Ертаева Мейрамкуль Абдуманаповна
ӨМІРБАЯН Мен, Ертаева Мейрамкуль Абдуманаповна 28 сәуір 1989 жылы Түркістан қаласында дүниеге кедім, ұлтым – қазақ. Қазақсытан дизайнерлер одағының мүшесі. Қазіргі тұрғылықты мекен-жайым: Кентау қаласы, Байылдыр ауылы, Аманқұл-датқа көшесі, 17 А корпусы. 2008 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің дизаин факультетінің «Сәндік өнер» мамандығына түсіп, 2012 жылы осы университетті үздік дипломмен бітірдім. 2012 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің магистратурасының 6M012000 Кәсіптік оқыту (сала бойынша) мамандығына қабылданып, 2014 жылы магистратураны бітірдім. Осы жылдың қыркүйек айында Түркістан қаласындағы «сәндік-қолданбалы өнер» қолөнер мектебіне .Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебі МКҚК ЮНЕСКО клубтың мүшесі оқытушы лауазымына қабылдандым. 2012-2014 жылдарда Түркістан қаласындағы қолөнер мектебінде жұмыс істей жүріп, жазғы демалыс уақытында Алматы қаласындағы, қазіргі қазақ гобелен өнерінің кәсіби суретшісі (шебері), PhD докторы, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Бейнелеу өнері» кафедрасының доценті, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы «Дарын-2008» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Ресей өнер академиясының құрметті мүшесі, Мәскеу қаласы «Ұмай-2023» Ұлттық сыйлығының лауреаты Мұқанов Мәлік Флоберұлы шеберханаларында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Зияткерлік мектептерін безендңру жұмысын істеп, шеберлік тәжірибемді шыңдадым. Сондай-ақ, ҚР шеберлері және Базарбаева Раушан Еркінқызының және Құттыбек Жақып шеберханасында да жұмыс жасадым. 2019 жылдан бастап қазіргі күні Түркістан облысының білім басқармасының Кентау қаласының білім бөлімінің «С.Қожанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде көркем еңбек пәнінің мұғалім болып жұмыс істеймін. Еңбек жолымда көптеген Республикалық көрмелерге фестивальдар мен шеберлік сағаттарға жиі қатыстым. ҚР ішкі туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін «Сарқылмас саяқат» атты Алғыс хат алдым, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінінің 20 жылдығы құрметіне орай өткен «Тәуелсіздік және Түркістан» атты суретшілер байқауының бас жүлдесінің иегері болдым. ҚР жас қолөнер шеберінің және мүсіншілердің шығармашылық көрмесінде үздік деп танылып «Шабыт» фестиваліне жолдама алдым. Облыс оқушылары арасында «Жастар – мәңгілік тәуелсіз елдің болашағы» атты фестивальде «Қол өнер шығармашылық» көрмесінде көрсеткен айрықша өнер көрсеткендігім үшін, дарынды қабілетті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін мадақтама алдым. 2024 жылы Қазақсытан дизайнерлер одағының мүшесіне кірді. Шығармашылық гобелен жұмыстарымның тақырыптары: «Күз мезгілі» «Таңбалытастар», «Көктем», «Ғашық мысықтар», «Көбелектер», «Оюланған құрақ» «Туған жерім – Алтын бесігім» атты тақырыпта киелі Түркістан шаһарындағы Қ.А.Ясауи кесенесі тақырыбында көбірек жұмыс жасадым. Отбасылық жағдайым: Ажырасқанмын, 1 қызым бар. Қызым Марат Жұлдыз Фаридқызы 2016 жылдың 14 желтоқсанында дүниеге келді. Қазір Түркістан облысының білім басқармасының Кентау қаласының білім бөлімінің «С.Қожанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2 сынып оқушысы. 15.10.2024 г. Сот:+77075434389 Email: 89_naimanka@mail.ru
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 2 материал
Қолдан жасалған бұйымдардың мәні
Ертаева Меирамкуль Абдуманаповна
27 Наурыз 2025
76
Қолдан жасалған бұйымдар — бұл тек қолөнер туындылары ғана емес, олар халықтың мәдениетінің, дәстүрлерінің, тарихының, тіпті рухани әлемінің айнасы болып табылады. Қолөнер шығармашылығы, әрбір дәстүрлі халықтың өмірінде ерекше орын алып, олардың тұрмысын, дүниетанымын және ұрпақтан ұрпаққа жеткізілетін білімін бейнелейді. Қолдан жасалған бұйымдар адамзаттың тарихи және мәдени мұрасының маңызды бөлігі болып, қоғамда өзіндік ерекше маңызға ие. Осы эсседе мен қолдан жасалған бұйымдардың мәні мен олардың өміріміздегі орнын қарастыратын боламын.
Технология
Мақала
Барлық сыныптар
Кілем тоқу
Ертаева Меирамкуль Абдуманаповна
27 Наурыз 2025
59
Оқу әдістемелік құралда болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдері үшін сыныптан тыс кілем өнерінен оқушыларға үйірме жұмысын ұйымдастыру үшін оқу бағдарламасына қажетті мәселелері қарастырылған. Кәсіптік білім мамандығының студенттеріне арналған оқу құралында студенттерге кілем өнерін оқушыларға үйретудің педагогикалық проблемаларын шешу жолдары көрсетілген.Оқу құралы университеттердің кәсіптік білім мамандығының магистранттары, студенттері мен кәсіптік білім пәнінің оқытушылары мен мұғалімдеріне арналған.
Барлық пәндер
Авторлық бағдарлама
Барлық сыныптар