Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 1 материал
«Информатика» оқу пәніндегі жобалау қызметі білім алушыны ерте бейіндеу құралы ретінде
Зейдин Каламкас Зейдиновна
18 Маусым 2025
89
Қазіргі заман ақпараттық қоғам дәуірі. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы білім беру жүйесіне жаңа талаптар қояды. Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың болашақ мамандығын ерте кезеңде анықтау маңызды мәселеге айналды. Осы тұрғыда «Информатика» пәніндегі жобалау қызметі білім алушыларды ерте бейіндеуге, олардың кәсіби қызығушылықтарын қалыптастыруға тиімді құрал ретінде қарастырылады. Ақпараттық технологиялар (АТ) барлық салаға еніп, адам өмірінің барлық қырын түбегейлі өзгертті. Осы өзгерістерге бейімделу үшін жаңа ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз ету міндеті алдында білім беру жүйесі тұр. Бұл пән білім алушыларға ақпараттық технологиялардың негізін үйретіп қана қоймай, оларды шығармашылық тұрғыда дамытып, мамандықты ерте кезеңде таңдауға бағыттайды. Осыған байланысты жобалау қызметі — оқушыларды кәсіби тұрғыдан ерте бейіндеу құралы ретінде өзектілігі арта түсетін әдіс.
Информатика
Мақала
Барлық сыныптар