Химиялық реакциялардың әр түрін оқушыларға нақты мысалдармен түсіндіру Алпысбаева Э.С , Дурмаганбетова С.А
Химия – заттардың құрамы, құрылымы, қасиеттері мен олардың өзгеруі туралы ғылым. Химиялық реакциялар осы өзгерістерді сипаттайды. Оқушыларға химиялық реакцияларды түсіндіру барысында теорияны нақты мысалдармен ұштастырудың маңызы зор. Химиялық реакциялардың негізгі түрлеріне қосылу, ыдырау, орынбасу, алмасу реакциялары және тотығу-тотықсыздану реакциялары жатады. Әрбір реакцияның өзіне тән ерекшеліктері бар, ал оларды өмірден алынған мысалдармен түсіндіру оқушылардың материалды жақсырақ қабылдауына септігін тигізеді.
Химия
Мақала
Барлық сыныптар