ОҚУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ӘЗІРЛЕУ Айжанова Гүлназ Сейітханқызы
03 Наурыз 2023
706
Оқу процесін жеңілдетуге арналған құрал ретіндегі жұмыс дәптерін әзірлеу тәртібі мен талаптару туралы, жұмыс дәптерінің түрлері мен құрылымы туралы ақпараттар беріледі.
Жұмыс дәптері - үнемі мазмұнды және әдістемелік толықтыруды, жаңартуды және дамытуды көздейтін ашық жүйе.
Жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмаларды орындау барысында пәннің негізгі материалын игеруде берік база қалыптасады. Сонымен қатар, студенттің өзіндік жұмысының өнімді түрі болып табылады.
Жұмыс дәптері колледждің жоғары колледж статусын иеленуіне сәйкес студенттердің зерттеу-ізденушілік жұмыстармен айналысуы қажеттілігін ескерсек таптырмайтын оқу құралы болып табылады. Жұмыс дәптерін пайдаланатын студенттер мәселені анықтап оны қоя біледі, мақсатына жетудің белгілі немесе ерекше жолдарын іздейді, салыстырады және қорытынды шығара алады. Студенттердің толтырған жұмыс дәптерлері өздерінің іс-әрекеттерін түсінуге, өзін-өзі талдауына, өзін-өзі дамытуына, көтермелеуге мүмкіндік береді.
Адам және қоғам
Ашық сабақ
Мектепке дейінгі балалар