НЕЙРОҒЫЛЫМ ӨРІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ
02 Тамыз 2022
1036
Мақаланың мазмұны қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту мен үйренуге әсер ететін нейроғылыми зерттеулердің нәтижелерін ашады. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың әртүрлі әдістері мен ми туралы ғылымдардың ықтимал өзара әрекеттесу ерекшеліктері ашылып, талданады. Оқыту шеңберінде адам миының жұмысы туралы нейроғылыми зерттеулерді түсіну үшін маңызды ұғымдар мен анықтамалар берілген. Нейробілім беру – бұл нейроғылым мен педагогиканың тоғысуында пайда болған жаңа пәнаралық сала. Сондықтан зерттеу міндеті екі салаға да ортақ негізгі қорытындыларды қарастыру және талдау болып табылады.
Негізгі сөздер: нейро оқыту, шет тілін оқыту, neuroteaching, қазақ тілін оқыту әдістері, оқытудағы нейроғылым.
Қазақ тілі
Ғылыми жұмыстар
Барлық сыныптар