ОҚУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ӘЗІРЛЕУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОҚУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ӘЗІРЛЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу процесін жеңілдетуге арналған құрал ретіндегі жұмыс дәптерін әзірлеу тәртібі мен талаптару туралы, жұмыс дәптерінің түрлері мен құрылымы туралы ақпараттар беріледі. Жұмыс дәптері - үнемі мазмұнды және әдістемелік толықтыруды, жаңартуды және дамытуды көздейтін ашық жүйе. Жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмаларды орындау барысында пәннің негізгі материалын игеруде берік база қалыптасады. Сонымен қатар, студенттің өзіндік жұмысының өнімді түрі болып табылады. Жұмыс дәптері колледждің жоғары колледж статусын иеленуіне сәйкес студенттердің зерттеу-ізденушілік жұмыстармен айналысуы қажеттілігін ескерсек таптырмайтын оқу құралы болып табылады. Жұмыс дәптерін пайдаланатын студенттер мәселені анықтап оны қоя біледі, мақсатына жетудің белгілі немесе ерекше жолдарын іздейді, салыстырады және қорытынды шығара алады. Студенттердің толтырған жұмыс дәптерлері өздерінің іс-әрекеттерін түсінуге, өзін-өзі талдауына, өзін-өзі дамытуына, көтермелеуге мүмкіндік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚУ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ӘЗІРЛЕУ

Айжанова Гүлназ Сейітханқызы

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің әдіскері


Әлеуметтік қажеттіліктердің үнемі дамып отыруы мен білім реформасы оқытушыларға білім берудің жекеге-бағытталған тәсілдерін, сондай-ақ студенттерге берілетін жүктемені төмендету қажеттілігіне көмектесетін жаңа жолдарды іздеуге итермелейді.

Осының барлығы оқу әдебиеттерінің теориялық мазмұнын ықшамдап, қызықты, қолжетімді болуына сұраныс тудырады. Студенттерге ұсынылған материалдардың ішіндегі маңызды ақпараттарын бөліп алып, есте сақтап, тәжірибеде қолдануға үйретуге септігін тигізетін жұмыстар тізбесін дайындау қажеттілігі туындайды. Теориялық сабақтар мен практикалық сабақтарды тиімді өткізудің тәсілі ретінде осындай жұмыстар тізбесін оқу-әдістемелік кешенінің құрамына енгізу арқылы іске асыруға болады.

Соңғы жылдары оқыту және оқу құралдарын біріктіретін оқыту құралдары үлкен маңызға ие. Бұл барлық интерактивті оқыту бағдарламалары, дәстүрлі емес оқулықтар, хрестоматиялар, сұрақ-жауап оқулықтары және жұмыс дәптерлері.

Жұмыс дәптерлері әрі оқыту, әрі оқу құралдары болып табылатын оқыту құралы. Салыстырмалы түрде жұмыс дәптерлері оқу әдебиеттерінің ішіндегі ең жаңа және мобильдік, инновациялық полифункционалдық дидактикалық жүйе. Олар білім беру процесінің қажеттіліктеріне жылдамырақ жауап береді және бір мезгілде осы қажеттіліктерді қалыптастырады. Ерекше дидактикалық аппараты бар жұмыс дәптері студенттерге оқу пәнін игеруге көмектесетін оқу құралы. Оқытушылардың жұмыс дәптерлерін дидактикалық материалдар қорына ендіруі оқу процесін белсендіруге мүмкіндік береді.

Құзыреттілікті жүзеге асыру тұрғысында белгілі бір білім мен дағдыларды үйренуге ғана емес, сонымен қатар, сұрақтарға жауаптарды өз бетінше іздеуге және оқу материалдарын түсінуге ерекше көңіл бөлінеді. Өз бетімен тапқан жауап студенттің өзіне деген сенімін арттыратын, оң эмоционалдық жағдай туғызатын, аз ғана жеңісі. Студенттердің өзіндік жұмысын мақсатты түрде ұйымдастырудың әдістерінің бірі оқу процесіне жұмыс дәптерлерін енгізу болып табылады.

Жұмыс дәптерімен жұмыс жасау технологиясы студенттердің өз бетімен жасалатын жұмысын ұйымдастыруындағы өзгерістерді болжайды. Мазмұны, құрылымы, тапсырмалар мен сұрақтары, ақпарат көздері «бірлескен авторлық» және «серіктестікке» бағыттайды. Өз бетімен білім алу процесі жаттап оқу мен қайталауды алмастырады. Осы ерекшеліктерді жұмыс дәптерлерін әзірлегенде ескеру қажет. Жұмыс дәптерлері - инновациялық білім беру технологияларын біріктіретін ғана емес, сондай-ақ жаңа теориялық және практикалық оқытудың білім беру траекториясын орнататын оқу әдебиетінің жаңа жанры.

Жұмыс дәптері дегеніміз студенттерде тәжірибелік білік-дағдыларды қалыптастыратын, олардың аудиторияда орындауға және аудиториядан тыс өз бетімен дайындалуына арналған оқу-тәжірибелік басылым. Жұмыс дәптерінде студенттердің базалық және кәсіптік құзыреттіліктері қамтылған курстың негізгі ережелері жинақталады Жұмыс дәптеріне материалды ұсыну бос жолдармен алмастырылып отырады. Бос жолдарды студенттер лекция барысында, тәжірибелік (зертханалық, клиникаға дейінгі, стационар, емхана т.б.) сабақтарда және жобалау жұмыстарын орындаған кезде өз жауабымен толтырып отырады.

Жұмыс дәптерінің мақсаты – ойлау процестерінің жылдам қалыптасуын қамтамасыз етуге, студенттерді оқытудың тиімділігін арттыруға және олардың шығармашылық даму деңгейін дамытуға мүмкіндік береді.

Жұмыс дәптерін оқу процесіне енгізу мынадай міндеттерді шешеді:

  • студенттердің ойлау қабілеттерін дамытуды жетілдіру;

  • теориялық білімді неғұрлым терең игеру;

  • стандартты ғана емес дамытушылық және шығармашылық тапсырмаларды шешуде тәжірибелік білік-дағдыларын қалыптастыру;

  • студенттердің нақты оқу пәндері бойынша оқытылуын бақылау;

  • студенттердің өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс дәптерлерінің дидактикалық қызметтері:
Компенсациялық – яғни, оқыту процесін жеңілдету, оқытушы мен студенттердің уақытының, күшінің жұмсалатын мөлшерін азайту.

Ақпараттық – оқытуға қажетті ақпаратты беру;
Интеграцияланған – оқу обьектісін немесе құбылысты бөлшектеп және тұтас қарастыру;  
Танымдық – танымдық қызығушылығын, байқампаздығын, ойлау қабілетін, эстетикалық талғамын дамыту;
Қалыптастыру – танымдық іс-әрекеттің түрлерін, қолдану және игеру әдістерін қалыптастыру.

Жұмыс дәптерлерінің маңызды қызметтері:

Оқыту қызметі - студенттерге қажетті білім, дағдылар мен қабілеттер қалыптастыруды қамтиды.

Студенттердің сабақтағы зейінін тұрақтандыру қызметі. Жұмыс дәптерінің арқасында сабақтың материалы жақсы игеріледі, уақыт тиімді қолданылады.

Конспект жүргізуде ұқыптылыққа тәрбиелеу қызметі. Студенттер жұмыс дәптерінің парақтарын ұқыпты толтыруын оқытушылар талап етуі тиіс. Дәптерге түзетулер жасалмас үшін жауаптарын асықпай, ойланып жазу керектігін ескерту қажет.

Студенттердің ойлау дағдысын дамытуды жалғастыру қызметі. Жұмыс дәптерде шешімінің түрлі нұсқасын табатын шығармашылық жаттығулары мен тапсырмалары кездеседі. Студент оқу іс-әрекетін түсіну үшін оқытушы қиын тапсырмалар береді.

Студенттердің өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру қызметі. Жұмыс парақтарын толтыру барысында студенттер өз іс-әрекеттерін басқаруға дағдыланады.

Студенттің жұмыстарын тиімді ұйымдастыру қызметі. Жұмыс дәптерлері студенттерді оқыту тиімді әрі деңгейлі болу үшін әзірленеді. Оқытушылардың және студенттердің уақыты тиімді қолданылады.

Тұрақты бақылау жасау қызметі Сабақтың материалы сатыларға бөлінеді және оқытушы әр кезеңде бақылау жасайды, қатені көре алады және қатемен жұмыс жасалады.

Жұмыс дәптерлерінің түрлері мен типтері

  1. Жаттығулар немесе тренингтерге арналған дәптерлер. Оларды студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған дәптерлер деп те атайды.

  2. Графикалық модельдеу принциптеріне негізделген жұмыс дәптерлері. Олардың негізін суретті-белгілік танымдық тапсырмалар құрайды. Танымдық тапсырмалар деп, студенттің танымдық ойлауы, қиял, сөйлеу, жады, зейін т.б. процестерінің белсендірілуін талап ететін, белгілі бір оқу шарттарын айтады. Танымдық тапсырмаларды бейнеленген, логикалық немесе мәндік, бағалық деп бөледі. Жұмыс дәптерлерде танымдық тапсырмалардың құрылуы суреттің, макеттің, муляждың т.б. пайдалануына негізделген.

Бұл тапсырмалар көпфункциялы, студенттер үшін қызықты, ең біріншіден вербальді емес ойлау және еріксіз назар аударуға бағытталып тез және көрнекті нәтижелерге жетуге, жады мен ойлауды жаттықтыруға көмектеседі.

  1. Хрестоматия жұмыс дәптері.

Бұл дәптерлердің авторлары оқулықтарда ақпарат аз деп есептеп хрестоматияны мәтіндермен, ғылыми-танымдық және көркем әдебиеттер үзінділерімен толықтырады.

  1. Семиотико-семантикалық жұмыс дәптерлері.

Бұл дәптердің ерекшелігі – символ, сурет, муляж, схемалардың мағыналы интеллектуалдық тапсырмалармен түрлендіріліп және шығармашылық деңгеймен үйлестірілуінде. Танымдық тапсырмалар деп - оқушыларды оқу жағдаяттарындағы белгілі шешім жолдарымен ғана емес жағдаяттарды шешуде жаңаша тәсілдерді таба білуге бағыттайтын тапсырмаларды атайды. Танымдық тапсырмалар көбінесе шығармашылық тапсырмалар болып табылады.

Бұл типтегі жұмыс дәптерлері студенттердің креативтік ойлауы деп аталатын шығармашылығын дамытуға өте тиімді.


Жұмыс дәптерінің үш түрі белгілі:

1. Жұмыс дәптерінің ақпараттық түрінде оқу материалының мазмұны туралы ақпарат қана беріледі. Оқу ақпараты қарастырылып отырған тақырыптың мазмұнына бағдар береді. Жұмыс дәптерінің бұл түрі қажетті материал оқулықтарда болмаған жағдайда немесе оқу ақпараты әр түрлі оқулықтарда шашыраңқы берілген жағдайда қолданылады.
2.Бақылауға арналған жұмыс дәптерлерін сабақ тақырыбын оқып бітірген соң білім мен біліктілікті тексеру қажет болғанда, сонымен қатар қалыптасқан білім мен біліктіліктің деңгейін анықтауда қолданады. Бұл жағдайда тест тапсырмалары мен бақылау тапсырмалары қолданылады.

3.Аралас жұмыс дәптерлері тиімдірек, себебі онда ақпараттық, жаттықтырушы және бақылаушы бөлімдер біріктірілген. Ақпараттық бөлімге – жаңа оқу материалы; жаттықтырушы бөлімге – өзіндік жұмыс тапсырмалары; бақылау бөліміне алынған білім мен дағдыны бақылау және бағалау тапсырмалары мен жаттығулары, тесттер т.б. беріледі.

3. Жұмыс дәптерінің құрылымы

Қазіргі таңда педагогикада жұмыс дәптерінің нақты бір құрылымы берілмеген. Әрбір педагог жұмыс дәптерін шығармашылық потенциалына сәйкес, пәнге деген көзқарасы мен өзгертулерін енгізе отырып өздерінің құрылымы бойынша жасайды. Дегенмен, жалпы жұмыс дәптерлеріне қойылатын талаптар қарастырылған.

Жұмыс дәптерлерін құруға қойылатын жалпы талаптар:

  1. Оқу пәні курсының барлық тақырыптарын қамтуы тиіс.

  2. Жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмалар мазмұны студенттердің болашақ мамандығының кәсіби құзыреттіліктеріне негізделуі тиіс.

  3. Әр студент үшін түсінікті қолжетімді және қызықты болуы керек. Сараланған деңгейлік тапсырмалары болуы керек.

  4. Тапсырмаларды бағалау критерийлері көрсетілуі тиіс.

  5. Теориялық материалдың қысқаша анықтамалығы, жаттығулар мен тапсырмалар жиынтығы енгізілуі тиіс.


Жұмыс дәптерінің құрылымына қойылатын талаптар:

  1. Кіріспеде оқу пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты және жұмыс дәптерінің жалпы мазмұны жөнінде түсіндірме жазба болуы тиіс.

  2. Сұрақтар мен тапсырмалардың жүйесі оқытылатын материалдың құрылымы мен логикасына сәйкес құрастырылуы тиіс. Тапсырмаларда пәнаралық және пәнішілік байланыстар болуы тиіс. Автордың мақсаты – студентті тақырыптан тақырыпқа, қарапайым мәселелерді шеше отырып күрделі тапсырмаларды орындауға жетелеуі тиіс.

  3. Жұмыс дәптеріндегі иллюстрациялар оқытуға, жұмыс жасауға бағытталуы тиіс. Оларға түсіндіруді талап ететін сұрақтар қойылуы мүмкін. Суретті толықтыруға немесе өз нұсқасын ұсынуға болады. Мүмкін болса және нәтиже беретін болса сол схеманы толықтыру немесе өзіне сызу ұсынылады.

  4. Жұмыс дәптерінің композициялық құрылымы автордың ойына, оқу материалының мазмұны,көлемі мен сипаттамасына, сұрақ пен тапсырмалардың сипатына байланысты. Дегенмен кез-келген жағдайда:

  • студенттердің жауап жазуына бос орындар,

  • жөнделген қателерді және анық емес жауаптарды жөндеу үшін бос орындар қалдыру керек.

  1. Жұмыс дәптерінің соңында студенттердің білімін жүйелейтін бақылау жұмысының сұрақтар тізімін беру ұсынылады.

  2. Тақырыпқа сәйкес құрастырылған тапсырмалардың соңында бағалау критерийлері болуы тиіс.

Жұмыс дәптерінің құрылымы:

  • оқытылып отырған пәннің мазмұнына;

  • студенттердің танымдық қызметін басқару сипатына (стиліне);

  • студенттердің дайындығының бастапқы деңгейіне;

  • студенттердің жас ерекшілігіне;

  • оқыту шарттарына;

  • оқытушының шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты.



Жұмыс дәптерлеріне арналған тапсырмалар мен-жаттығулардың арнайы типтері

1.Білімді бекітуге, ағымдық қайталауға, білім мен дағдыларды жетілдіруге, аралық және қорытынды бақылауға арналған типтік тапсырмалардың түрлері:
- Бос орынға термин немесе жұмыс атауын енгізу.  
-Берілген нұсқалардан дұрыс жауабын табу; 
-Сұраққа жауап беру; 
-Кестені толтыру; 
-Тірексызбаны аяқтау, өзара байланысын, бір-біріне тәуелділігін көрсету, сәйкестерін көрсету. 
2.Терминология, хронология туралы білімдерін тексеретін тапсырмалар: түсініктің немесе процестің қандай да бір құрамдас бөліктерін көрсету немесе берілген элементтерге түсінік беру.

3. Берілген мәселе бойынша өз ойын білдіруге, ойлануға арналған тапсырмалар:

  • берілген тірек сөздерді, жоспарды, ұсыныстарды қолданып эссе жазу;

  • тестке жауап беру және өз жауабын негіздеу;

  • тәжірибелік жағдаяттарды шешу;

  • сөзжұмбақтарды құрастыру және оны шешу;

  • келтірілген талқылауларда қатені табу және дұрыс жауабын негіздеу;

  • сәкестікті табу дәне сөйлемді аяқтау;

  • лекция барысында бос орындарды толтыру. 
    Жұмыс дәптерлеріндегі тест тапсырмасының төрт формасы болады:
    1) Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар. Ол тапсырмалардың үш нұсқасы бар:

а) бір дұрыс жауапты таңдау;
б) толық жауапты таңдау;
в) бірнеше дұрыс жауапты таңдау.
2) Ашық формадағы тапсырмалар. Ашық формадағы тапсырмаларда дайын жауаптар берілмейді, студент дұрыс жауапты белгіленген жерге жазады. Бұл тапсырмалар екі немесе одан көп сөздерді тастап кету арқылы құрылуы мүмкін.

3) Сәйкестікті анықтауға арналған тапсырмалар. Бұл тапсырмаларда екі бағанадағы элементтердің бір-бірімен сәйкестігі анықталады. Бұл тапсырмалар білімнің ассоциациялылығын (анықтамалардың және дәйектердің өзара байланысын, шығармаларды және олардың авторларын т.б туралы білімдерін) тексеруге мүмкіндік береді.

Бұндай тапсырмалар ағымдық, тақырыптық бақылауда және өзіндік бақылау кезінде қолданылады. Тапсырмалардың жауаптарында бір емес екі, үш одан да көп дұрыс жауабы болуы мүмкін.

4) Дұрыс реттілікті анықтауға беретін тапсырмалар. Бұл тапсырмалар тек білім, білік, есептеу дағдыларын ғана емес, сонымен қатар оқиғалар, технологиялық іс-әрекеттер, процесстер және т.б. реттілігі туралы білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Төртінші формалы тапсырмалар тесттің бақылау және оқыту сияқты екі қызметін іске асыруға мүмкіндік береді.

Тапсырмаларды құрастырғанда қолдануға болатын тәсілдер:
Импликация бұл – тапсырмалардың шартты байланыстардың логикалық формасында көрсетілуі немесе тапсырмалардың студенттің ойын не пікірін логикалық формада беруіне арналған тәсіл. Ол «Егер...,онда» сөйлемімен беріледі. Бұл тәсіл себеп-салдарлы байланыстарды анықтауда қолданылады.
Ықшамдылығы – тапсырманың мазмұнының барынша ықшамдалып, түсінікті етіп құрылуы. Тапсырмада артық сөздер не белгілер болмауы тиіс.

Тесттік бақылаудан басқа, жұмыс дәптерлерінде есептерді шығару да көп қолданылады. Ұсынылған мәліметтер бойынша студент есептеулер жүргізіп қорытынды шығаруы тиіс.

Қорытынды

Жұмыс дәптері бұл, студент пен оқытушының бірлескен жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында арнайы әзірленген және тақырыптық-белгі нысанында ұсынылған танымдық қызметтің логикасындағы негізгі оқу материалының көрнекілік көрінісі болып табылады.

Жұмыс дәптері - үнемі мазмұнды және әдістемелік толықтыруды, жаңартуды және дамытуды көздейтін ашық жүйе.

Жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмаларды орындау барысында пәннің негізгі материалын игеруде берік база қалыптасады. Сонымен қатар, студенттің өзіндік жұмысының өнімді түрі болып табылады.

Заманауи жұмыс дәптері дегеніміз студенттің өзіндік жұмыстарын үйде, зертханада, кабинетте т.б. орындайтын және ойлау іс-әрекетін кезең бойынша іске асыратын дидактикалық кешен. Барлық студенттердің жұмыс дәптерімен міндетті оқу құралы ретінде жұмыс жасауы болашақ маманның дайындық сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Жұмыс дәптері колледждің жоғары колледж статусын иеленуіне сәйкес студенттердің зерттеу-ізденушілік жұмыстармен айналысуы қажеттілігін ескерсек таптырмайтын оқу құралы болып табылады. Жұмыс дәптерін пайдаланатын студенттер мәселені анықтап оны қоя біледі, мақсатына жетудің белгілі немесе ерекше жолдарын іздейді, салыстырады және қорытынды шығара алады. Студенттердің толтырған жұмыс дәптерлері өздерінің іс-әрекеттерін түсінуге, өзін-өзі талдауына, өзін-өзі дамытуына, көтермелеуге мүмкіндік береді.

Сабақта жұмыс дәптерлерін қолдану критерийлерінен мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  • жұмыс дәптерлері оқытушыға сабақты жоспарлауды жеңілдетеді;

  • сабақта ауызша және жазбаша жұмыстарды үйлестіруге мүмкіндік береді; 

  • студенттердің механикалық жұмысы азаяды;

  • студенттерге мәтіннің ішіндегі маңызды, тиімді ақпараттарды бөліп алуына көмектеседі;

  • топты белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыруға көмектеседі.


Әдебиеттер тізімі

  1. Грибов B.C. Рабочая тетрадь в курсе истории // Открытая школа. - 2006. -

5.-С.

  1. Ланда Л.Н. Алгоритмизация в обучении. -М.: Просвещение. 2006.

  2. Лернер Г.С. Рабочие тетради по биологии // Биология в школе. - 2007. -№ 2. - С. 31-33.

  3. Эрганова Н.Е. Основы методики профессионального обучения: Учеб. пособие. - Екатеринбург: Изд-во Уральского государственного профессионально-педагогического университета. -2009.


5. Актуальные вопросы формирования интереса в обучении. /Под ред. Г.И. Щукиной, – М., 1984. – 176 с.
6
. Семушина Л.Г. Ярошенко Н.Г. Содержание и технологии обучения в средних специальных учебных заведениях: Учеб. Пособие для преп. учреждений СПО . – М.: Мастерство, 2001. – 272 с. 
7
. Методические рекомендации по составлению тестов для рубежного контроля знаний студентов. - Центр информационных технологий. Москва -2002 г
8
. Электронный ресурс «Методические рекомендации по созданию рабочих тетрадей по специальным дисциплинам Тихорецкого техникума железнодорожного транспорта - филиал РГУПС». Форма доступа: http://nsportal.ru/vuz/tekhnicheski





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.03.2023
706
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі