Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері. ҚББ педагогі: Жаңабаев Оразәлі Бауыржанұлы
03 Сәуір 2025
167
Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері – ұлттық мәдениетіміздің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл өнер түрі қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, дүниетанымын бейнелейді. Қазақтың әндері ғасырлар бойы халықтың жүрегінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жоғалтпай келеді. Ән айту арқылы адам өзінің ішкі сезімдерін, ойларын, эмоцияларын жеткізеді, әрі бұл өнер түрі адамды рухани тұрғыдан байытады.
Қазіргі таңда қазақтың дәстүрлі ән айту өнері заманауи музыкамен бәсекелес болып, кейде ұмытыла бастағаны да шындық. Ұлттық ән өнерінің өзіндік ерекшеліктері мен дәстүрлерін жастар арасында насихаттау және оны сақтау – өзекті мәселе болып табылады. Әсіресе, жастардың қазақтың дәстүрлі ән айту әдістерін үйреніп, оны орындаудағы шеберлігін дамыту маңызды.
Басқа
Сабақ жоспары
Басқа