Материалдар / НЕЙРОҒЫЛЫМ ӨРІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

НЕЙРОҒЫЛЫМ ӨРІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақаланың мазмұны қазақ тілін шет тілі ретінде оқыту мен үйренуге әсер ететін нейроғылыми зерттеулердің нәтижелерін ашады. Қазақ тілін шет тілі ретінде оқытудың әртүрлі әдістері мен ми туралы ғылымдардың ықтимал өзара әрекеттесу ерекшеліктері ашылып, талданады. Оқыту шеңберінде адам миының жұмысы туралы нейроғылыми зерттеулерді түсіну үшін маңызды ұғымдар мен анықтамалар берілген. Нейробілім беру – бұл нейроғылым мен педагогиканың тоғысуында пайда болған жаңа пәнаралық сала. Сондықтан зерттеу міндеті екі салаға да ортақ негізгі қорытындыларды қарастыру және талдау болып табылады. Негізгі сөздер: нейро оқыту, шет тілін оқыту, neuroteaching, қазақ тілін оқыту әдістері, оқытудағы нейроғылым.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Тамыз 2022
800
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


НЕЙРОҒЫЛЫМ ӨРІСІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ШЕТ ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ


Нейропедагогика саласы бірте-бірте дамып келеді, бірақ қазіргі уақытта көптеген оқытушылар адам миын зерттеуге және бұның шет тілін оқыту үдерісін қалай жақсартуға болатынына назар аударуда. Өйткені нейрология ғылымдары мен шет тілдерін оқыту әдістерінің қиылысындағы оқыту жаңа бағыт болғандықтан, бұл саладағы жалпы қабылданған терминдер мен анықтамалар жетіспейді. Ағылшын әдебиетінде оқытудың осы саласына қатысты келесі терминдер қолданылады: neuroteaching, neuroeducation, neuroscience for teaching, Neuro ESL [1]. Шет тілін оқытуда нейробиологияны қолданудың негізгі принциптері нейробиология, когнитивтік нейроғылымдар, психология, шет тілдерін оқыту әдістемесі, нейролингвистика және басқа да осыған ұқсас ғылымдардың пәнаралық білім саласының принциптерін бойына кіргізеді.

Қазақ тілін оқытуда нейроғылымдарды қолданудың негізгі ерекшеліктерін қарастырайық:

1. Нейробиология мен шет тілін оқыту арасындағы ықтимал ынтымақтастық әлі де талқылануда. Ғылымның осы салаларын біріктіруге талпынған зерттеушілер саны артып келе жатқанымен, олардың арасындағы практикалық ынтымақтастықтың әлеуеті мен нейробиологиялық зерттеулерді шет тілін оқыту тәжірибесінде қолдану қаншалықты орынды екендігі туралы дискуссиялар жалғасуда.

2. Оқыту саласында да, нейроғылымдар саласында да білімі бар мамандар жетіспейді. Бұл ерекшелік адам миы туралы білімді жалпы оқыту үдерісіне және жекелей алғанда шет тілін оқытуға енгізудің басты мәселесі болып табылады [5]. Когнитивтік нейробиологияны педагогикалық тәжірибеге дұрыс енгізуді қамтамасыз ету үшін осы салалардың қиылысында жұмыс істейтін және осы екі саланың өзара әрекеттесуін зерттеу нәтижесінде алынған нәтижелердің сапасын бақылай алатын мамандар болуы қажет.

Дегенмен, шет тілін оқыту үшін де, нейробиологиялық зерттеулер үшін де ортақ болатын, кейбір шет тілдерін оқытуда белсенді түрде қолданылып жатқан және үйренушілердің жоғары нәтижелеріне қол жеткізу үшін жалпы танылған қорытындылар бар.

Олардың кейбіреулерін қарастырайық:

1. Тіл үйрену миымызға пайдалы. Шет тілдерін үйренудің адамның қабылдауы мен мінез-құлқына пайдалы әсері бүгінде белгілі. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, шет тілдерін үйреніп жүрген адамдар тек бір тілде ғана сөйлейтін адамдарға қарағанда жақсырақ когнитивтік функцияларға ие. Бірнеше тілде сөйлейтін адамдарда зейін көбірек жетіліп, күштірек ұйыымдастыру мен талдау дағдыларын көрсетеді. Сонымен қатар бір тілде сөйлейтіндерге қарағанда олардың ойлау теориясы жақсырақ екен [3]. Бұл тұжырымдар мидың нейропластикалық принципіне негізделген.

2. Мидың нейроилемділік қасиеті – біздің қалай үйренетінімізді түсіну үшін ең маңызды термин. Нейроилемділікке мысал ретінде жаңа қабілеттерді меңгеру нәтижесінде пайда болатын мидағы өзгерістер, әлеуметтік-мәдени жағдайлардың әсерінен болатын өзгерістер, сонымен қатар психологиялық күйзеліс нәтижесінде болуы мүмкін өзгерістерді атауға болады [4]. Бұрын нейроилемділік балалық шақта ғана болады деп есептелген, бірақ 20-ғасырдың екінші жартысында жүргізілген зерттеулер мидың көптеген аспектілері ересек жаста да өзгеру мүмкіндігін көрсетті [2]. Дегенмен, дамып келе жатқан ми ересек миға қарағанда жоғары илемділік дәрежесін көрсетеді. Бұл қағида ересектерге қарағанда балалардың шет тілін үйренуінің жақсы нәтижелерін түсіндіреді.

3. Эмоциялар оқуды басқарады. Эмоциясыз сапалы оқу немесе толық түсіну мүмкін емес. Бұл синаптогенез ұғымымен байланысты. Синаптогенез – жүйке жүйесіндегі нейрондар арасында синапстардың (байланыстардың) түзілу процесі [6]. Бай ынталандырушы ортада жаңа ақпаратты ұсынған кезде оқушылар көбірек синаптогенез байқалады. Басқа сөзбен айтқанда, құрғақ, эмоциясыз түрде берілген ақпарат оқушылардың есінде ұзақ сақталмайды. Ал эмоционалды бояумен берілген ақпарат есте сақталады, өйткені оның синаптикалық байланыстары көбірек болады [2]. Бұл принцип шет тілін оқыту саласында үлкен маңызға ие, мұнда студенттер үнемі жаңа лексика мен грамматикалық ережелерді есте сақтауға мәжбүр болады.

4. Жаңа ақпаратты қайталау мезгілді болу керек. Герман Эббингауздың зерттеулеріне негізделген Йост заңына (Қайталанулардың жинақталуы мен таралуының заңына) сәйкес, қайталаулар саны нақты болған кезде уақыт бойынша бөлінген қайталаулар бір уақытты қайталауларға қарағанда тиімдірек болады [8]. Бұл жадты консолидациялау ұғымымен, ақпаратты қысқа мерзімді жадтан ұзақ мерзімді жадыға көшіру процесімен байланысты [9].

Осылайша, нейроғылыми зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық тәжірибеге енгізу оқытушылардың өз оқушыларының қазақ тілін меңгеру үдерістері туралы хабардарлығын арттырады. Мидың нейроилемділігі, синаптогенезі, қайталаудың мерзімділігі және басқалары сияқты құбылыстарды білу қазақ тілі оқытушыларының кәсіби қызметін жақсы түсінуге және оқыту механизмдерін кеңірек талдауға көмектеседі.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Cullen Brian. NeuroEFL: Incorporating the Findings of Neuroscience into EFL. Materials Between the Keys, 2013.

2. OECD Understanding the Brain: Towards a New Learning Science. OECD Editors, 2002.

3. Murphy Robert S., Curtis Kelly. FAB Conferences International //The Maxims of neuroELT. FAB Conference.

4. Davidson Richard J., McEwen Bruce S. Social influences on neuroplasticity: stress and interventions to promote well-being. Nature Neuroscience. 15 (5): 689-695. (15 April 2012). doi:10.1038/nn.3093.

5. Kelly Curtis. The Brain Studies Boom: Using Neuroscience in ESL/EFL Teacher Training, 2017.10.1007/978-3-319-51789-6_5.

6. Huttenlocher P.R., Dabholkar A.S. Regional differences in synaptogenesis in human cerebral cortex (aurs.). The Journal of Comparative Neurology journal, 1997. Vol. 387.2.

P. 167—178. do1:10.1002/(SICI)1096-9861(19971020)387:2<167::AID-CNE1>3.0.CO;2-Z. —

PMID 9336221.

7. Whitman Glenn, Kelleher Ian. Neuroteach: Brain Science and the Future of Education. Neuroeducation Reprint Edition, 2013.

8. Нуркова B.B. Память. Общая психология: в 7 т. под ред. Б.С. Братуся. T. 3. Издательский центр «Академия», 2006. C. 100. 318 c. ISBN 5-7695-2420-0.

9. Bramham C.R., Messaoudi E. BDNF function in adult synaptic plasticity: The synaptic consolidation hypothesis. Progress in Neurobiology. 76 (2): 99-125. doi:10.1016/j.pneurobi0.2005.06.003. PMID 16099088, 2005.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!