М. Ертаева
КІЛЕМ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
М. Ертаева
КІЛЕМ ӨНЕРІ
Оқу құралы
Шымкент 2014ж
Шымкент әлеуметттік университетінің оқу әдістемелік кеңесінде бекітілген. (Хаттама № . 0 .0 . 2014 жыл)
М. Ертаева
Кілем өнері.Оқу әдістемелік құрал.
Пікір жазғандар:
Оқу әдістемелік құралда болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдері үшін сыныптан тыс кілем өнерінен оқушыларға үйірме жұмысын ұйымдастыру үшін оқу бағдарламасына қажетті мәселелері қарастырылған. Кәсіптік білім мамандығының студенттеріне арналған оқу құралында студенттерге кілем өнерін оқушыларға үйретудің педагогикалық проблемаларын шешу жолдары көрсетілген.Оқу құралы университеттердің кәсіптік білім мамандығының магистранттары, студенттері мен кәсіптік білім пәнінің оқытушылары мен мұғалімдеріне арналған.
©Ертаева. М.2014 ж.
© Шымкент әлеуметттік университеті, 2014ж.
Кіріспе
Кілем өнері деп аталатын бұл еңбек кілем өнері үйірмесін ұйымдастырудың көп жылғы тәрбиесін қорытудың негізінде жинақталған.
Мұнда кілем өнері үйірмесінің білімдік және тәрбиелік маңызы мен міндеттері, мазмұны, кілем өнерінің білімдері мен оны тоқу дағдыларын қалыптастыру жолдары қарастылады.
Кілем өнері үйірмесін ұйымдастыру оқушыларға көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беруге мақсатын көздейді.
Оқу құралында кілем өнерінің тарихы тоқу мазмұны, құрылымы мен міндеттері баяндалады. Мұнда кілем тоқуға қойылатын талаптар, сөз болады. Оқу әдістемелік құрал негізінен ертеңгі күні еңбек пәні, сәндік қолданбалы өнер сияқты үйірмелерден сабақ беретін болашақ мұғалімдерге арналған. Сонымен қатар ол жоғарғы оқу орындарының, бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі және көркемсурет факультеттернің студенттеріне, жалпы еңбек пәнінің оқыту мәселелерімен шұғылданатын оқытушыларға, ғылыми қызметкерлерге, магистранттарға, аспиранттарға және т.б. пайдалы болмақ.
Оқу әдістемелік құралды дайындау барысында жоғары оқу орнындағы оқытушы профессорлар құрамының ұзақ жылдар бойғы жинақталған бай тәжірибесіне сүйеніп, кілем тоқуды игерудің дәстүрлі әдіс-тәсілдерімен қатар қазіргі заманғы технологиясы тұтас бірлікте қарастырылады. Кілем өнерінің заман талабына сай күрделі өзгерістерге түсуі оны тоқудың әдіс-тәсілдерін де жаңартуды қажет етеді. Осы мақсатқа сәйкес оқу құралының бөлімдерін, тақырыптарын жаңа мазмұнмен байытуда өнердегі жаңа бағыттар, идеялар басшылыққа алынды.
Кілем өнерінен мұғалімдерге арналған оку әдістемелік құралдар осы кезге дейін жасала қойған жоқ. Оқу үдерісінде студенттерге кілем өнерін жетік игерту мақсатында дайындалған осы оқу әдістемелік құрал болашақ мұғалімнің кәсіби педагогикалық, өнертанымдық дайындығын қамтамасыз ететін оқу әдістемелік кешеннің алғашқы теориялық бір бөлігі ғана. Автор осы оқу әдістемелік құралы жоғарғы оқу орындарында білікті педагогтарды дайындауға көмек көрсетеді деп үміт артады.
Кілемдер тарихына қысқаша шолу.
Кілем өзіндік тарихы бар адамзат еңбегінің бір түрі ретінде ежелден белгілі болған. Ең ескі кілемдерді археологтар Алтайдан тапты, оны біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда көшпенділер тоқыған екен, олар ең алғаш тығыз төсеніштерді тоқуды үйренген. Кілем- олар үшін баспана да, ер тоқымда болды. Кілемді әсемдеп, өрнектеуді адамдар бір жерде тұрақтап тұрған соң үйрене бастады. Шығыста кілем бұрыннан бері тұрмыстағы ең қажетті бұйым болып есептеледі, ол- баспанада, төсеніш те, жайнамаз да, жігіттің қалыңдығына сыйлар қымбат бұйымы да, өнер туындысы да болды. Үйдегі кілемнің саны мен сәулеті ол отбасының тұрмыс деңгейінің көрсеткіші болды. Кілемдерді отбасының қажеті үшін немесе силық ретінде тоқитын. Тек біздің дәуіріміздің III ғасырында Персия мен Кіші Азия шеберханаларында кілемді сату мақсатында өңдеу басталды.
Персияның тарихы шығыс кілемнің тарихымен тығыз байланысты.Парсы өркениеті- әлемдегі ежелгі өркениеттердің бірі. Парсы мемлекетінің тарихында әрбір кезеңнің қаһармандары- патшалар мен әскербасылар, оқымыстылар ғана емес, шығыс кілемінің шеберлері де, атап айтқанда, олардың қолынан шыққан өнер туындылары деуге толық негіз бар. Кілем тоқу өнері атадан балаға беріліп, әрбір жаңа буын оны жетілдіре түсіп, отбасылық баға жетпес құндылық ретінде сырт көзден тасалап, балаларына үйретіп отырды. Парсы кілемінің тарихын Зерделеу - әлемдегі ең ұлы өркениеттердің бірінің даму жолын Зерделеу деген сөз.
Кілем бірден өнер туындысы болып кеше алған жоқ. Әдепкіде ол жай ғана қарапайым тұрмыста қолданылатын үй жиһазы ғана болды. Көптеген тарихшылар кілемді ойлап тапқан Орталық Азиядағы аттары беймәлім көшпенділер еді, деген пікірді ұстанады. Көшпенділер үшін кілем бағасы өлшеусіз мүлік: ол суық пен ылғалдан қорғайды, баспанаға кіретін есік те бола алады, жерге төселсе – жылылыққа тән, шымылдықтың да, дуалға ілсе, әсемдіктің де рөлін атқара алады. Азияның көптеген көшпенді халықтарында кілемнің қандай бір түрлері отбасы әл-ауқатының көрсеткіші болды. Дәулетті отбасыларында ол жүк жиһазы боп қаланып, үй иесінің дәулетінің қаншалықты екенін айғақтайтын. Кілем үйдегі сәндік бұйым және байлықтың көрсеткіші болғаннан бастап (бұл біздің дәуіріміздің аз-ақ алдында басталды),оны тоқып жетілдіре бастады. Бір қызығы, адамзатқа белгілі кілемді түйіндеп тоқу ұлы Кир негізін қалаған алғашқы ұлы парсы империясы – Ахменидтер мемлекетінің дүниеге келуімен тұтас болды. Сол кездегі көптеген Орта және Таяу Шығыс елдерін біріктірген Ахменидтер патшалығы біздің дәуірімізге дейінгі 558 жылдан 330 жылға дейін жүз жылдан аса өмір сүріп, оны Ескендір Зұлқарнай талқандап тынды.
Біздер заманымызға дейін сақталып келген шығыс кілемі-парсы Ахменидтер державасының құрдасы, 2400-2500 жылдар ілгері дүниеге келген. Ең көне кілем таулы Алтай өңіріндегі Пазырық қорғанынан табылған. Кілем б.д. дейінгі Y−YI ғ ғ тоқылған.
Пазырық кілемі.
Алтайдағы Пазырық аңғарында ежелгі көсемдер жерленген Пазырық қорғанында қазу жұмыстарын жүргізді. Мәңгілік суықтың нәтижесінде мүрдедегі денелер мыңдаған жылдар бойы сақталған. Көсемдердің олардың әйелдері мен қызметшілерінің аттардың бальзамданған мумиялары табылған. Ат әбзелдері, бөлшектенген ағаш арбалар, жануарлардың бейнелері, тағы да басқа өлгендермен бірге жерленген заттар сақталған. Пазырықтағы ең құңды нәрсенің бірі- таңғаларлық нәрсе – кілем болды Кілем төрт қабырғасы тең деуге боларлық, шамамен 1,9 x 2м, онда шабандоздар мен бұғылар бейнеленген. Оның тығыздығы бір шаршы метрге 360 000 түйінді құрайды.
Ежелгі дәуір кілемнің орта бөлігіндегі бейнені зерттеуші С.Руденко гүл шоқтары деп суреттегісі келген. Әрине, бұл гүл емес, гүлге ұқсатуға болады, дегнмен бұл-грифон. Ол мысық тұқымдас, қанаты мен тұмсығы бар жәндік. Қазақтар оны «италақаз» деп, ирандықтар «самұрық», гректер «алтын қорыған грифтер» деген ат таққан.
Пазырық кілемінен зерттеушілер 130 грифон бейнесін есептесе, негізі олардың саны 200-ден асады. Өйткені олардың кескіндері бөліктерге бөлініп (көлденеңінен,
қиғашынан) салынған. Сонда көне алтайлықтарға бұл қажеттілік неден туды екен ? Жалпы бұл кілемде не өрнектелген? Бұл сұрақтың жауабын кілем төңірегінен іздегеннен гөрі Пазырық қорғанынын терең зерттегеніміз дұрыс. Қорғанда «италақаздың» түрлі кескіндемелері мен мысық тұқымдас жыртқыштардың аңды немесе жылқыны жұлқып жеп жатқаны суреттелген.Анықтап қараса жылқының иіліп өлім мен өмір арасында жанталасып жатқан бейнесін аңғарасыз.Бұл өмірмен өмір арасындағы байланысты бейнелеген кескін. Бұл еңбектің авторы ою мен өрнек арқылы - Уақыт пен Кеңістік, Өмір мен Өлім, Космос пен ондағы адамның орны туралы қатар ұғымды терең түсіндіргісі келген.Яғни бұл символ жанның денеден бөлініп шығуын, о дүниедегі өмірге деген сенімді білдіреді. Түркі халқының нанымындағы жанның бір сәтте емес, уақытқа бағына отырып, мысалы 3,7 (немесе 9), 40 күннен соң «өзге әлемге аттанады» деген түсінігі.
Қазақ халқының көне ұғымында ұрықтың пайда болуындағы жеті күн алғашқы қалыптасу кезеңі болса, адам дүниеден өткенде жетісі де аталады. Сонымен пазырық кілемі қайтыс болған адамды және жаңа дүниеге келген тіршілікті қатар бейнелейді. Ал түркілер ұғымында дүниеге келген адам сол сәттен-ақ өлімге қарай қадам басады. Және ол кездегі түсінік бойынша адамдар екі дүниенің ортасында тіршілік етеді, сондықтан кілемді төменнен жоғары қарай қарасақ, адамның өмірден өтер сәті, ал керсінше жоғарыдан төмен бақыласақ дүниеге жаңа келер жанның жер бетіне келуі бейнеленген.
Кілемнің төрт бағыты дүниенің төрт бөлігі деп қарастырылады.Кілемдегі өрнектер тек бұл ұғыммен ғана шектеледі деу қате.Кілем шетіндегі салт аттылар шеруі, бұғылар, аңдар кескіндері берілген. Сонымен бірге аңдардың солдан оңға, оңнан солға қарай жүруін бейнелеу арқылы өлілер мен тірілердің әлемін қатар суреттеу көзделгені анық. Бұл жерде екі әлем арасындағы нәзік бір байланыс берілген. Сонымен Пазырық кілемнің орнаменттік мағынасы өте тереңде, ол өмір бастауы мен қайталану заңын бейнелейді. Әлемнің жаралу заңдылықтарын бейнелеген бұл өнер туындысын Өмір бәйтерегі деуге болады. Әлемдегі қайталанбас жалғыз мұра қазақ халқының мақтанышына айналуы тиіс.
Шығыс Түркістанда табылған қалы бөліктері.
Пазырық қаласының табылған тарихынан 40 жыл бұрын Sіr Mare Aurel Steіn, 1906-1908 жылдары Шығыс Түркістанда Loulan шұңқыр мазарында, Lop-Nor-да бір Будда ғибадатханасында б.э.б. ІІІ-ІV ғасырларға белгіленген түйінді қалы бөліктерін тапқан. Бұларда баклавалар, жолақтар және формаландырылған гүлдер, үш түрлі сары, қою көк, қызыл,көмескі жасыл және қоңыр болып көрнекті және жылтыр түстермен өрнектерін қалыптастырған. Бұлар, қәзір Londra-да Британия музейінде және Үндістанда жаңа Делхи музейінде сақталған.
Кейіннен А. Bon Le coq 1913 жылы Турфан қазбаларын қазып жатқанда, Қызылдағы бір ғибадатхананың күмбезді бөлмесінде б.э.к. V-VІ ғасырларға тарихтандырылған қалы бөліктерін тапқан. Бұларда 16 x 18 см. өлшемді бір бөлікте қызыл негіз үстінде қара жиекті түсте бұйраланған тал немесе айдаһар құйрығын елестетін бір өрнек көрінеді. Шығыс Түркістанның ескі орталықтарында табылған бұл бөлік, қәзір Берлиннің Ислам өнері музейінде сақталған.
Шығыс Түркістанда табылған қалылардың ең ескілері б.э.к. үшінші, ал, жаңалары VІ-шы ғасырда табылған деп тарихқа өтіп, түйіндері Пазырық қалысымен салыстырылмайтындай дөрекі көрінеді. Айрықша, кейіннен Испания қалыларында орын алған ілмелер сияқты. Ілмелері тек арышқа түйінделгендіктен төзбей, ерте тарқап кеткен. Бірақ салбыраған жүн түйін жіптерінің ұштарының қозғалуымен, өрнектердің жақсы анықталуы, ілгерілеген техника мен артта қалған үлкен бір даму дәуірінің белгісі. Тек дамудың алғашқы сатылары тарапынан б.э.б. І-ғасырға дейін көрсете алса да, Пазырық қалысымен ешқандай байланысы болмаған. Бұл жағдай қалы өнерінің әр түрлі аймақтарында, түріктер тарапынан дамытылғандығын және жиі-жиі оларға тәуелді болғандығын көрсетеді.
Шығыс Түркістан, көбінесе, киізді көп қолданылған аймақ болғандықтан, Батыс түркістанның түйінді қалылардың негізгі отаны және шетелге тауар шығарып сату орталығы болғандығын көрсетеді.
Кония, Селжүк қалылары.
ХІ-ғасырдан бастап қалышылық өнері Селжүк түріктерінің тәуелсіздігімен және олармен бірге Орта Азиядан Батысқа қарай жайылған. Тек, Үлкен Селжүк қалы өнерінен ешқандай еңбек заманымызға дейін жетпеген. Тек қана Анадолы Селжүктерінің заманынан және ХІІІ-ғасырдың алғашқы жартысынан қалған бөлшектерінен танығанымыздай, Селжүк қалы өнерінің тұрақты дамуымен, кейіннен шыққан қалы санатының негізін қалаған.
Бұл қалылардың 8 түрі 1905 ж. Неміс елшісі Loutved тарапынан Кония Алааддин Мешітінде табылған және Стамбулда бір бөліктен тұратын әлемнің ең үлкен және ең бай қалы коллекциясының табылуы Түрік және Ислам қайнақтары музейіне өткізілген. Бұлар өте тозығы жеткен жағдайда үш толық қалы мен бөлшек түріндегі бес қалы болып, барлығы да Түрік түйінімен жасалған. Арыштар ақ, барынша қалың және қатты екі жүн жіптен атқылары да қызыл және қатты екі жүн жіптен иірілген. Бір м2- та ең көп 84.000 түйін бар және әр түйін қатарынан кейін 2 немесе 3 атқы өткізімен. Бұл қалалар үлкен ұзындықта болып, 1 данасы 15 м2-ты құраған. Негіздері, көбінесе қою көк немесе қызыл түсте. Мотивтері ашық көк және ашық қызыл. Ашық және қою сарымен, кейде, ашық жасылды да кездестіруге болады. Аз түр қолданылуымен бірге, сол түстің түрлі нюанстарымен үлкен байлықтың әсерін қалыптастырған. Өрнектерінде қолданылған өрнектер : баклавалар, сегіз бұрышты түрлер. Кейде геометрияландырылған өсімдік өрнектерін де кездестіруге болады. Негіз компазициясы, бұл кәдімгі анық түрлерден тұратын мотивтердің бір-бірімен қабаттасып және үс-үстіне қатарласуынан болады. Кең бордурлердегі ірі куфи жазулары Кония Селжүкті қалыларына негізгі естелік және өздерінің ерекшеліктерін көрсетеді. Бастапқыда ұштары жебенің басын елестеткен үшкір үшбұрыштармен қортындыланған тік әріппен жазылған бір куфи көрінеді. Кейіндері бұл бордур түрі өрілген куфиден гүлді куфиге дейін дамығандығын көрсетіп, түрлендірілген және ХІІІ ғасырдан ХІІ ғасырлар аралығында түрлі қалыларда қолданылған. Мұның жанында Европа суретшілерінің картиналарында және ХІV- ХV ғасырларда Иран миниатюраларында қалы суреттерінде, тіпті, Испания және Кавказ қалыларында бұл бордурлердің түрлерінде жиі–жиі ұшырасады. Қалылардағы бұл куфи жазулар оқылмайды, бірақ, декоративті көріністерімен әсерлі болуда.
Қазақ кілемдері.
Орта Азия мен Қазақстан жері мәдениеті, өркениеті дамыған, өркениет орталығы болғаны көпшілікке мәлім. Сыры кетсе де сыны кетпей сақталып келе жатқан әсем ғимараттар, тас мүсіндер, халықтың тұрмысында қолданып жүрген сәндік қолданбалы өнердің інжу-маржандары қазіргі ұрпақтың көркемдік талғамын дамытуға, бұрынғы өнеріміздің жалғасуына дәнекер болғаны сөзсіз.
Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ, оның өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнеріміздің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсерін тигізген жағдай –көп ғасырларға созылған көшпелі өмір. Демек күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары, көшіп-қонуға қолайлы, пайдаланатын орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән ою-өрнекпен нақышталып отырған. Осындай қиын да қызықты өнер Қазақстан топырағында бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан шығып, шебер қолдарымен тоқылған.
Қазақ кілемдері де тоқылу ерекшелігіне (түкті кілем, тықыр кілем), материалына (жібек, масаты қалы кілем) өндірілген орынына (Қызылорда кілемі, Алматы кілемі, Жамбыл кілемі), ру үлгілеріне қарай (Адай кілемі, Керей кілемі, Қоңырат кілемі, Үйсін кілемі) қосалқы белгілеріне қарай (шашақты кілем, оқалы кілем) қарай түрліше аталады. Қазақ кілемінің ежелгі төркіні байырғы сақ, үйсін, ғұн өнері мұраларына саяды. Олар түркі кілемдерінің қазіргі үлгілеріне көп ұқсас, негізінен қызыл, қара, сары, күлгін аспан көк түстерді қолдану арқылы өз дәуірінің әдет-ғұрпы, тұрмыс-салт және кәсібін табиғат көрінісімен аттастыра бейнелеген.
Кілем тоқу өнері – тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнерінде ертеден белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Қазақстан облыстарында кездесетін кілем түрлері де, атаулары да көп. Деректі материалдарға қарағанда олардың атаулары әр түрлі болғанымен тоқылу технологиясының айырмашылығы жоқ. Қазақ, Қырғыз, Қарақалпақ, ¤збек, Түркімен, Орыс, Украйн, Малдаван, Азербайжан, халықтарының арасындағы қолмен өрмек тоқу өнері бір-біріне ұқсас болып келеді. Мысалы, бұқар кілем, жол кілем, жолақ кілем, жібек, масаты кілемі, мақта, қалы, қара, құлпырма, тақыр, түкті, ақ сирақ, алаша, андіжан, түркімен, адай кілемі сияқты көптеген атаулардың өзі ақ қазақ халқының кілем тоқумен ертеден таныс екенін және кілемнің әр жерде әр түрлі мәнерде жасалғандығын аңғартады.
Қол кілем түкті және тақыр кілем болып екіге бөлінеді. Түксіз кілем тоқу өнері, әсіресе Торғай, Қостанай, Қызылорда, Шымкентте кең дамыған. Кілем бұйымдары тоқысына байланысты түрлерге бөлінеді:
«Кежіле теру түрі» - Оңтүстік және Батыс Қазақстанда дамыған. Мұндай кілемдердің оң жақ беті бір тегіс және тығыз, ал теріс жағында өрнек жасауға қатыспаған бос жіптер қалады.
«Арабы кілем» - бескесте әдісімен жасалады. Мұнда өрнектер қосымша түсті арқаулар арқылы тоқылады.
«Терме» - өзінің өте тығыздығымен, бедерлі болуымен көзге түседі. Бұл түр жіптердің әр түрлі деңгейде айқасуымен пайда болуын, сурет тек оң жақ бетіне түсіп, сол жақ бетінде тек арқау мен негіз жіптері көрінеді.
«Ақ басқұр» түрі – түксіз бөлігі орама кесте түрімен, ал түкті бөлігі түп шалынған өрнекпен алмасып отырады.
Қазақстанның Оңтүстік облыстарында түкті және тақыр кілемдерді қолдан тоқу дамыған. Олардың негізгі үлкен гүлдері «күмбез» жиектеріндегі текшелі өрнектері «қорған» деп аталып, оны қуалай күлгін түсті «су» өрнегі жүргізілді. Бұл зәулім күмбезді, тас қамалды қорғанын қуалай су жүргізілген қалана елестетеді. Кейде ортаңғы гүл – күмбездердің орнына «түлкі ілген бүркіт», жан-жануар немесе табиғат көрінісі т.б. бейнеледі. Бұларда геометриялық өрнектер өте басым, ішінара көгеріс өрнектер қолданылады.
Көрнекті қазақ қалыларының негізінде қою-қызыл түс басым болған. Қырмызының жанында көкшіл, сары, қоңыр, қара және жасыл реңдер аралас қолданылған. Көне уақыттардан бері қазақ қалылары толығымен түркі түйіні мен тоқымашылығын пайдаланды, соңғы жылдары түркі түйінімен бірге парсы түйінін де қолдана бастады. Қазақ қалылары қолданылған жеріне және функцияларына қарай сарапталады.
А. Тұтыным орнына қарай.
а. Диван кілемдері;
ә. Жайнамаз кілемдері;
б. Бас жастық кілемдері;
в. Аяққап (ыдыс салатын қап) – асхана бұйымдарын қою үшін тоқылған кілемдері;
г. Жабу (Палан) – Жабу үшін дайындалған кіші кілемдері;
ғ. Қоржын;
д. Дорба;
ж. Қоржын киім сақталатын кілемдері;
з. Жерге төселетін кілем (жайма кілемдері);
Анадолы кілемдері.
XІV ғасырдан бастап, стильдестіру-әшекейлеу түрін алған, хайуан фигураларының да Анадолы қалыларына келуін, Европалық суретшілердің картиналарынан кездестіруге болады. Бұларда негіз кішкене квадраттарға немесе кейбір ескі өрнектерде ұзын алты-бұрыштарға бөлініп салынып, бұлардың ішіне түрлі аң фигураларын орналастырған. Алдыңғылары бүркіт, қораз сияқты фигуралар қарапайым түрде қатарласып орналасқан. Ортадан немесе профильден көрінген жұп басты немесе жалғыз басты бүрікіттер де 14 ғасырдағы картиналар да қалы сурреттерінен орын алады. Кейінен әр шаршы ішінде немесе араларында өзгеше жануар тектес жан-жағына қатарлана салынған. Суретшілердің картиналарынан бұл дәуірде геометриялық толықтырулар көрсеткен қалылардың да жасалғандығын көруге болады. Бұл қалылар кейінен Холбейн қалыллары деп танылған қалалардың алғашқы өрнектері ретінде қабылданған.
Sіmone Martіnідің 1317 жылғы картинасында 1 ағаштың екі жағына құстардың қонып, отырғандарын көрсететін қалының көрініс алуы, осы түрдегі қалалардың ХІІІ ғасыр соңында жасалғандығын көрсетеді. ХІV ғасырдын аяғына карай хайуан фигуралы қалы өрнектерінде тек құстар мен жануарлардың орнын, жануар топтарын ала бастаған. ХV ғасырда жануарлардың бір-біріне атылғанын елестететін қимылды композициялар пайда болды. 65 жылдай бұрын Орталық Италиядағы шіркеуден табылған бір қалынын негізі, екі тік төртбүрышты болып бөлінген, бұлардың бұрыштарына орналастырылған ілмектер сызықтармен сегіз бұрышқа орналастырылған. Бұл бөлімдердің ішінде Айдаһар мен Зумруду Анка (аңыздарда айтылатын, бірақ өмірде болмаған үлкен бір құс) құстың тұрысын жандандырған бір композиция екі рет қайталанған. Фигуралар декоротивті түрлерге келтірілген. Айдаһар мен Зумруду-Анка Қытай өнерінде көп қолданылған композиция. Қалыдағы негіз түс сары да Қытай императорының түсі. Бұлар түріктердің Орта Азияға әкеліп, өз талғамдарына қарай өзгертіліп қолданылған түрлер болып танылды. Айдаһар мен Зумруду Анканың тұрысы Фустатта табылған бөлшектердің екеуінде де кездеседі.
30 жыл бұрын Швецияда Марби ауыл шіркеуінде табылған басқа бір Анадолы аң фигуралы қалысында да негіз ортасы екіге бөлінген, әр бөлімдегі сегіз бұрыштардың ішіне бір ағаштық екі жағында екі құстың орналасқандығын көрсететін композиция бар. Кениядағы Мевлана музейінде табылған басқа бір өрнекте болса, құстар, төрт құстан құралып, бес қатар болып тізілген. Алтыншы қатарда, тек қана құстардың басы бейнеленіп, қалы толығымен он қатардан тұрады. Бұл құстар қалының барлық жерінде күлгін, ақ, қою көк, қоңыр түстеріне қарай, диогональ түрінде қатарластырылған. Қанаттары ақ, көк және күлгін түстермен боялған бұл құстар аса стилдестірілген қораз фигурасын елестетеді. Жаңа Мешіт Падишах мұнарасындағы қор мекемесінде сақталған қалылардың арасында жақын уақыттарда шығарылған бір қалының да Марби қалысы сияқты, ортасынан екіге бөлінген екі төртбұрыш бөлім түріндегі негізінде, басыңқы екі сегіз бұрыш ішінде, бір ағаштың екі жағында стильдестірілген айдаһарлар, бұлардың астында және үстінде бұрыштарға орналастырылған тағы да стильдестірілген,4 Зумруду-Анка фигураларынан қалыптастырылған композиция-
лар симметрия түрінде көрінеді.
Фустатта табылған XV-ғасырдан қалған қалы бөлшектерінің үшеуі де аң фигуралы қалылар. XІV және XV ғасырларда Еуропалық суретшілер аң фигуралы қалыларды, картиналарында жиі-жиі суреттелген. Бірақ, XV ғасырдың соңына қарай хайуан фигуралы Анадолы қалылары, Еуропалық суретшілердің картиналарынан жоғалып, орындарын геометриялық өрнегі бар қалыларға жол берген. Ең көп ілмекті сегіз бұрыштарымен баквалардың жылжытылған өзектерінің үстіне жан-жанына, үсті-үстіне қатарлануымен болған композицияны байқауға болады.
Иран кілем тарихы.
Аңыздарға сәйкес, тарихшылардың дәлелдеуінше де, парсылар Ахменидтер әулетінің Пасагардтар тармағынан шыққан көсем ұлы Кир дәуірінде-ақ кілем тоқи алатын еді. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 553 жыл мен 530 жылдар арасында Медия, Вавилон, Лидия секілді сол кездегі Шығыстың ірі мемелекеттерін, сондай-ақ Египеттің бір бөлігін өзіне бағындырып, бірнеше жұз жыл өмір сүрген империяның негізін қалады, өзін Вавилон патшасы, елдердің патшасымын; деп атады, Аңыздарға сүйенсек, Ұлы Кирдің сарайы да, Пасагардта тұрғызылған (Қазір Мүграб) оны мүрдеханасы да, әсем кілемдермен безендірілген.
Парсы кілемдері туралы Персияны Сасанидтер династиясы билеген (б.д.224-641 жыл) кездегі қытай құжаттарында кездеседі. Нақ сол Сасанидтер дәуірінде парсы билеушілері " Шахиншах" патшалардың патшасы деген атақты иеленді. Бұл династияның соңғы шахтарының бірі Қысрау II Византияның шығыс және күнгей правинцияларын жаулап алған еді, алайда 627-628 жылдары Византия императоры Ираклий парсыларды талқандап, жаулаған жерлерді қайтарып алды. Византиялық тарихшылардың дәлелдеуінше, қолға түскен байлықтардың арасында көптеген әсем кілемдер болған.
Содан жүз жыл ілгері шақ Қысырау I Апуширванның билігі тұсында парсы шеберлері тарихтағы ең даңқты, сыз, жоқ, ең қымбат кілем тоқыған болатын. Сол кездегі астана Стесифонға Қысрау I тақта отыратын зал үшін тоқылған алып кілем "Қысыраудың көктемі" немесе "Көктемгі кілем" деп аталады. Ол кілем гүлдеп тұрған көктемгі бақты бейнеледі. Бұл кілемді араб тарихшысы былай суреттейді. Шет-шетінде көгілдір, қызыл, сары жасыл жіптермен тоқылған әсем гүлдер бейнеленген, алтын жіптен тоқылған жер бейнеленген, ағып бара жатқан су қымбат бағалы тастармен суреттелген. Жақұттармен бақтағы ағаш жемістүгі, ал ағаштардың өзі жібектен тоқылған. Аңыздардың айтуынша, бұл кілемді жерге төсегенде, залда көктем лебі есіп, табиғаттың оянуын шеберлер сақан шеберлікпен көрсете білген.
Жетінші ғасырдың ортасында Сасанидтер патшалығы арабтардың соққысынана құлады. Жоқтыққа, соғыстар мен шабулдарға әбден төселген көшпенді арабтар 637 жылы оларды жаулап алды. Аса құнды "Көктемгі кілем" шабуылға шыдас бере алмады, жаушылар оны бірнеше бөлек етіп бөлшектеп, тоналған астанадан алып кетті.
Персия Армениядан Испанияға дейін көсіліп жатқан Араб Халифатының құрамына еніп, ислам елі болып қалыптасты. Бұл кезеңде парсы кілемінен адамдармен жануарлардың бейнелері жоғалып, олардың орынын өсімдік өрнектері орын алды. Халифат ұзақ өмір сүрген жоқ, бірақ онан киінгі ғасырларда Персия көрші халықтардың бірнеше шабуылдарын бастан кешірді. 1038 жылдан 1194 жылға дейін Персия түрік- селжүктерінің қоластында болды. Түріктердің бұл кезде өз кілем тоқу өнері болатын. Бұл кезде кілем тоқудың тәсілдері мен үрдістерінде алмасу жүріп жатты. Күні бүгінге дейін Иранның Хамадан және Әзербайжанда кілем дайындауда көбіне түрік түйіндері әдіс ретінде пайдаланылады.
1220 жылы Персияны монғол шапқыншылары басып алды да, олар 15-ғасырдың ортасына дейін монғол билігінің қол астында болды. Далалық көшпенділерде, парсы мәдиниетінде, илхандардың сарайларында (Персиядан басқа, қазіргі Түркімения Закавказия және Ирак мемелекеттеріндегі монғол патшаларын осылай аталады) жана тұрпатты кілемдер пайда бола бастады. Бұл кезеңде монғол билігі кезіндегі кілемдер бұрынғы сән салтанатынан айырыла бастады да, олар қарапайым геометриялық өрнектермен ерекшеленеді.
Персия Сефевидтер династиясы кезінде ( 1502-1736ж.ж.) гүлдену шегіне жетті. Оның негізін қалаушы Смайыл тек әскербасты ғана емес, Хатан деген жасырын атпен өлеңдер жазатын ақын да еді. Ал Аббас шах (1587-1629ж.ж.) Еуропа елдерімен тығыз сауда саттық байланыстар орнатып, өзі де кілемді тоқитын шебер болды. Сефевидтер тұсында Персияның астанасы Исфахан болды. Осы астана Исфаханда, Тебризде, Яздада, Кашанда, Ширазда, Керменеде және көптеген қалаларда мемелекеттік шеберханалар құрылып, белгілі суретшілер мен айтулы шеберлер кілем өнерінің тамаша туындыларын өмірге әкелді. Ол кездегі кілемдердің көпшілігі жібектен тоқылатын ал "Көктемгі кілем" секілді ең қымбат бағалы кілемдереге алтын, күміс жіптер араластырып тоқылытын болды. Бұл кезеңде кілемдерде құстар мен жануарларды бейнелеу қайтадан белең ала бастады. Бұл дәуірдің аса атақты екі кілемі Ардетиль қаласындағы мешітке сән-салтанат беріп тұрды. Қазір олардың біреуі Лондандағы Виктория мен Альберт мұражайында, екіншісі- Лос-Анжелес мұражайында тұр.
1722 жылы Персия ауғандықтардың билеп-төстеуін бастап өткерді. Сол шабулда Исфахан тас-талқан болып қирады. Ауған басқыншылығы ұзаққа созылған жоқ, дегенмен ондаған жылдар бұрын Ауғаныстанмен, Туркиямен, Ресей империясымен соғыс жылдары, кілем тоқудың нәзік өнері құлдырауға тап болып, бұрынғы ғасырлардағыдай кілем дайындау дәстүрін тек көшпенділер мен шағын қыстақтағы шеберлер ғана сақтап қалды.
Кілем тоқудың жаңадан гүлденуі Персияда Каджар династиасы билігі тұсында, 19 ғасырда басталды. Тебриз саудагерлері Стамбул арқылы Еуропаға кілем жеткізіп тұруды жолға қойды. Кілемдерді экспортқа шығару мемлекеттік кірістің маңызды саласы болды. Патшалар шаруашылықтың бұл саласын жіті қадағалап және дамытып отырды: Мәселен шах Мұзаффар әд-дин кең қолданысқа еніп үлгерген сентетикалық бояуларды пайдалануға тиым салды. 19 ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың басында еуропалық және американдық компаниялар Персиядан кілемдерді өз беттерінше сатып ала бастады.
Тебриз кілемдері.
Тебриз (Табриз, Тавриз)-Ирандағы көлемі шағынан екінші қала. Ол елдің терістік батысына жайғасқан, Шығыс Әзірбайжан провинциясының астанасы болды. Тебриздің негізі біздің дәуіріміздің төртінші ғасырында Сасанидтердің белгілі әулеті негізінде қаланған, ал Сефевадтер заманында (16-18 ғасырдың басы) ол парсы мемлекетінің астанасы болды. Аңыздардың бірінде Тебриздің негізін сегізінші жүзжылдықта аты аңызға айналған Арон ар- Рашидтің әйелі қалаған делінеді, бірақ бұл жөнінде нақты тарихи деректер жоқ. Көптеген жүзжылдар бойы қала кілем тоқымашылығының маңызды орталықтарының бірі болған. Қолдан тоқылған тебриздер - өте сапалы және құнды парсы кілемдеріне жатады. Парсы кілемдерінің көптеген басшылары тебриздердің айрықша сипаты-симметриялық түрік өрнегінде деп көрсетеді.
Тебриз кілімдерін сол кезде «Тебриздер» деп атаған.Тебриздер сапасының диапазоны өте кең. Негізінен тебрез кілемдері "қала" типті классикалық «қисық сызықты», «өсімдік әуендері», «арабескалар», "аң аулау", т.б өрнектермен безендірілген. Бұлардың арасында геометриялық өрнекті кілемдерде кездеседі. Өнертанымдық әдебиеттерде бұл Тебриздер - секілді көркем дизайынды кілемдер базарға Шығыс Әзербайжанның ауылды жерінен келіп түсетіндігімен түсіндіріледі.
Тебриз-кілем тоқымашылығының ескі орталығын, кейбір зерттеушілер кілемнің алтын ғасырының дәурені өткені деп есептейді. Мәселен, олар «үздік Тебриздер» екінші дүниежүзілік соғысына дейін жасалған еді, ал одан кейінгілерінің көркемдік сапасы төмен, оларға жасанды бояулар көп қолданылды» деп есептейді. Дегенмен бұл пікірмен келіспейтіндер де көп, олар толық дәлелді мәліметтерге сүйене отырып, Тебриздер күні бүгінге дейін әлемде өте жоғары бағаланады дегенді еске салады.
Тебриздерге өте қанық қошқыл-қызыл және көк түстер тән, ал қосымша түс үшін (кілем тоқымашылығының басқа да парсылық орталықтарындағыдай) көбіне піл сүйегінің түсі қолданылады. Қазіргі заманғы шеберлер тебриз жасауда жасыл және қоңыр түстердің бедерлері кең қолданылады.
Тебриздердің негізгі арқауы әдетте мықты мақта жіптерінен, ал ілмектері мақта мен жүннен дайындалады. Кілемдердің негізгі бөлігінің тығыздығы бір шаршы метрге 180 мыңнан 1 миллион өрнекке дейін болса, сонымен қатар кейде тығыздығы әлдеқайда төмен не жоғары кілемдер де де кездеседі.
Парсы кілемдері- Иран.
«Шығыс кілемі» дегенде, көз алдымызға «парсы кілемі» тұрады. Ақиқаты да солай. Кілем өнері нақ сол ежелгі Персия жерінде даңқы әлемге жайылған (Қазір ол жердің Иранға қарайтыны белгілі).Сан алуан шытырман оқиғаларға, жеңістер мен жеңілістерге бай Персияның тарихы шығыс кілемінің тарихымен тығыз байланысты.
Парсы өркенниеті - әлемдегі ежелгі өркениеттердің бірі. Парсы мемлекетінің тарихында әрбір кезеңнің қаһармандарының арасында- патшалармен, әскербасылармен, оқымыстылармен қатар, шығыс кілемінің шеберлерін де айтуға болады. Атап айтқанда, олардың даңқын шығарған қолынан шыққан өнер туындылары кілем деуге толық негіз бар. Кілем тоқу өнері атадан балаға беріліп, әрбір жаңа буын оны жетілдіре түсіп, отбасылық баға жетпес құндылық ретінде сырт көзден тасалап, балаларына үйретіп отырды. Парсы кілемінің тарихын зерделеу - әлемдегі ең ұлы өркениеттердің бірінің даму жолын зерделеу деген сөз.
Парсы кілемдерінің таңғажайып әсемдегі мен тамаша сапасы бүкіл әлемге белгілі. Бұған таңдануға болмайды: тарихында, мәдиниеті мен күнделікті тұрмысында кілем аса зор роль атқаратын Иран секілді басқа ел жоқ деуге болады. Ирандықтардың үйінде әдетте жиһаз жұпыны болады, үй мүліктерінің басты бөлігін оларда кілемдер құрайды.Тіпті оларда мынадай тәсіліде бар."Ирандықтар бар байлығын жерге тастайды",- деген. Шындықтан алшақтамай-ақ былай деуге болады, ирандықтар дүниеге кілем үстінде келеді, соның үстінде өмір сүріп, балаларын өсіреді. Ирандықтың үйі бай ма, кедей ме, ол есеп емес, онда міндетті түрде кілем бар-қайсысында қымбат бағалы, қайысында ескіріп тозған, бәрі бір кісі үшін бағаланар құнды мүлік болып танылады.
Қазір Иран-әлемдегі ең ірі кілем өндіруші ел. Қол кілемінің "негізгі әлемдік мануфактурасы" даңқын иеленуге Азиядағы көптеген елдер онымен тайталасуда. Олардың қатарына бәрінен бұрын: Индия, Пәкістан, Қытай елдерін қосуға болады. Бірақ осы кеңістікте тек қана парсы кілемдері нағыз тығыз кілемнің эталоны болып қалуда.
Кілемнің тұтынымдық және көркемдік- сапасын бір ғана нәрсемен өлшеуге болмайды, олар көп нәрседен құралады. Бұл сапаның құрамына түкті материал да, тоқу ұқыптылығы да, композиция да, сурет те, ақыр аяғы түстердің сәулеленуі де кіреді. Сонымен қатар шыбықтар, арқаудың жіптері, кілемнің шеттелуі, әдіптелуі және оның тығыздығы да үлкен маңызға ие. Тек Ирандық шеберлер ғана өз кілемдерінің сипаттамасын барлық жағынан да жоғары деңгейде ғана ұстай алады. Сондықтан да басқа кілем өндіруші елдер тарапынан қатаң бәсекелестіктің болуына қарамастан, кілемді бағалаушылар үшін бүкіл әлемде "шығыс кілемі" деген сөздер кілемнің сапасын салыстыратын бірлік болып отыр.
Кілемдер-Иранның экспорттық кірісінің маңызды бөлігін құрайды. Алайда түсімнің бұл көзін қолдау елеу оңай болып отырған жоқ. Кілемді дәстүрлі станоктарда қолмен тоқу барған сайын машина өндірісінің қысымына ұшырауда. Мүліктің нағыз бағасын білетіндер кілем деп те есептемейтін машинамен тоқылатын дүниелердің Бельгия мен Германияда ғана емес, тіпті Иранның өзінде де өндіріп жататыны жасырын емес. Иранның жастары «парсы кілемінің шебері» кәсібін игеруге онша құлықты емес. Өйткені әлемдік рынокқа арнап Инданезияда, Пәкістанда, Қытайда иран үлгісімен тоқылатын парсы кілемдерінің қарабайыр, "жансақ" көшірмелері толассыз тоқылуда.
Бұл жағдайда парсы кілемінің тіпті таяу болашағының өзі күмәнді. Оның көздің жауын алатын және иесінің мәртебесін айғақтайтын өнер туындысы болып қалатынына ешкім күдік келтірмейді. Сонда парсы кілемдері қол жеткізгісіз болып кетпей ме? Иран үкіметінің басындағылар кілем өндірісін дамытуға барынша күш салуда.
Исфаһан кілем.
Исфаһанның даңқы классикалық өрнекті кілемдерімен және нәзік тоқылу жұмыстарымен белгілі болған. Исфаһан кілемдері әлемдік мәдениетте «Исфаһандар» деп аталады Исфаһандар ең үздік және өте қымбат парсы кілемдерінің қатарына жатады. Исфаһандардың өрнегі әдетте өсімдік бейнелі, суретті, көгілдір, қызғылт, қызғылт көк түстер жиі кездеседі, сонымен қатар піл сүйегі түсіде ара тұра ұшырасып отырады. Кейде кілемді дайындауда он бес, тіпті онан да қою түстер пайдаланылады. Исфаһан кілемдерінің көпшілігі мақта арқаулы жүннен тоқылады, дегенмен мұндағы шеберлер құм кілемдерімен бәсекелесе алатын жібек кілемдерді де жоғары көркемдік сапамен дайындайды. Исфаһан шеберханаларында парсы өрнектері бар кілемдер де көптеп пайдаланылады. Мұндағы кілемдердің тығыздық ауқымы бір шаршы метрге 200 мыңнан 1,1 миллион өрнекке дейін, тығыздығы одан да жоғары кілемдер тоқылады. Бұлардың арасында төрт миллион өрнегі бар бірен –саран исфаһандарды да кездестіруге болады, олар арнайы тапсырыспен біренеше жыл көлемінде дайындалады.
Исфаһан шаһары-Иранның Исфаһан атымен аталатын провинциясының әкімшілік орталығы. Исфаһан миллионға жуық халқы бар ірі өнеркәсіптік және ғылыми орталық. Ол Тегеранның күнгей тұсында 450 шақырым қашықтықта орналасқан. Исфаһан - ежелгі қала, бірақ парсы билігінің Сефивадтер әулеті тұсындағы 16-17 жұзжылдықтарда белгілі бола бастаған. Бұл әулеттен шыққан патшалардың бірі Аббас-шаһ өзінің астанасын Исфаһанға ауыстырған. Шаһ Аббас ғылым мен өнердің қамқоры болған. Исфаһан оның билігі тұсында шын мәнінде өркендеген шығыс шаһары-суретшілердің, ақындар мен философтардың қаласы болған.
Қазіргі кезде әлемдегі көптеген мұражайларда және жеке жинаушылардың қорларында 16 және17 ғасырлардағы көптеген исфаһан кілемдері сақтаулы. Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін басқа парсы кілем барлық мәдениет орталықтарының бәрінде басты назарда болып келді. Исфаһандардың бір ерекше сипаты-тоқылу нәзіктігі. Кілемнің жиектері мен орталық алаңның арасындаңғы кереғарлық-Персияның өзінде де, сондай-ақ Еуропа мен АҚШ-та қалың жұртшылықтың назарын өзіне аударатын болған.
Исфаһандарды тек провинция астанасында ғана емес, аймақтағы қалаларда да тоқылған. Ғасыр ортасында сатып алушылар оны жасаушылардың бірі болып танылатын Наин өнімдерін жоғары бағалай бастады. Наин шеберлері Исфаһан кілемнің дәстүрлі қаттылылығын жұмсартты, олар жібекті мол пайдалана отырып, кілемнің тығыздығын айтарлықтай арттырды.
Нәтижиеде Наин мануфактурашылары сатып алушылардың көпшіліктің назарын өзіне аудара алды. Енді Исфаһан шеберлеріне кешегі өз шәкірттерінің тәжіребиесін қолдануға тура келді, яғни тоқу тығыздығын арттырып, жібекті молырақ қолданды. Егер ескі Исфаһандарда негіз бен ілмек мақтадан болса, қазіргілерде негіз ретінде жібек жиірек пайдаланылды.
Исфаһан кілем шеберханаларының арасынан Сарафнан мануфактурасының атағы кеңге жайыла бастады. Кейбір зерттеушілер парсы кілемнің қазіргі дизайыны- көп жағдайда нақ осы мануфактурасының жемісі деп дәлелденді. Наин шаһарындағы рынокта нағыз сарафнандарға қарағанда жалғандары жетерлік болған. Ал кейбір кездерде, кейбір шеберлер өз кілемдері үшін Сарафнан мануфактурасының жалған белгісі қойылған шағын " каталогтарын" жариялаған жағдайлар кездесіп отырған.
Кілем өнеріне енгізілген жаңалықтарға қарамастан Исфаһан шеберлері "мезгілдер байланысын", атап айтқанда, ескі кілем өрнектерін салу дәстүрін жаңа бұйымдарға жаңаша қолдануын айрықша атап көрсетуге болады. Соңғы кездері Исфаһанда Омар Һайям шығармаларынан романтикалық көріністерді кілем бетінде ерекше ынта ықыласпен бейнелейтін болған.
Исфаһандардың өзіне тән ерекше "технологиялық ерекшеліктері жайлы кілеммен сауда жасаушы 50-ші жылдардағы "шығыс кілемнің өрнектері" атты еңбектің авторы Д. Форд бұл кілемдерде жіптердің жуан-жіңішкелігі әрқашан да бірдей емес, сондықтан исфаһандардың сыртқы беті тебриздер мен кашандар секілді әрдайым тегіс бола бермейді, деп жазған.
Исфаһандар көбіне шағын көлемде тоқылады 1х1,5 м және 1,5х2м. Дегенмен басқа көлемдегі, соның ішінде айтарлықтай көлемділері-3х6 м тіпті одан да көлемділерін кездестіруге болады. Әдетте шағын көлемді кілемдер тығыз келеді. Исфаһанның батысында орналасқан Неджефсбад шаһарының шеберлері көбіне үлкен мөлшерлі кілемдер тоқыған.
Исфаһандар мен парсы кілем тоқымашылығының басқа да дәстүрлі орталықтарыннан шыққан ұқсас кілемдердей арасындағы көптеген айырмашылықтарды атауға болады. Тебриздер исфаһандарға өте ұқсас, бірақ симметриялық өрнекпен орындалған, қарсы бетінің суреті әлдеқайда айшықты болып келеді. Соңғы ерекшелік қашандарға да тән онан басқа бұл кілемдердің исфаһандардан өзгешелігі 20-ғасырдағы дизаинерлік жаңалықтарға онша көп ұшырамай, дәстүрге жақын бопып қалуымен танылады. Наиндар көбіне көп исфаһандарға өте ұқсас болғандықтан кейде олардың шыққан тегін ажырату қиындық туғызады. Сондықтан бұл кілемдердің көркемдігі жақын болып келеді. Жалпылама бақылау наин әдетте барынша біркелкі, барынша жарқын түске ие боласа, исфаһандар үшін бір біріне кереғар түстердің қолданылуы тән болуымен сипатталады.
Наиннан шыққан кілемдер.
Исфаһан провинциясында орналасқан Наин шаһарынан шыққан кілемдер-классикалық парсы дизайынының үлгісі болып табылады. Көгілдір және піл сүйек тісінің қосарлануы осындағы шеберлердің нағыз "саудалық маркасы" болып танылады. Наин ежелден –ақ кілемдермен атағы шыққан Исфаһанға біршама жақын жерге орналасқанмен, өз алдына кілем тоқымашылығының орталығы болған. Қол жұмысының кілемдерін өндіретін көптеген мануфактуралар мұнда 20 ғасырдың алғашқы жартысында пайда бола бастаған. Дегенмен тарихи кезеңмен қарағанда бұл шаһар кілем өндірісінің атақты орталықтарының бірі болып танылған.
Наинның аты бұрын дәстүрлі иран киімін тігетін тігіншілер арқылы шыққан. Бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін бұл сала құрдымға кеттіп, ирандықтар барған сайын батыстың сәніне ойыса бастады. Осыған байланысты жоғары сапалы жүнмен жұмыс істеу тәжіребиесі бар Наинның өнеркәсіпшілері кілем тоқи бастады. Шаһарға Персия үкіметі қосымша көмек қолын созды: мұнда Исфаһаннан тоқымашылар алдырып, жаңа мануфактуралар орнатты. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында-ақ Наин атақты кілем орталықтарының бірі деген атаққа ие болды.
20-ғасырдың ортасында Наин шеберлері кілемдерінің атақты көгілдір- боз шағылысқан түстерін келтіре дүниеге әкелді.Тұтастай алғанда мұндағы кілемдерді дизайн-исфаһан ою-өрнектерінің мұрагерлері деуге болады.
Құмның кілемдері.
"Жібек кілемдердің астанасы"- Құм қаласы орталық Иранда шамамен Тегеранның түстік батысындағы 100 км жерде орналасқан. Шаһар 5 ғасырдан бастап белгілі. Мұнда Сефевид дәуірінің көптеген билеушілерінің мұражайлары бар. Иран халқының көп бөлігін құрайтын шейіт мұсылмандар үшін Құм- ғибадат жасайтын қасиетті қала. Нақ осы Құмда 1979 жылғы Иран ислам төңкерісінің демберушісі Хомейни туған.
Құмды сатып алу дегеніміз – ерекше сапалы әрі әсем кілем сатып алу деген сөз. Иранның Құм қаласынан шыққан кілемдер өте жоғары бағаланады. Олар Исфаханның, Тебриздің, Наннның тағы басқа бірнеше атақты кілем орталықтарының кілемдерімен тайталаса алды. Құмда өте аз мөлшерде ғана көлемді кілемдер тоқылады екен, оны тоқуға жоғары білікті тоқымашылардың бірнеше жылғы ерең еңбегі қажет болады.
Құм кілемдері жүннен да шаһардың таза жібектен тоқылған кілемдерімен де даңқы шықты. Құмның шеберлері кілем дизайндарының сан-алуан түрлерін пайдаланады. Бұл шаһардың қолмен тоқылған кілемдерінде медаольонды, классикалық өсімдік өрнектерін, гүлдерді, аң аулау көрінісін, «бақтарды», «құстарды» кездестіруге болады. Құмда осы қалаға тән дәстүрлі деп есептелетін өрнектер жоқ – мұндағы дизайнерлер мен шеберлер парсы кілемі мәдениетінің барлық мұраларын еркін пайдалана береді. Шеберлер оларға өз таңбасын қоя береді.
Түстерінің алуан түрлері, соның ішінде қызғылт, көк, піл сүйегінің белгілері, боз, тіпті ашық қызыл да пайдаланылады. Құмдардың көпшілігінің көлемі шағын, көбіне оларды дуалға ілу үшін тоқылады.
Құмның шеберлері парсы өрнектерін пайдаланады. Кілемнің тығыздығы бір шаршы метрге 500 мыңнан 1,5 млн өрнекке дейін болады.
Кілем тоқымашылығының орталығы ретінде Құм әлдеқайда жас қала. Кілемді айқынды көлемде өндіру мұнда тек 20 ғасырдың 30- жылдары ғана басталады. Ал Құм қаланың қазіргі мақтанышына айналған жібек кілемдер жасауды Құм шеберлері шамаммен 60- жылдары бастады. Ескі парсы дәстүріне кереғар дерлік жаңа кілемдердің тығыздығы да сапасы мен өрнектері де әлдеқайда жақсы.
Дегенмен өте-мөте қатал сыншылар Құмды Исфаһан, Найын немесе Кашан секілді өте нәзік кілем тоқымашылығының орталығы деп есептеуге болмайды, деп ойлайды. Мұндағы шеберлердің жұмысының нәзіктігінде дау жоқ, біріқ кейбір белгілер Құмда жоғары санатты дизайнерлер жетіспейді-сондықтан бір сурет бойынша мұнда әртүрлі көлемдегі бірнеше кілем тоқылуы мүмкін деп есептейді. Олардың түрі төртбұрышты болады да, көлемі 2х 1,5м кілемдер әлдеқайда сирек ұшырасады.
Түркімен кілемдері.
Түркімен кілемдері (кейде оларды бұхар кілемдері деп те атайды)- әлемде көп тараған қолмен тоқылатын кілем түрлерінің бірі. Қазіргі Түркімен республикасында кілем- ресми түрде бекітілген ұлттың рәміздерінің бірі болып есептеледі; кілем өрнегі елдің жалауында бейнеленген, кілем ресми түрде мемлекеттің құндылығы деп жарияланған, елде ресми түрде ұлттық «Кілем күні» аталып өтеді. Солай бола тұрса да түркімен кілемін қазіргі Түркіменстан аймағымен біржақты байланыстыру қате болар еді. Бұл кілемді жасаушы түркімендер Түркімениядан басқа Түркияда, Тәжікістанда, Өзбекстанда, Орта Азияның басқа елдерінде тұрады. Түркімен халқы Ауғаныстан мен Иранда да мол. Түркімендерде кілем тоқумен шын мәнісінде тек қана әйелдер айналысады. Түркімен тоқымашыларының кілемдері Еуропада өте ертеден-ақ белгілі болған. Сонау 14 ғасырда Марко Поло түркімендер туралы "Олар әлемдегі өте нәзік, ең әсем кілемдерді жасайды,"-деп жазған болатын.
Түркімендерді біріктіретін тілі (көптеген диалектілері бола тұрсада) мен тегі (ола ескі түрік оғыз тайпасынан келіп шыққан) дегенмен олар текеліктер, помуттар, ерсарылар, гонлендер, салырлар, сарықтар, гаудорлар және басқа да жиырмадан аса руларға бөлінеді. Бұл рулардың бәрінің де тоқымашылықта өз кілемдерінің қалыптастырған өрнектері бар. Дегенмен түркімен кілемдерінің бір ерекшелігі бар, ол көпшілік жағдайда басымдыққа ие. Бұл-гель (гүл), қайталанулар арқылы бүкіл кілемнің бетін жауып тұратын сегізқырлы медальион. Әр рудың өз гүлі бар, сол арқылы кілемдер сараланады. Оны сол кілемді жасаған рудың атымен атайды.
Дегенмен ескі түркімен кілемдері осылайша нақты сараланатын болса, соңғы жылдары айырмашылықтар анау айтқандай байқала бермейтін болды. Бір рудың гүлін басқа рулардың кілемдерінен де көруге болады. Сондай-ақ соңғы бірнеше ондаған жылдарда әртүрлі суреттері бар қолдан тоқитын түркімен кілемдерін көптеп пәкістанда да тоқитын болды.
Түркімен кілемдерінің басымдыққа ие түсі-қою қызыл. Сиректеу болса да көк түс, онан да сирек басқа түстер кездеседі. Арқауы ереже бойынша, мақтадан, түрі-жүннен дайындалады. Кілемдер түсін бояуға табиғи да, сонда-ақ сентитикалық бояулар да пайдаланады.Түркімен кілемдерінің тығыздығы әрқилы, орташа тығыздықтағы, әр шаршы метрге 100-200 өрнектен болатын, кілемдер жиі кездеседі, дегенмен әр шаршы метрге 600 және одан да көп өрнектері бар түркімен кілемдері де бар. Базарға түсетін текелік, иомудтық т.б. түркімен кілемдерінің көлемдері салыстырмалы түрде шағын келеді яғни олар 60х90 смантиметрден 1,5,х2 метрге дейінгі өлшемдерде болады. Сонымен қатар бұл елде көлемді кілемдер де аз кездеспейді.
Индия кілемдері.
Қазіргі Индия кілемді қолмен тоқитын ірі өндірістілердің қатарына жатады. Кілем риногі ашық және нақты статискалы салаға жатпайды, дегенмен, кейбір мәліметтерге қарағанда, 1998 жылы Индия шетелдерге 500 миллион долларға кілемдерді экспортқа шығарған. Көп жағдайда кілем өндірісі Индияда экспортқа бағытталған. Индиядағы кілем өндірісінің негізгі орталықтары Сринагар, Жайпур, Агра, Бадахи, Амристар, Мирзапур, Эллозм және басқалалары болып табылады.
Көптеген үнді кілемдері парсы стилінде жасалады, тіпті олар көшіріп алған стильдерін ашық жария етіп отырады. Мәселен, кілем "Индо-Исфахан" деп аталуы мүмкін, ол дегенің-Исфахан стиліндегі Индияда жасалған кілем деген сөз. Ендеше, парсы кілемдерінің көшірмелері үнді көшірмелері, пәкістандық және парсылық көшірмелері, түпнұсқаға қарағанда сапасы төмен және арзанырақ бағаланады, бұл тек қалалық кілемдерге де қатысты.
Қытай кілемдері.
Иран, Пәкістан, Индиямен қатар, Қытай да әлемдегі ірі кілем өндірушілердің қатарына жатады. Қытайдағы кілемдердің үлкен бөлігі экспорт үшін өндіріледі, ішкі тұтыну үлесі тым аз. Негізінен кілемдерді үш түрлі өндіріледі: қытайдың өз дизайын үлгілері, француз кілемдернінің көшірмелері (соның ішінде обюссон кілемдері) және парсы кілемдерінің көшірмелері арзан әрі нағыз Ираннан шығатын кілемдерге қарағанда сапасы төмен болады.
Ауғаныстан кілемдері.
Ауғаның қол кілемдерін ішкі тұтыным үшінде, экспортқа да шығарады. Бұл елдегі саяси проблемаларға байланысты, шетелдерге шығарылатын кілемдердің нақты көлемін дөп басып айту қиын, дегенмен. Иран, Индия Пәкістан, Қытай секілді ірі кілем өндіруші елдерге қарағанда анағұрлым төмен екені дау тудырмайды. Кілемдердің көпшілік бөлігі сыртқа көрші елдер, әсіресе Пәкістан арқылы шығарылады. Сондай –ақ кілемдерді Ауғаныстанда тұрып жатқан американдық әскерлер де көптеп тасып әкетіп тұрады. Кілемдер жергілікті ауғандық, сонда-ақ түркімен стилінде шығарылады, ал соңғы кездері әлемдік ринокқа қазіргі соғыс көріністерін суреттейтін кілемдер көптеп шығарыла бастады. Көбіне мұндай кілемдерді "Соғыс кілемдері", "танктер", "тікұшақтар және т.б деп атайды. Соғыс кілемдері әлемдегі әлемдік риногқа шығарылмайды. Ауғаныстанның түстік бөлігіндегі көшпенді белуждер, онан басқа, ондай кілемдер мен дәстүрлі ауған стиліндегі үлгілерді Пәкістан мен Ирандағы ауған босқындары лагерьлерінде тоқиды.
Ауғандықтар кілем бетінде шайқас суреттерін Нью-Йорктегі халықаралық сауда орталығының қасіретін бейнелейді. Алғаш қарағанда дүкен сүресінде жатқан бұл кілем кез келген қолдан тоқылған ауған кілеміндей әсер етеді. Үлкен қара құстар бірі шығысқа екіншісі батысқа ұшып бара жатқан секілді. Дегенмен жақынырақ келіп, назар тігіп қарасаң, құс дегенің құс емес, қара тікұшақтар бейнесі суреттелген. Ал кілем шетіндегі өрнектер әртүрлі артиллелиялық снарядтардан құралған. «Соғыс кілемдері» деп аталған дүниелер Ауғанстанда мұнан жиырма жылдан астам бұрын кеңес басқыншылығы кезеңде пайда болды. Бұл кезеңде Ауғанстанның күнгей аймағында көшіп жүретін белуджтер әулеті өздерінің кілемдеріне Калашников автоматын, шабуылдаушы ұшақтарды, тікұшақтарды, қол гранаталарын бейнелей бастады. Жаңа бейнелік қантар ауған кілемдерінде бірнеше терроршы топтың азаматтық әуе лайнерін басып алып, «егіз-мұнара» мен Пентагонға шабуыл жасаған 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін пайда бола бастады. Соның нәтижесінде американдық әскерлер Ауғанстанға басып кіргені белгілі. Ауғанстандағы кілем бетінде бейнеленгендердің көпшілігі телевизиялық репортаждар мазмұнына құралған. Онда Ауғанстан территориясының үстінен американдық ұшақтар мың-мыңдап шашып кететін насихаттың парақшалар қайталап отыр. Американдықтардың көзқарасынша «өте-мөте күдікті» кілемдерде ұшақтар Бүкіләлемдік сауда орталығына соғылып жатса, онда оранған «егіз мұнарадан» құлап жатқан құртағандай қара бейнелерді байқауға болады. Таңғаларлық нәрсе, ауғандықтардың бұл шығармалары Солтүстік Америкадағы табынушылар арасында үлкен беделге ие болған.
Өте-мөте көз сүйсіндіретін кілемдерді ислам сүннит бағытын ұстанатын Ауғанстанның күнгей-батыс бөлігін мекендейтін көшпенді-белуджтер тоқиды деп есептеледі. Ою-өрнектері молырақ кілемдерді ауған шекараларына жақын Пәкістан мен Иранда орналасқан босқындар лагерьлерінде дайындалады.
Шығыс кілемдерімен сауда жасауға маманданған Emmet Eiland’s Oriental Rug компаниясының иесі Эммет Эйлнд кәсіптік өндірісінің дәстүрлерін зерттеу мақсатында Түркияны, Иранды, Индияны, Пәкістандағы Кавказ бен Ауғанстанды аралап шыққан. Ол кілем ісімен 1969 жылдан бастап шұғылданып келеді, «Шығыс кілемінің өрнектері ешқашан да таза абстракция болған емес, ол өзінің күрделі заңдары мен ережелеріне бағынады. Ал соғыс кілемдерінің кісіні қызықтыратыны- тоқымашылар бейнені күнделікті өмірден алып, оны кілем бетіне көшіріп отыр.
Ауғанстанда кілемдерді әйелдердің тоқитыны белгілі. Ауған шеберлері, жаңа саяси және соғыс оқиғаларын қадағалап отырады. Америка іскерлері Ауғанстанға енгізілген соң американдық басшылықтың есептеуінше Усама бен Ладен жасырынып жүрген Тора-Бора аңғарын бомбамен атқылау кілем беттерінде көрініс берген.
Кілемнің шығармашылық тарихымен шұғылданатын ғалымдар мен кілем саудалаушылар соғыс кілемдерін келтірген жағдайдың себептері туралы бірыңғай пікірге келе алмай жүр. Біреулері бұл халық өнері адамдардың қасіреті негізінде туындады десе, басқалары кәсіпшілер оларды «саяси наразылық» ретінде емес, шетелдіктерге қымбат бағаға сату ниетінде шығарды, деп есептейді.
Әдеттегі жүн мен мақта жібі араласқан көлемі 1х1,5 метр соғыс кілемін тоқу үшін тәжірибелі шебер екі аптадан алты аптаға дейін уақыт жұмсайды. Ондай кілемдердің тығыздығы ереже бойынша, бір шаршы метрге 100 мыңнан 150 мыңға дейін құрайды.
Көптеген тәжірибелі саудагерлер соғыс кілемдерін дайындауда күннен күнге коммерция белең алып, өнердің мәні кеміп бара жатыр деп есептейді. «Бәрінен бұрын кеңес дәуіріндегі соғыс кілемдері бөтелкедегі хатқа ұқсайтын,- деп түсіндірген. Сан-Францискодағы Alexander’s Dekvora tive Rugs компаниясының иесі Ричард Хабиб,- сіз кілемге алыстағы шебердің жұмбақ жолдауына қарағандай қарайсыз да, ал жолдауды өзіңіз шешуге тиіссіз. Ал 11 қыркүйектен кейін кілемдер қарапайым да түзу сызықты болады. Шебер нені айтпақ болсада, қолмен қойғандай жеткізеді.»
Шағын ғана көлемі 1,2х1,2 м осындай кілемдердің бірінде шөл далада келе жатқан танк, әскери вездеход, олардың үстімен ұшып бара жатқан Ғ-16 истребитель- бомбалаушы мен Блэкхок тікұшақ және «Террорға қарсы соғыс», «Ауғандықтар террордан азат етілді», «Нью-Йорк өрт сөндіру департаменті», «Халықаралық сауда орталығы» деген жазулар орналасқан.
Ричард Хабиб ширек ғасырдан бері қымбат бағалы нәзік, оның ішінде антикварлық парсы және еуропалық кілемдер және беделдермен, сонымен бірге қазіргі заманғы тибет және румын өнімдерімен сауда жасайды. «11 қыркүйектен кейін соғыс кілемдеріне деген сұраныстың өскені соншалық, ауған шеберлері санды қуалап, тоқу мен бояулардың сапасын бірден төмендетіп жіберді, есесіне қандай бір « неондық» бояуларды пайдалана бастады,- дейді ол.
Тибет кілемдері.
Тибеттегі кілем тоқу дәстүрінің тарихы бірнеше жүз жылдарға созылады. Мұнда бұрынғыдай қазір де шеберлер жіп пен тоқудың дәстүрлі технологиясын пайдаланады. Қойдың жүні мүхият таралады, жуылады, сонан соң одан жіп иіріледі.Тибет қойларының жүнімен ерекшеленеді. Жіпті бояудан бұрын мал және өсімдік майларынын дайындалған бояулар қолданылатын, олар уақыт өткен сайын оңып кетпей, керісінше әрлене түсетін. Қазір жасанды бояулар қолданылатын болды. Дегенмен оларды дәстүрлі бояу түстеріне сәйкестендіруге күш салады. Кілемдерді дара және қосарлы түйін технологиясын, сондай-ақ тибеттіктердің өздеріне ғана тән ерекше тоқу тәсілдерін пайдалана отырып, қолдан жасалған тік станоктарда тоқиды. Бұл өнерге бала жастан шағын шеберханаларда жұмыс істеуден бастап баулиды. Әрбір кілем қайталанбас дүние, оның өрнектері жұмыс барысында туындайды. Тибет шеберлері геометриялық өрнектер мен гүлді бейнелерді де меңгерген. Мұнда мифалогиялық жануарлар-дракондар мен жолбарыс бейнелерін өрнектеу кең етек алған. Сондай- ақ қытай аңыздарындағы молшылықтың нышаны іспеттес жарғанат бейнесі де жиі қолданылады. Кілемде бейнеленген "Шоу" керолифтері (оның атауы бақыт сөзімен мәндес) тұрақты өмір сүрудің, пиондар мен шабдалы- гүлдену мен мәңгі жасаудың символы.
Тибетте кілемдер-үй жиһазының ажырамас бір бөлшегі болып есептелген, қазір де тұрмыс тіршіліктің сән салтанаты. Оларды тек еденге ғана төсемейді, керуетке де жабады, қабырғаға да іледі. Үйдегі құт –береке ондағы кілемдердің санымен өлшенеді. Сәнді кілем үйге көрік береді, кейбір дизайнерлер үй ішін кілемнен бастап сәндеуді ұсынады. Ол үйге оны тоқыған шебердің жүрек жылуы мен мейірімін ала келеді. Мұндай мүліктер ерекше ыждақаттылықпен дүниеге келеді, оны тоқыған адам өрнектерді тұтастай жіптермен түйіндейді, өзінің бар ынта жігерін жұмсайды. Сондықтан да қолдан тоқылған кілемдер ерекше көңіл күй сыйлайды, жан рахатына бөлейді. Олардың ғұмыры өте ұзақ. Мұндай мүліктер ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып, сән салтанатын жоймайды. Кілем үшін ең абзалы-оның тіршілік еткені. Тибет кілемдерінің тым тығыз болуы (10 м. см-ге100 түйін) умаждалып қалуына мүмкіндік бермейді, олардың түрі ерекше тығыздығымен ерекшеленеді. Мұндай заттарды нағыз өнер туындысы деуге болады, уақыт өткен сайын олардың бағасы арта түседі.
Еуропа кілемдері.
Кілем тоқуды үйрене бастаған еуропалық елдердің алғашқысы – Испания болды. 711-718 жылдары Иберия түбегінің арабтар жаулап алып, онда бірнеше мұсылман мемлекеттерін құрды, нақ сол тұста арабтар Испанияға кілем тоқу өнерін алып келді. XII жүзжылдықта Испания кілем дайындаудың маңызды еуропалық орталығы болып есептелді.
Дегенмен, қолдан тоқылған француз кілемдерінің даңқы кең тарай бастады. 1604 ж. Пьер Дюпон Парижде ескі сабын қайнататын ғимаратта Савоннери шеберханасының негізін қалады(savon французща сабын деген сөз). Бұл өндірісті құрудың бастамашысы – король Генрих IV болды. Шеберхананың дүниеге келуі мемлекеттік қажеттіліктен туындады: француз ақсүйектері парсы кілемдерін сатып алу үшін қыруар қаржы жұмсайтын. Савоннери кілемдері тек қана тапсырыс бойынша тоқылатын, олар үшін суреттерді сол заманның даңқты суретшілері дайындайтын. 1828ж. Савоннери күні бүгінге дейін жұмыс істеп келе жетқан атақты Гобелен фабрикасымен біріктірді.
Француз кілемінің тағы бір атақты түрлерінің бірі – обюссон. Бұл кілемдерді француз қаласы Обюссонда тоқи бастады да, ол 19 ғасырдың 70-жылдарына дейін жалғасты. Екі стильде (Савоннери де, Обюссон да) қазір Индияда, Қытайда, Пакистанда, Тіпті Персияның өзінде де шеберлер еменді түрде жаңғыртып, жаңартып келеді.
Ортағасырлық Еуропада кілем шіркеу мен корольдің ең қымбат бұйымы болып есептелді. Ғибадатханаларда кілемдерді қабырғаларға іліп, алтерьдің алдына ғана төсейтін. Бурбондар тұсында карольдің рұхсатынсыз ешкімнің де кілемді аяқпен басуға құқы болмады. Людовик XIII түрік сұлтанын қабылдаған кезде, қонақтың кілемді баспауын жіті бақылап отырғын. Кілемде өрнектелген мемлекет рәміздері корольдің ұлықтығын куәландыратын болған. Заман өткен сайын олар алмасып отырды да, "ескіргендер" жойылып жіберлді. 1065 ж. Луверде алғашқы кілем шеберханасы ашылды. Киелі кітаптарда безендіруші Льер Дюпон тек қана кароль үшін " түрік мәнеріндегі" кілемдер дайындауды бастады. Тек Людовик XIII үшін тоқсан екі кілем дайындалғаны белгілі. Бурбондар әулеті тақтан тайғанны белгілі. Бурбондар әулеті тақтан тайған соң ғана қатардағы аддамдардың кілемге қолы жетті. 1839ж кілемдіі сатноктарда тоқи бастады, бұл оның сапасын нашарлатып, құнсыздануына әкеп соқты. Қолмен тоқылған кілемдер жәдігер жинаушылардың мүлікіне айналып, бағасы асқақтап шыға келді.Қолдан тоқылған кілемдерге сұраныстың артуы тіпті насырғы шапты- кілемдерді сату үшін және қисапсыз мол тоқылатын болды, ал жәдігер жинаушылар тек қана ескілерін іздейтін. Сөйтіп, XIX ғасырдың басында сауда орындарында ескі шығыс кілемдерінің жасанды нұсқалары қаптап кетті. Алаяқ алып сатушылар жаңа кілемдерді ескіртудің небір құйтырқы әдіс-айлаларын ойлап тапты, бояуды сірке қышқылымен әрлеп, кілем бетіне небір әсері күштісұйықтар шашты, күйдірді, тіпті аз- кем уақыт жерге көміп те тастайтын болды, Мұның бәрі- қалайда оны қымбат бағаға сатудың амалы болды. Өйткені ол қаншалықты ескі болса, бағасы да соншалықты жоғары болатын.
Лондандағы Кристи аукционында XVI ғасырдағы (Сефевидтер билігінің тұсында тоқылған кілем 2,5 млн долларға сатылды. Қазірігі кезге дейін ол дәуірде тоқылған кілемдердің бірен-сараны ғана жеткен-ді. Сол дәуірде тоқылған жібек кілемді жаңа иесі.1,4 млн долларға сатып алды. Еуропа кілемдері шығыс кілемдеріне қарағанда әлдеқайда арзан, дегенмен олар да жерде жатқан жоқ, мәселен 1600 жылы тоқылған ағылшынның жібек кілемі 680 мың долларға сатылды.
Шығыс және батыс мәдиниетіндегі кілем жанұя жылуы тұрақтылығының символы, отбасы құндылығы, сонымен қатар оның иесінің құт-берекесінің көрсеткіші. Шын мәнісінде, кілем-"өмірлікке сатып алынатын құндылықтардың бірі боп саналады. Кілемнің көптеген керемет қасиеттері бар: ол үй ішіндегі жалықтырып жіберетін авуалды реттейді, бос тұрған бөлмеге әр береді, ерекше сән салтанат береді.
Гобелен (шпалер) тарихы.
Тарихшылар Рекс тәсілімен іліп тоқу өнері сонау Жаңа патшалық дәуірінен бері белгілі болған деп дәлелдейді. Каирдегі мұражайда лотос пен скарабейді бейнелейтін түрлі түсті өрнектерден тоқылған шүберек сақтаулы. Ол Тутмос ІV-тің қабірінен табылған, біздің дәуірімізге дейінгі 1400 жыл деп есептеледі. Шпалерлік тоқымашылықтың кейбір тәсілдері Калумбқа дейінгі Америкадада белгілі болған. Азияда шпалерлік тоқымашылықпен ұқсас техникамен сымбат шеберлері жұмыс істеген. Суч Фрузинің (Х-ХІІІ ғ.) және одан кейінгі кезеңдердің (ХVІІІ ғ. дейінгі) шеберлердің жұмыстары баршаға мәлім. Жапондар ІІІ ғ. басында-ақ Қытай жібегімен таныс болған, Батыс Еуропаға көркем тоқымашылық мұсылман Шығысымен Мавритандық Испания арқылы келді. Қазіргі күндерге дейін сақталған шпалерлердің ең көнесі деп ХІ ғ. Рейн шеберлері тоқығандардығы айтылады. Фрескалар секілді, алғашқы шпалерлер шіркейдің (кейде арнайы епискоатың) тапсырысымен тарихи және библиялық тақырыптарға жасалды.
XVII ғасырдың аяғынан бастап шпалер тұрмыстық сән салтанатқа енді, мерекелер кезінде терезелер мен үй қабылғаларын, балкондарды әсемдеудің айнымас бір бөлшегі болып есептелінеді. Шпалерлік тоқымашылық көркемдік кәсіптің бір маңызды бір саласына айналды. Жеке шеберханалар ғана емес, ірі мануфактуралар құрыла бастады. Әр түрлі кезеңдерде шпалерлік тоқымашылықтың көптеген орталықтары біріншілік бәсекесінде бақ сынап отырды.
XVII ғасырда алдымен, Париж, соңынан Аррас, XVғасырда- Аррас пен Турке, сонан соң Луарар өзені бойындағы қалалар, XVI ғасырға – Брюссель, Фландрияда Антверпен мен Ауденарде, Италияда – Феррара мен Флоренция кілем өнерінен көш бастады. XVII-XVIII ғасырларда Париж бен Боведегі корольдік мануфактураның бағы жанды. XVIII ғасырдың соңына дейін еуропалық мануфактуралардың арасындағы үздіктері фламалдық және француздың мануфактуралары болып қалды. Әрбір орталық тоқымашылықтың белгілі бір техникасына маманданды. Фламалдық тоқымашылықтың озық үлгісі- «Давид пен Варсавия» шпалері фламалдық тоқымашылық өнер шпалерге картондар, дайындаған Рубекс пен Нордакстың есімдерімен тығыз байланысты. Францияда Шарл Леберннің, Жэб Колбердің Франея Бушенің стильдері үстем болды. Обс мануфактурасының шпалерлері ерекше табысты болды.
Француздармен қатар Еуропаның басқа елдерінде де бірқатар шпалерлік мануфактуралар болды. Англияның Мортлейк қаласында 1610 жылы Фландриядан шақырылған тоқымашылар істеген корольдік мануфактура құрылды. Бұл жерде ұлы Рубенстің, Рафаэльдің картондары, Ван Диктің эскиздері бойынша шпалерлер орындалды. Испанияның Мадридінде XVIII ғасырға картондар үшін эскиздерін Франциско Гойя дайындағандықтан даңқы аспандаған корольдік шпалер мануфактурасының негізі қаланды.
Дәстүрлі батыс еуропалық шпалер дегеніміз- түксіз, ою-өрнектері ғана әдіптелген оюларын бірін-бірі қайталамайтын кілем. Ол қарапайым тәсілмен жіптерін айқыш-ұйқыш алмастырулар арқылы тоқылады.
Егер XII-XIII ғасырларда Еуропада мүлікті басынан аяғына дейін бір немесе бірнеше шеберлер жасап, олардың әрқайсы өзінше айшықтауға тырысса, XVII ғасырдан бастап жағдай өзгере бастады. Тапсырыс берушінің тарапынан, олардың алғашқысы корольдің өзі болатын, жасалынатын жіті бақылаулар жұмыс орнындағы еңбек бөлінісін қатаң түрде реттеп отырды. Суретші-автор болашақ шпалердің картондық нұсқасын жасаса, маман-картоншы оны шығарманың көлеміндей етіп картонға көшірді, ал тоқымашы-шебер картонды тексьтилдік материалға көшірді. Шебер нені өрнектейді: сабағынан үзіліп түскен гүл ме, әлде ұшып бара жатқан көбелек пе, ақжал толқын ба, әлде суға түскен солған жапырақ па? Гобелен бөлмеде кешкі орманның қараңғылығын немесе су бетіндегі толқыған толқынның жеңіл дірілін бейнелей алады. Ондай жүрек қылын шертер нәзіктікті дуалға іліп қойған ешқандай сурет не дүкеннен сатып әкелген кілемше де бейнелей алмйды.
Гобелен өзіндік ерекшелігі бар дара зат. Оны тоқыған шебер оған өзінің дүние танымын қалдырады, әрбір жіп оның қиялына бағынады. Гобеленді бағалау үшін оны көріп қана қоймай, қолмен ұстап, түйсіну қажет.
Гобелен – көп еңбекті қажет ететін өнер, бірақ оны дайындауға бірнеше жылдар кетеді дегенге сенбеу керек. Алайда, нәзік түйіндері бар көлемді дүние жасау үшін айлар емес, жылдар сарп болатыны рас, мәселен ХV-XVI ғасырларда сондай дүниелер жасалған. А4 көлемдегі (210*225 мм) қарапайым гобелен тоқу үшін (күніне неше сағат жұмыс істеу, мүліктің тығыздығына қарай) шебер 1 күннен 4 күнге дейін еңбектенуі мүмкін.
Гобелендер (шпалер) дайындау өнерінің тарихы есте жоқ ескі заманға кетеді. Алғашқы шпалердің қашан және қай жерде жасалғаны жөнінде нақты мәлімет жоқ, дегенмен оны тоқу принципі ежелгі Египетте белгілі болған. Біздің заманымызға дейін сақталып келген ежелгі шпалерлер - ежелгі дәуір мен орта ғасырларды жалғастыратын копт маталары болып табылады (кілемдер, ІІІ-ХІІ ғ. египеттік мүрделерден табылған жиһаздардың өрнектері мен әріптері). Копт тоқымашылары күні бүгінге дейін пайдаланылып жүрген кейбір тәсілдерді енгізе отырып, шпалер техникасын дамытқан.
Еуропадағы ең ескі шпалерлер немістердікі болды. Оларды монастырлар мен шағын шеберханаларда тоқыған. Суық тас дуалдардың ішінде панно бөлмені әрлендіріп қана қоймай, жылудың сақталуына да септігін тигізген. Ғасырлар өткен сайын гобелен техникасы да өзгерді. Арқау жіптері мен оларды түгелдей көмкеріп тұрған суреттің алуан түрлі жіптерінен тұратын шпалер тоқу үшін биік және аласа станоктар дайындалады. Бұл екі техниканың арасындағы айырмашылық негізінен аласа станоктегі көлбеу және биік станоктағы тігінен жайғасатын арқау жібіне байланысты. Бұл станоктардың ерекше құрылысына байланысты, әрі жұмыс кезіндегі қимыл-қозғалыс сипаттамасын шалып етеді. Дегенмен екі дағдайда да тоқымашылар матадағы суретті бейнелеу үшін біркелкі құралдарды пайдаланады.
Картон немесе «көлемді шаблон» ортағасырлық терминология бойынша, кәдімгі көлемдегі Гобеленнің нұсқасы болып табылады. Ол кез келген гобелен үшін бастау нүктесі есепті.
Картондардың төмендегі түрлерін атауға болады.
-
Кітап мениатюрасы үлгісінде жасалған картон;
-
Сурет;
-
Монументтік көркемсурет туындысы;
-
Картина
-
Суретшінің өзі дайындаған шынайы картон;
Рафаэльдің «Апостолдың әрекеттерінен» бастап шпалерлер көркемсуретке тікелей бағынышты болды суретті өмірде бар өнер туындысына жақындатылған «шағын шаблон» бойынша орындалған нұсқалар жасады. (мәселен, Лебрен гобелендер мануфактурасы үшін осылай жұмыс істеді).
Сондай-ақ, қытай шперлері үшін Дюмон дайындаған картондар бойынша Везансондағы нәзік өнер музейіндегі Бушенің нұсқаларын ашуға болады.
ХV ғасырда тоқымашы, өсімдік және мал майларынан дайындалған ашық бояуларды қолдана отырып, гобеленнің түсін анықтаған. ХІV ғасырдағы шпалер өнері. Мұрағат материалдарының жоқ болуы себепті қандай да бір өнер туындысының шығу тегін қашан да анықтау мүмкін болмағанмен, шпалер өнерінің айтарлықтай биікке көтерілуі ХІV ғасырдың екінші жартысында Париж бен Арраста сонан соң Турке мен Брюссельде болды деуге негіз бар.
Геометриялық суреттер, геральдикалық әуендер немесе жапырақ өрнектері бейнеленген шпалерді тарихи тақырыптарға жасалған шпалер алмастырды. Мұның айқын мысалы – шамамен 1330 жылы жасалған “Condottiere” гобелені болып табылады. Паккода Мокшемасы және Сазафорте қорғандары жеңіске жеткен капитан Гундо Ричио де Фоглиано бейнеленген. ХІV ғ. бастап Аррастың даңқы аспандағаны соншалақ, екі ғасыр өткен соң Аррас «сукносы» тіркесі шпалердің баламасы ретінде қолданылатын болды. Шын мәнінде Париж мектебінің беделі бәсеңдегендіктен Аррас ХV ғасырға дейін шпалер өндірісінде зор басымдыққа ие болды.
Кейде Аррис шпалерін Турис шпалерінен айыру қиын, ал тақырыптар мен бейнелердің сол дәуір үшін көл-көсір молдығы оның алдындағы жүзжылдықтан айтарлықтай ерекшелігін көрсетеді.
XV ғасырда шпалердің сан-алуан түрлері Брюссел шеберханаларында жасалды. Әртүрлі орталықтарда жасалынып, «мың-сан гүлдер» тобына жататын шпалер тобының арасында авторлығы жуырда Вилькон шәкірттерінің біріне телінген. Париждегі Клуки мұражайында тұрған «Жалғыз мүйіздінің жанындағы ханша», сондай-ақ Нью-Иорктегі Клуанзга мұражайында сақталған «Жалғыз мүйіздіні аулау» картонының да авторы сол Вилькон шәкірттерінің бірі болып саналады. XV ғасырдың соңғы ширегінде брюссельдік тоқымашылар өзінің нәзіктігі мен шынайылығы жағынан ерекшеленетін Сане шіркеуіндегі «Үш таң мұрагері» шпалерін дүниеге келтірді. Онда шпалер өнері көркемсуретке тәуелді екендігі, айқын көрінді.
XVI ғасырдағы шпалер өнері. Шпалерді ерекше құмарлықпен жинайтын Франциск І Брюссельде бірқатар шығармалар сатып алды. Кейінірек 1540 жылдың шамасында король Париж тоқымашыларын Франциск І-дің галереясына арнап шпалерлер жасау үшін Фонтенблоға ауыстырды Бұл шығармалар Вена, өнер тарихы мұражайында сақталған. Бұл кездегі шеберханалар қанатын кеңге жайды. Олар 1534 жылдың басында Росео мен Приматиччо әсемдік галереясын толық қалпына келтіруді қалаған корольдің бұйрығы бойынша дүниеге келген еді.
Приматиччо суреттері Жан Кузенді шпалер жасауға қанаттандырды, ол үшін 1544 жылы картондар әзірледі. Шпалерлерді екі париждік тоқымашы Кіші Пыр Бласс пен Жак Ланчира жасағанды. Арада көп уақыт өтпей, 1551 жылы Генрих ІІ Париждің Сен-дени көшесіндегі Ла Тиките госпиталында шеберхана ашады. «Диана тарихы» шпалері сол шеберхананікі деп жүрді. Бұлар Ане қорғаны, Руан, ежелгі бұйымдар мұражайы, Нью-Иорк, Метрополитен мұражайында сақталған. Олар Ане қорғаны үшін Лука Пеннидің картондары бойынша жасалған болатын.
Алайда қазіргі кезде бұл шеберханаға Леримбердің (Париж) картондары бойынша жасалған «Христтің өмірінің екі фрагментін», «Әулие Петрдің басы» (Париж, Клуни мұражайы) және «Христің басы» (Париж, Гобелендер мұражайы) шығармаларын нық сеніммен осы шеберқанаға жатқызуға болады.
Жак Андруэ Дюсересоның «Гратесктері кітабының» әсерімен (1566) Ла Тринитеде жасалған «Флора» арабескілерінің фрагменттері бай-бағландардың тапсырысы бойынша жасалды. Бұлар шпалер өнеріне тағы жаңашылдық әкелді. Мәселен “Depart d chasse” , “Pastorale”, “Fate Prudentia Minor” (1530), “Royal arms of England” (1539) шығармалары негізінен әдеби кітаптардың мазмұндық желісі бойынша шпалерлер шеберханаларында жасалды. Париждегі шпалерлер шеберханаларын ұйымдастыруда Генрих ІV-ің еңбегі ерекше болды. 1597 жылы Сент-Антуан көшесіндегі кезуиттер үйінде шеберхананың негізгі қаланды. Жирар Лоран жетекшілік еткен шеберхана, оған Ла Тринитеден ауысып келген Морис Дюбо қосылып, шамалыдан соң Луврдағы галереяға көшірілді. Бұл шеберхананың алғашқы туындыларының бірі «Диананың тарихы» болды.
XVІI ғасырдағы шпалер өнері. Бірін бірі қайталай беретін сюжеттерді жаңарту мақсатымен Людовик ХІІІ 1622 жылы Рубенске «Константин тарихын» жазуды тапсырды. Шпалердің алғашқы данасын (Филодельфия, өнер мұражайы) 1625 жылы Король Кардинал Барберинге сыйлады. Ол өз кезегінде француз тоқымашысы Жак де Ла Ривьерге Пьетро да картона Пуссен («Сципионның тарихы») мен Романеллидің («Христің өмірі мен өлімі») эскиздері бойынша жұмыс істейтін римдік шеберханаларды басқаруды тапсырды.
Шпалер тарихындағы маңызды дата болып корольдің бұйрығымен Наспональ Симон Вуэге оралған 1627 жыл болып есептеледі. Вуэ гобелендер мануфактурасындағы шпалерді өзінің суреттері мен картондары бойынша дайындалатын нағыз шеберхананы осы жылы құрды.
Париж шеберханаларының өнімдері өте белгілі әрі сапасы жоғары болды. Париждегі әртурлі шеберханаларында алғаш рет Франциск І үшін Брюссельде жасалған. “Ncuxes” (Париж, Мобилье Наспональ) шпалерлері дайындалды. 1662жылы Кольбер Париждегі бытыраңқы шеберханаларды «Гобелендер мануфактурасына» біріктіруге шешім қабылдады. Оның мақсаты-көрші елдерде шығатын өнімдерге бәсекелестікке қабілетті көркем туындылар жасау болды. Сөйтіп, бұл үнемді кәсіпорын Франч қиалдағы шпалерлер өнерін жаңартып, жаңғыртудың басы болды. Париждегі корольдік Гобелендер мануфактурасы («Gobelins») ХVІІ-ХVІІІ ғасырда сәндік өнерді дамытуда ерекше рөл атқарды, ал ол француз көркемөнерінің тарихымен тығыз байланысты болды.
ХVІІІ ғасырдағы шпалер өнері. Бовдағы мануфактура бүкіл Еуропаға әйгілі бола бастады. 1664 жылы негізі қаланған мануфактураның гүлденуі оны 1684 жылы басқарған Ф.Беагльдің атымен байланысты. ХVІІІ ғасырдың басында мұнда Удри мен Франсуа Буше, ал жүзжылдықтың екінші жартысында Лекренс Казанова жұмыс істеді. Осы кезеңде Франсуа Бушенің «Le Nid» («Ұя»), «Le Galant Berger» («Бейғам бақташы») картондары бойынша гобелендер жасалғанды, олар қазір Париждегі Луврде сақтаулы тұр.
ХVІІІ ғырда Испанияда негізін Филипп V Бурдок қалаған Санто-Барбараның мануфактурасы жұмыс істеді. Оның алғашқы жұмыстарының қатарында корольдің тапсырысымен жасаған шпалерлерді атауға болады. Бұл суретшілер дүниеден өткен соң, ХVІІІ ғасырдың ортасына дейін созылған манфактураның құлдырау кезеңі басталды.
Санта-Барбараның шеберханалары онда суреттіші болып жұмыс істеген ХVІІІ ғ. соңғы ширегінде даңққа бөленді. 1774 жылдан 1791 жылға дейін ол корольдің сарайын безендіруге арналған шпалерлерге негіз болған 45 тамаша картонға жазған еді. Бұл картиналарда Мадрид өмірінің көріністері бейнеленген болатын. 1716 жылы Петр І-нің шақыруымен Санкт-Петербургке гобелендер тоқитын француз шеберлері келді, олар Ресейде гобелендер ательесінің негізін қалады.
ХІХ ғасырда ірі шеберханалар тек Францияға ғана қалды. Сонда да болса, гобелен тарихындағы бірінеше оқиғаларды атап өтуге болады.
Мәселен, Англияда 1861 жылы Уильям Моррис негізін қалаған мануфактура 1640 жылға дейін жұмыс істеді. Моррис пен көшіруші-суретшілер, атап айтқанда, Эдвард Берн-Джош шпалерді көркемсуретке бағынышты болудан құтқаруға күш салды. Олардың идеялары Еуропаның кейбір елдерінде гобеленнің дамуына айтарлықтай әсер етті. Мәселен Норвегияда 1890 жылдан бастап өсімдік бояуларына қатты оралған Фруд Хансен және Геранд Мукте секілді суретшілердің эскиздері бойынша шпалерлер жасала бастады.Олар іліде жасалып келеді. Бұл кезеңде «Flora» (1885), «Tree of Life», «Fox and Pheasants» (1888) секілді шығармалар дүниеге келді.
ХХ ғасыр – бұл ежелгі сәндік-қолданбалы өнердің жаңадан өркендеу ғасыры болды. Гобелендер үшін Фернин Леше, сальвадор Дали, Вокимит Кандинский секілді суретшілер картондар жасады.
Франция табиғи бояуларды қолданатын Аристид мамольдан кейін абюсеондалы ұлттың сән өнері мектебінің директоры Мариус Мартен болды. Ол бояу түрлеріне шектеу жасап, сәндік стильге қайта оралуды өндіріс пен шығармашылыққа енгізуге күш салды. Алайда шпалер өнерінің қайта өркендеуі атақты француз суретшісі және сәндік өнердің шебері Жак Люрстің атымен тығыз байланысты.
Люрстің Абюссондағы шеберлермен танысуы ерекше рөл артқарды. Бір кезде Кольбердің қолдауымен «Абюссондағы корольдік мануфактуралар» деген атқа ие болған жеке шеберханалар көпке дейін сапалы және негізгі картондарға мұқтаждық көрумен болды.
Мари Куштолидің бастамашылығымен Абюссонның шеберханалары Жорш Руаның «Зұлымдық гүлдері» (1928) картоны бойынша, онан соң белгілі суретшілер Лете, Матиес, Пикассо, Дюфидің қартондары бойынша шпалерлер жасады. Сол кезде 1932 жылы Абюссонға «Найзағай» атты эскизін ұсынған Жак Люрсқа өтініш жасады. Бұл суретшілердің шеберлерге картондарын ұсыну тәжірибесі шпалерге деген қызығушылықты арттырды. 1936 жылы ұлттық мануфактуралар Люрсқа жаңа жұмыстарға тапсырыс берді.
Қазіргі заманғы шпалердің орта ғасырлардағыдай көркемсурет алдындағы тәуелсіздігін мойындай отырып, Люрс шпалерді монументтік өнер деп есептеді. Бұл пікірді «Жүк қабырға» туралы көп айтатын Ле Карбюзье де қолдады. Оның атақты шығармалары арасынан Ассидегі капелла үшін дайындалған Акжер, шпалерлер мұражайына қойылған «Апокалипсис» және «Бейбітшілік әнін» айрықша атауға болады
Люрстен соң шпалер өнерін дамытуға суретшілердің бүтін бір ұрпағы: Громер, Пинор, өз үлестернін қосты. 1946 жылы Боведегі мануфактура үшін Матисс (Париж, Мобилье Насьопаль орналасқан ) «Полинезия» картонын жасады.
Сонан бері бұл салада Пикассо, Брак, Шагал секілді суретшілер, сәулетшілер еңбек ауқымды еңбек етті.
Люрстің арқасында 1960 жылы Лезаннада халықаралық шпелерлер көрмесі ұйымдастырылды, ол іс жүзіндегі барлық ізденістерді айғақтап, шпалер мен көркемсурет арасындағы өзара байланысты анықтауға мүмкіндік берді.
ХХІ ғасырдағы шпалер өнері. Әлемге кең таралған Hitech стилі гобелен тарихын жалғастырды. Қазіргі заманғы суретшілер кез келген интерьерге оңай бейімделе кететін бейтарап бейнелеулер жасауға бейімделіп жүр. Қазіргі гобелендердің көркемдік құндылығы ежелғі шпалерлер көшірмесімен салыстыруға келмейтін болса да, алдынғы өнер дәстүрімен безендірілген ғимараттарда тоқыма өнерінің алақандай дағы тұрғанының өзін көңілге демеу деуге болады.
Гобелен өнерінің шығу тарихы.
Өнердің қазіргі дәуірінде көркем тоқымашылықты айшықтау үшін қазіргі орыс тілінде бір-бірімен терезесі тең екі термин қолданылады: «шпалер» (немістің “spalier” дегенінен) және гобелен». Әдепкіде гобелен деп XVII ғасырда пайда болған Париждегі Гобелендер (les gobeliens) мануфактурасының жасаған бұйымдарының атымен атай бастады. Орыс тіліне бұл терминдердің екеуі де XVIII ғасырда енді. Атап айтқанда, бұл жерде 1717жылы негізі қаланған Петербург шпалер шеберханасы үлкен рөл атқарды. Халық арасында іс жүзінде «гобелен» термині кең тарады да, ғылыми ортада, мұражай коллекциясы жазбаларында, мемлекеттік басылымдарда, баспа беттрінде «шпалер» термині қолданылды.
Суретшілер гобеленнің бәрінен бұрын символикалық тәсілмен алуан түрлі идеяларды бейнелей алатын ежелгі өнер екеніне сенімді түрде қарайды.
Гобелен өнерінің шығу тарихы ХY ғасырдан басталады. Кілем тоқу өнері ежелгі египеттіктерде, гректерде, парсыларда, скифтерде дамыған. Орта ғасырда, серілердің қорғаныстарының қабырғаларын безендірген, тоқыма шпалера өнері кеңінен тараған. Атап айтқанда, бұл өнер Франция, Италия, Испания, Германия елдерінде жақсы дамыған. Кейінірек ол Прибалтика, Кавказ және Ресей елдерінде де кең өріс тапты. Мұнда гобелен тоқуда негізінен кендір жіп, теңіз шөптері және жүннен иірілген жіп пайдаланды. Прибалтика елдері гобелен тоқуда композициялық суретті толқын тәрізді бедерлесе ал Кавказ гобелен тоқымашылары өз шығармаларында тарихи оқиғаларды, эпостарды бейнелеуге тырысты. Ресей суретшілері гобеленді тықыр кілем үлгісімен тоқып, оны сюжеттік суреттермен бейнеледі.
Гобелен өнерінің отаны Франция болып есептейді. «Гобелен» (тұс кілем) сөзі (фр. тілінен «gobolin») – қолдан жасалған жоғары көркем сапалы, тоқымалы кілем – сурет (шпалера) Парижде гобелен мануфактурасында жасалған (1662 жылы құрылған) және қабырғаны әшекейлеу, безендіру үшін тоқылған. Гобелендер отбасының фамилиясынан шығып, кейін фабриканың аты осылай аталып, онан соң сол фабрика орналасқан жердің аты солай аталып, содан соң шығаратын өнімдердің аты болып танылды.
ХVII ғасырда Людовик ХIV гобелендердің тоқыма және бояу шеберханасын сатып алып, оның негізінде «Корольдық Гобелен мануфактурасын» құрды. Даңқты Париж гобелендері жібек және жүн жіптерден, көбіне ірі суретшілердің суреттері бойынша тоқылған.Кең мағынада гобелен деп қандай да болса күрделі тоқылған, (кілемдер) көбіне бейнелеуші суреті бар және жоғары көркем сапалы кілемді айта береді.
Өткен ғасырдың орталарында атақты суретші Жак Люрс және оның серіктері, пікірлестері Жан Пикара Леду мен Марк Сен-Чансаның күш салуы арқылы, бұл өнер қайта жандандырылды. Гобелен техникасы ғасырлар бойы өзгеріске ұшырады. Қазірде Францияда ХVІІ ғасырдағыдай гобелендер жасалады, олар арқау жіптерінің жұқа өрілуімен, жібек немесе жүн жіптерден тоқылуымен ерекшеленеді.
Гобелен тоқуда сюжеттік суреттер салу жолдары іздестіріледі. Көркем композициялық туындының алғашқы үлгісі тақырыптың мазмұнына сәйкес болу керек. Гобелен тоқуда қойылатын талаптар төмендегідей: композициялық құрылымды анықтау; жобалық суреттің нақты шешімін табу; бояу үндестігін үйлестіру.
Ресейдегі гобелендер.
Ресейде гобелен алғаш рет VII ғасырда пайда болды. Сол кездегі монарх Алексей Михайл- ұлына сурет-кілемді француз елшісі сыйлады. Дегенмен нағыз гобелендік өндіріс Петр I-дің жарлығымен тек XVIII ғасырдың басында ғана жолға қойылды. Нақ сол кезде Петербургте Париж шеберлері өндірісін жолға қойған шпалер мануфактурасы жұмыс істей бастады.
Орыс гобеленінің фрескадан келіп шыққанын ескеру қажет. Дәстүрлі халықтық тоқымашылық басым Латвия текстилінен оның айырмашылығы да осында. Патша сарайларын әшекей үшін Петербургтегі шпалерлік мануфактура көптеген сән-салтанаты мол сюжетті композицияларды дүниеге алып келді. Петербург мануфактурасы Портрет секілді сирек жанрға ерекше көңіл аударды. Тарихи міліметтерге қарағанда тапсырыспен Петр I-дің, Элизаветаның, Екатерина II-нің, т.б. көптеген ақсүйектердің портреттері тоқылғаны белгілі.
Қазақ гобелен өнері.
Гобелен негізінен көркем шығармашылық туынды болып табылады. Сондықтан гобелен өнерінің сәндік қолданбалы өнерде алатын орыны ерекше. Гобелен өнерінің қазақ қол өнеріне қадам басуы, қарқындап дамуы 1970-жылдан басталады. Осы жылдары біздің елімізде тақырыптық терең философиялық мазмұндағы көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты.
Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан Қазақстан суретшілері арасында Қ.Тыныбеков, Б.¤тепов, Е.Айтбаев, Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә.Бапанов, С.Бапанова, Л.А.Анисимова, К.Жұбаниязова, С.Г.Иляева, А.Иханова, Е.П.Николаева, Н.И.Павленко, Ш.Қожаханов т.б суретшілерді құрыметпен атауға болады.
Қ.Тыныбеков шығармашылығының дамуы тікелей гобелен тоқу өнерімен байланысты. Оның творчестволық ізденісіндегі басты жетістігі класикалық гобелен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүрімен сабақтастыруы болып табылады. Ең алғашқы орындалған гобелендері “Шопан”, (1970ж.), “Отбасы”(1973ж.), “Көктем” (1974ж.), “Таумен дала” (1975ж.) шығармалары осы бағытта орындалған шығармалар.. Осы туындылар қазақ гобелен өнеріндегі композициялық құрылымы күрделі, бояу үндестігі басым туындылар болып табылады. Сондай-ақ “¤мір ағашы” (1976ж.), “Байқоңыр ырғақтары”(1977ж.), “Аққу әні” (1980ж) секілді гобелендері де өздерінің терең философиялық мазмұнымен, ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Олардың композициялық құрылымдарында фольклорлық сарын басым.
Б.Зәуірбекова ең алғашқы туындыларында сәндік ұлттық ою-өрнектерді сюжеттік көрініске ұластыруымен көзге түссе, кейіннен тақырыптық дүниелер жасауға бел байлады. Б.Зәуірбекованың гобелендері нәзік бояулармен дараланады. Оның “Керуен” (1979ж.), “Дала аруы” (1979ж.), “Жер ана”(1984ж) атты шығармалары сиқырлы әуеге толы. Ал “Қ” атты көркем туындысы көп тұлғалы композиция болып табылады. Мұндағы Қазақстанның байтақ даласының көріністері ою-өрнек, бояу үндестігінің табиғи шешімдері арқылы табылған. Композициялық құрылымы тік бағытқа өрістеген күрделі үш бөліктен тұрады.
Суретші И.Яреманың да Қазақстан өнеріне қосқан гобелендік көркем шығармалары мол. Оның “Маңғыстау” (1974ж) атты гобеленінде осы өңіріндегі өндіріс, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілік тынысы, экономикалық жағдайы, фабрика, зауыт, электр энергия, мұнай-газ өңдеу мекемелерінің көріністері жан-жақты шығармашылық сипат табады. әр алуан пішіндегі ою-өрнектер симметриялық үйлесім тауып, көз алдымызға динамикалық қозғалысты алып келеді. Нәзік үндескен бояу айшықтары сыршыл сезімдерге жетелейді.
Қазақ қолөнеріндегі тоқымашылықты дамытуда Сәуле және Әлібай Бапановтардың қолтаңбасы да айрықша. Ерлі-зайыпты суретшілердің “ұлы бәйтерек”, “Кеңістік”, “Аймақ”, “Саяхаттау” атты гобелендері композициялық құрылымы, ұлттық тақырыптағы мазмұнға сай орындалу шеберлегімен шетелге танылды. Әсіресе “Саяхаттау” атты гобелендік шығармасы ұлтымызға тән өміршең көркем туынды болып табылады. Гобеленнің композициялық құрылымындағы желілік суретті шешімдер қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, өмір салты салт-дәстүрінен сыр шертеді. ұлы Жібек жолының көш көлігі болған төрт түлік малдың төресі түйе шығармаға басты кейіпкер ретінде алынған.
Қазақ гобелен шеберлерінің образды – тақырыптық мазмұн негізінде фольклор және халық өнері, қазіргі өмірден мотивтер алынған. Профессионал суретші – гобеленшілер халық дәстүрлерін қолдана отырып, яғни өмір құбылыстарын дербес өз бетінше түсіндіруге тырысады.
Суретшілер үлкен фигуралы тақырыпты композициялар мен қатар, кішігірім гобелен – миниатюраларда жасайды, өз шығармаларына таза декоративті, немесе жанрлық сипаттама береді. Қазіргі кезеңде Қазақстанның қолданбалы өнері, жаңа форма түсінігімен, орындалуының жаңа техникаларымен байи түсіп дәстүрлі емес материалдарды қолдана отырып, өз дамуын жалғастыруда. Қазіргі кездегі гобелен кілемнің негізгі ерекшелік белгісі – тоқыма материалының эстетикалық белсенді ролі, тоқымалық техникалардың әр алуандылығы. Соңғы жылдардың іздеушілігі, жаңа дәстүрлі емес формалар, орындау техникасының алуан түрлілігі орындаудың техникалық амал тәсілдері, материал түсінігінің өзі де өзгерген жаңа құрылым мен фактураны іздеушілік, синтетикалық шикі затты, бау, теріні, қойдың биязы жүнін, аттың қылын, металл жібін қолдануға алып келді.
Гобелен өнерінің шығармалары екі топқа бөлінеді: монументальды – декоративтік гобелен, функциональды жүктелген, нақты архитектуралық ситуациямен байланысты және гобелен – сурет, станокты өнерге жататын, кескіндеме өнерімен ортақтық тенденция және бағыттары бар. Тоқымалы қабырғалы суретте фигуративті емес абстракты өнерді кездесеміз және постмодернизмге тән ностальгиялық характері бар сюжетті – тақырыптық бейнелеу бағыт түрінде, көптеген жұмыстарда сюрреализмнің белгілері де байқалады.
Станокты тоқыманың мақсаты болып декоративті, сәндік заттар жасау емес, сезім, ақыл арқылы қабылданатын, бейнелеу, графика, мүсін өнері секілді, жұмыстар орындау. Бірінші сатысы қабырға жазықтығынан кетіп, кеңістікке орналасқан еді. Кеңістікке шығуы көптеген мүмкіншілік туғызған, дәл солар тоқыманың ары қарай дамуын анықтап тұр.
Гобелен тоқу технологиясы.
Тоқылатын кілем үшін техникалық сурет және шаблон дайындау қажет. Кілемдегі суреттерді орындаудың негізгі екі әдісі бар. Есептік және қалып. Техникалық сурет ұсақ квадратты немесе ұзынша келген ұяшықтардан тұратын арнайы қағазға сызылады, сонымен бірге онда ыңғайлы болу үшін қалың сызықпен үлкендеу квадратты ұяшықтар мен төртбұрыштар белгіленген. Ұсақ ұяшықтардың ені мен ұзындығы 1,5 мм кем емес және 3 мм-ден артық болмау керек. Үлкен ұяшықтар ені мен ұзындығына қарай 8-10 ұсақ ұяшықтардан тұрады, яғни әрбір үлкен ұяшықтар 8х8 немесе10х10 бөлшек ұяшықтардан құралған. Қағаздың бұлай бөлінуі, қағаз бетінде суретті дұрыс орындауға және тоқығанда суретті кілемге тез теруге көмектеседі. Алдын-ала дайындалған эскиз кілемдегі бояу техникалық сурет бойынша орындалады. Қағаздағы әрбір ұсақ ұяшықтағы боялған түсіне қарай киіздің түйіні бір-біріне сәйкесіп тұрады. Екі жақты тақыр кілем үшін сандық техникадағы 1 ұяшық техникалық сурет кілемнің көлеміне сәйкес келеді, негізгі көршілес 2 жіп арқылы жасалған немесе басқа ретімен айқындалған жіп,тік төрт бұрышты мата алу қажет. Тік төрт бұрышты ұяшықты қағаз техникалық суретті түкті және тақыр екіжақты кілемде орындалады. Тақыр, біржақты кілемдерге айқасты және төмен тығындалған үлпекті орындауда ұзындау клеткасы ұяшықты қағазды қолданылуы керек, өйкені мұндай кілемдердің негізгі нығыздалуы мен шалғанның айырмашылығы бар. ұсақ ұяшықты қағаздың өлшемі ені 1,5 мм, ал ұзындығы 2мм болады.Техникалық суретті орындауда, арнайы санақтың білімді білуде соның өлшемін анықтауда қажет. ¤йткені әрбір ұсақ ұяшықтағы техникалық сурет бір түйінді дайын кілемге сәйкес болу қажет, мысалы түктіде алдын ала оның енін және ұзындығының бұйымын және тығыздығын, оның техникалық суреттегі ені мен ұзындығын снаса болды. Кілемнің тығыздығы түйінделу мөлшеріне байланысты бұйымның ені мен ұзындығымен анықталады. Мәселен, ұзындығы 120 см және ені 100см түкті кілем шалу керек. Кілемнің тығыздығы 25х25, яғни 1дц-де 25 түйін бар және 25 рет жалған түйіледі. Сонымен,100 см кілемде 250 түйін болады, ол техникалық суретте 250 ұсақ ұяшық болады. Үлкен мөлшердегі ұяшықты көру үшін қиын емес, оған ұсақ ұяшықтарды керекті, арнайы ұяшыққа болу керек, мысалы 250:10=25 үлкен ұяшық. Клеткадағы санақты кілемнің ұзындығы енінің санағына сәйкес болады. Тығыздығы 25 түйін болатын 1квдм кілем ұзындығына 300 ұсақ ұяшық техникалық сурет, ол үлкен ұяшықта 300:100=30 болады.
Сонымен қатар, түкті кілемдегі техникалық сурет өлшемі 100х100см, сондай-ақ тығыздығы 25х25, арнайы таспа (конвовой) 10х10 параққа ені 25 үлкене ұяшыққа және ұзындығы 30 үлкен ұяшыққа тең болады. Алынған ұяшықты санды таспа қағазға өлшем және нақты сызықпен белгілеп қою керек.
Енді өрнекті эскизді тік төртбұрышты қағазға орналастырады. Жаңа бастағандарға эскизді өлшемі техникалық суретке лапйықтап орналастыруы жеңіл болады. Мұндайда өрнек селдір қағаз арқылы ұяшықты қағазға көшіріледі. Көшіргенде суретті қара қағазға орындауға болмайды, өйткені одан керек нұсқаны жуу қиын және бояу таспа қағазға жақсы сіңбей қалады.Көшіретін қағазды өзін де жасауға болады.Селдір қағазды көшірілген нұсқауды-суретті 2 ші арғы жағынан өте жіңішке қаламмен бүкіл бетті қисық сызықпен көрсетеді. Содан соң суретті шекарасымен орналастырып, қағазға белгілегендей және қанық қатты қаламмен суретті алмастырады. Егер кілемнің эскизі техникалық суретімен үлкен немесе кіші болып қалса, онда оның өлшемін техникалық суретіне қарай үлкуейтуге немесе кішірейтуге болады. ұлғайтудың ең оңай жолы ұяшықтарды көбейту керек. Ол үшін кальканы кілем эскизінің үстіне қойып және бүкіл суреттің нұсқасын тущь арқылы сызып аламыз. Бүкіл алынған суретті ұяшықтарға бөлеміз. Содан киін басқа бір калька қағазды алады және оған техникалық суреттің шекарасын түсіреміз, таспа қағаздағы алынған төртбұрыш немесе ұшбұрышты болып бөлінеді, алдын ала калькамен жасаған кілем эскизін көшірмесі дәлме –дәл ұлғайтылған ұяшықтарды, кілем жасауында эскиздің суретін қаламмен тасмалдайды, өрнегін бұзып алмастай етіп жасайды. Ұлғайтылған немесе кішірейтілген сурет ұяшықпен таспа қағазға түсіріледі. Содан киін техникалық суреттің жарты бөлігін келесі жұмыс жасауға қалдыра отырып таза парақпен жауып калькамен басып алу керек. ¤рнектің барлық көлденең және тік сызықтарын түзу сызық күйінде суреттегідей қалдыру қажет.Оюдың дөңгелек әр түрлі сызықты фигураларын техникалық суретте кезектесіп яғни келісім бойынша орындайды. Пойникалық суретте қағаздың шеттеріне кілем суретін көлденең және тік осьтеріне сәйкес келетіндей ортасын табу керек. Техникалық сурет бір шама гуащ қосылған сурет салатын бояуменен (акварель) боялады. Бояудың түсі көрінетіндей ашық және шекаралары нақты көрініп тұратындай болу керек. ¤йткені ол кілемді тоқу барысында оңай санап отыруға көмектеседі.Қалып (шаблон) . болашақ кілемнің жобалық суреті сәйкес көлемінде қалыптың бетіне түсіріледі. Алғашқыда калькаға Ою өрнектің формалық жобалары сызылады. Ондағы әрбір түспен реңдіктің шекаралары жіңішке сызықпен бөлінеді. (2 сурет) Түрлі –түсті жерлердің шекаралары сызылғанда бірден кіңлемнің түріне әрбір түстің нөмеріне сәйкес цифралар қойылады және олар кілем эскизінің сәйкес бөлігіндегі өрнектің түсі мен бірдей болу керек. Бұл цифралармен кілем тоқуға жіптер де белгіленеді.Осылай орындалған сурет калькадан көшірме қағазға ауыстырылады да картонға немесе матаға жібереді. Егер сурет қалыпта нашар көрінсе оны бормен немесе карандашпен сызу керек. Ең жақсысы фламастермен қолдану керек. Қалыптағы суретті эскизіне сай бояу керек. Қалыптағы жасалынған кортон жұмыстың негізгі бөлігі болып саналады. Қалыптағы мата жоғарғы белдеуге ілінеді. Төменгі жағы қалыптың тегіс жылтыр жеріне тігіледі. Тоқыма жұмысы кезінде қалып кілемнің бөлігі ретінде қозғалып тұрады. Әрбір 15-20см қалыпты ұқыпты жөндеп мықтап отыру керек. Кілемнің пішініне қарай және орталығында матадағы қалып анық көрінеді, картондағы қалыптан көрі айқындалушы жіпті сәйкестендіріп шекарадағы гүлдердегі орынға қояды. Қалыптың өзі бұл тоқылып біткен кілемнің негізі суреттерінің анық екенін тексеруші. Кілем тоқу кезінде қай техниканы қолданса да ондағы ою-өрнектің формаларын білу керек:ирек (зик-зак) төртбұрыш, тікбұрыш. Ең қиыны техникалық суреттегі олар, домалақша сопақша т.б өрнекті формадағылар. Бұл жерде контурдағы суретке ұқыпты қарау керек. Ең күрделісі болып техникалық суреттерді және көпфигуралы композициялы немесе портретті шаблон эскиздерін дайындау. Арқау жіптері жүн, синтетика жіптерінен тұрады. Арқау жібінің шетін негізгі шеткі жіпкі байлап сол жақтан оң жаққа қарай белағаш бойымен бастайды. ( 4- сурет ). Мұны оң шалу деп атайды. Ал. Оң жақтан сол жаққа қарай түйінді байлауды алға тарта отырып, артыннан арқау жібін жүргізуді теріс шалу деп атайды ( 4 ,5 сурет). Әрбір жүргізіліп отырған арқауды тоқпақпен нығышдап отыру керек.
Гобелен арқау жібін жүргізудің он түрі бар:
-
Бір оң, бір теріс шалумен бір түсті арқау жібімен
орындалатын түрін - жәй түрі деп атаймыз ( 6 сурет ).
-
Егерде жәй түрінің арасына композицияға байланысты бөліп тұратын белгігі бір фигурамен арқау жүргізілген болса –котур жүргізілген түрі деп атайды.( 7 сурет )
-
Композицияның суретіне байланысты екі түсті арқау жіптерін жүргізе тоқимыз. Мұндай жағдай да екі жіп композицияның мағынасына байланысты кедергі жасамастй бір - біріне сатылы орналасып тоқылуы тиіс. Мұнда екі түсті жіп бір - бірі мен айқаспайды. Сонда гобелен ортасынды ешқандай тесік , түйін қалмай жұмыс тегіс орындалады. ( 8,9 сурет )
-
Композицияға байланысты кейде бір түстің келесі түске өтуі қалданылады (переход). Мұндай жағдайда екі түсті арқау жіптері бір - біріне әр түрлі ұзынды – қысқалы өтіп отырып, тоқылады. (10 сурет) бұлда әр түрлі ұзынды қысқалы сатылып орындалады. Гобелен тоқудың бұл түрін қолдану суретті шындыққа жақындата түсеті. Мұны - екі түсті арқау жіптері бірінің үстіне бірі тоқылған дейді
-
Кейде екі түсті арқау жіптері бір - бірінен бір түзу сызық бойы мен бөлек тоқылады (11 сурет ) мұндай жағдайда, міндетті түрде екі түсті арқау жіптерін бір бірі мен түзу бойымен айқастырып тоқу керек себебі гобелен жіптері бір-бірімен байланысып жатуы тиіс.
-
Саржа тоқылу. Бұл 12 суретте көрсетілгендей негіз жіптерінің екеуін алға, екеуін артқа кезектестіріп тастай отырып арқау жібін жүргізу. Мұның жәй түрден айырмашылығы негіз жіптерінің екеуден алынып кезектесуі.
-
Египет оқылу түрі. Бұл әрбір негіз жібін жеке - жеке арқау жібімен бір бағытта орап жүргізіп, келесі қатарды дәл осылай кері бағытта кері қарай орап шығуды айтамыз ( 13 сурет ).
-
Грекше тоқылу түрі - бұл 14 суретте көрсетілгендей етіп, бір оң шалу жүргізіліп, сол жіпті жалғастыра шетін бір орап келесі қатарда 1-2 негіз жібін тастап, екінші негіз жібін астына қарай бір торап, 2-3 жібін тастап, үш жібін жоғарыға қарай орап, 3-4 жібін тастап... т.с.с. жалғастыра отырып тоқимыз.
-
Екі түсті арқау жіптерінің өріліп тоқылуы. Мұнда негіз жіптері екі түстін ортасында қалатындай етіп тоқылады. Ол үшін бұл екі түс те бір қатарда орындалады. Олардын бірі оң шалыс жасаса, екіншісі міндетті түрде сол қатарда теріс шалыс жасакы тиіс. Дәл осылай келесі қатарлар орындалады (15-сурет).
-
Үш түрлі арқау жіптері өріліп, айқасуы (16-сурет). Мұнда екі түсті арқау жіптері сияқты үш түрлі арқау жіптері де бір қатарда тоқылады. Оның екі түрлі арқау жіптерінің өріліп тоқылуынан айырмашылығы мұнда үш түрлі арқау жіптері бір-бірінің жүрісін қайталамайтындай барлығы бір қатарда саржа тоқылу түрімен өріліп тоқу арқылы орындалады. (16-сурет).
Гобеленнің түкті –түксіз болсын қай түріндегі композицияның арқау жіптерін тоқымас бұрын негіз жібін жүргізіп болған сон сол жіппен негіз жіптерін (гобеленнің шеті болғандықтан) Египет тоқылу түрімен тартып, 2-3 қатар жүргіземіз. Мақта жібімен гобеленнің шеті сөгілместей етіліп, мықтығып, нығыздылып гобеленнің жай тоқылу түрімен бір оң, бір теріс арқау жіптерін жүргіземіз. Ол бірнеше қатардан тұруы тиіс. Кемі 5-6 қатар, осыдан сон барып гобелен композициясы жүн, синтетика жіптерімен арқау жіптері тоқылып орындалыды.
Ал тоқылуы көп уақыт та алмайды. Орташа көлемді тақыр гобеленді 3 адам 10—15 күнде тоқып шығарады. Алақұрт өткізу, шашақ түюді гобелен иесінің қалауынша жүргізеді. Сондай-ақ тақыр гобеленге салулы сурет яғни, шаблон пайдаланылады. Тәжірибелі гобеленшелер әр өрнектің шығарылуындағы жіп санына әбден қанығып алған соң суретке қарамай-ақ тоқи береді.
Г
обеленнің тоқылу
техникасы
1.Станокқа жіпті керу
2.Керілген жіпке гобелен
шеттігін тоқу
|
|
|
|
|
|
|
екі қатар түкті араластыра жүргізілген бір қатар арқауды жүргізу. |
|
|
|
|
|
|
|
|

Қырқылған дайын гобеленнің соңғы әрлеу жұмыстары.
Гобелен түстердің композициялық шешімдері
Түстің шешімін тандағанда (суретші, дизайнер, архитектор) бірінші кезекте түстің эстетикалық әсерін ескеру керек. Бұл мағынада мынандай айырмашылықтар:
1. Бір түстің немесе түстер құрылымының карапайым эстетикалық әсері. Мысалы, қарапайым түс катарының, көлеңке қатарының және әуе кеңістігінің тудыратын әсері. Шындығында бұл көріністер ғимараттың жарығы мен кеңдігіне байланысты түстің өзгеруі ретінде қабылданады.
2. Жалпы көркемдік-эстетикалық әсер. Оған барлық қабылданатын кеңістік кіреді. Біз түсті дара және бөлек қабылдай алмаймыз. Түстің арқасында сол бұйымды керу мүмкіндігі туады. Бірақ белгілі бір мөлшерде қайғырулар мен сезімдерді де тудырады. Сондықтан түсті барынша ойластырьш таңдау керек.
Түрлі түстердің саналы түрдегі топтамасын комбинаторика деп атайды. Құрама түстерді бағалау және пайдалану — түстің шешімді таңдау жолындағы маңызды қадам.
Бояу жағылатын зат, әсіресе оның функциональдық мақсаты мен сыртқы сипаты түстің тудыратын әрекетіне үлкен әсер етеді.
Эстетика позициясынан түсті таңдау мүмкіндігін алып қарасақ, үш сатылы баспалдақты ажыратуға болады:
1) комбинаториканы немесе элементарлық эстетикалық заңдылықтар бойынша жинақталған түстер тобын — симметриямен немесе контраспен;
2) гармониялы немесе түстің ерекше әсері мен мазмұнына байланысты үйлескен түстер құрылымын таңдау;
3) түстің динамикасы немесе белгілі бір психофизиологиялық әсер етуге бағытталған түстің таңдауы.
Түстің комбинаториясы дегеніміз — көп түстердің ішінен бірнеше түстерді таңдап алып, олардың тобын белгілі бір сезім тудыратындай үйлестіру. Мысалы, тіршілік, бірқалыпты, жылылық немесе суық.
Түстердің комбинациясы дегенде тек абстрактілі топтарды ғана түсінеді, былайша айтқанда, өзінің ерекшелігі, контрастысы, түстік сипаттамасы бойынша түстердің үйлесімі. Комбинатория түстерді өзі жасаған түрлі түстік үйлесімдер формасында шешу үшін эстетикалық негіз береді.
Түстің біздің сезімімізге әсері түстер комбинациясының мүмкіндіктері сияқты көп қырлы болып келеді. Түстерді толық меңгергісі келген адам төменде келтірілген қарапайым эстетикалық түс топтарымен және олардың орнымен, немесе түс денесіндегі бағытпен таныс болуы керек. Сонымен катар ол техникалық және визуалдық жолдармен түстердің араласу тәсілдерін білуі керек.
Түстердің гармониялық шешімі қарапайым эстетикалық заңдылықтар мағынасында әртүрлі түстердің комбинациясы болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Солай болғанымен абстрактылы комбинацияларда түс әсерінің айқындылығы, мазмұндылығы бағалана бермейді, ал түстердің гармониялық шешімінде түс тобы оның өзіне тән қанықтығымен белгілі бір бұйым үшін саналы түрде таңдалып алынады. Мұндай жағдайда түс және форма біртұтастықты құрайды.
Түсті көзбен қабылдау сезім мен эмоцияның пайда болуына белсенді әсер етеді. Түс адамнның ішкі жан дүниесіне белгілі бір дәрежеде әсер етіп, оны өзгерте алады.
Біз түстерді нақты бір бұйымдармен байланыстырып қабылдаймыз, бұл бұйымдарға бір қатынас қалыптасқан. Бізде бұйымның функционалдық бағыты мен бағасы жайлы белгілі тәжірибе бар.
Түстің өзіндік ерекшеліктері бар және белгілі бір дәрежедегі мазмұндылығы болады.
Бір бұйымды
альш қарағанда адам оның түсі сол бұйымның қызметі мен мақсатына
сәйкес болуын күтеді (мысалы, тоңазытқыш ақ түсті болып келеді,
«Болат» деп аталатын кітаптың мұқабасы көгілдір мен қара түстердің
қоспасы
болғаны жөн).
Біздің күткеніміздей және ойымыздағыдай болып шыққан, сол сияқты бұйымның функционалдық мақсатын, сәтті түрде толықтыратын, былайша айтқанда, түс пен объектінің тұтастығы, бірлігі туралы талапты қанағаттандыратын түстердің құрамын гармониялық деп айта аламыз.
Бұйымдар туралы адамның жалпы түсінігі және оның осы
бұйымдарға қатынасы оның өзі ойлаған түстік шешімін айқындайды.
Түстік шешімнен туындаған гармониялық әсер түстердің өзара
үйлесімде болуларын, сол сияқты объектінің сипатына сәйкес келуін
көздейді. Түстердің өзара үйлесімін түстер гармониясы деп жай атай
салуға болмайды. Абстрактілік түстер үйлесімі гармониялық немесе
динамикалық болу
лары мүмкін. Бірақ айналадағы нақты көрінісі
түстік қабылдау арқылы ғана түстердің өзара байланысына және түс
пен бұйымның байланысына дұрыс баға беруге
болады.
Бірқатар түстер мен түстік кұрылымдардан адамға психо-физиологиялық әсер ететін күш-қуат, энергия туады. Мұндай әсерге ахроматиялық та, хроматиялық та түстермен қол жеткізіледі. Ол тек түстер градациясының ауысуына ғана негізделмеген, сонымен қатар түстік үйлесімділігі, түстер тобындағы түстердің өзара қатынасына да негізделген.
Қызыл және жасыл түстер әртүрлі тондар ғана емес, сонымен бірге адамның психикасына ететін әсері жағынан да айырмашылықта болады. Қызыл түстің адамның көңілін қоздыратыны, жасыл түстің тыныштандыратыны белгілі. Түстер қатарындағы орналасу бұл әсерді одан да күшейте алады. Мұндай жағдайда түсті берудің динамикасы немесе түстің динамикалық әсері туралы айтады.
Динамикалық түстік шешім табу дегеніміз — бей-берекет шұбарлау, «айқайлап» тұрған түстік құрылымдар емес. Түсті берудің динамикасы дегеніміз — спецификациялық әсер ету сипаты бар, ғылыми негізделген, мақсатты түрдегі түстік шешім. Оның өзіне тән қалыптасқан заңдылықтары бар.
Түсті дұрыс таңдау арқылы адамның ішкі жан дүниесінің жағдайы артуына немесе әлсіреуіне, сезімі қозуына қол жеткізуге болады. Қоршаған ортадағы, жұмыс орнындағы түстік көріністер адамның көңіл-күйін алуан түрлі әсерлерге бөлейді. Алдын ала таңдалып алынған түс адам өміріне қауіп-қатер әкелетін жағдайлардың алдын алып, шудың әсерін әлсіретуі, алдын ала белгі беру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатына қызмет етуі керек. Ауруханаларда түс әрбір аурудың сипатына қарай науқас адамның нерв жүйесін тыныштандыруы кажет.
Түстің әсері (мысалы, жылы, суық, монотонды) негізінен алғанда барлық адамдарға бірдей. Ал түс әсерінің күші, оның әсер ету деңгейі бірқатар факторларға байланысты. Түс тобындағы түстің әсері қатысты түрде ғана. Жасыл-көк түс жасыл-сары түспен қатар тұрғанда суық көрініп, көк түстен гөрі жылы әсер береді. Сарғыш түс сары түспен салыстырып қарағанда жылырақ, ал сиякөк түспен салыстырғанда — ашық. Түстің адамға психофизиологиялық әсері түстің қанықтығына, оның көлеміне, әсер етуші түстің ара қашықтығына және оның әсер ету бағытына байланысты. Түстің әсер ету күші адамның көңіл-күйіне, мінез-құлқына және қабылдағыштығына байланысты. Демек, мақсатты, психофизиологиялық әсерге негізделген түстік шешім бірінші планда тұрған жерде түсті берудің динамикасы туралы айтуға болады. Бірінші кезекте бұл өндірістік ғимараттарға, көлік құрылыстарына, әкімішілік орындарына, әртүрлі оқу орындарына, ауруханаларға, былайша айтқанда, түстік шешім адамдарға тікелей әсер ететін барлық объектілерге қатысты (көңіл аудару, ынталандыру, жұмысқа деген қабілетін арттыру, т.б.).
Түсті берудің гармониялық және динамикалық деген ұғымдарының ара-жігін дәл ажырату мүмкін емес. Тұрғын үй интеръерінің, фасадтың немесе плакаттың түстік шешімі құрамында да динамиканың элементі бар. Түстердің гармониялық үйлесімі және түс тобы мазмұндылығының элементарлық эстетикалық заңдылықтарға негізделген есебі (түстердің абстрактылы комбинациясы) түс шешімі динамикасының қажетті баспалдағы болып табылады.
Гармония — тыныш, сабырлы, динамика — одан гөрі экспрессивті формадағы түстік шешімі. Мұны айыра білу керек. Гармония мен динамиканың арасында бірсьшыра айырмашылық бар.
Түсті таңдау барысында бірқатар факторлар міндетті түрде ескеріледі. Атап айтар болсақ, олардың ішіндегі ең бастылары мыналар:
-
оптико-физикалық: тоңазытқыштар жылу сәулесін жақсы қайтаратын ақ түспен боялады;
-
физиологиялық: қара шрифт ақ фонда анық, сабырлы, айқын көрініс береді, ал ашықтығы бірдей сарғыш және жасылкөк түстер көзді талдырады;
-
психологиялық: синтездеу түсінігімен айқындалады: күн сәулесі молынан түсетін ғимараттың ішін жылы ренк беретін сарықызыл түстермен емес, көгілдір және жасыл түспен бояу керек;
-
түстің белсенділігімен айқындалады: мата, тақтай жасыл түстермен боялса көзге қанық көрінеді;
-
алмасумен айқындалады: заводтан жаңа шығарылған маргариннің түсі тым ақ болатындықтан, оны аздап сарғылтым түспен бояйды. Сонда ол адамның тәбетін тудыратын түске ие болады;
-
эстетикалық: екі қанық түстер — сарғыш-қызғылт және жасыл түстер цирк жарнамасы үшін тамаша қолайлы. Бірақ, бұл түстер опера театрының фасадында онша жақсы үйлесімде болмайды;
-
гигиеналық: ақ немесе қара түс.
Адам — белсенді бақылаушы. Офистегі жазу столының үстіндегі балалар суретінің түстер құрамы көрермен тарапынан түсінбеушілік пен қанағаттанбаушылық тудырады.
Адамның ойлауы оның жасына, жынысына, денсаулық жағдайына, әдет-дағдыларына, кәсібіне, дәстүрлеріне байланысты болып келеді. Мысалы, бірқатар адамдарда бүгінде үйдің түрлі-түсті төбесіне деген қабылдамаушылық байқалады. Өйткені олар үйдің төбесі ақ түсті болатындығына әбден калыптасып алғандары соншалықты, енді осы стереотипті бұзу әсте мүмкін емес.
Психологиялық көзқарас тұрғысындағы түстік үйлесім
Гармониялық образ алу үшін түстік шешімнің сипаты, оның характері бұйымның мақсатына сәйкес келуі керек. Түстің мазмұндылығы, айқындығы тұрақты түрде қалыптасып қалған қасаң қағида емес, ол осы түске боялған бұйымға да қатысты. Негізінен, контрастың күші бойынша, психологиялық әсерге баға беріледі.
Түстің адамға әсері бояуға не бұйым бойынша айқындалатын болғанымен кейбір жекелеген түстер мен түстік құрылымдардың әсер ету сипатын алдын ала болжауға болады. Осындай бір-біріне едәуір дәрежеде тәуелсіз әсерлер түстік контрастың, яғни түстер алуандығының әсері негізінде кұралады.
Қарапайым тілмен айтар болсақ, әр түстің адамға ететін әсер күші әрқилы. Мұның өзі көбіде түстің сипатына байланысты болғанымен, адамның өзіне де тікелей қатысы бар. Бес саусақтың бірдей болмайтыны секілді адамдар да сан қилы. Кей адамдар тым сезімтал, тым нәзік жанды. Олар түстік бояуды жандарына тым жақын қабылдайды. Мұңайған, күйзелген сәттерінде ашық, әдемі түстер олардың жанын сергітеді, көңілін аулайды. Ал шаттанып отырған шақтарында олар қара, қою түстерден кәдімгідей жабырқап қалады. Қайсібір адамдар эмоцияға беріле қоймайды. Олар қара түсті қара, ақ түсті ақ деп сол қалпында кабылдай береді. Ал бұдан пәлендей үлкен астар туғызуға әуес емес.
Күшті контрастар анықтық, дәлдік, сенімділік, күш пен қатаңдықтың сезімін тудырады. Ашық контрастар әр нәрсенің шегін ажыратып, форма құраушы және біріктіруші құрал ретінде қызмет көрсете алады. Күшті хроматиялық контрастар "айқайлап" тұрғандай әсер тудығызады, осылайша олар контрастағы түстердің әсерін одан әрі күшейте түседі. Әлсіз контрастар жұмсақ, айқын емес әсер қалдырады. Ашық түсті контрастар шекаралардың тігісін жатқызып, мазмұндық мәні төмен, былжырлау әсер тудырады. Әлсіз хроматиялық контрастар жұмсақ, нәзік секілді әсер қалдырады. Контрастың әйтеуір бір түрімен ғана ерекшеленетін түстік құрылымдар да болады. Мысалы, ахроматиялық түстерде тек ашық контрастар ғана байқалады. Түстік құрылымдардың басым көпшілігінде бір мезетте контрастың 3—4 түрі байқалады. Егер әлдебір түстік топтың ішіндегі контрасқа өзгеріс енгізілетін болса, онда соған сәйкес сол топтың әсері де өзгереді.
Контрастың түрлері
|
Контрастың түрлері |
Күшті |
Әлсіз |
Орташа |
|
Ашық: ахроматиялық түстер хроматиялық түстер Аралас түстер: хроматиялық түстер қанықтығы жағынан Жылы және суық түстер |
Қара-ақ Сары-көк Ақ-көк Қызыл-жасыл Қызыл-сұр Сарғыш-көк-жасыл |
Қара-сұр Сары-сарғыш Ақ-сары Қызыл-сиякөк Қызыл-қызғылт-қоңыр Сарқыш-қан-қызыл |
Қызыл-көгілдір күлгін Қызыл-сұр-қоңыр Сарғыш-сиякөк |
Мұнда мынадай комбинацияны көз алдымызға елестетуге болады:
Күшті ашық контраст күшті хроматиялық контраст және тән тазалығы жөніндегі әлсіз контраст жағдайында.
-
Сары-көкшіл-сұр. Күшті ашық контраст күшті хроматиялық контраст және тән тазалығы жөніндегі әлсіз контраст жағдайында.
-
Сары-сұрғылт-көк. Күшті ашық контраст әлсіз хроматиялық контраст және тән тазалығы жөніндегі күшті контраст.
-
Сары-қою жасыл-сұр. Күшті ашық контраст әлсіз хроматиялық контраст және тән тазалығы жөніндегі әлсіз контраст жағдайында.
-
Сары-қара сұр-жасыл. Әлсіз ашық контраст күшті хроматиялық контраст және тән тазалығы жөніндегі күшті контраст жағдайында.
Сары-ашық көк-сұр. Әлсіз ашық контраст күшті хроматиялық контраст және тән тазалығы жөніндегі әлсіз контраст жағдайында.
-
Сары-ашық сұр-көк. Әлсіз ашық контраст әлсіз хроматиялық контраст және тән тазалығы жөніндегі әлсіз контраст жағдайында.
-
Сары-ашық сұр-жасыл. Күшті хроматиялық және әлсіз ашық контраст жағдайында көзді бұлдыратып жіберетін түс құрылымы шығады. Оны осы, қалпында қабылдау мүмкін емес.
Егер көлік құралын ашық сұр түспен бояп, оны сондай ашықтықтағы сарғылт түспен жазу арқылы өрнектесе аз ғана қашықтықтан бұл жазуды оқу әсте мүмкін болмайды, көлік құралындағы мұндай жазу бұлдырап, көзге дұрыс көрінбейді.
Жылы және суық түстердің арасындағы контрастар бұл топта дара емес. Бірақ олар барынша үлкен маңызға ие. Жылы-суық. Сары, сарғыш және қызыл түстерді адамдардың барлығы да жылы түстер ретінде сезінеді.
Сиякөк, көк, жасыл түстер — суық түстер. Суық түстер көк-жасыл түстермен, жылы түстер сарғыш түстермен сезіледі. Жылы және суық түстердің контрасы қатысты түрде ғана болып келеді.
Жасыл-көк түске қарағанда қызғылт-көк түс жылырақ әсер қалдырады. Сиякөк түске қарағанда жасыл түс жылы секілді, бірақ ол қызыл түспен салыстырғанда — суық.
Белсенді-шабан. Ашық сарғыш-қызыл түс — спектрдің ең белсенді түсі. Ал оған қарама-қайшы белсенділігі ең төмен шабан түс — жасыл түс. Бұған біреулердің келісе қоймаулары да мүмкін. Бірақ мамандар тұжырымы осындай пікірге келіп саяды.
Біртектес түстік топтағы түс тонының арасындағы ең белсендісі — басқаларға қарағанда ашық және қанық түстер.
Жақын-қашық. Барлық жылы түстер күндізгі жарық жағдайында жақыннан көрінетіндей әсер тудырады. Бұл түстер — алдыңғы пландағы түстер. Олар бізге жақындап келе жатқандай сезім тудырады.
Керісінше, суық түстер бізден алыстап бара жатқандай ойда қалдырады. Мұндай түстерді кеңістіктің тереңдігін беру үшін қолданады.
Кешкі ымыртта ара қатынас өзгереді. Мұндай жағдайда қысқа толқындағы спектр түстері болып табылатын көк және жасыл түстер барынша ашық, алдыңғы пландағы түстер секілді әсер қалыптастырады. Ұзын толқын қашықтығындағы спектрдің қызыл және сары түстері болса, барынша алыс және терең көрінеді.
"Айқайлы" – "тыныш". Анық бейнеленген жылы түстер "шулы", тіпті "айқайлы" әсер туғызады. Керісінше, жасыл түс сабырлы, тыныш, жұмсартқыш түс секілді болады. Бірақ өте ашық жасыл түс қызыл-қоңыр фонда болса, қызыл түске қарағанда өткір және "айқайлы" болып көрінуі мүмкін.
"Құрғақ" – "дымқыл". Барлық жылы түстер кұрғақ түстер секілді әсер тудырады. Көк-жасыл түс дымқылдық әсер туғызады. Ол еріп бара жатқан мұз секілді көрінеді.
Таралушы-жұмылдырушы. Жылы, әсіресе, өте жылы түстер өз бойларына сәуле шашып тұрғандай, төңірекке нұры таралушыдай әсер қалдырады. Керісінше, көк түс тығыз және бірнүктеге топтасқан, жұмылған сияқты көрінеді. Бірақ қара-қызыл фонда ашық көгілдір түс сәуле шашып тұрғандай болып көрінеді, ол көгілдір аспанды көз алдымызға елестетеді.
Жеңіл-ауыр. Барлық ашық түстер жеңіл сияқты болып, ал барлық қара түстер ауыр сияқты болып көрінеді. Бірдей ашықтықтағы түстердің арасынан қызыл түс басқаларға қарағанда ауырлау көрінеді, ал көк түстер жеңіл сияқты әсер туғызады. Барынша қанық сары түс аспанға қарай көтеріліп бара жатқандай әсер тудырады. Әсіресе, бұл қара фонда өте қатты сезіледі. Көгілдір түс те жеңіл, қалықтаушы түстердің бірі болып саналады.
Статикалық-динамикалық. Бірін-бірі теңестіретін екі түстің құрылымын статикалық деп атай аламыз. Мысалы, сары және күлгін көк түстер. Әсіресе жасыл және қанқызыл түстердің кұрылымы ерекше статикалық деп айтуға болады, өйткені бұл құрылымға кіретін түстердің ешқайсысы да ерекшеленбейді. Қызыл мен көк түстің немесе сарғыш және жасыл түстердің құрылымын динамикалық деп айтуға болады.
Қоздырушы-тыныштандырушы. Жасылдан сарыға дейінгі немесе қызылдан сарыға дейінгі түстер қатары адамды тыныштандырады. Сарыдан қызылға немесе сарыдан жасылға дейінгі түстер қатары адамды қоздыратын түстер болып саналады. Неғұрлым белсенді түс болса, ол адамды соғұрлым қоздыратынын мамандар дәлелдеген. Қызыл түс адамды ерекше қоздыратыны жайлы айтылып та, жазылып та жүр. Ал сары түс адамды сабырға шақырып, тыныштандыратынын жоғарыда айттық. Демек, қызыл – қоздырушы, сары – тыныштандырушы түс.
Мұндай түстік құрылымдарда үнемі бір түс басқасына қарағанда басымдау болуы керек. Олай болмаған жағдайда түстердің біртұтастығының орнына шұбар ала көріністің әсері туындайды. Басқаша айтқанда, түстік құрылымның ішінен бір түс қана басымдау болмай, керісінше ондағы түстердің бәрі де бір-бірімен тайталасып, бәрі бірдей ерекшеленіп тұрса, көрген адамның көңіліне онша қонымды болып шықпайды.
Екі түстік құрылымға кіретін қосымша түстердің бәрін бірге алып қарағанда әжептәуір белсенділікке ие болатынын байқаймыз. Мысалы, егер түстік құрылымда сары түс басымдау болса, онда қосымша сиякөк және көк-жасыл түстер бірігіп, қосымша көк түс болып шығады. Ал қосымша қызыл және көк түстер біріккенде толықтырушы сиякөк түс болып шығады. Мұндай түстік құрылымдарды басты екі түстік құрамдас топ деп алып қарастыруға болады. Оның біреуі айқындаушы (жетекші, басым бағыттағы) түс, ал екіншісі қосалқы, көмекші, жанама түс.
Егер түстік құрылымға бір сипаттағы қосалқы түстер кіріп, оны көрген адам бұлардың қайсысы айқындаушы, қайсысы көмекші түс екендерін дәл танып ажырата алмаса, онда шұбаралалық әсер пайда болады.
Әрбір түсті бұзып жіберуге болады. Егер біз сары түсті
сарғыш-жасыл түстің бетіне салсақ, онда осы түстік кұры
лымның психофизиологиялық емес, эстетикалық
әсері өзгеріп кетеді.
Табиғаттың өзінің заңы мен қағидалары бар. Егер оны өрескел бұзатын болсақ, тепе-теңдіктен айырылып, кілең сұрқай көріністердің ортасында қалған болар едік. Біз сөз етіп отырған мәселе де сол сияқты. Әрбір жеке түстің, түстер құрылымының психофизиологиялық, эстетикалық әсер күші бар. Әлгіндей жолмен түс заңдылықтарын белден басып, оның қалыптасқан қағидаларын елемейтін болсақ, мұның арты жақсы болып шықпайды. Демек, табиғаттың тепе-теңділігі сияқты өнердің де өз заңдылықтары бар. Оны сақтау – баршаға ортақ талап.
Қара, ақ және сұр түстің барлық реңктері хроматиялық түстерге бейтарап. Олар хроматиялық түстердің ешқайсысын да толықтырмайды және өздері де ол түстерге мұқтаж емес. Тушьпен салынған сурет, қара-ақ фотография бізді өзінің түсі жағынан толық қанағаттандыра алады.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, қара, ақ және сұр түстер барлық хроматиялық түстерге бейтарап болып келеді. Сол себепті олар кез келген түстік құрылымға оңай кіріп кете алады. Бірақ ол үшін бір шартты ұмытпау керек. Ондайда ашық контраст тиісті хроматиялық түспен жеткілікті болуы қажет. Бұл шартты сақтамаған жағдайда адамның көңілі қанағаттанбайтын нәтиже ғана шығады. Мұны мысалмен де түсіндіруге болады. Жасыл мен көк түстерді қара түспен қоршағанда, сары түсті ақпен қоршағанда бұл түстік құрылымдардың маңыздылығы жоғалады.
Бейтарап түстер, әсіресе, қара және ақ түстер контурды құру барысында өте жиі пайдаланылады.
Контурлар — түстердің шекарасын белгілейтін желілер. Бір-бірімен бірдей ашықтықтағы екі түстің арасын ажырату және суреттің әсерін күшейту үшін ақ пен қара түстердің контуры қолданылады.
Акварельде жұмсақ және "жүзіп кететін" түстердің арасына ақ контурларды құрайтын қағаздың таза тоны әдейі қалдырылады. Ол көргенде өте жеңіл, нәзік, бейнебір ауамен толтырылған кеңістік секілді көңілде өте әдемі әсер қалдырады.
Ал монументальды живописьте қара және контурлардың көмегімен тамаша мазмұндылыққа қол жекізіледі. Контурлар витраждардың шешімін табуда ерекше роль атқарады. Жарқыраған түрлі-түсті шынылар қою-сұр қорғасын жақтаулардың контрасымен ерекше сәнді, аса ажарлы көрінеді.
Табиғатта түстік құрылымдар өте үйлесімді. Хризантема гүлі – бұл бір-біріне өте жақын түстік тондардың тамаша комплексі. Егер раушан гүлдің бояуын салар болсақ, бір-біріне қарама-қайшы, контрастарға толы тұрпайы көрініс болып шығар еді. Ал табиғаттың өзі бедерлеген гүл сондай әсем. Онда ешқандай артық түс, тұрпайы тұспал жоқ. Бәрі де жарасымды, шынайы. Басқаша болуы да мүмкін емес қой, өйткені гүлді табиғат-ананың өзі әлпештеп өсірген.
"Белсенді және шабан түстер" деген атаудан жекелеген түстер белгілі бір деңгейде эмоциялық әсер бере алатындығын байқауға болады.
Сары және көк түстерді бейтарап ету үшін сарыға қарағанда көбірек көк түс болуы керек. Сары түс үшін кеңістіктің көлемі қанықтықпен алмастырыла береді. Басқаша айтқанда, санды сапа алмастырады.
Түстің қанықтығы түстерді теңелту үшін қажет болатын қатынасқа әсерін тигізеді. Әдетте, жеңіл, жылы, белсенді түстердің сәулелік күш-қуаты басқаларынан гөрі жоғары тұрады.
Егер әлдебір декоративтік форма позитивтік немесе негативтік бейне түрінде пайдаланылатын болса, ең ашық түстің әсер күші өте айқын байқалады. Өзара фондағы ақ өрнек немесе ақ фондағы қара өрнек әсерлі көрінеді. Сондықтан әлдебір жұмысты қолға алмас бұрын түстердің ара қатынасын ажырата білген жөн. Егер біз өзінің әсер күші жөнінен екі декоративті форма бірдей болғанын қалайтын болсақ, онда әртүрлі түстерге боялған тұстардың ара қатынасын өзгертуіміз керек болады.
Біз көбінесе түстердің көзге көрінетін салмағы бойынша баға береміз. Егер әлдбір суретте асты қара, үсті ашық болса, бұл көрініс жайлы қалыптасқан тұрақты әсер туады. Ал осы көрініс керісінше болса, онда әсердің тұрақсыздығы туындайды.
Қара және ақ түстерден ашық түс шығару үшін көбірек кеңістік қалдыру қажет. Бұл қағида кейбір материалдың әсеріне байланысты бекітілмейді. Мысалы, ашық түсті тастың аз ғана ашық кеңістігі қара түсті ағаштың үлкен кеңістігін табыспен теңестіре алады.
Гобелен тоқуға дайындық материалдары мен құрал-жабдықтары.
Кілем тоқитын станоктың қарапайым түрі екі тік тіректен (стаск) қапталдықтан (боковин) және негізді тартып тұруға арналған екі белағаш белдіктен тұрады. Белағаштар қиылысу кезінде жұмыр түр түр беру үшін немесе соған жақын болатындай айлалдырылады. Төменгі белағаш тірекке қатты бекітіледі, ол жоғарғысы тіректің бойында еркін жүреді. Жұмыс барысында станоктар қабырғаға сүйеніп (қисайып) тұрады, сондықтан тіректің төменгі жағы мөлшермен 30º бұрышқа кесіледі. Станоктың құрылысының осы түрі қиғаш, яғни еңкіш деп аталады. Бұдан да ыңғайлы еңкеймеген станоктың құрылысы полдың (еденің) жазықтығына перпендекуляр орналасады. Осындай станоктың жанама тіректерінің төменгі бөлігі қырқып түсіру депатанатын түзу бұрышқа қатты бекітіледі, осы тоқу барысында станоктың біріктілігін, яғни мықтылығын қамтамасыз етеді.Осындай станоктар өзімен бірге маңыздылығында жеңіл жылжытуға және бір жерден екінші жерге ауыстыруға оңай тіктөртбұрышты рамалардан тұрады. Осы және басқа да станоктар алмалы салмалы болуы да мүмкін.Станок кілемді тоуға даярлайды. Ол үшін жоғарғы тірек түсетіндей және позада кем дегенде 3см болатындай саңылаулар пайда болатындай позадансыналар шығару керек. Негіз үшін мықты мақта матадан немесе жүннен алынған жіптер қолданылады. Тігінен және тірекке жақсы керілген негізгі жіптер кілемді тоқудың операцияларын орындауға мүмкіндік береді.Станокты даярлаудың негізін екі әдіспен орындауға болады. Ең қарапайым- айнымалы етіп даярлау, ол ушін негізін буындығын соңын төменгі тірекке байлау керек және будақты жоғарғы көмекші белағаш арқылы беру керек. Көмекші төменгі белағаштың астынан будықты қайтару керек.Осылай тоқитын кілемнің еніне дейін жеткенше, яғни біткенше станокта даярланады. Жіптің екінші соңы да тіректің төменгі бөлігіне бекітіледі. Қажетті кілемнің енін алу үшін станокты даярлауға қажетті арқау жіптің саны техникалық суреттің негізіне байланысты таңдалады Егер кілемнің ені 100см матаның тығыздығы арқау бойынша 1кв.дм-ге 15 пар жіп қажет болса, станокта толық даярлау үшін 150 пар жіп қолданылады, яғни300 бірдей жіптер. Станокты жоғарғы және төменгі тіректе арқау жіптерді бірқалыпты орналастыру барысында тіректің ортасынан бастап, қажетті мөлшерді бөлу үшін түртіп қояды. Мысалы 100 см ендігі кілемді 10 белгі болу керек. Станокты арқау бойынша даярлағанда, жіптің қажетті көлемі1 дм-ге келетін жоғарғы тіректе де бір-бірінен бірдей қашықтықта 1 дм-ге үлестіреді төменгі және де келесі операциялардан тұрады. 1-жағдай- арқау жіптің будағын шағын жұқа тақтайлы жәшішікке немесе тығыз картонды каробкаға орналастырады. Ол станоктың жұмыс жазығының артындағы полға орналастырылған. Будықтан алынған жіптің соңын, станоктың алдыңғы жұмыс бөлігіндегі жоғарғы терек арқылы алмастырылады және шыбықтың сол жақтағы соңына байланады. Шыбық-келешектегі кілемнің еніне сәйкес ұзындығы дөңгелек тегіс таяқша.
2-жағдай жіптің арқауы будықтан алыну арқылы ілмек жасалады, бір соңы шыбыққа, ол екіншісі бұдыққа бекітілген ілмекті төмен тіректен даярланған шыбыққа береді.
3-жағдай-алынған ілмекті оң қолымыздың көмегімен даярланған шыбыққа еркін оң соңынан бастап кигіземіз.
4- жағдай- шыбыққа бекітілген жіппен және кілемнің тығыздығына сәйкес ара қашықтықты белгіген жаққа қарай қозғалтамыз.
5-жағдай бұдықтан оралған жіпті төменгі тірек өзінен артқы жұмыс жазықтық бағыты бойынша майыстырады. Содан киін тіпті жоғарғы тірекке қарай көтереді және даярланғаншыбыққа ілмек түрінде өзі арқылы лақтырады.
7-жағдай- ілмекті даярланған шабыққа еркін соңы арқылы кигізеді және солға қарай арқау жіптің көмегімен жұбына қарай жылжытады.
9 жағдайды- қайталай отырып, яғни арқау жіптің еркін соңын ілмек түрінде төменгі тіректен даярланған шыбыққа береді. Осыдан берілген 3,4,5 – жағдайлар қайталанады. Даярлаудың осы екінші түрі қажетінше көмекші арқылы жүргізіледі. Даярлаушы станоктың жұмыс жазықтығының алдыңғы бөлігінде тұрады.Біріншісі екіншісінен арқау жіпке қарай сол бақытта жылжытады. Шыбыққа жіпті бекітіп оны төменгіі тіректің бойымен қолма қол көмекшіге береді.
Соңғы қадам жіптің ілмегін жоғары вал арқылы даярланған шыбыққа қарай лақтырады. Даярлаушы шыбықты және төменгі тіректе жіптің бірқалыпты орналасуын қадағалайды.
Станокты даярлаудың шыбықтық оң жақ соңына бекітеді. Арқауды шыбықтың көмегімен даярлау арқаудың тірекке орналасуы мен керілуі бірқалыпты болуы жағынан бірнеше тәсілге қарағанда артықшылығы басым.
Арқау жіптердің жұбы бірқалыпты орналасуы үшін теңестіру өрмесін- бау жасау қажет.(сурет)
Ол үшін оң жақ жанына жіпті байлайды. Жіптің еркін соңын арқаудың алдыңғы жазықтығына жіптің артынан салады және сол қолдың көмегімен жіпті жай ғана кереді. Оның оң қолдың үлкен және сілтеуіш бармақтының көмегімен. Жіпті арқау жіптің жұбының әрбір арасынан өзіне қарай шығарады. Екі арқау жіпті қоршау арқылы ілмек пайда болады. Содан киін ілмекті өзімізге қарайй созамыз, яғни оған оң қолдың сілтеуіш және үлкен бармағын тығатындай болу керек, осы бармақтармен тоқыма, яғни өрме үшін жіпті келесі арқау жіптің жұбы арқылы іліп алады. Тоқыманың жібін ілмек киілген саусақтың көмегімен тартады, ал
жаңасының келесінің пайда болуын қамтамасыз етеді осындай ілмекті терімі арқаудың барлық енінде баулар түзеді Дәл осындай бауды станоктың жоғарғы тірегінде орындау керек. Теңестірілген тоқымалар, яғни өрмектер рақаудың қажетті енін ұстап тұруға және кілемнің соңғы бөіктерін жақсы бекітуге көмектеседі. Бауды түзу бұрышта арқау жіпке қарай бекіту керек.
Маталардан жасау үшін арқау жіптің жұптарын тақ және жұпқа тең бөлу керек. Бөлу барысында жұп және тақ жіптерінің арасына кем дегенде 20мм (дм-гі) диаметрдегі дөңгелек тегіс таяқшаны отырып-ақ қол жеткізіп ала алатындай жоғарыға көтереді.Жіптерді нақты жағдайын береді, яғни ол алақан арқылы өту керек.
Осы жағдайда жұп жіптер алдында, ал тақ жіптер артында болады. Керіп тұратын баумен арқау жіптен өрім жасау үшін жіптердің тақ және жұптарының жағдайын өзгерту керек. Мықты мақта матаның жібі теңдей шамамен 30см ұзындықта бөліп шығады, ол оның ұштарын 8-10 қиындыларының ұштарын түйінмен байлайды. Түйінді өзімізге қарай тарту арқылы жұп және тақ арқаужіптерінің бағытын өзгертуге болады. Осылайша станокты даярлап болған соң клиндаорды астынан қағады немесе түсіреді, яғни жоғары тірек арқаудың қажетті мөлшерге шейін қатты керетіндей көтерілуі керек. Жардай керілген арқаулар мықты және тегіс,бірқалыпты кілем алуға көмектеседі.
Түкті кілем тоқу техникалары.
Кілем тоқу технологиясы, түкті және тақыр кілем технологиясы болып екі түрге бөлінеді. Түкті кілем белгілі технологияны қажет етпейді, сол себептен әрбір адам оны өзінше тоқуына болады. Кілемге түк салуға арналған жіп асқан ептілікпен біркелкі, өрмек жібінен сәл жуандау, бірақ бос иіріледі. Кілемге қойдың жабағы жүні немесе түйе жүні керек. Кілем түгіне арнап иірілген жіп келептеліп, жүн жууға арналған синтетикалық ұнтақтармен бірнеше қайтара қанжылым сумен жуылып, салқын сумен шайылады. Кенептерді жеке-жеке жайып, сорғытып бояйды.
Тоқылатын кілемнің көзделген көлеміне қарай дайындалатын арқауға, желі мен түк салуға арналған жүн көлемді де әр түрлі болады.Арқау қылшықты жүн немесе ешкінің қылымен араласса мықтырақ келеді. Қазір арқауға мақта жіп те пайдаланылып жүр. Арқаудың жуандығы өрмек жібіне сәйкес, өте жіңішке немесе жуан болмағаны жөн.
Көлемі 4,20 х 2,30 м болатын кілем арқауына 4 кг, желі жүгіртуге 10 кг мақта жіп және түк салуға 24 кг жүн жіп керек. Осы кілемді тоқу үшін 520 қатар желі тартылады. Бұл желі жіптерінің аралығы 1 түйір бидай дәні сыятындай болса (желі жібі керіліп, қалып темір болтпен тартылғаннан киінгі өлшем) жарайды. Желі жүгіртіліп, қалып қатайтылғаннан кейін күзу байланады.
Күзу байлау өте-мөте мұқияттылықты қажет етеді. Күзу ағаштың ұзындығы кілем енінен 30-40 сантиметрдей ұзындау, қалыңдығы 5-7 сантиметр болады.Күзу жібі де кілемнің желі жібіндей ширақ иіріліп, екі тінделеді. Оны ешкінің қылын араластырып иіруге немесе орнына желіге қолданатын мақта жіпті пайдалануға болады. Күзу жіп боялмайды. Ол желі жібінің орын-орнында, түгел болуын қамтамасыз етеді.
Желі жібі өте мықты болады, өздігінен үзілмейді. Дегенмен әлдеқалай босаң тартып немесе үзілгені болса күзуден байқауға болады. Мұны кілемшілер «жіп қашу» дейді. Мұндайда үзілген жіпті аса ептілікпен жалғау керек. Үзілген жіптің екі ұшын бір-біріне жеткізіп байлау мүмкін емес, өйткені қалып қатайтылып, желі жібі барынша керіліп тұр. Сондықтан ортадан жіп жалғайды да, жалғанған желі жібінің артығын жіңішке шимен бұрап тастайды.
Кілем тоқу былай басталады: 5-6 арқау бойына түк салынбай арқау өткізіліп, адарғымен шатыс түсіріп (алғашқыда адарғаны көтеріп шатыс алынса, келесі жолы адарғы ағашты жығып, ілгері ысырып қояды), арқау өткізіледі де, тарақпен тегіс тоқылыс түседі. Осы түк салынбаған тегіс тоқылыс кілемнің басталысынан және екі шетінен ұзындығын бойлай әр жолы қалдырылып отырылады.
Тегіс тоқылысты әрі қарай түк шалумен жалғастырады. Түк шалуда шеттік 2-3 арқау әркімнің талғамына сай бірін-бірі толықтырып, әрлендіре түсетін екі түстен жолақ бірыңғай тоқылыс түсіріледі. Ал түк қалай шалынады? Ол үшін кілем тоқушының тұсына жіп керіліп, кілем түгіне арналған жіп домалақтары оңай тарқатылатындай етіліп соған ілінеді. Барлық түстер қатар-қатар ілінуі кеерк. Домалақтағы жіптің ұшы кілем тоқушының қолында болады.
Ол керегіне қарай желіге бір орап шалады да, кесермен пышақпен артығын қырқып тастап отырады. Бір қатарға түгел түк шалынып болған соң пышақты оң қолға ұстап бас бармақ пен пышақтың арасына әлгі түкшелерді шымши тартып, тоқылысқа қосады. Үстінен тоқпақпен ұрғылап нығарлаған соң қайшымен түк бетін тегістеп қияды. Арқау өткізілген соң адарғыны көтеріп, алынған шатысты қамти тоқпақпен қайтадан нығарлап, келесі түк шалуға кіріседі.
Кілем тоқу басталысында түксіз тоқылыстан соң салынған екі түсті түкті жолақты жиек салу немесе шеттік деп атайды. Жиектен ішке қарайғы тоқылыста кілем ортасына (немесе табағына) түсірілетін өрнекті айналдыра әркімнің қалауынша отау өрнегі бір немесе екі қатар жүргізіледі. Ал отау өрнектері болсын, кілем табағына түсірілетін негізгі өрнектер болсын, олардың шетін айналдыра бір жіптен салынып отырылатын түрді су өрнек деп атайды. Су өрнектің міндеті кілем төсегі (негізгі фоны) мен өрнекті бір-бірінен айқындап бөліп тұрады. Яғни екі түрдің шекарасы іспетті.
Кілемге түсірілетін негізгі өрнектер: шатыргүл (қос шатыргүл немесе жеке шатыргүл), мақтагүл, лалагүл, шаршы ішіндегі самаурынша, жапырақ немесе қошқар мүйіз, сыңар мүйіз оюлары. Бұлар кілем табағына әр түстен шығарылады. Ал отау өрнектері ұсақ гүлдер немесе жарты шаршы, жапырақ немесе жолақтап бірнеше түрден тоқылады. Бұлардың бәрін де бір тін су өрнегі жиектеп шығарып отырады.
Күзу мен тоқылыстың арасы 70-80 сантиметр мөлшерінде сақталады. Ал, кілем тоқылып біте келе алдыңғы шеттік пен күзудің, күзу мен тоқылыстың арасы мейлінше жақындайды, яғни күзу ағаш әрі қарай жылжи алмайтын және адарғымен шатыс алу қиындайтын шекке жеткенде тоқылыс аяқталып, яғникілем өрнектері түгел шығарылып, түк салу бітеді. Ал шеттік өрнектердің сыртынан бастапқыдағыдай 5-6 арқау бойына тегіс тоқылыс түседі. Бұл – кілемнің екінші шеті.
Дайын болған кілемді екі адам екі шетінен (енінің) қарама-қарсы бағытта өткір қайшымен қырқады. Шашақты кілемнің шашағын (желі жібінен) қалаған ұзындықта қалдыруға болады.
Қырқылған кілем қағып-сілкіледі. Шаң-тозаң, жіп қырқындыларынан тазарған кілемнің екі шетінен есіп алақұрт салынады. Алақұрт екі түрлі жүннен немесе шашақ жібінен ширатылып, есілген соң кілемнің шеттігіндегі түксіз тоқылыс үстінен жиек бастырғандай бастырып тігіледі. Кілем иесінің қалауынша шашақ түюіне болады.
Жаңа тоқылған кілемді ұзындығын жоймау үшін қабырғаға керіп іледі. Неғұрлым жақсы тартылып керілсе, шеті шиыршықталмай, қалыпқа түседі. Мұндай кілем қисаймайды әрі формасын жақсы сақтайды.
Тақыр кілемнің жібін терме алашаға иіргендей екі тіндеп ширатады. Бір кілем желісіне 6 кг (тақыр кілемге 14 кг) жіп керек. Желі жібінің мықты болуы үшін көбінесе ешкінің қылын немесе түйенің шудасын жүнге қосып иіреді. Ширатылып, келептелген соң міндетті түрде шыңдалады. Ол үшін біраз уақыт қайнап тұрған ыстық суға салып қояды немесе бір қайнатып алады. Содан кейін арасы 0,5 м қашықтыққа қағылған екі қазыққа керіп тастайды. Жақсы шыңдалған кілем жібі кілем тоқылып біткенше созылмай немесе ұзындығын жоймай, бір қалыпта тұрады. Мұндай кілемнің бетіне түскен өрнегі де ойдағыдай шығады. Бір айта кететін жай – шыңдалатын жіпті екі қазыққа айналдыра орағаннан кейін мықты ағаштан бұрау салып тастайды. Осы бұрауда 7-10 күнге дейін тұрған жіп әбден бабына келіп шыңдалған деп есептеледі.
Тақыр кілем өрнегіне атынан көрініп тұрғанындай түк салынбайды, кілем түріне арналған жіп желі жібіне ұқсас иіріліп, ширатылады. Арқау орнына түрдің жібі қолданылады. Осы әр түсті жіпті кілем өрнегінің ретіне қарай арқау орнына өткізбелей отырып кілем тоқыла береді. Тоқудың бұл түрі теріп тоқу деп те аталады.
Тақыр кілемнің құрылуында түкті кілемнен айырмасы жоқ. Тек желі жүгіртілген кезде түкті кілемге қарағанда желі жіптерінің арасы сәл-пәл ғана алшақтау болады.
Ал тоқылуы түкті кілемдей көп уақыт та алмайды. Орташа көлемді тақыр кілемді 3 адам 10-15 күнде тоқып шығарады. Алақұрт өткізу, шашақ түюді кілем иесінің қаалуынша жүргізеді. Сондай-ақ тақыр кілем өрнегіне де салулы сурет пайдаланылады. Тәжірбиелі кілемшелер әр өрнектің шығарылуындағы жіп санына әбден қанығып алған соң суретке қарамай-ақ тоқи береді.
Тақыр кілем тоқу технологиясы
Тақыр кілемнің жібін терме алашаға иіргендей екі тілдеп ширатады. Бір кілем желісінің 6 кг (тақыр кілемге 14 кг) жіп керек. Желі жібінің мықты болуы үшін көбінесе ешкімнің қылын немесе түйенің шудасын жүнге қосып иіреді.
Ширатылып келептелген соң міндетті түрде шыңдалады. Ол үшін біраз уақыт қайнап тұрған ыстық суға салып қояды немесе бір қайнатып алады. Содан соң арасы 0,5 м қашықтыққа қазылған екі қазыққа керіп тастайды. Жақсы шыңдалған кілем жібі кілем тоқылып біткенше созылмай, ұзындығын шатпай, бір қалыпта тұрады. Мұндай кілемнің бетіне түскен өрнегі де ойдағыдай шығады. Бір айда кететін жай – шыңдалатын жіпті екі қазыққа айландыра орағаннан кейін мықты ағашпен бұрау салып тастайды. Осы бұрауда 7-10 күнге дейін тұрған әбден бабына келіп шыңдалған деп есептеледі. Тақыр кілем өрнегіне атынан көрініп тұрғандай түк салынбайды, кілем түріне арналған жіп желі жібіне ұқсас иіріліп ширатылады. Арқау орнына түрдің жібі қолданылады.
Осы әр түрлі жіпті кілем өрнегінің ретіне қарай арқауы орнына өткізбелі отырып, кілем тоқыла береді. Тоқудың бұл түрі тері тоқу деп те аталады. тақыр кілемнің құрылуында түкті кіленнен айырмасы жоқ. Тек желі жүгіртілген кезде түкті кілемге қарағанда желі жіптерінің арасы сәл – пәл ғана алшақтау болады. Ал, тоқылуы түкті кілемдей көп уақытты алмайды. Орташа көлемдей тақыр кілемді 3 адам 10-15 күнде тоқып шығарады. Алақұрт өткізу, шашақ жүнді кілем иесінің қалауынша жүргізіледі. Сондай – ақ, тақыр кілем өрнегінде салулы сурет пайдаланылады. Тәжірибелі кілемшелер әр өрнектің шығарылуындағы жіп санына әбден қанығып алған соң суретке қарамай – ақ тоқи береді.
Ал енді мен биылғы жылдың ит жылы болуына байланысты кілем қоржын тоқыдым, сол туралы әңгімелейтін болсақ. Қоржын – өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 1 м, ені 50 см болады. Ең әуелі қоржынның ұзындығына қарап бірінші басы, одан соң астары соңында, екіншісі басы тоқылады. Қоржын тоқылып болған соң өрнек тоқылған екі шеті қайтарылып тігіледі. Сонда қоржынның екі шетінде қалталар пайда болады.
Тоқылу әдістеріне байланысты қоржындар түкті және түксіз болып екіге бөлінеді. Кілем, терме алашалардың өрнектері түсірілген қоржындар жиі кездеседі. Қоржындар біздің салт – дәстүріміздегі ең қажетті бұйымдардың бірі болып саналады. Әшекейлі өрнегімен, сәнділігімен ерекшеленеді. Аса назар аударсақ, қазақ халқымыз қоржынды атпен, түйемен сапарға шыққанда, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарын алып, жүру үшін пайдаланылған. Сонымен қатар, әсемдік жағы басқа бұйымдардан қалыспайды. Қазіргі кезде қолданылмаса да өзінің қасиетін жоймай келеді. Оны көне көз қарияларымыз бар үйлерден кездестіруге болады. Әшекейлі қоржынды ата – бабаларымыз киіз үйдің жоғарғы жағына іліп қоятын болған.
Қоржын басқа бұйымдармен бірге киіз үй ішіндегі жабдықтары ретінде, үйдің ішкі сәнілігімен әсемділігіне үлкен ажар беріп тұрады. Сондай – ақ қоржын тұтынуға өте төзімді бұйым. Шеттері шашақталып, кесте тігіліп, бау тағылады да, баумен керегеге іліп қояды.
Сондықтан оның еңбекке, өнерге ойлау өнерін, қабілетін арттыруға нәзік пен сұлулықты сезіне білуге, табандылық пен ұстамдылыққа тәрбиелеу маңызы басымырақ тұр.
Кілем тоқу жабдықтары.
Кілем жайсаң – төсеніш, ілсең – сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Әсіресе, соңғы жылдары кілем тоқу өндірістік кәсіпке айналып отыр. Әйтсе де кілемді қолдан тоқу өнері күннен күнге өріс алуда. Кілем өрмегін құрып, тоқу жағдайында пайдаланылатын жабдықтардың түрлері төмендегідей.
Адырғы тарақ – кілемнің өрнегіне келтіріп шалынған түсті жіптерді, яғни соңғы бір қатар түкті арқауға нықтап бастыра қағып отыратын жабдық. Тарақтың қолға ұстайтын ағашын (сабын) еменнен немесе қайың ағашынан жонып жасайды.
Тарақтың тістері темірден жасалып, ағаштың кеңдеу шетіне, әр тістің арасына 2 мм ашық қалдырып қашап бекітеді. Адарғы тарақтың ұзындығы 15-20 см, тіс жағының ені 8-10 см, биіктігі 6-7 см болады. Тарақтың сабы зімпара қағазбен (наждачная бумага) тазаланып тегістеледі.
Кесермен пышақ – кілемнің өрнек тізбе жіптерін арқауға шалып байлаған соң, артық жіпті кесетін аспап. Пышақтың жүзі өткір болуы керек, темірі болат болғаны жөн. Бұл аспапты қолдан жасамай, дүкенде сатылатын дайын бәкіні алып пайдалануға да болады. Соңғы кезде кілем тоқитын өндірістік кәсіпшілік мекемелерде түкті кілемді қолмен өрнектеп тоқитын шеберлердің пышақ-кесермендері өзгерді деп айтуға болады. Олар көбінесе кілемнің желі жібіне шалып байланатын түрлі түсті жіптердің артық ұшын кесуге ұстараны да пайдаланып жүр. Ол үшін бәкінің ұстайтын сабын сол күйінде қалдырып, ұстараның жүзін қайтара егеп, кішкене металл қаңылтырын екіге жапсыра иеді де, бәкінің кесетін жүзіне кигізіп бекітеді.
Ұстараны ұзынынан иіп, ортасынан сындырып, бір бөлігін әлгі қаңылтырдың екі қосылған шетінің арасын қыстырып ұстатады, ұстараның біріншісінің жүзінің өткірлігі азайған соң шығарып тастап, жаңасын салады. Осындай кесерменнің бәкінің жүзіне қарағанда үлкен айырмашылығы бар. Біріншіден, ұстараның жүзінің өткірлігі бәкіден әлдеқайда артық және ұстараның болаты өте сапалы. Екіншіден, ұстараның жүзі өткірлігіне байланысты ұзақ пайдаланылады. Сондай-ақ жіп те жеңіл қырқылады.
Қайшы – кілем түгін тегістеп қиюға пайдаланылатын жабдық. Кілем тоқитын шеберге үй тұрмысында тұтынатын кіші-гірім қайшыдан гөрі киім пішушілердің үлкен қайшысын пайдаланған дұрыс.
Отырғыш – қалыңдығы 4-5 см қарағайдан немесе қайың ағашынан жасалады. Ұзындығы 2,5-3 м, ені 35-40 см, екі аяғының биіктігі 40-45 см тақтай қашалып, желімге отырғызылып шегеленеді.
Отырғышты кілемді тіке тұрып тоқығанда пайдаланады. Кілемді әдетте 2-3 шебер қатар отырып тоқиды, сондықтан отырғыштың ұзындығы кілемнің енінен аздап ұзын болғаны жөн. Отырғыш жерге жатқызып тоқылатын түкті кілемге де пайдаланылады.
Түрік кілем тоқыма техникасы.
Мата тоқыма немесе арғашты тоқымаларда, тоқыма тоқылып жатқанда арғаш жіптерінің арасына өрнек жіптерінің сығыстырылуымен болатын, бірақ тек өрнек жіптерінің үш рет үстінен, бір рет астынан тасталып тоқыманың үстіңгі жағын толығымен толтырылуы және тоқыма бойымен бір-біріне параллель сызықтар пішініндегі оймалардың көрінетін тоқыма түріне зіли-(сили) тоқымасы дейді.
Бұл тоқыма түрі де, жіжім тоқыма техникасына ұқсас түрде тоқылса да, техникалық көрінісі жөнінен айырмашылығы бар. Жіжім техникасындағы өрнек жібінің аттамалары қашанда өрнек бөлімшелерін қалыптастырады және көбінесе, әр өрнек жібі жоғары қарай ілгерілейді және арыш жіптерін орап алады. Зилилерде болса, арыш жұптарына сай келместен, 3-рет үстінен, 1-рет астынан нақыштардың ішін және тысын түрлі түстермен толығымен толтырады. Әр өрнек жібі, өз өрнек алаңында ені бойынша 3 рет үстінен, 1 рет астынан тастап өткізіледі. Тек тоқыма өрнегінің бөлімдерінде арғаш тасталып және сол жерден тік болып үстіңгі қатарға шығады, бірдей үш арыш жібінің үстінен кері қайтады. Ортаға тасталған арғаш, үстіңгі қатарға тік болып шыққан өрнек жібінің босаңсуының алдын алады. Тоқыманың еніне 3 үстен, 1 астынан аттаулармен бүкіл қатар толтырылғаннан кейін, ортаға екі қатар арғаш тасталып, сығыстырылады Кейде өрнектің ерекшеліктеріне сай келуі үшін үш-бір аттамалар диогональ сызықтар қалыптастыратындай, әр қатарда бірер рет жылжытып, үш-бір аттамалар қайталанады. Кейде әрі тік, әрі диогональ тоқыма түрі бір тоқымада сай келе береді. Кейбір тоқымаларда да зили техникасы жіжім техникасымен араласып, қолданыла береді.
Зилилер көшпенділер және түрікмендер орналасқан ауылдарда тоқылған. Зили өрнектері Түркістан қалыларының өрнектеріне ұқсас. Тоқыма техникасында айырмашылықтар жасалуын шектеген-діктен, өрнектер Орта Азия ерекшеліктерін оншалықты жоғалтпаған. Тоқылуының өте оңай болуына қарамастан, өте көп жүн жұмсал-ғандықтан, зілилер кең таралмаған. Зилилерде де өрнек араларын-дағы негізі, мата тоқымасы немесе арғашт тоқымалар.
Түрік кілем тоқымасындағы іс-шаралардың сатылары.
А. Тоқығыңыз келген зили тоқымасының өрнегін төртбұрышты қағазға сызыңыз:
-
Төртбұрышты қағазда әр тіктөртбұрыш қатары бір арыш жібінің, әр көлденең төртбұрыш қатары бір арыш жібінің, әр көлденең төртбұрыш қатары болса, бір арғаш жібінің баламасы.
-
Өрнектің қай жерінде, қай түсте өрнек жібі үш арыш жібінің үстінен аттап, арқаға өткізілсе, сол жердегі төрт бұрышты сол өрнек жібінің түсімен бояңыз.
-
Өрнек жібі шекараларының араларында жұп көлденең төрт-бұрыш қатарын бос қалдырыңыз. Бұлар, өрнек жіптерін араларында соғыстырылған арғаш жіптерінің баламасы.
-
Өрнекті ендеп аламыз. Тоқымаңызда қолданылатын арыш жібінің санындай төртбұрыш ішіне сыйдыру немесе орналастыру керек екендігін ұмытпаңыз.
-
Тоқыма тоқылғаннан кейін, жіптер сығыстырылатындықтан, төртбұрышты қағаздағыға қарағанда аласа бір өрнек қалып-тасатынына назар аударыңыз. Мұның шамасы қолданылған жіптердің жуандығына және тоқымашыға байланысты өзгеретіндіктен, тәжірибелерден кейін кейбір болжамдар болады.
Ә. Ойлаған тоқымаға сәйкес арышты төмендегі нүктелермен байқап дайындаңыз.
-
Арыш жіптері арыш ағашына 90 градус болатындай тік болсын.
-
Арыш жіптері тең аралықта болсын.
-
Арыш жіптері бір-біріне параллель болсын.
-
Арыш жіптері барлығы тең кермеде және керулі болсын.
Б. Арышта қолданылған жіппен 5-10 қатар арғаш атылғаннан кейін, өрнекке қарап негізгі тоқыманы тоқыңыз.
-
Өрнек жіптерін арыштардың арасынан өтуі оңай болатындай етіп кішкене және жалпақ шумақтар түрінде қолданыңыз.
-
Тоқыманың арқасында үлкен өрнек жібінің түйінінің болмауы үшін, өрнектегі түс топтары үшін бөлек-бөлек шумақтар қолданаңыз және бөлімінде жоғары қарай жылжытыңыз.
-
Арыш жіптерінің таралуына жол бермеңіз. Мұның алдын алу үшін, тоқыманың тоқылған қысымында болған қысыммен, оңнан және солдан бір жіппен керіп,станоктың жиегіне байлай аласыз.
-
Тоқымаға бастаған кездзгі сияқты, бітірудеде, арышта қолданылған жіппен 5-10 қатар арғаш тастап, тоқыманы бітіріңіз.
-
Тоқыманың астында және үстінде шашақ қалатындай түрде, арыш жіптерін кесіп, тоқыманы шығарыңыз.
Сумақ тоқу техникасы Сумақ - нақыштардың шекарасы ішінде, бөлек түстегі өрнек жіптерінің арыш жұптарына жалғастырылып, өзгеше түрлерде оратылуымен болатын тоқымалар.Өрнек жіптері өз алаңдарында арыштарға оратылғаннан кейін, кейде арқасынан жанына немесе жоғары қарай өткізіліп, бірдей түстегі басқа өрнек алаңдарында оратылуына жалғастырыла алады.
Сумақ тоқымалары өрнек жіптерінің арыштарға орам пішініне және өрнек жіптері арасында алғаш тасталып, орналасуына қарай түрленеді. Бұлар:
А. Арғашты сумақ тоқымалары:
-
Арғашты түзу сумақ тоқымасы.
2. Арғашты теріс сумақ тоқымасы.
3. Арғашты балық сыртты сумақ тоқымасы.
4. Арғашты альтернатив аттамалы сумақ тоқымасы.
Ә. Арғашсыз сумақ тоқымасы.
-
Арғашсыз түзу сумақ тоқымасы.
-
Арғашсыз теріс сумақ тоқымасы.
-
Арғашсыз балық сыртты сумақ тоқымасы.
-
Арғашсыз альтернатив аттамалы сумақ тоқымасы.
Түзу сумақ тоқымасы: өрнек жіптерінің бірдей қашықтықта, арыштарға оратылуымен болады. Өрнек жіптері әр қатарда, бірдей түрде, түсінен астына қарай немесе астынан үстіне қарай арыштарға оратылып тоқылады.
Теріс сумақ тоқымасы: түзу тоқыманың терісіне өрнек жіптерінің іштен тысқа қарай оратылуымен, тоқыманың бетінде қысқа бұдырлы болуымен, болатын сумақ тоқыма түрі. Қолданыла алатын бір тоқыма ортаға шықпағандықтан, көп қолданылмайды.
Балық сыртты сумақ тоқымасы: Өрнек жіптерінің теріс бағытта арыштарға оратылуымен пайда болған, балық сыртты көріністі сумақ тоқымасы. Өрнек жіптері арыштарға бір қатарда оңға немесе солға иректі болып, соңындағы қатарда болса, мұның теріс жағында ирек болып оратылып, тоқымаға бір балық сыртты көрінісін көрсетеді. Бұл техника тоқымаға бір шұлық тоқу түйсігін береді.
Альтернатив- аттамалы сумақ тоқымасы: Теріс сумақ тоқыманың әр қатарда бірер арыш жұбын жылжытып, тоқылған түрі. Бірінші қатарда өрнек жіптері арқадан оңға қарай теріс бір түрде арыш жұптарына оратылғаннан кейін, екінші қатарда бірер арыш жылжып, қайтадан дәл осылайша арыштарға оратылады. Кейде 2, 3 жұп арыш бір жерде оратылады.
Жіжім тоқу техникасы.
Жіжім: Арыш немесе арғаштардың бір- бірін жасырмай,тең аралықта қиылысуы мата тоқыма немесе арышты тоқыма (кілем) да, арыш жіптері арасына түрлі түсті өрнек жіптерін сығыстырып, тоқыманың бетінде дөрекі өрнектер жасау техникасы. Астыңғы қабатты қалыптастырған арыш және арғаштар, көбінесе, бірдей түс және жуандықтағы жіптер. Негізінде, арыш тасталғаннан кейін, өрнектің қалыбына байланысты айырылған арғаш тобын, арғаштың артынан алдына өткізілген өрнек жібі, үстінен өткізіліп, артқа өтеді.
Өрнек жіптері тоқыманың енін толықтыратындай етіп, өрнектің қалыбына қарай арыш жіптерінің үстінен және астынан өткізілгеннен кейін, арқа жағынан айқас түрінде жоғарыға өткізіледі және дәл сол жерден бір оңға, бір солға жылжытылып, қайтадан оң жаққа өтіп, белгілі бір арыш тобын аттап, артқа өткізіледі. Бұл арада арыш тобына оралған болады.
Өрнек жібі кейбір жағдайларда бір-біріне өте жақын немесе ұсақ өрнектерде төсеніштің бетінде жасаған бір атауынан кейін ,дереу артынан бірнеше бос жер тастап өрнектің екінші ұшынан қайтадан, оң жаққа өткізіледі. Арттан келіп,алға шыққан өрнек жіптерін оңайлықпен бақылай алу үшін, жіжімдер тоқыманың теріс жағынан тоқылады. Кейде станоктың артында, яғни, жіжімнің оң жағындағы басқа бір тоқымашы да өрнек жіптерін, арыш жіптерін санап екінші жағына өткізіп, станоктың алдында, яғни, жіжімнің арқасындағы тоқымашыға береді. Жіжімнің арқасындағы тоқұымашы да өрнек жібін арыш жібінің үстінен аттатып, қайтадан екіншісіне береді және бір қатар біткеннен кейін, арғаш жібін өткізеді және сығыстырады. Жіжім тоқымаларының арқасы, өрнек жіптерінің бастау және нүктелерінде салбырап тұруынан, бір шиеленіс көрінісін көрсетеді.
Өрнек жібінің аттаған арыштары екі жұптан көп болса, өрнек жіптері оң жақта ұзын бір аттау аттайтындықтан араласып кетеді, және тез бұзылатын, әдемі болмайтын бір көрініс береді. Тоқыма-ның артында болса, ұзын аттамалар бола алады. Бірақ, және де тоқыманың артында үлкен өрнек жібінің жиналып қалмауы және тоқыманың арқасының да бір өлшемде таза болуын қамтамасыз ету үшін, өрнектің бір-бірінен өте ұзақ бөліктерінде бөлек-бөлек жіптерді жылжыту керек. Әсіресе, шашыраңқы және сирек мотивті өрнектерде, әр мотивы бөлек жіпте жасалуы тиіс. Жіжім тоқыма-ларының көбінде, бір жұп арыш атталғандықтан, мата тоқыма немесе арғашты бір тоқыма үстіне, кейіннен инемен істелген сияқты көрініс болады. Кейбір деректерде, жаңылыстықпен осы түрде анықтама берілген.
Жіжім техникасы түзу мата тоқыма арасында сәйкес келе білетіндігі сияқты, ленталар түрінде келетін сызықты төртбұрышты тоқымаларға немесе ағашты, яғни, кілем тоқымаларына да лайықты бола алады. Ағашты тоқымалар арасында жіжім тоқымалары көбінесе, қап, көпшік тысы, жастық тысы сияқты заттар жасауда қолданылады. Өрнектері өте жиі болатын жіжімдер, жаңылыс-тықпен зили деп те аталады.
Жіжім тоқымасындағы жұмыс барысының сатылары.
А. Тоқығыңыз келген жіжім тоқмасының өрнегін төтбұрышты қағазға сызыңыз.
-
Төртбұрышты қағазда әр тік төртбұрыш қатары бір арыш жібінің, ал, әр көлденең төртбұрыш қатары бір арғаш жібінің сәйкестігі.
-
Өрнектің қай жерінде, қай түсте өрнек жібі, қанша арыш жібінің үстінен аттап, арқаға өткізілсе, соншалықты төртбұрышты, сол өрнек жібінің түсімен бояңыз.
-
Өрнек жібі қатарларының араларында, бірер көлденең төртбұрыш қатарын бос қалдырыңыз. Бұлар, өрнек жіптерін араларына сығыстырған арғаш жіптерінің сәйкестігі.
-
Өрнек енінде тоқымаңызда қолданатын арыш жібінің санындай төртбұрыш ішіне сыйғызу немесе орналастыру керектігін ұмытпаңыз.
-
Тоқыма біткен кезде, жіптердің сығыстырылуы үшін, төртбұрышты қағаздағыға қарағанда, аласа бір өрнек шығатын назарға алыңыз. Мұның қатынасы, қолданылған жіптердің жуандығына және тоқымашыға байланысты өзгеретіндіктен, тәжірибеден кейін кейбір болжамдар жасала береді.
Ә. Ойлаған тоқыма сай арышты дайындаңыз:
1. Арыш жіптері бойынша 900 градус бұрыш болатындай тік болсын.
-
Арыш жіптері тең аралықта болсын
-
Арыш жіптері бір-біріне параллель келсін.
-
Арыш жіптерінің барлығы бірдей керулі және керілген болсын.
Б. Арышта қолданылған жіппен 5-10 қатар арғаш тасталғаныннан кейін, өрнекке қарап, негізгі тоқыманы тоқыңыз.
-
Өрнек жіптерін, арыштардың арасынан өткізілуі оңай болатындай түрде кішкентай және жалпақ шумақ түрінде қолданыңыз.
-
Тоқыманың арқасында үлкен өрнек жіптерінің бірігулері болмауы үшін, өрнектегі түс топтары үшін бөлек-бөлек шумақтар қолданыңыз және өз аумағында жоғары қарай жылжытыңыз.
-
Арыш жіптерінің тарылуына жол бермеңіз. Мұның алдын алу үшін, тоқыманың тоқылған ең жоғарғы бөлігінде оңнан және солдан, бір жіппен керіліп, станоктың жиегіне байлай аласыз.
-
Тоқымаға бастаған кездегі сияқты бітуінде де, арышта қолданылған жіптен 5-10 қатар арғаш тастап, бітіріңіз.
-
Тоқыманың астында және үстінде шашақ қалатындай түрде, арыш жіптерін кесіп, тоқыманы шығарыңыз
Жіп бояу техникасы.
Бояулар. Нағыз қолдан тоқылатын кілемдер тек қана табиғи материалдардан – жүннен, жібектен, мақтадан тұратыны белгілі. Ал бояулардың жолы басқашалау. Тіпті кілем тоқудың көп ғасырлық мәдениеті бар елдерде, соның ішінде Иранда да синтетикалық бояулар табиғи бояулармен қатар қолданылады.
Көбіне көп кілемдер үшін дайындалған материалдарды «синтетикамен» бояйды. Кейде синтетикалық бояулар табиғи бояулармен бірге қолданылады. Түсі мен реңін тек қана табиғи бояулар ашып тұратын кілемдер сирек кездеседі. Әдетте олар асыл тұқымды кілемдер делінеді.
Кілем тоқушыға оның қолындағы материал – қойдың жүні де біршама түстердің жиынтығын береді. Қойдың түсіне қарай қырқылған жүн ақ, қоңыр, сарғыш – қоңыр, сары және сұр болады да, кеіде оларды боямай-ақ пайдалана береді. Әлбетте түрлі түсті шығыс кілемі үшін бұл аз.
19 ғасырдың ортасына дейін материалды бояу үшін тек қана табиғи бояулар пайдалананып келді. Олар туралы «табиғат сыйлаған бояулар» деп айту қалыптасқан, бірақ бұл сыпайлап айтқанда, шындыққа жанаспайды. Табиғи бояуларды сыйлық деп есептеуге болмайды, олар қашан да қымбат болды, кейде тіпті алтынның құнына бара-бар десе де болады. Бояу көздері - өсімдіктер, минералдар,тіпті жануарлар дүниесінің кейбір өкілдері ( анығырағы жәндіктер) болды.
Өсімдік бояуларын адамдар олардың жапырақтарынан, жемістерінен, қабығынан тіпті тамырларынан алуда үйренді. Көк бояу индиго өте ерте заманна белгілі, оны тропикалық өсімдік индигофераның, сондай-ақ вайданың жапырақтарынан алатын. Сары бояу алу үшін шафран, сафлор, сумах, куркум, ревелв, фустак секілділер пайдаланылды.
Маталар мен жүндерді қызыл түске бояу үшін ерте заманнан-ақ исренаның тамырлары пайдаланылды. Осы мақсат үшін сондай-ақ қызыл ағаш пен феркамбук қолданылды. Жүнге қара және қоңыр түс беру үшін катеху акациясы, еменнің қабығы, жаңғақ қабығы және шай көмектеседі. Ежелгі қызғыш бояу – хна. Ал жасы бояу алу үшін индигоны сары боялардың әр түлерімен бірге қолданады.
Ашық-қызыл кармин (кошениль) қанатсыз ұрғашы кошенильдерден алынтын, бұл Оңтүстік Еуропада кең тараған жәндік, сондай Жерорта теңізі төңірегінде мекендейтін келместен де қызыл бояу алынды. Кермес 16 ғасырға дейін пайдаланылып келді де, кейінірек оны әлдеқайда арзан кошениль алмастырды.
Минералды заттардың бояулары да жиі қолданылды, мәселен, ахра (сары, қоңыр, қызыл түс), әк (ақ), киноварь мен сурин (қызыл) сәурит пен ляпис-лазурь (көк) және малахит (жасыл).
Бір ғана табиғи бояудың өзі боялатын жүнге, жергілікті судың ерекшеліктеріне, бояу кезінде қолданылатын қосымша реагенттерге, соның ішінде бөлінетін реагенттерге байланысты әртүрлі реңк беруі мүмкін. Бекіткіш ретінде лимон киелатасы, каустикалық сода және басқа заттар пайдаланылады,- олар бояуды жуылып-шайылып кетуден сақтап, олардың өміріне ұзартады. Тәжірибелі бояулар суретшілер қолданатын тәсілдерді қолданады, бояуларды араластырып, өзінің қалаған түсін таңдап алады.
Бояуларды тиімді пайдалану қажеттілігі парсы кілемшелерінде 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Бұл кезеңде шығыс кілемдерінің Батыс елдеріне экспортқа шығарылуы күрт өсті де, Персиядағы және Таяу Шығыстың кілем тоқумен айналысатын басқа да орталықтарындағы шеберлер сұранысты қанағаттандыру үшін барынша күш салды. Нақ осы кезде рынокқа алғашқы анилин бояулары түсе бастады.
Анилинді алғаш синтездеген кейінірек Петербург Ғылым Академиясының академигі, Ресей физика-химия қоғамының президенті болған атақты орыс химигі Николай Зинин болды. Анилин бояуларын өндіруді Еуропада жұрт жылдам игеріп кетті, оларды Персияға (Иран), Анатолиға (қазіргі Туркиның азиялық бөлігі, ол кезде Осман империясының провинциясы), Шығыстың басқа да аймақтарына жеткізіп беру басталып, оларды кілемші шеберлер ылдым-жылдым пайдалана бастады.
Алайда анилин бояуларының айтарлықтай кемістігі болды, олардың түсі ашық және табиғи бояларға қарағанда әлдеқайда арзан болғанмен, олар жазықтың әсерінен тез оңып, суға да «жүзіп» кететін. 1903ж Каджар әулетінен шыққан Персияның патшасы Нәсір-ад – дан анилин бояуларын пайдалануға тиым салды. Сондықтан ғасыр басында парсы кілемдерін дайындауға бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар ортасындағы орталықта хром бояулары ойлап табылғанша синтетикалық бояулар қолданылмады. Хром бояулары түсін ұзақ сақтайтын тұрақтылығымен ерекшеленеді( түсі мен ашықтығын жарық пен судың әсерінен өзгертпейді), және көптеген түстер мен реңктерге алмасып отырады.
Қазір кілем дайындауға жіберілетін жүнді бояу үшін көпшілік жағдайда хром бояулары пайднылады. Қолдан тоқылған кілемді сатып ала тұрып, оны дайындауда табиғи әлде синтетикалық бояулар қоланылды ма- бәрібір, уақыт өткен сайын оның құны да арта беретініне сенімді болуға болады. Тіпті 19ғасырыдң соңынд дайындалған кілемдерге анилин бояулары пайдаланылса да олар жасына қарап өте қымбат бағаланады.
Жүні табиғи бояумен боялған кілем дайындауға хром бояуы падаланылған кілемнен жақсы деген екі ұдайы пікір бар. Бұл қате пікір. Біріншіден, бояулардың екі тұрі де көбіне бірге қолданылады, екіншіден, хром боялары табиғи бояуларға қарағанда әлдеқайда тұрақты және ұзаққа шыдас береді.
Химиялық бояулар.Әрбір жіп өзінің қалыңдығына немесе жұқалығына байланысты химиялық бояу дәрмектерін әр түрлі қабылдайды. Жіптердің бояу түстерінің тұрақты, сапалы болуы тоқыма бұйымына көп мән береді. ¤йткені бұйым күннің түсуіне, немесе химиялық тазалау кезінде көптеген келеңсіз жағдайларға ұшыруы мүмкін. Бұл факторлардың әсер етуімен физикалық-химиялық процестер жүріп, жіп сапалығы, болмаса жіптің түстерінің сапалылығы нашарлайды.
Бояулар өзіндік техникалық қасиеттері бойынша топтарға бөлінеді. Олар:
-
Тікелей.
-
Қышқылды.
-
Негізгі.
-
Дисперсті.
-
Кубты.
-
Аналинді және тағы басқа.
Бояулар маркасы бойынша әріптермен немесе сандармен белгіленеді. Алдымен топтары көрсетіледі (тікелей қышқылды және тағы сол сияқты).Бояу түсі әріптермен белгіленеді:С-сары түс, Қ-қызыл түс және тағы сол сияқты.
Маркалауда көрсетілген сандар бояудың қанықтығын көрсетеді, мысалы:қышқылды қызқылт-2С. бұл көрсеткішқызғыт бояу құрамында сары түс айтарлықтай көп екенін көрсетіп, сары-қызыл түс екендігін көрсетеді. Ал егер: қышқылды қызқылт 3L болса 5К, онда қызыл бояу аз көкшіл түспен араласқан және де күлгін түске жақын екендігін көрсетеді. Сандық көрсеткіш ұлғайған сайын түстің де қанықтылығы жоғарлайтынын көріп отырамыз.
Бояу дайындауға әр түрлі химиялық және түстің сапалылығын арттырушы қоспалар қолданылады.
-
Сірке қышқылы-түссіз сұйықтық.
-
Лимон қышқылы-түссіз кристалл.
-
Сүт қышқылы (40%)-ашық-қоңыр түсті, иіссіз сұйықтық, сірке қышқылмен алмастыруға болады.
-
Аммиакты су техникалық нашатыр спирті-түссіз, өте ащы шеті сұйықтық.
Бояуды 1метрге дайындау.
Тікелей бояулар мақта жіптерін бояуға көп қолданылады. ¤те ашық түстер дайындайды және өзара жақсы араласады.
Бояуды дайындауға керекті қоспалар:
Бояу-8-10г.
Аммиак 25 %-20г.
Мочевина-20г.
Су- 947 мл.
Қышқылды бояулар жібек, жүн жасанды (штапельді) және де өзара жақсы араласады.
Бояудайындау керекті қоспалар:
Бояу-15-20г.
Аммиак 25 %+
Мочевина-20мл.
Су-960 мл.
Тікелейбояуды сапаландыру.
¤те жақсы боялған және кептірілген жіптерді 60% сірке қышқылын араласқан (1л-ге 1-5г) суға 60-70º С-де саламыз. Бояудың тұрақтануы 15-20 минут. Сосын жіпті кептірді.
Қышқылды бояуға тұрақтаушы қоспалар қосу арқылы кептіреді:Техникалық резорцин-10г.
Уротропин-10-15г.
Резоцин суда 60-70º С-де ериді. Уротропин қоспасын немесе мочевинаны бояудың салқын қоспасын қосудан бұрын қолданылыды.
Текстиль боямашығы.
Бояу -түс беру үшін денелерге және заттарға сыланған, жағылған немесе заттың оның ішіне батырылған сыр және қосынды. Бояулар пайдалану жеріне қарай 2-ге бөлінеді.
І) Органикалық бояулар:
а) табиғи органикалық бояулар:
-
Өсімдік
-
Жануар
-
б) жасанды органикалық бояулар:
-
Синтетикалық бояулар
-
2. Бейорганикалық бояулар.
Табиғи органикалық бояулар.
Бұлар өсімдіктерден немесе хайуандардан алынады.
Өсімдік бояулары: ІV таблицада көрсетілген.
Жануарлар бояулары:
Қызыл (Cjchtnіlle) делінетін бір өсімдіктің үстінде өмір сүретін бір бөжектен алынған бояу мен кармен қызылы алынады. Жүнді және мақталылардың бояуында, сурет және миниатюр еңбектерінде қолданылады. Миниатюра – ескі жазба кітаптарында көрінген, жеңішке бір өнермен жасалынған, түрлі – түсті суреттерге берілген ат.
“Үнді сарысы” деп аталатын бояу Үндістанда және Қытайда өмір сүретін түйе мен пілдердің ішектерінде болады. Тазаланған майлы боямаларда мақталылардың және жүнді заттардың боялуына қолданылады.
Жасанды органикалық (синтетикалық) бояулар. Синтетикалық, органикалық бояулардың табылуы, табиғи көмір шайырының дамытылуымен табылған ароматты гидрокарбантардың анилинге өзгеруімен басталады. Анилин қара түсті бір сұйықтық. Түрлі заттармен бірлестіріп, түрлі-түсті бояулар алуға болады.
Табиғи көмірдің тазаланып, өндірілуінен шыққан өнімдері арасында пайда болған басқа гидрокарбанаттардан да бояулар жасалады. Бұлардан Ализарин (антрасеннен шығады), Фуксин (феноллерден пайда болады).
Ендиго және Фенолвталейн саналады. Бұлардың жалғасы болып табылатын бір жаңасы, синтез жолымен табылып,қосылады.
Жасанды органикалық бояулар боямашылық тұрғысынан 8 топқа бөлінеді:
-
Кислота бояулар: жүн, жібек және басқа жануар талшықтары мен кендірлердің боямасында қолданылады.
-
Базик бояулары: мақта, жасанды жібек және басқа да өсімдік талшықтарының бояуында (көбінесе, таненді мордан үстіне) аз көлемде жібек және аралас талшықтардың бояуында қолданылады.
-
Субстантив (дұрыс тартылуы) бояулары: негізінен мақта, жасанды жібек (ацетат жібегінен басқа) және басқа да өсімдік талшықтарын, аз көлемінде де, жібек және аралас талшықтардың боямасында қолданылады.
-
Күкірт бояулары: әсіресе, мақта және аз көлемде жасанды жібектің боялуында қолдалынады. Талшықтарды сақтайтын заттар қолдану шартымен, жібектің боялуында да қолданылады. Жүнде бояма үшін қажетті нәрселер талшықтарды шіріткендігі үшін қолданылады.
-
Қыш бояулар: әсіресе, мақта және жасанды жібектің боялуында қолданылады. Кейбір бояулар, аз көлемде жүн және жібектің боялуында қолданылады.
-
Өрлеу бояулар: (талшықтар үстінде болған бояулар) 2-ге бөлінеді:
а) Ерімейтін азо бояулары (наптол-Ас бояулар)
б) Анилин қарасы: тек мақтаның боялуында қолданылады.
-
Морданды бояулар: бұл бояулар талшықтарды табиғи түрде емес, оксидтерді және тұздарды морданның жәрдемімен бояйды. Негізгі мордандар бояулары мақтаның боялуында енді қолданылмайды. (Бояулық руан немесе Ализарин қызылы сияқты таза бояулар мақталар үшін қымбатқа түседі). Бұл бояулар көбінесе, жүн және жібектің боялуы үшін қолданылады. Табиғи өсімдік бояулары да морданды бояуларға кіреді.
-
Ацетат жібегі және синтетикалық талшықтардың бояулары: Бұлар ерекше бояулар. Боялатын талшықтардың бояулары әр түрлі болғандықтан бояу құралдары және шаралары да түрлі және қиын. Синтетикалық бояулардан аналин бояулары 1856 ж. кейін пайда болды, 1880 ж. кейін Түркияда да пайдаланыла бастады. Қолданалуы өте оңай және арзан болғандықтан өте тез тараған, өсімдік бояуларының орнына өткен. Бірақ, олар сияқты төзімді болмағандықтан, өсімдік бояуларымен қалыптасқан түр-түс байлығы мен түс сәйкестігі де бұл бояуларда сақталмаған.
Антресеннен пайда болған ашық сары кристал түріндегі ализарин бояулары, жасанды органикалық (синтетикалық) бояулардың ең танымалдарының бірі. Ализарин бояулары түрлі мордандармен әдемі қызыл, көк және қара түстер береді. Осы топтағы ең маңызды бір бояу шикізаты Индантрен (іndantren) бірақ индантрен бояуларын әрі жасалуы, әрі боямашылықтағы техникасы тұрғысынан басқа бір топ ретінде қарастыруға болады. Бұл бояулар ауаға, жарыққа және теріге қарсы өте төзімді. Мақта, зығыр, жасанды жібектің боялыуына өте қолайлы. Жүннің боялуына қолданылмайды.
Биорганикалық бояулар.Бұлар табиғи және жасанды болып қолданылған металл қоспалары болғандықтан, бұларға шикізатты бояулар да делінеді.
Бояма. Талшықтардан үнемі құрылатын бір бояуды анықтап оларды түрлендіру.
Бояма құралының кемшіліксіз болуы үшін бояудан басқа 3 түрлі зат қолданылады.
-
Мордандар: талшықтардың сору қасиетін арттырған, бояудың, талшықтардың үстінде жақсы тұтылуын қамтамасыз еткен ашутас, сода, натрий сульфат, натрий карбонат, мыс сульфаты, алюминий сулфаты, түрлі металл оксидтері сияқты шикізаттар. Бұлар, сондай-ақ бояулардың тондарына да әсер етеді.
-
Басқа да көмекші заттар: бояудың төзімді және жылтырауына жәрдемдесетін заттар.Осы мақсатпен, орнына қарай кейбір кислоталар тұз орнына қолданылады.
-
Еріткіштер: бояманың бояла білуі үшін бояулардың ішінде ери алатын еріткіштер керек. Тек суда еритін бояулар үшін су өте маңызды бір зат. Бояма шараларында қолданылатын судың әксіз және әсіресе темірсіз болуы керек.
Кілемдер иллюстратциясы
|
|
|
|
Маинада тоқылған кілемнің алдыңғы көрінісі |
Қолмен тоқылған кілемнің алдыңғы көрінісі |
|
|
|
|
|
|
|
Машинада тоқылған кілемнің артқы көрінісі. |
Қолмен тоқылған кілемнің артқы көрінісі. |
Құм кілемдері.
Үнді кілемі
Иран кілемі

Түркімен кілемдері
Афганистан кілемдері

Найн кілемдері
Тебриз кілемдері
Түркімін кілемдері.

Ресей гобелендері.

Қорытынды
Бұл оқу әдістемелік құралда кілем өнерінің тарихы туралы талдаулар, оның көркемдік құрылымы мен табиғатын, ерекшеліктерін танып білуге жәрдемдесті. Сонымен қатар кілем өнерінің эстетикалық мәдениеттің бір бөлігі ретінде дамуына әсер еткен ежелгі эстетикалық процестер; орта ғасырлардағы кілем өнерінің даму ерекшеліктері бөліп қарастырып, осы кезеңдерде ұғымдарға түсінік беріліп, олардың мәні ашылды. Өнертанушы ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, кілем мен гобелен тоқу өнерлеріне, оның негізінде тоқу кезеңдеріне сипаттама беріліп, осы тоқу кезеңдерінің ерекшеліктері анықталды.
Оқу әдістемелік құралда кілемге- қазақтың ұлттық сәндік қолданбалы өнерінің бір саласы ретінде сипаттама берілді. Кілемнің атқаратын екі түрлі қызметінің (қорғаныштық және эстетикалық) мәні ашылып, осы ұлттық қолөнер үлгілерінің бірі ретінде оны тоқу технологиясы ашып көрсетілді.Сонымен қатар гобелен мен кілем өнерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама берілді. Кілем мен гобелен өнерінде қолданылатын ою-өрнек пен бояу түстерінің үлкен нышандық және эстетикалық мәні анықталды.
Оқу әдістемелік құрал университеттердің кәсіптік білім мамандығының студенттері мен магистранттары, кәсіптік білім пәнінің мұғалімдерінің педагогикалық қызметін ұйымдастыруға көмегін тигізеді.
Әдебиеттер
1.Алпатов В. Искусство древней Руси. М., 1968.
2.Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері. Алматы: ТОО «Дайк-Пресс». 1996.
3. Болатбаев Қ. Айнала толы әсемдік \\Парасат. 1991. №4.
4.Ералин К.Е., Тастемиров К.Т. Методы изучения творчество народных мастеров. Шымкент МКТУ им. Х.А.Ясави. 1995.
5. Ералин Қ. Кеңістік көріністерін бейнелеу,Түркістан, Тұран, 2006-79 б.
6. Төленбаев С. Қазақтың ою-өрнектері. А., Өнер. 1992.
7. Хворостов Л.С. Декоративно-прикладное искусство. М., Просвещение.
8. Соколова Т. Орнамент почерк эпохи. Л. 1972, стр.7
9. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. А. 1977. 3 бет.
10. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. А., «Қазақстан», 1977, 45 бет.
11. Мұқанов М. Казахстанское дальнее художественное ремесло. А., “Қазақстан”. 1979, 30 бет.
12. Басенов Т. Орнамент Казахстана в Архитектуре. Алма-Ата, 1957г.
13. Қастенов С. Қазақ халқының қолөнері. А., «Қазақстан». 1969 ж.
14. Әлімбаев М. Қолөнер келешегі. «Жалын» альманах, 1977 ж.
15. Мекішев Б. Көркемдік туралы ілім. «Білім және еңбек». №7, 1978 ж., 32 бет.
16. Мекішев Б. Өнер қалай пайда болды? «Білім және еңбек». №9, 1978 ж., 32 бет.
17.Өмірбеков Б. Өнерге әркімнің де талғамы. «Білім және еңбек», №1, 6. 1978 ж.
18.Парлак Т.; Дәстүрлі қазақ қалы өнері, Қызылорда, 2000.
19. Парлак Т.; Қазақ ою-өрнектері, Қызылорда, 2000.
20. Парлак Т.; Арал аймағындағы қолдан кілем тоқу жобасының нәтижелері мен келешегі, Марғұлан атындағы халықаралық конференция, Қызылорда, 2001.
21.ПАРЛАК Т.; Кілем тоқу қолөнерінде қолданылатын жүн түрлері, Алматы. 2001.
22.Руденко С.И.; Горноалтайские находки и скифы. М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1952.
23. Заимоғлу Ө. “Түрік әлеміндегі қалы-кілем үлгілері және оқыту әдістері” (оқу әдістемелік құралы).
Мазмұны
Кіріспе.............................................................................................................................4
Кілемдер тарихына қысқаша шолу. .............................................................................5
Пазырық кілемі. .............................................................................................................6
Шығыс Түркістанда табылған қалы бөліктері. ..........................................................8
Кония, Селжүк қалылары..............................................................................................9
Қазақ кілемдері..............................................................................................................10
Анадолы кілемдері........................................................................................................12
Иран кілем тарихы.........................................................................................................14
Тебриз кілемдері. ……………………………………………………………………..16
Парсы кілемдері- Иран. ………………………………………………………………17
Исфаһан кілем…………………………………………………………………………19
Наиннан шыққан кілемдер…………………………………………………………..22
Құмның кілемдері..........................................................................................................23
Түркімен кілемдері........................................................................................................24 Индия кілемдері.............................................................................................................25 Қытай кілемдері.............................................................................................................26
Ауғаныстан кілемдері....................................................................................................27
Тибет кілемдері...............................................................................................................29
Еуропа кілемдері.............................................................................................................30 Гобелен (шпалер) тарихы.-----------------------------------------------------------------------31
Гобелен өнерінің шығу тарихы.----------------------------------------------------------------40 Ресейдегі гобелендер.-----------------------------------------------------------------------------41 Қазақ гобелен өнері.------------------------------------------------------------------------------42 Гобелен тоқу технологиясы.-------------------------------------------------------------------44
Гобелен түстердің композициялық шешімдері---------------------------------------------51 Психологиялық көзқарас тұрғысындағы түстік үйлесім----------------------------------55
Гобелен тоқуға дайындық материалдары мен құрал-жабдықтары.--------------------62 Түкті кілем тоқу техникалары.-----------------------------------------------------------------65 Тақыр кілем тоқу техникасы--------------------------------------------------------------------67 Кілем тоқу жабдықтары.-------------------------------------------------------------------------69 Түрік кілем тоқыма техникасы.----------------------------------------------------------------71 Түрік кілем тоқымасындағы іс-шаралардың сатылары.-----------------------------------72 Жіжім тоқу техникасы --------------------------------------------------------------------------75 Жіжім тоқымасындағы жұмыс барысының сатылары.----------------------------------76 Жіп бояу техникасы-------------------------------------------------------------------------------77 Текстиль боямашығы----------------------------------------------------------------------------82 Кілем және гобелен илюстратциялары -----------------------------------------------------85 Қортынды------------------------------------------------------------------------------------------100 Пайдаланған әдебиеттер------------------------------------------------------------------------101
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кілем тоқу

шағым қалдыра аласыз