Қазақ-түрік поэзиясының үндестігі Жетібай Рақымберді Қажығалиұлы
15 Ақпан 2022
394
Шебер Құдай жер-әлемге ұлт пен ұлыс етіп бөліп қойғанымен, бір-біріне ұқсас, жақын қылып жаратқан. Түр-тұрпатымызбен таным-түсінігімізде азды-кем ерекшелік болғанымен, адамзат баласының түп негізі бір. Негіз бір болғандықтан бәрі бауыр. Бұл жайында ақын бабамыз Абай: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деп өсиет қалдырып кеткен. Бабалар тағылымын құбыланама етер болсақ, жалпыадамзаттық рухани кеңістікте танымымыз тамырлана түсері анық. Сөз етіп отырған жалпыадамзаттық рухани сусынның бірі – поэзия. Өлең арқылы да өмірді, өңірді танып білуге болады. Осыны негізге ала отырып, һәм елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Түбіміз Түрік» сөзін басты назарда ұстап, қазақ әм түрік жырының өзіндік ерекшелігі, танымдық үндестігі жайлы сөз етеміз.
Қазақ әдебиеті
Мақала
Барлық сыныптар