқындап алу. - Технологиялық (бақылау бағалау, оқытудың белсенді түрлерін ұйымдастыру, құзіреттілікке енетін біліктердің тобын анықтау), инновациялық технологияларды қолдану. - Психология - педагогикалық (оқушылардың даму диагностикасын іске асыру, оқу уәжін ынталандыру жүйесі), оқушыларды бірлесе басқаруға тарту». Мұғалімнің кәсіби - тұлғалық құзіреттілігінің құрылымы ол игерген педагогикалық біліктер арқылы ашылады, ал біліктер педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған және теориялық білімге негізделген, үздіксіз дамитын әрекеттердің тұтастығы арқылы ашылады. Мұғалімнің кәсіби- тұлғалық құзіреттілігінің қалыптасуының жай күйі туралы толыққанды мәлімет алу үшін ақпараттық жағдай жасау керек, яғни педагогикалық мониторинг жүргізіп отыру керек. Педагогикалық мониторинг әлеуметтік, психологиялық және басқарушылық мониторингтерді біріктіре отырып, мұғалім тұлғасы туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді. Мұндай кешенді амал педагогтың нақты кәсіптік және тұлғалық сапаларын: танымдық қызығуларын, уәждерін, педагогикалық үрдіске қанағаттануын ой елегінен өткізуге бағытталған. Сонымен, қорыта келгенде, маманның құзіреттілігі жемісті әрекет тәжірибесімен ажырамас бірлікте, үздіксіз іс-тәжірибесінде дамып, қалыптасады. Сондықтан да курс барысында игерген оқу зерттеу жұмысын өз тәжірибесінде орындауды кеңейту, дербес шығармашылық жұмыстарға ынталандыру арқылы педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін үздіксіз дамыту үдерісі маңызды болып отыр. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады. Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды. Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына
негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің
басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке
негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.
Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа
жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің
кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден
негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған
елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар
аударсақ, түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру,
яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке
тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі
педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық
бірліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта
оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту,
өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік
технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс
жүргізіп жүзеге асырушы-мұғалім. Бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін жетілдіріп қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды инновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық – педогогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Ең бастысы бұл білімдер мен білік дағдыларды құзырлылық ұстанымдарының талаптарына сәйкес өздерінің меңгеруі және сол жолдар арқылы өздерінің ойлау жүйесін, шығармашылығын өнертапқыштығын, рефлексиялық машығының дамуына жол ашады. Сол кезде ғана мұғалімнің өзіне-өзі баға беру деңгейі артып, өзін-өзі анықтап, үздіксіз өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік туады. Білім-тоқтаусыз толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға қатыса алуы. Ол арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалығы қалыптасады. Білім – мұғалім үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі. Даму да, білім де ешбір адамға қолдан беріле салмайды. Кімде кім оған қол жеткізгісі келсе әрекет етуі, күш салуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда кез келген білім-ол өз бетінше білім алу. Шығармашылық әлеуеттің дамуы өз білімін көтеруге негіз болады. Мұғалім шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, өзінің құзіреттілік аясын кеңітеді. Кәсіби құзіреттілік маманның әлеуметтегі-дәл осы уақыттағы қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттамасы. Кәсіби құзіретті еңбек деп мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педогогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуы деп санаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
|