Қазақ-Түрік поэзиясының
үндестігі

Жетібай Рақымберді
Қажығалиұлы
Алматы қаласы №19 жалпы
білім
беретін мектепте қазақ тілі
мен
әдебиеті пәнінің
мұғалімі
Шебер Құдай жер-әлемге ұлт пен
ұлыс етіп бөліп қойғанымен, бір-біріне ұқсас, жақын қылып жаратқан.
Түр-тұрпатымызбен таным-түсінігімізде азды-кем ерекшелік
болғанымен, адамзат баласының түп негізі бір. Негіз бір
болғандықтан бәрі бауыр. Бұл жайында ақын бабамыз Абай: «Адамзаттың
бәрін сүй, бауырым деп» деп өсиет қалдырып кеткен. Бабалар
тағылымын құбыланама етер болсақ, жалпыадамзаттық рухани кеңістікте
танымымыз тамырлана түсері анық. Сөз етіп отырған жалпыадамзаттық
рухани сусынның бірі – поэзия. Өлең арқылы да өмірді, өңірді танып
білуге болады. Осыны негізге ала отырып, һәм елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың: «Түбіміз Түрік» сөзін басты назарда ұстап, қазақ
әм түрік жырының өзіндік ерекшелігі, танымдық үндестігі жайлы сөз
етеміз.
Әр ұлттың таным-түйсігі,
дүниені қабылдауы, ұлттық- мәдени пайымына көз жүгірту керек
болатын болса, сол ұлттың әдебиетін ашып қарауға тура келеді.
Әдебиет тектерінің қай-қайсысын (проза, лирика, драма) қарасаңызда
ұлттың жан әлемі көрініс береді, танымы бедерленеді. Ал біз үшін
оңтайлысы – өлең, жыр. Абайша айтсақ : «Өлең шіркін өсекші елге
жаяр». Қазақ-Түрік ақындарының жырларын салыстыра-салғастыра
саралап, үндесімі мен үйлесімін, толғанысымен тебренісін, дүниені
қабылдау, суреттеу ерекшеліктерін, ұқсастықтарын аша отырып
үйлесімін табамыз.
Өлең –тағдыр. Өлең – таным.
Өлең – әлем. Өлең жарықтық жәйдан-жәй туа салмасы анық. Қасіретіңді
жырлап, қасиетіңді көтеретін өлеңнің ұлтқа етер еңбегі, қылар
қызметі орасан зор. Ұлттың санасына серпін беретін, сол ұлтты
қайраттандыра, жігерлендіре түсетін –өлең. Сонымен қоса жанына
жалау, ойына от беріп, кеудесін көтертеді. Сөзіміздің дәлелі
ретінде түрік ақындарының отты жырларынан үзінді
берейік:
Ей, Түрігім, сенің қолың
қуатты,
Жаратастарды күл талқан ғып
уатты.
Найзағай боп жауларыңды
өртедің,
Иран, Қытай, Үнді, Мысыр
дегендер,
Сені көріп жер бауырлап
жылапты. Мехмет Эмин
Бұл өлең жолдарныда әсіресе
бірінші, екінші тармақтарындағы «Ей, Түрігім, сенің қолың
қуатты,Жаратастарды күл талқан ғып уатты.» ұлтты жігерлендіретін
сөздер. Тамырының асыл екендігін еске түсіріп, қуаттандырады.
Намысын жандандырады. Шын мәнінде күресуге медет береді. Демек жыр
біз айтқан сөздерді толығымен дәлелдей алды. Олай болса, әрмен
қарай баян етейік.
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер
басты,
Өткізбей қараңғыда бекер
жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал
арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.
Міржақып Дулатов «Оян,
Қазақ»
Оян, ұлтым! Оянатын шақ
туды,
Аялайық Тұран құсы –
аққуды.
Ұлы Тұран империясын
құрайық,
Қас-дұшпанның бәрін қуып жат
тілді! Мехмет Эмин «Оян, Түрік»
Берілген екі жыр жолдарынан
екі ұлттың да езгіге ұшырағандығын білуге болады. Өз жерінде өзі
қожа бола алмай, бодандықтың қамытын киіп, келімсектің кесірін
татқанын сезуге болады. Жер анасының бөтеннің табанында тапталып
жатқанына шыдай алмаған ақын жаны, ұлтына «оян» деп жанұшыра тіл
қатады. Осы өлең жолдарында қос ақынның зар үйлесімі бар. Екеуі де
ұлты үшін қан жылап, қарсы тұруға шақырады. Жыр арқылы ұлтының
санасын серпілтіп, хәлінің нашарлығын жеткізеді. Бұлай кете берсек,
езіліп жоқ болып кетеміз, бірігіп бір жағадан бас шығарып жатты
жерімізден қуып шығайық деген ой айтылады. Қай заманда да ақын жаны
жұртымен жапсарлас келмей ме?! Олай болатыны рас десек, қос ақынның
да ұлтының мұңын у ғып ішіп, бағының бекем болмағына күрес ашуға
үндеуі нағыз батырлықтың, ұлтқа деген сүйіспеншіліктің айқын
көрінісі емес пе?!
Содан болдың Арыстандай
айбатты,
Мол қайратың жау біткенді
жайратты. Мехмет Эмин
Арыстанмын айбатыма кім
шыдар,
Жолбарыспын қайратыма кім
тұрар. Мағжан Жұмабаев
Ал мына тармақтарда
«Арыстандай, Арыстанмын» сөзі кездеседі. Неге жолбарыс емес, неге
қасқыр емес? Үңіліп көрелік. Екі ақында ұлтын арыстанға теңеп отыр.
Арыстанның астарлы ұғымы- патша. Демек, қос ұлт өз дәуірінде
патшалық құрып еркін ел болған. Кезеңнің келеңсіздігіне ұшырап,
патшалықтан айырылыған. Десе де, тек - таза, түп – патша. Халқының
патша мысал екендігін өте әдемі жеткізе білген. Мұнда теңеу
ұқсатығы бар. Қос ақынның да өресі өр, танымы төр екенін осы бір
тұстан анық көруге болады. Бірі «Мен арыстанмын»деп халқын айтса,
ендібірі «Содан болдың арыстандай айбатты» деп халқына кім
екендігін есіне түсіріп бергендей-ақ. Екі ақынның жырының
жалғасында: отанды сүю, ұлтқа қамқор болу, ол үшін жанын қию
секілді отантәрбиелік мәнді ой айтылады.
О, Түрігім, бостандықтың
киесі,
Бір өзіңсің, бар байлықтың
иесі.
Шөбі – шүйгін, суы – тұнық жер
еді,
Қанша керек, бар түрікке
жетеді. Зия Көкалып
Қанат қомдап таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім — гүлстан! Жұмекен
Нәжімеденов
Жоғарыдағы шумақтарда ақындарың отанға деген
махаббаты, ыстық сезімі баян етілген. Тармақтардын мақтаныш
сезіледі. Кіндік қаны тамған жердің қадір-қасиетін қастерлеуге
жетелейді. Суреттеуінде, баяндауында айырмашылық болғанымен, түпкі
мазмұнында бір ой бар. Мұнан біз, қос ұлттың поэзиясында сурет және
баяндап жеткізу әртүрлі болса да, мазмұн бір арнада
тоғысады.
Ақын болу – тағдыр болу. Сол тағдырға серік
болатын бір жүрек бар. Ақын жүрегіне жүгінеді, сыр ақтарады кейде
жүрегіне шағым айтып жылап қалады. Жүрекпен сырласа білу де, оны
жырға қосып мұңдаса білу де, үлкен іс. Жүрек жайлы сөз өрбіп
жатқанда жүрек жырға қосылған сыршыл лириканы да бір шолып өтуді
жөн санадық.
Бір жапырақ ет
секілді,
Қып-қызыл оттай
жүрегім.
Сенде –
тағдырым,
Махаббат,
өрлігім;
Ізгілік -
тілегім,
Ақын
жүрекпен
Өмір сүремін. Жаһит
Сыртқы
Оу, ием
менің,
Өзіңнен бұрын
жаралғам.
Алдымен —
менмін,
Сонан соң — сенсің
жаралған.
Басың мен миың, ақылың, есің,
кимылың,
Аяқ пен колың
—
Барлығы менен нәр алған.
М.Мақатаев
Келтірген мысалдарға
арқау болған – жүрек. Жырдың негізгі мәнін келтіріп, мазмұнын ашып
тұрған да - жүрек. Қос ақын да жүректі жоғары дәрежеге көтеріп
жырлайды. Себебі неде деп үңілсеңіз, өте көп мән шығады. Өлең
тармақтарында: жүрекке - сен тағдырсың, махаббатсың, ақыл, ми,
қимыл-қозғалыс бәрі-бәрі сенсің дейді. Барлығы сен арқылы жүзеге
асады. «Сен иемсің» деп көрсетеді. Расында солай. Қос ақынның бұлай
көрсетуіне негіз жоқ емес. Үлкен негіз бар. Пайғамбарлар падишахы
әзіз Мұхаммед (с.ғ.с): «... Ақиқатында, адам денесінде бір кесек ет
бар, ол жақсы болса, бүкіл дене жақсы болады, ол жаман болса, бүкіл
дене жаман болады, шын мәнінде, ол - жүрек», -деді. Қандай ғажап
сөз! Менің пайымдауымша, ақындар осы сөзді оқыған болуы керек.
Себебі, жүрек таза болмаса, іс таза болмайды. Іс таза болмаса,
ізгілік болмайды. Яғни барлығы жүрекке байланысты. Ол жерде
тазалық, мейірім, махаббат болғанда ғана, адамының ісінде тазалық,
мейірім, махаббат көрініс табады. Ақындар айтқандай иесінің
тазалығы киенің болуына алып келеді. Міне, біз бұл жыр жолдарынан
нағыз түркілік танымды көре аламыз. Дейтін себебіміз, исі мұсылман
баласы Пайғамбарының сөзін жад алып, оны тарқатып, жырына қоспауы
мүмкін емес. Біз келтірген өлең жолдары, хадис барлығы сөзімізді
дәлелдеп тұр десек, артық айтқандық болмас,
сірә.
Қадірлі оқырман жамағат,
азды-көп сөз толғап, тамыры бір қазақ пен түрік поэзиясындағы
үйлесім мен үндесімді көрсеттік. Біздің айтпағымыз жырдағы
ұқсастықтар ғана емес, бәлкім тағдыр тармағында тер төккен
бабалармыздың, тыңнан түрен сап, таңбалап берген дәстүріміздің де
өзіндік үйлесетін тұстары көп. Оның барлығын ғалымдар мен
этнографшылар зерттей жатар. Ойымызды қорыта келгенде, түрік пен
қазақтың жауһар жырларының жазмышы бірдей болып, мәні мен мазмұны
астасып жатқандығы түбіміздің бір екендігін айқын көрсетеді. Қай
тақырыпта жырласа да қатар келген ойдың қабысып жатқандығын
көреміз. Бұл да бір белгі. Өткелі мен белі көп, аңызағы мен желі
көп, асуы оңай астырмайтын тағдыр атты даңғылда түп-тамырдан нәр
алып, қазақтығымызды сақтап үйлесіп, үндесіп күн кешуді
жазсын!
Пайдаланған
әдебиеттер:
1. Түрік поэзиясы. Алматы,
2012. Қазақ энциклопедиясы
2. М.Жұмабаев. Алматы,
Жазушы.2002. І том.
3. М.Дулатов. Алматы, Жазушы.
2006. ІІ том
4. М.Мақатаев. Алматы,
Қазақпарат. 2012.
5. Ж.Нәжімеденов. Алматы,
Жазушы. 2003.
6. Әл-Уафи. Алматы, Кәусар.
2013